Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:11

Үш жылғы жұт Моңғолия қазақтарының Қазақстанға көшін қайта жандандырды

Моңғолиядағы қатты қыс ондағы жұрттың негізгі тіршілік көзі – мал шаруашылығын тұралатып тастады. Баян-өлгийдегі қазақтар арасында Қазақстанға қоныс аударуға ниет еткендер саны арта түсуде, бірақ көпшілігінің өз күшімен көшіп келуге мүмкіндігі жоқ.

Мәтін көлемі - +

МЫҢДАҒАН АДАМ КӨШУГЕ ДАЙЫН ОТЫР

Соңғы үш жылда қыс мезгілінің кәрлі, жұтты болуы Баян-Өлгийдегі қазақтардың Қазақстанға қоныс аударуына түрткі болуда. Азаттық радиосына берген сұқбатында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Моңғолиядағы өкілі Хабсатор Омарұлы Қазақстанға көшуге ниет білдіргендердің саны артып отырғандығын айтады.

– 2009 жылдың ортасынан бастап, «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша көшуге ниет білдірушілердің саны күрт өсті. Олар Қазақстанға көшу ниетімен тіркеуден өтіп, тізімделіп жатыр. Қазіргі есепке жүгінсек, 3300-дей адам, немесе 650-ден астам отбасы тізімделіп, оның 250-дейі Қазақстанға көшіп те кетті.

Олар Ақмола облысының Красный Яр ауылына, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласына, Өскеменге қоныс аударып үлгерді. Жаңа жылдан бергі бір жарым ай ішінде бұл бағдарламаға жазылғандардың саны 70-отбасыдан асып кетті. Бұған соңғы үш жылдағы қатты аяз бен жұт әсер етіп тұрған болуы керек, – дейді Хабсатор Омарұлы.

Ақмола облысының Красный Яр ауылында «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 248 үй тұрғызылған. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Хабылсаят Әбішев оған қоныстануға ниет білдірушілер саны жоспарлағаннан да көп екендігін айтады.

– 248 отбасы қазір комиссиядан өтіп тұр. Олардың ішінде 143 отбасы 2009 жылы, ал қалғандары 2006-2008 жылдары келген. Былтырғы жылдың аяғында 2006-2008 жылдары келген, бірақ әлі тұрақ таппаған оралман отбасыларын осы бағдарламамен қамтамасыз ету жайында қаулы қабылдадық.

Осы қаулының негізінде, тіпті Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған азаматтарды да «Нұрлы көш» бағдарламасына енгіздік. Сөйтіп, Көкшетау қаласының жанындағы Красный Яр ауылына мекен етуге ниеттілердің саны 248-ге жеткен еді. Алайда, оған қоныстанғысы келетіндер әлі де көп. Демек, біздің жоспарлағанымыздан асып түсетін түрі бар.

ҮКІМЕТ ЖӘРДЕМІНЕ МҰҚТАЖДАР

«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша көшуге ниетті баян-өлгийлік Кагбат Соңғыбай үй-жаймен қамтамасыз етіп, жұмысқа орналастырады дегенге әлі көңілі күпті екендігін айтады.

Кагбат Соңғыбай баспананың тегін емес екендігінен хабардар және банкіге жылына 5 пайыз өсіммен қарыз қайтаратындығын біледі. Әрі өзімен бірге көшуге жиналғандардың көшіп баруға мүмкіндіктері жоқ екендігін айтады.

– Біз 5-6 отбасы жиналып көшуге дайындалып отырмыз. Біріншіден, онда жұмысы дайын, баспана тұрғызылған және квота бірден үлестіріледі дегенге сене аламыз ба? Әрине, біз баспананың тегін емес екендігінен хабардармыз. Бірақ, оны төлеп тұру үшін екі қолға бір жұмыс қажет қой. Бұл жағы қаншалықты шешімін тапқан? – деген сауал қояды ол.

Кагбат Соңғыбай Қазақстан үкіметі көші-қон шығынын өздері көтерсе деген тілек айтады.

– Бізде үш жыл қатарынан жұт болып, шаруашылығымыз тұралап қалды. Көшуге ниет етіп отырғандарымыздың басым көпшілігі – ауылда мал шаруашылығымен айналысатын адамдар. Олардың өз күшімен көшуге мүмкіндіктері жоқ. Сол себепті де, бізді осы бағдарлама аясында үкімет өзі көшіріп алса деген тілегіміз бар, – дейді ол.

Ал, Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Қабылсаят Әбішев «Нұрлы көш» бағдарламасының аясында келетіндерге жұмыс немесе жеке шаруашылығын жүргізу мақсатында ауылшаруашылығы нысанындағы жер берілетіндігін жеткізді.

Биылғы жоспар бойынша, «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында Қазақстанның 6 облысында 1488 отбасын қабылдау көзделіп отыр.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Сыр қазағы
15.02.2010 20:20
+0 / -0
Қазағымның санының көбейгені жөн.

Кімнен: halmurat Қайдан: Битөбе
15.02.2010 21:27
+0 / -0
Моңғолиядағы қазақтар көп қоныстанған Бай-Өлке, Қобда аймақтары Алтай тауында орналасқан. Алтай - қазақтың ежелгі құт мекені ғой. Биылғы күйзеліс дәрежесіне дейін жеткен ақсүйек жұттан болып Бай-Өлкенің жекелеген аудандары және көршілес Қобда аймағының қазақтар көп шоғырланған алдыңғы үш аудандарында мал тіптен қалмауға айналды. Әсіресе Қобданың үш ауданында хал өте мүшкіл. Мысалы, төрт ауылға қарасты 1200 бас малдан 700-і қырылып 500-дей мал қалды деген хабарды естіп жатырмыз. Бұл тек қазіргі жағдаймен ғой, алда Алтайдың ұзақ сонар көктемі ол бар. Сонда бұл малдан тұқым қалмауы да мүмкін. Мал шаруашылыққа ғана сүйенген көшпенді қазақтан мал кеткен соң не болары белгілі ғой. Көшейін десе де атажұртқа жете алмай ол отыр, бұндайда көше алмай жұртта қалатын ағайынның тіршілігі алда не болары әбден белгісіз.
Сондықтан көшіріп алумен қатар онда қалып жатқан ағайынға атажұрттан бір көмек болса. Әсіресе Қобданың Бұлғын ауданына. Мұндағы қазақтар атам заманнан бері ешкімге қарамай өз күнін өзі көріп келген еңбекшіл халық болады. Бұл күнде қатал табиғатқа еш шарасыз боп күйзеліп отыр. Жазында жауын жоқтан жем шөп ала алмайды, қысында қалың қардан ол жұтайды. Енді олар біреу үшін тірлік етіп жүрген жоқ ғой, сөге көрмеңіздер, дегенмен еш көмек сұрап көрмеген осы бір ағайынға көмек қолы керек болып-ақ тұр.

Кімнен: Баламир Қайдан: Атырау
15.02.2010 22:41
+0 / -0
Кош келдиндер бауырлар!

Кімнен: Armandos Қайдан: Mongolia
15.02.2010 22:50
+0 / -0
Есенгүл бірде сіз жергілікті Қазақстандықтардың Оралмандар(Ата бабалары малдарына бола Қазақстанды тастап кеткен Қашқындар) деп айтты деп ренжисіз, ал бірде осылай Қазақтар күн көре алмай қалғандықтан көшіп келіп жатыр деп жар саласыз. Әрине басты себеп экономика болсада, олардың ішінде Атамекенге қызмет ету үшін көшіп келгісі келгендер бар шығар. Соны неге ойламайсыз? Соны неге жазбайсыз ?

Сіздің жазған бұл мақаладан ұққаным, Моңғолиядағы қазақтардың көшіп келгісі келетіндер, ол жерде күн көре алмай қалғандары екен.

Өзіңіз осылай жазғандықтан, әрине олар оралман, қашқын, отанын сатқандар болады.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
16.02.2010 01:20
+0 / -0
Жұмыс тауып беремін деп айта алмаймын... Егер қой бағамын десе қора дайын... Әрине ақысын алып отырады....

Басына баспана беремін... Дайын үй.Бірүйлік жер тауып беруге шамам бар.
Кейін қоңданып алып көтеремін десе үйді, азын-аулақ көмек беремін де...
Менімен хабарласам дейтін сырттағы қандасқа мына тел № хабарласссын 87776010164

Мейлі мұным Көші-қон департамент басшыларына да құлаққағыс.
Алдын-ала келіп жағдаймен танысамын десе келіп көрсін.

Пікір алмасу

Кімнен: Қанжар Қайдан: Қазақстан
17.02.2010 10:34
+0 / -0
қойыңды бағатын, бақтыратын адамыңды жақсы таптың шімкенттік Арыс мырза. оралмандарды, қой бағуға ғана жарайтын, мүшкіл, мүсәпір деп түсінетін, сен секіліді тексіз, арамтамақ адамдар осылай сөйлейді. ұрлаған, жырлаған мал-жан, қора-қопсыңмен өзің айналыс. топас неме. оралмандар сен секілді арамтамақтардың малын бағу үшін келе жатқан жоқ.

Кімнен: Bokky Қайдан: Qetay Pekyn
16.02.2010 02:09
+0 / -0
Қашқын, тұрмысытың мәжбұрлеуымен амалсыз кошкен қазақтар деп бетыне айтсада, оралман қазақ несыне шамдансын, ең бастысы қарын екены шындық ғой, Қазекемның сондай бір жағдай болмаса, котынен котерсеңде кері кететын адеты емес пе, енды жұтап барған бауырларын, маңдайынан сұйсын ағалары, ерулык , шашуын дайындай берсын, жанға қысым тұскенде,арқа сұйейтын ұлы елымыз бар оған да шұкір, аман бол Қазақ елы !!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.02.2010 05:11
+0 / -0
Қабылсаят білікті, тәжірибелі басшы, көкірегі ояу көзі ашықтардан. Оны дұрыстап пайдалану керек. Маза бермеу керек оған. Миллиондап қазақтарды көшіруге жағыдайды дереу жасамасақ, ертең-ақ кеш болады. ... Есенгүл сияқты көзі қарақтыларды да біз ойдағыдай пайдаланмаймыз. Оларды іздеп жүріп қолдарына бума-бума мәліметтерді ұстата берсек (жұт туралы мысалы неге толығырақ жазбасқа? т.т.) - қарындасымыз төселері шүбәсіз... Ел болып, біріге істесейік , ағайын...

Кімнен: Mustahim
16.02.2010 12:49
+0 / -0
Моңғолдарды Қазақстанға кіргізбейік. Олардың бәрі қашқын, босқын, сатқын, шеттерінен шпион, арамтамақтар. Олар бізге керек емес, ертең келіп алып, үй сұрап, жұмыс сұрап қанды ішеді.
Пікір алмасу

Кімнен: khanki Қайдан: mongolia
16.02.2010 15:03
+0 / -0
Mongolianin hazaginda hunin ketken au, a Mus tahim. Bilem munnan koship bargandardi mongoldar dep jat sanaitinindi. Sondihtan da sen syakhti aram oili jemtikter hurip, suiegine hyna koktei bastagan kezde bukil qazaq bas hosar. Aldimen sen olip janazana otiram.Keiyn Olgei qazagy kosher bolar :)
Пікір алмасу

Кімнен: Маң қыстау
17.02.2010 01:25
+0 / -0
Mustahim сенің өзіңді Қазақиядан қуу керек иттің баласы.

Кімнен: omirzak Қайдан: almate
16.02.2010 16:12
+0 / -0
... mangfuldafe kazafem kelse kuxak jaya karsealamez ofan - muslehat' bauer kop jelama....bulkazak ixkimning kazanena tuspeydi bir mal egizteusa bir xop ayer xefade deydi kazak olar kelse oz kunderin ozderi koredi biz iximizdi keng saktayek alla beredi ; kaymanakazak ix eyaketta birin-biri sertka teppegen.iyit- alabolsa borining bafe ozimizding ala ekendigimizdi jat jurtka korsetpeyik --ayey jarasen jalap jazade kazakte berekege xakerayek birlik kelayek alla bizdi bereke bersin

Кімнен: krutoi Қайдан: ulaanbaatar
17.02.2010 00:23
+0 / -0
MUSTAKIM shigol k...di airganda korerem em. ...jaraidi posmotrim ....ne toropi paatsan orissha kazakhsha kosip soileitin sozindi tusinetin shigarsin.reseige barsam kim bolardi bilip jurgen shigarsin...

Кімнен: мен Қайдан: арка
17.02.2010 00:54
+0 / -0
Құрметті Есенгүл ханым! Сіздің БАҚ бетіндегі мақалаларыңызды үнемі оқып отырамыз. Қаламыңыз ұшты болсын. Кейде жайлы жазып, кейде тыртық қып қазып алатыныңыз да бар. Сіздің мына хабарлама мақалаңыздан Моңғолиядан келген қазақтар - қыстың қысымшылығы болмаса, Қазақстанға келмес еді деген ой туады. Ішінде өзіңіз де бар, Қазақстанға ұн мен шайға тою үшін ғана келген жоқ едіңіз ғой. Бұрын барған қоныс алады, кейін келген өріс алады дегендей - көбісі туыс-туған бір көрелікпен келгені емес пе? Сосын, Битөбе атымен интернеттен түспейтін бауырым, интернеттегі қаймана қазаққа ақпар санап, алақан жаюдың қажеті не? Жанымыз ауырады. Мұндай жұт Қабанбай мен Ақтамбердінің, Абай мен Шәкәрімнің елінде де болып жатыр. Мына жұрттың алдында атамекен Алтайдағы қазақтар туралы жаман ой қалдырасыңдар. Мал -жердің құрты. Өседі, өледі, өнеді. Халқымыздың рухы өлмесін.
Пікір алмасу

Кімнен: halmurat Қайдан: Битөбе
17.02.2010 11:22
+0 / -0
"мен" қандасыма,
Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді деген. Сізді түсініп отырмын, намыстанып отырсыз. Бірақ та басыңыз ауырмаған соң құдаймен шаруасыз отырсыз. Моңғолдағы аз қазақ түгіл мұқым моңғол өкіметінің өзі бүкіл әлемге жар салып көмек сұрап жатыр. Бұл кез құр намыстанатын кез емес. Қытайдан да, орыстан да көмек сұрады, сенесіз бе, қылаяғы тіпті малдың жем шөбін де ұялмай сұрады ғой. Өкіметтен алып жатқан айлық жалақысы жоқ малшы қауым ертең тірлік көзі - мал кеткен соң не боларын ойладыңыз ба. Білсеңіз сонау отызыншы жылғы ашаршылық дәл осылай малы қырылған соң басталған ғой. Шығыс Қазақстандағы жұтты айтқан екенсіз, бірақ та оны моңғолдағы жұтпен салыстыруға келмейді. Өйткені, бұл елдің малшылары жүз пайыз тек бір малға ғана қараған ел. Енді айтты-айтпады бәрібір, көмек келсе де жұтайтын малы жұтап болды, мал қалмауға айналды, әсіресе Алтайдың алдыңғы аудандарында. Бұл тек құлаққағыстық ғой, естіп біліп жүрсін деген. Мал кеткен соң, ашығатын болса қайдағы рух? Тегінде, ораза намаздың өзі тоқтықта ғой, ашықсыңшы, сәлдесі қалар боқтықта. Сіз түк сезіп отырған жоқсыз, барып көзіңізбен көргенде құр намыстың не екенін сонда білетін боласыз. Малы жұтағаны аздай малшы атаулы банкке жаппай қарызданып қалған, әлгі бір сайлау, сайлауда берілетін құр популистік қалың уәделердің арқасында. Сосын, көмек сұраса өз қазағынан сұрап жатыр, қайдағы бір шүршіттен сұрап жатқан жоқ ғой. Неге, неліктен құр намыстанасыз?

Ал, жалпы малы жұтамаса ел көшетін ойы жоқ еді дегенді айтып қойды деп отырсаңыз, онда, жөні басқа. Айналып келгенде, кім не десе о десін, адам тамақ үшін өмір сүреді. Біреулер айтады, адам өмір сүру үшін тамақ ішіп жейді деп. Бұл құйдай өтірік. Алдымен тірі жүру керек, ол үшін ең алдымен ішу, жеу керек. Сосын, одан кейін басқалардың реті келеді, әлгі сіз айтқан рух, т.б. сияқтылардың.

Кімнен: Бекболат Қайдан: Қазақстан - Павлодар
17.02.2010 15:28
+0 / -0
"Қазақтың жауы қазақ"- деп бекер айтпаса керек ұлылар. Осылай біріміздің аяғымыздан біріміз тартып отырсақ. Қазақ елі ешқашан дербес мемлекет болып қалмайтыны анық. Шеттегі қазақтарды қашқын, сатқын деп немесе басқа да айдар қоятындарға ренжіп қажеті жоқ. Өйткені осындай пікірдегілердің бәрі надан, пасықтар!!! Қазағым деп құшағын жайып, қарсы алып, төрден орын беретін нағыз қазақтар ортамызда көп... Осыларға құдай ғұмыр берсін. "Әр қазақ бір қазақтың, бір қазақ әр қазақтың асылы" - дейді Сабыржан ағамыз. Ендеше бір-бірімізді таспен емес аспен атайық ағайын!!!

Кімнен: Абдрахман Қайдан: ШҚО Өскемен
19.02.2010 11:48
+0 / -0
милиондаған басқа ұлт өкілдеріне табылған орын келем деген азғана қандастарымызға табылмайма? Елге ел қосылса құт емеспе. Онсызда санымыздың аздығынан жапа шегіп жатқан жоқпыз ба? Биылғы халық санағының сиқы анау. Бұл бағытта Ел басы дұрыс саясат ұстанып отыр
Оралмандарды елге алып келу үшін әлі де мықты қадамдар жасауға тиіспіз

Кімнен: Сайд Қайдан: ШҚО Өскемен
19.02.2010 12:47
+0 / -0
Айналайын Мустахим! Сенің манғолия қазактары туралы пікіріңді оқып,қандай адам екеніңді тусінуге болад* Сенде қазақтың қаны жоқ,намыссыз,әке шешенің тәрбиесін көрмеген өте таяз адам екенің көрінуде,Бір адамды жеккөру арқылы көпке топырақ шашпа, астында қаласың

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.02.2010 18:56
+0 / -0
Моңғолияда тәуелсіздіктен кейін мал басы қауырт өсіп кеткен. Ішкі нарықтың ұқсату қабілеті төмен. Сыртқа шығару мүмкіндігі шектеулі. Ондағы қандастарымыздың дені малға қарап күн көріп отырғаны рас. Сол себепті де бұрынғы ата-бабаларымыз сияқты табиғатқа, яғни жұтқа тәуелді. Жеркөлемі - аз. Жайылымдық мал шаруашылығы өндірістік тәсілі бойынша Баян-Өлгий аймағының мүмкіндігі небары 1,2-1,5 миллион басты мал ұстауға, 60-70 мыңнан аспайтын адам тұруға ғана жарамды десем артық айтқандық болмас.
Құрылып жатқан кәсіп орындардың халықты жұмыспен қамту қабілеті демографиялық өсімді тұтастай қамдай алмайды. Осы фактор әсіресе қазіргідей ақсүйек жұт кезінде адамдардың көшуге деген ынтасын арттырары сөзсіз. Алайда көшке құлқынның қамы ғана деген тұрғыдан қарау - саналы адамның аузынан шығатын сөз емес.
Өзім білетін оралман атанған қауымның көпшілігінің пікірі бойынша көштің басты мұраты - қазақ, ұлт, мемлекет ретінде жатқа жұтылып кетпей аман қалуы үшін бір шаңырақтың астында топталуы керек! Бұл, тұтас қазақтың қара шаңырағы Қазақстанда ғана мүмкін болатын жағдай емес пе.
Мұстахим сияқты шіріген жұмыртқалар қай-қайдан да табылады, ондайларға өкпе артып жатудың өзі артық.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
22.02.2010 02:25
+0 / -0
Кімнен: Қанжар Қайдан: Қазақстан
*********************************----------------------------------*****************
Осы ауыздарыңды неге байұап сөйлемейсіңдер, басы жоқ, аяғы жоқ аттандап.... Мына билік бұрыннан келе жатқан халқына жүмыс тауып бере алмай отырғанда, оларға тезарада ақша, немесе үй-жай алып береді деп қалай ойлайсың???.... Мал баққан ата-бабадан келе жатқан игі іс емес пе???.... Сен өзің жылына 5-6 рет етті тамақ жеймісің өзі???....
Жұрттың бәрін өзің сияқты бір сүйекті алты ай бойы сақырлатып қайнатып отырар деймісің??? Табылады айналадан, қойы бар адамдар....