Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:11

Зардыхан Қинаятұлы: Қазақстанның Баян-Өлгийдің 70 жылдығын үнсіз өткізіп жіберуі жөн болмас

Осыдан тура жетпіс жыл бұрын, 1940 жылы шілденің 27-сі күні Моңғолия үкіметі мен парламенті қазақ ұлттық аймағын құру туралы қаулы қабылдады. Сол жылы тамыз айында Қобда өзенінің жағасында 20 киіз үй тігіліп, алғашқы аймақтық әкімшілік жұмысын бастаған болатын.

Баян-Өлгий аймағының орталығы Өлгий қаласының ұшақтан қарағандағы көрінісі. Моңғолия, шілде, 2008 жыл.
x
Баян-Өлгий аймағының орталығы Өлгий қаласының ұшақтан қарағандағы көрінісі. Моңғолия, шілде, 2008 жыл.
Мәтін көлемі - +

БАЯН-ӨЛГИЙ АЙМАҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҚАЗАҚ ҮШІН БЕРГЕНІ МОЛ

Өткен аптада Моңғолияның қазақ ұлттық Баян-Өлгий аймағы ресми түрде құрылғанының 70 жылдығын атап өтті. Осы тарихи оқиғаға орай, кезінде Моңғолия үкіметінің вице-премьері, Моңғол парламентінінің төменгі палатасы Кіші Хурал спикерінің орынбасары қызметтерін атқарған, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнография институтының бас ғылыми қызметкері Зардыхан Қинаятұлы Баян-Өлгий аймағының саяси-тарихи мәні жөнінде Азаттық радиосына арнайы сұхбат берген еді.

– Зардыхан Қинаятұлы, Моңғолияға қазақтар қай жылдары, қандай тарихи себептермен қоныс аударды?

– Моңғолия жеріне қазақтар 1860 жылдан бастап бара бастаған. Содан бері бір жарым ғасырдай уақыт болып қалды. Олардың қоныс аударуының басты себебі Шыңжаңда мал өрісі тарылып, қоныс жетіспеушіліктен болды. Сол жылдары Моңғолияның Батыс өңірі шүршіттерден азат етіліп, иен қалды. Сол жайылымдарға мал отарлатып жүріп, қазақтар Моңғолия жерінде қала бастады.

Осы кезеңнен бастап, «Моңғолия қазақтары» деген ұғым қалыптасты. Алғашқы жылдары қазақтардың саны тым аз болатын. Бірнеше-ақ ауыл. Бастапқыда бұл қазақтардың өз билігі өзінде болды. 1925 жылы Чандмань таулы аймағы деген урианхайлардың аймағы құрылды.

Соның құрамында көшіп келген қазақтар төрт хошуун (хошуун дегеніміз рулық жүйе, төрт рулы ел деп айтуымызға болады ) болып енді. 1931 жылдан бастап, қазақтардың мал-жанының өсуіне байланысты жеке ұлттық аймақ құру мәселесі туындады. Қазақтар Моңғолияның орталық билігіне жер бөлу жайында көптеген арыз-шағымдар түсіре бастады.

1939 жылы 28 ақпанда Моңғолия үкіметі мен Кіші Хуралының біріккен қаулысы жарық көрді. Онда қазақтардың жеке Баян-Өлгий аймағын құру, оларға жеке мәдени автономия беру туралы жазылды. Бұған дейін, 1938 жылдан бастап, қазақ мектептері ашылып, қазақ клубтары дүниеге келе бастаған еді.

Сол клубта алғаш әртіс болған Хибатдолда Жұмапиұлы кейін Моңғолияның халық әртісі атағын алды. Осы қаулы қабылданған кезде Моңғолияда қазақтардың саны 23 229 болған екен. Бұған дейін урианхайлар қазақтарға жерді жалға беріп келген еді. 1939 жылы қазақтарға арнайы жер бөлінді. Сол жылы қазақтар 7 сұмын (аудан) болып ұйымдастырылды.

Бұл кезде қазақтар Қобда аймағының билігінде болды. Осы жылдары қазақтың алғашқы интеллигенттері қалыптаса бастады. Қобда аймағы әкімінің бірінші орынбасары, Кіші Хуралдың депутаты Қаби Бежеұлы деген қазақ азаматы болды. Қаби бастаған қазақ интеллигенттері қазақ ұлттық аймағын құру мәселесін жиі сөз етіп, орталыққа үнемі ескертумен болды.

1940 жылы шілденің 27-сінде Моңғолия үкіметі мен парламентінің біріккен 37 қаулысымен қазақ ұлттық аймағы құрылатын болды. Осыған орай мемлекеттік комиссия құрылды. Оның басшысы ретінде премьердің бірінші орынбасары Шаравын Суренжав деген кісі тағайындалды. Комиссия осы ұлттық аймақты жасақтау ісін мойнына алды.

Сөйтіп, 1940 жылдың тамыз айында 20 киіз үймен Қобда өзенінің жағасында алғашқы аймақтық әкімшілік құрылды. Бұл жер геосаяси
Моңғолияның мемлекет қайраткері Ноғай Шымшырұлының ескерткіші. Баян-Өлгий, шілде, 2008 жыл.
жағынан орыс пен қытайға тура шығатын, әрі Қобда өзеннен өткізетін базасы бар, аса маңызды жер еді. Осы база арқылы Моңғолия мен Ресей арасындағы сауда жолы өтетін. Бұл іске Моңғол үкіметінің басшысы маршал Чойбалсан өз батасын берді.

Сол жерде Баян-Өлгий аймағының алғашқы құрылтайы болып өтті. Оған сайланған 84 өкілдің 56-сы қазақтар болған. Осы құрылтай үш күнге созылып, Баян-Өлгий аймағын құру туралы шешім қабылданып, оның басшысы ретінде Қаби Бежеұлы, партия комитетінің хатшысы ретінде Ноғай Шымшырұлы сайланды. Баян-Өлгий аймағы алғаш құрылғанда, 10 сұмын (аудан), 56 ауыл, 7063 отбасы, 32301 адам, 9 миллионнан астам мал болған екен.

– Баян-Өлгий аймағының тарихи-мәдени маңызы не болды деп ойлайсыз?

– Баян-Өлгий аймағының құрылуы – тек Моңғолия үшін емес, жалпы қазақ үшін ерекше маңызға ие болды. Бұл жерде қазақтың этно-мәдени салтын өте жақсы ұстаған бір отауы қалыптаса бастады. Қазақ сан жағынан да, рухани жағынан да өсіп жетілді. Қазақстанға көшіп келгенімен қоса есептегенде, Моңғолия қазағының саны 170 мыңнан асты. Тек қазаққа тән мәдениет, әдебиет, ғылым, білім, ақпараты дамыды. 1965 жылдан бері қарай Моңғолияда қазақ радиосы күніне бір сағат эфирге шығады. Осы радио сондағы қазақтарға рухани тұрғыдан ерекше әсер етті.

Бүгінге дейін Моңғолия қазақтары арасынан 24 ғылым докторы, 61 ғылым кандидаты, 26 адам Моңғолияның Еңбек ері, 70 қазақ Моңғолияның еңбек сіңірген қайраткері атанған, 8 адам мемлекеттік сыйлықтың иегері болған.

Моңғолияның саяси-қоғамдық өмірінде ерекше рөл атқарған саяси қайраткерлер туып шықты. Айталық, жоғарыда аты аталған Қаби
Баян-Өлгий аймағы әкімшілігінің ғимараты. Моңғолия, шілде, 2008 жыл.
Бежеұлы, партия комитетінің төрағасы болған, кейін Ұлы Хуралдың (Жоғары Кеңес) басқарма мүшесіне сайланған Ноғай Шымшырұлы, Қашқынбай Мәлікұлы – Моңғолия Парламентінің хатшысы, Мұқан Жылыбайұлы – ұлттар комиссиясының бастығы, Жәмила Әпсаламқызы Ұлы Хурал депутаты болды.

Моңғолияның әуе күштерінің бас қолбасшысы, даңқты ұшқыш Мұқарыс Зайсанов, батыр Ікей Мәзімұлы, әйгілі ұстаз Шолтай Советұлы, академик Мекей Әбішұлы, Мағыш Аятқанұлы, халық әртісі Қибатдолда Жұмапиұлы, әйгілі ақын Ақтан Бабиұлы, сыбызғышы Құмақай, әйгілі күйші Байысхан Рапиұлы, Құрметбек Байтазаұлы, Тілейхан Орынұлы, Мұсахан Қаматжанұлы сияқты қайраткерлер туып шықты. Олар - мемлекет көлемінде үлкен рөл атқарған адамдар.

Меніңше, шетте отау көтерсе де, қазақ мәдениеті үшін ұланғайыр үлес қосқан Баян-Өлгий аймағының 70 жылдық мерейтойы тек Моңғолиядағы қазақтардың ғана тойы емес, бұл жалпы қазаққа тән мереке болуы тиіс. Өйткені, шеттегі қазақ диаспорасының ішінде Баян-Өлгий секілді ерекше құрылым өте аз.

Әрине, Қытайдағы қазақтар диаспора емес, ирриденттер. Яғни, олар өз мекенінде отырған қазақтар. Сондықтан мен бұл мерейтойды үлкен саяси-мәдени оқиға дер едім. Оның үстіне бұл қазақ аймағы президентімізбен құрдас екен. Сондықтан, Қазақстанның осы бір мерейтойды үнсіз өткізіп жіберуі жөн болмас деп ойлаймын.

– Моңғолиядағы қазақтардың санына қатысты бір жансақтық бар секілді. Мысалы, 1991 жылы Баян-Өлгийден Қазақстанға көш басталғанда, ондағы қазақтың саны 150 мың делінген еді. Содан бергі 20 жылда Қазақстанға жүз мыңға тарта қазақ келді дейміз. Ал, қазір Моңғолияда әлі де 140 мың қазақ бар делінеді. Бұл қалай?

– Қазіргі ақпарат құралдарында айтылып жүрген осы бір санда жаңсақтық бар. 1991 жылы мен Моңғолияда премьердің орынбасары
Моңғол сән үйі мұражайындағы қазақ киімі (ортада). Ұланбатыр, шілде, 2008 жыл.
болып қызмет атқардым. Ол кезде мен ғылым, білім, жұмыссыздық және статистика мәселелеріне жауапты едім. Сол кезде қазақтардың нақты санын анықтауға кірістім.

Моңғолияда 1992 жылғы санақ бойынша қазақтардың жалпы саны 146 мыңға жеткен болатын. Ал, өсімі жыл сайын он мың адамға шаққанда 3,2 пайызды құраған еді. Бұл - Қазақстандағы қазақтардан да, моңғолдардан да артық көрсеткіш.

Егер осы өсіммен есептейтін болсақ, жалпы Моңғолия қазағының қазіргі саны 180 мыңға жететін болды. Олардың сексен мыңға жуығы Қазақстанға қоныс аударды. Осы 20 жыл ішінде көшіп келген қазақтардың саны 100 мыңнан асты. Ал, Баян-Өлгийдегі қазақтың саны да осы маңайдан аса қойған жоқ. Олар 140 мың деген санды қайдан шығарып алып жүргенін мен білмеймін.

АЙМАҚТЫҢ ҚҰРЫЛУЫНА ТҰРАР РЫСҚҰЛОВТЫҢ ДА ЫҚПАЛЫ БОЛДЫ

– 1940 жылы Баян-Өлгий аймағының қазақ ұлттық аймағы ретінде құрылғанына Советтер одағының ықпалы болды ма?

– Әрине, ол кезде орыстар қазақ саясатын жүргізген жоқ қой. Бірақ, Қазақстан Баян-Өлгий аймағының қалыптасуына екі түрлі жағдайда ықпал етті. Біріншіден, 1924 жылы Моңғолияның мемлекеттік алғашқы құрылтайына Коминтерннің өкілі Тұрар Рысқұлов пен Жангилдинов деген екі адам қатысқан.

Тұрар Рысқұлов Моңғолияда 9 ай қызмет етті. Сол кезде Тұрар Рысқұловтың Моңғолияның саяси билігіне қазақтар туралы арнайы таныстыруы бар. Сонда ол қазақтардың жеке даму жолы бар, өзге ұлт екендігін, жеке мәдениеті мен тұрмыс салты бар екендігін айтып, сол себепті де қазақтарға жеке мәдени автономия қажет дегенді тапсырады.

Ол кезде Моңғолияның ұстанған саясаты маркстік-лениндік саясат болғаны белгілі. Ол саясатта ұлт мәселесіне ерекше мән берілді. Моңғолия үкіметі, оның басшысы маршал Чойбалсан қазақтарға ерекше көңіл бөлген. Баян-Өлгий аймағы құрылып жатқан кезде Чойбалсан келіп кеткен еді, құрылғаннан кейін тағы екі рет келеді.

Ол қазақтарды үнемі қолдап, жоғары лауазымды орындарға тағайындап отырды, депутаттардың қазақтардың пайыздық үлесімен сайлануына көңіл бөлді. Осы дұрыс көзқарастың арқасында Баян-Өлгий аймағы жеке дербес аймақ ретінде қалыптасып, қазақы тірліктің қаймағының бұзылмауына жағдай жасалды.

Ал енді Коминтерн жағынан ресми тұрғыда қазақтардың ұлттық аймағын құру жайында нұсқау болған жоқ. Баян-Өлгий аймағы құрылғаннан кейін, оның қалыптасып, дамуына әсері өте күшті болды. Оған да Тұрар Рысқұловтың ықпалы бар деп айтуға болады. Ол кісі егер қазақтардың ұлттық аймағы құрылатын болса, олардың мәдени-ағарту шараларын жүргізуде Қазақстанға арқа сүйеуге болады деген екен.

Аймақ құрылардан бұрын Моңғолияға кіші Коминтерннің өкілдері Абай Қасымов пен Шәріп Өтеповтер барған. Екеуі Ұланбатырда бір ай ғана тұрады да, Қобда аймағына жіберіледі. Олар онда тек қазақтармен жұмыс істейді. Ондағы қазақ клубының жұмысы мен латын
Өлгий қаласы. Таңғы көрініс. Моңғолия, шілде, 2008 жыл.
әрпін енгізу мәселесінде олардың ықпалы өте күшті болды. Ал, Баян-Өлгий аймағы құрылғаннан кейін, Қазақстаннан арнайы мұғалімдер жіберілді.

Мұрағат материалдарына үңілсек, сол уақытта оннан астам мұғалім келген екен. Моңғолия қазақ интеллигенттерінің алғашқы легі осы қазақстандық мұғалімдерден білім алды. Ал, музыкалы драма театр ашылғанда, Алдаберген Мырзабеков, Хабиболла Тастанов секілді мәдениет қайраткерлері келді. Әсіресе, театрдың қалыптасуына Хабиболла Тастановтың сіңірген еңбегі зор еді.

Интеллигенттердің көбі алғашқы жоғары білімді Алматыда алды. Демек, Баян-Өлгий аймағының рухани әлеуетінің қалыптасуында Қазақстанның рөлі айрықша болған еді.

– Ал, қазір, Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Баян-Өлгийге сондай деңгейде көмек бар ма?

– Қазақстанда білім алып жатқан баянөлгийлік студенттер көп, қазақ телеарнасын толықтай көріп отыр. Дегенмен, жағдай бұрынғыдай дей алмаймын. Бұрын Қазақстанның барлық мерзімді басылымы жеткізіліп тұрушы еді. Қазір ол үзілді. Жалпы, рухани демеу жағдайы дәл ойдағыдай болмай тұр.

– Өткен ғасырдың 80-ші жылдарын Баян-Өлгийдің мәдени-рухани деңгейі шың басына көтерілген кез деп айтады, ал қазіргі жағдай қандай?

– Қазіргі рухани жағдайын сол кезеңнен артық деуге болады. Неге десеңіз, арқа сүйер елі, тәуелсіз Қазақ мемлекеті бар. Бұның өзі ерекше рухани серпіліс береді, рух дарытады. Бірақ, екінші жағынан, оқу-ағарту, білім беру жағынан өткен ғасырдың 80-90 жылдарындағы деңгейге жетпейді. Экономикалық тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да қиыншылықтар туындап отырғаны анық.

Өлгийдің қол жеткізген бір ерекшелігі – интернет жүйесі жақсы дамыған екен. Телекоммуникация жақсы жолға қойылған, әрі арзан. Тау-тасты аралап жүрген малшылар теледидар көріп отырады екен, мобильдік байланыс жүйесі қосылған.

Әңгімеңізге рақмет.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: мен
26.07.2010 17:10
+0 / -0
Зақаң ақсақал бұл жерде аздап жаңылысып отыр. Бай-Өлкедегі қазақтардың санын ешкім 140 мыңға жетті деп айтқан жоқ. 140 мың бұл ресми мәлімет бойынша бүкіл Моңғолиядағы қазақтардың жалпы саны.

Ал аймақтың 70 жылдығы атажұрт тарапынан елеусіз қалып отырғаны рас енді. Талғат Мамашевтан басқа "үлкен" ешкім келген жоқ.

Кімнен: esirgep Қайдан: ulan batyr
26.07.2010 17:26
+0 / -0
mongoliyada 140 myngnan astam qazaq bary ras
1990 jyldary 180 myng nan 60 myng adam Qazaqstanga koshken
qalgan 120 myng songgy 20 jylda sol 3,2 paiyzben oskenin eseptesengiz 140 myngnan da asady, osy jyldyng songynda Mongoliyada adam sanagay juriledi, sol kezde belgili bolady, alysta jatyp ton pishuding qajeti shamaly

Кімнен: kazakh emes Қайдан: Rome
26.07.2010 17:39
+0 / -0
Жақында Француздың arte теле арнасы осы өлкедегі Қазақтардың мәдени тұрмысы мен жағдайы туралы бір сағаттқ филім көрсетті. оны интернеттер тауып алуға боалтын шығар, Қазақ өмірін жақсы көрсеткен филімде маған ондағы Қазақтың қазргі Рухани жұтаңдығы өте сезіліп тұрды, мүмкін солай түсірген шығар. бірақ, алыста жүрген бізге Қазақ әні Француз телеарнасынан орындалғанда өте әсерлі болады екен.
Алла тағала Қазаққа бар жақсылығын берсін деген ниетпен ...

Кімнен: ассамун Қайдан: арқа
26.07.2010 19:12
+0 / -0
Баян-Өлгий аймағы орнауының 70 жылдық мерекесі құтты болсын! Осынау қасиетті жерді, Қазақстаннан көшіп, қазақтарға шарасыз қалдырып бара жатқан басқыншы ұлт ұрпағына ұқсамай, мәңгілік ұстап тұрсақ деймін. Өйткені, Баян-Өлгий жері - түркінің түп мекенінің бір пұшпағы. Алтайдың негізгі халқы қазақтар болып қалуы керек.

Кімнен: Бекей Қайдан: Жаңбырлы
26.07.2010 23:47
+0 / -0
Мереке құтты болсын.

Кімнен: Jadik92nomad Қайдан: Астана
27.07.2010 12:23
+0 / -0
Аймақтың жоғарғы жағы, дәлірек ортаңғы жақтағы жол тұсы есімде. Ол жерге аялдағанымыз да есімде... Ол кезде мен шамамен 4 жас шамасында болармын. Дегенмен, туған жер ыстық қой. Туған жер топырағына барып, енді бір аунап қайту - арманым. Өлгей, байырғы қазақтың жері. Ресми шекаралық сызық бөлмесе, ондағы қызықтар қашып барған қазақтар емес! Құрметті тілші аға-апалар! Қазақтың Атамекені мен қазіргі ресми белгіленген жерлері туралы да біраз мағлұмат жазуларыызды сұраймын!

///Россия:

1. Части Волгоградской и Саратовской областей – Земли Букеевской Орды (казахского ханства 19 в) и земли казахов-ногаев.

2. Части Самарской и Челябинской областей – Родовые кочевья Младшего жуза казахов и племени Кыпчак.

3. Части Омской и Новосибирской областей – Исторические земли казахских племен Аргын и Кыпчак.

Монголия:

4. Баян-Ульгийский аймак – Компактное место проживание казахов. Центр Баян-Ульгийского (Бай Олке) аймака - г. Олгей (Олке).

Китай:

5. Или-Казахская автономная область в провинции Синьцзянь – Компактное место проживание казахов. Состоит из трех аймаков: Илийский с центром в г. Кульджа (также центр области), Тарбагатайский (г. Шауешек) и Алтайский (г. Алтай).

Узбекистан:

6. Город Ташкент и часть Ташкентской области. – На протяжении нескольких веков владение Казахского ханства и Старшего жуза казахов.

7. Каракалпакстан и Кызылкумы. – Место проживание казахов и родственных казахам каракалпаков, до нач. 18 в. входивших в этнич. обьединение т.н. "Шести Алашей" во главе с казахами. Каракалпакстан в начале 20 века входила в состав Казакстана, до того как в 1936 году Узбекистану удалось уговорить Москву отдать Каракалпакстан под его опеку. Каракалпаки и казахи говорят практически на одном языке, этнически каракалпаки ближе к казахам, чем к узбекам. *Е. Нарымбетов
Пікір алмасу

Кімнен: Айдос Қайдан: Алматы
02.08.2010 14:07
+0 / -0
осы жұрт құр даурығып, шала коммент қалдырғанша осындай деректі коммент қалдырмай ма деші... мысалы, Өскеменнің мұрағатына, кітапханасына кірсеңіз Елизавета, Екатерина, бірнеше генералдың 18-20 ғ.ғ дейінгі ескі орыс жазуымен жазған бұйрықтары бар. Онда қазіргі Риддер, Серебрянск, Зыряновск, Шемонаиха деген шұрайлы жерлерден Найман, Керей, Уақты қалай Абыралы мен Шұбартау немесе Зайсанға қуғандары туралы мақтанышпен жазылған. Онда өте көп деректер бар. Елдің рухын оятатын, шала қазақ болып кеткен Өскемендегі қара орыстардың намысын оятатын деректер...

Кімнен: Ерсары Қайдан: Атыраудан
27.07.2010 13:25
+0 / -0
Баян өлке - шүршіттерден-орыстардан азат етіліп иен қалды. 19 ғасырда мемлекет аралық шекара болмағанға ұқсайды немесе ол белгіленбеген жағдайда болған. Қазақтар Моңғолида, неге тек Баян өлке аймағында бар деп ойлайсыз. Баян өлке - ежелгі қазақтардың жері деп есептелген. Өткен ғасырдың 17-25 жылдары орыс қызылдарының жасаған ұкімет төңкерісінен кейін, одан бергі жылдары, қызыл коммунистерінің көрші мемлекетерге жасаған зомбылықтарының салдарынан көп дұние өзгеріске ұшырады. Солардың бірі-екісі, Баян өлке аймағы және Алтай республикасы, ежелгі қаймағы қазақтарының шоғырланған жерлері. Қазақтардың бұл аймақтағы саны бірнеше миллион болуы мұмкен.

Кімнен: krutoi kazakh Қайдан: ulaanbaatar
27.07.2010 20:54
+0 / -0
minau keibir manka kazakhtar bayan olgeidi mangoldin jeri dei kalipti bul kazakhtin jeri uktindarma.ol kezde shekara bolgan jok .oristar kein oz oimen shekara bolgen .ERSARI geden kazakh duris bul kazakhtin jeri jindimal dar oz jerindi bireudiki dep ne boldi jaman mangoldardan korkip jursinderme?buite bersender dalada kalasindar.miindi ash.bileindi jetildir.bilimdi koter.murindarinnin bogin surtip keudeni koter.
Пікір алмасу

Кімнен: Қарапайым қазақ Қайдан: Моңғолия
28.07.2010 12:42
+0 / -0
Крутой қазақ бауырым, сен осы өзіңнің не жазатыныңа қортынды жасайсың ба? Төбеңе қарасайшы. Қайда отырсың сен. Бір сауатты адамдар сияқты жазуға болмай ма комментіңді. Кілең бір боқтық, дөрекілік. Өркөкіректік. Сені оқыған басқа қазақ не деп ойлайды. Мына моңғолдықтардың бәрі сен сияқты дейді ғой. Онсыз да 98процент сауатсыз деген атыңның өзі қарапайым жұртты біраз шатастырып үлгерді. Эфирде тым болмаса сауатты қолтаңба қалдырып үйренсейші. Сені де қазақ дейді ғой. Ныспыңның өзі "Крутой қазақ" қазақтыққа еш жақын бармайды. Олай деп қазақстандықтар айтса бір жөн. Мынауың енді надандық бауырым. Мен сені байқап жүрмін. Көптен бері сенің қолтаңбаң өте ерсі, дөрекі жазылады. Бұл сайтта сенің әкеңнен де үлкен сауатты, білімді, интеллигент азаматтар отырады. Өзіңді жөнге салып аздап заманыңа сай азамат болуға тырыссаңшы. Ақылға шықырғаныма ренжімессің. Дегенімен мына түріңмен мені де боқтап жіберуің мүмкін болса да жазып отырмын.

Кімнен: koja Қайдан: almaty
28.07.2010 10:50
+0 / -0
Zardixan aga osi baian -olgeidi nagip kazaksha ga audar maisizdar BAI-Besikdep sogan konilim tolmaidi

Кімнен: Жасарал Қуанышәлин Қайдан: Алматы
28.07.2010 14:28
+0 / -0
Құрметты Зардыхан Қинаятұлы мырза, әлбетте, сіз тарихшы ғалымсыз, алайда, осы материалдан сіздің демограф емес екендігіңіз анық көрініп тұр. Неге десеңіз, Моңғолиядағы қазақтардың санына қатысты өз айтқаныңызды өзіңіз теріске шығарып отырсыз. Егер мұны нақтылай, тарата айтар болсақ, мәселе мынада.
Сіз: "Моңғолияда 1992 жылғы санақ бойынша қазақтардың жалпы саны 146 мыңға жеткен болатын. Ал, өсімі жыл сайын он мың адамға шаққанда 3,2 пайызды құраған еді. (...) Егер осы өсіммен есептейтін болсақ, жалпы Моңғолия қазағының қазіргі саны 180 мыңға жететін болды", - дейсіз. Сіздің бұл есебіңіз - мүлде қате есеп. Ал, оның дұрысы былай болады.
Жыл сайынғы 3,2 пайыз өсім 10 жылда 32 пайыз өсім құрайды, демек, 1992 жылғы 146 мың қазақ санын 32 пайызға көбейтсек, 2002 жылға дейін ол сан 47 мыңға өсіп, жалпы сан 193 мың адамға жетеді.
Ал, одан бері, 2010 жылға дейін өткен 8 жылда Моңғолия қазақтары жылына, тіпті, сәл төменірек - 3,0 пайызға көбейіп отырды деп есептегеннің өзінде, бұл 2002 жылғы 193 мың адам саны 2010 жылға дейін тағы да 58 мыңға өсіп, 251 мыңға жетті деген сөз.
Яғни, егер соңғы 20 жылда Моңғолиядан Қазақстанға 100 мың адам көшіп келді деген есепке сәйкес, бұл қазір Моңғолияда, тіпті, 140 мың емес, 150 мыңнан астам қазақ тұрады деген сөз. Басқаша айтқанда, қателесіп отырған - "ол елде қазір 140 мың қазақ бар" деушілер емес, қарапайым есептен жаңылып, мұны теріске шығарып отырған сіз, Қинаятұлы мырза.
Әрине, менікі - нақты өсім көрсеткішіне сүйенген демографиялық болжам. Ал, шын мәнінде қазір Моңғолияда қанша қазақ тұратынын сол елде өтетін кезекті халық санағы айқындайды. Дей тұрғанмен, сол санақ 2010 жылы Моңғолияда 140-150 мың қазақ тұрғандығын анықтайтынына сенімдімін.

Кімнен: Жасарал Қуанышәлин Қайдан: Алматы
28.07.2010 17:04
+0 / -0
Осы материалдан көкейге мынадай да ойлар келді.
Өлгий қаласының фотосуретіне қарағанда, біріншіден, ол қаладан гөрі ірі қыстаққа (поселкеге) келіңкірейтін тәрізді. Өйткені көп қабатты (тіпті екі-үш қабатты) үйлер байқалмайды.
Екіншіден, Өлгийде жасыл желек жоққа тән екен, сондықтан сыртқы бейнесі сүреңсіздеу көрінеді. Өкінішті, әрине...
Үшіншіден, мұны осында бір азамат айтты да, не себептен аймақ пен оның орталығын таза қазақша, айтылып жүргендей, "Бай өлке" және "Өлке" деп атамасқа? Меніңше, бұған моңғолдар қарсы болуға тиіс емес сияқты.
Пікір алмасу

Кімнен: мен
28.07.2010 20:42
+0 / -0
Жасеке, Бай-Өлкені виртуальді көргіңіз келсе google earth pro-ді жүктеңіз, дәл төбеден түскендей айқын көре аласыз. Негізі бұл жер сүренсіздеу екені рас, табиғаты өте қатал, құрғақ, ауған, тәжік жерлеріне көбірек ұқсайды. Бірақ та аймақ орталығынан ұзап шықсаңыз керемет жерлерге кезігуге болады. Ақсу, Сырғалы сынды жәннәтқа бергісіз ғажайып жерлер көп.

Кімнен: арқадан Қайдан: Сарыарқа
28.07.2010 20:34
+0 / -0
Жасарал ағамыздың есебі дұрысырақ болар. Мына фото ұшақтан алынған, қаланың тау жақ бөктері ғой. Әйтпесе, төрт-бес қабатты үйлер мен коттедждер баршылық қой. Мен осыдан 18 жыл бұрын келген қазақпын. Кейінгі таза қазақ ауылдарынан келген жастардың тілінен моңғолдық акцентті анық байқаймын. Мұның әсері не десем, ол жақта 6 сыныптан бастап негізгі пәндер моңғолша оқытылатын болыпты. Моңғолия мемлекетінікі дұрыс,әрине. Бұл - біз үшін қолданарлық тәжірибе болып табылады.

Кімнен: krutoi kazakh Қайдан: ulaanbaatar
28.07.2010 21:13
+0 / -0
JASARAL KUANIHSAL degen azamat duris aitadi.bay olke ulken kistak goi.ozderi koterip kala dei beredi ondagi kazakhtar nezigi .kala ga uksamaidi.ol turmak ulaanbaatardi kelip korinder kishkene gana goi kishkene jursen boldi kiiz ui tikken batpakka tirilesin.kazakhstannn kalasi men mongolianin bay olke sin salistiruga bolmaidi goi.masele onda emes .masele manka keibireuleri mangol bolip ketken .turmaidi .keibireuler kazakh degenin jasirip juredi dep mangoldar aitadi .bilmeimiz olar nege uitedi dep..bos belbeu jindi mal kazakhtar kop goi birak barligi emes.JALPI BAY OLKENI KAZAKHSTANGA KOSU KEREK.BUL BIZDIN JERIMIZ GOI SOSAN TEMIR JOL TARTIP KAZAKHSTANNIN BOLIGI ETIP DAMITU KEREK.BUGAN KOSILMAGAN JINDI MAL KAZAKHTARDI BASKA JERGE KUIP JIBERU KEREK.BAY OLKE DEP GANA ATAU KEREK

Кімнен: krutoi kazakh Қайдан: ulaanbaatar
28.07.2010 21:21
+0 / -0
shet elden kelgen derge bay olke kala emes goi .mangoldarga kala goi .soni tusinbeitin ne boldi.ozderine kala goi .misali americanin kalalarimen kazakhstannin kalalari salistiruga bolama ?

Кімнен: krutoi kazakh Қайдан: ulaanbaatar
28.07.2010 21:25
+0 / -0
mangoldar krutoi kazakh sen kazakhpin dep mangoldardi korkitasin baska keibir kazakhtar atin mangolsha auistrip kazakh ekennin jasiradi dep suraidi .ondai kazakhtardi korsem kanin shasham

Кімнен: МУСАБАЕВ.А.Р Қайдан: Талды -қорған
29.07.2010 14:32
+0 / -0
Сүреңсіз көрнгенімен ондағы өмір сүретін қазақтар Ана тілінде еркін сөйлейді .Әсем де жасыл желекті Қазақтың мына даласында өзі тілімізді өзгелер бізге үйретпек ойлары бар.Сүреңсіз жерге суретке қарамаңыздар ондағ қазақттың рухына ұлтжандылығына қараған жөн шығар Мен Қазақстанда туып өскемін БАЙ- ӨЛКЕ де болғамын экономикалық жағыдайы нашарлау Бірақ ондағы қазақтардың ұлттық рух монғол даласындағы таулармен таласып тұрғандай әсер алдым

Кімнен: АСАН
29.07.2010 16:27
+0 / -0
Ол жақа неменге бардың Қазақстанда баратын жер жоқтаи Мусабаев кешіріңіз ұлтжанды екенсіз

Кімнен: kazakh Қайдан: Austria
31.07.2010 17:51
+0 / -0
Ol jakka baratin jeri jok bolip bardi deisin ba? Kazakhstannin ken baytak jerinen erkindik.bostandik kormei,nur demesen jerin kor bolatin,kor bolmasa karangi kapas turme bolar,tilinde bostandik jok, Kazakh tilin, ultik ruhti ansap bargan bolar,

Кімнен: Сағиданұлы Бурақан Қайдан: Алматы обл.
01.08.2010 23:00
+0 / -0
Қазақтар Абай атамыз айтқандай білімсіз, ғылымсыз, құр даурықпалығын қоймайтындығын дәлелдегендей, себебі Зақаңның кім екенін, қандай қасиетті, түзу иманды өмір, бақи еңбегіне ең адал, дүние қоңыздықтан мақұрым ұлты үшін туған азамат екендігін түсінетіндер ибалық таныту қажет еді. Адам санының, санақ кезінде орта есеппенде түзу шығатынына күмәнім бар. Қазақстанда жүргізілген соңғы екі санақтада біздің семияның барлық адамдарын ешкім санаған жоқ. Интернет келешекте мағанасыз ерікендермен ештеңкеден хабарсыз ұялмай аузына келгенін сөйлей беретін өз атында толық жазудан қорқатын даурықпалардың ермегі болуы ықтимал сияқты. Қазаққа Зақаңдай ұлдарды көп беруін тілейк. Зақаңның бұл сухбаты туралы тарих ғылымынан махрум мен құсаған пенде пікір айтуды құдай алдында күнә санадым. Алла қазаққа риза болсын.

Кімнен: kazak kizi Қайдан: bayan-ulgiilik
09.08.2010 19:33
+0 / -0
amansizdarma agayin.zahan agamizdin aymagimiz turali angimesine koz jugirtip uakittarinizdi bolip pikirlerinizdi aytip jatkan barliktarinizga alla razi bolsin.ya Bay-olkemiz kindik kesip,tuip osken elimiz, jerimiz.Tauli, tasti , ormandi, sholdi bolsada ata mekennen alistap kalgan kazaktin kazak bolip kaluina ,ultik rukhin byik ustauina sebepshi bolgan istik meken ekeninde dau jok.bay - olkenin 1euge kistak 1euge aymak 1euge kala bolip korinui ol ar adamnin oz koz karasina baylanisti jeke masele.zahan agamiz aytkanday kuttida hayirli Bay - besigimizden kanshama kazaktin enbekkor,batir,talantti ,ultjandi kiz ben uli tuganin artinda kalgan bolashak urpakka ornek bola bilgenin , kazaky salt dastur, rukani ultjandilik,din men tilin oshpestey mura etip miras kaldirganin aytpaska bolmas agayin.Arbanin aldingi dongalagi kalay domalasa artkisida solay domalar deydi goy kazak atamiz,sol agalardin jolimen jurgen kazirgi bay-olkelik jastar bizderde jaman bolmaspiz degen umittemiz,tuip osken kutti mekenim,baptap osirgen ana mekenim kutti bolsun mereken !!!!!!!!alista jursemde ansap jurem tugan jerim,elim menin.Dort kul duniada sagan jeter jer kormedim jahanda.Zahan agamizday agalar molaya bersin barliktarinizga amandik tileymin