Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:14

ҚАЗАҚСТАН

«Тамаша тарланы» Құдайберген Сұлтанбаевтың орны ойсырап қалмай ма?

Қазақстанның халық әртісі, актер Құдайберген Сұлтанбаев жексенбі күні кенеттен қайтыс болды. Әріптестерінің айтуынша, танымал актердың ажалы жүрек дертінен болған.

Мәтін көлемі - +
Желтоқсанның 19-ы күні Алматыда кино және театр актері Құдайберген Сұлтанбаев 64 жасқа қараған шағында дүние салды.

Марқұм жұмыс істеген Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрындағы әріптестерінің Азаттық радиосына айтуынша, Құдайберген Сұлтанбаевтың жүрек талмасы ұстап қайтыс болған.

Қызылорданың Аралында туып-өскен Құдайберген Сұлтанбаев орта мектепті тәмамдаған соң Алматыдағы политехникалық институтқа оқуға түседі. Кейін Алматы консерваториясын тәмамдағананн кейін өнердегі жолын 1969 жылы «Гүлдер» ансамблінде бастаған.

1978 жылы «Тамаша» ойын-сауық отауы құрылып, комедиялық рөлдерді ойнап сахнаға шыққан Құдайберген Сұлтанбаев Қазақстан жұртшылығына комик актер ретінде кеңінен танылды.

Онымен бірге осы театрда өнер көрсетіп, қоғамдағы келеңсіз көріністерді өткір мысқылмен түйреген, көрерменнің қошеметіне бөленген комиктер Уәйіс Сұлтанғазин, Тоқсын Құлыбеков, Мейірман Нұрекеевтер және «Тамашаның» негізін қалап, ұзақ жылдар жетекшілік еткен Лұқпан Есенов те мезгілсіз қайтыс болған еді.

Құдайберген Сұлтанбаев 1996-1999 жылдары аралығында Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты болды. Депутат кезінде оның айтқан: «Парла­менттегі 67 депутаттың бәрі әртістер екен, бірақ ішіндегі профессионалы жалғыз мен екенмін ғой» деген сөзі де халық арасына тарап кеткен.

Кинода да түрлі рөлдерді сомдаған Құдайберген Сұлтанбаев өмірінің соңына дейін Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрда жұмыс істеді.

Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі желтоқсанның 21-і күні осы өнер ордасында өтеді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Серік Қайдан: Ақтөбе
20.12.2010 16:06
+0 / -0
Ары таза кетті. Жаны жаннатта шалқысын.Қош болыңыз, аға!

Кімнен: Оралған Қайдан: Астана
20.12.2010 16:11
+0 / -0
О, жалған дүние-ай! Қазақ тағы бір арысынан айрылған екен. Марқұмның жаны жәннатта болсын!

Кімнен: Жайберген
20.12.2010 16:40
+0 / -0
Тағы бір асыл арысымыз дүниеден өткен екен.Топырағың торқа болсын, жаның жаннатта болсын, қадірлі азамат. Артыңда қалған інілерің сізді үнемі сағынып жүретіндігі ақиқат. Ал маған Арал ортайып қалғандай көрінеді. Жерлес бір ініңіз деп біліңіз. Біздің жақта алды Құдайбергеннен бастап Тәңірбергенмен сабақтасып, Жайбергенмен түйінделеді. Осылар Сізді үнемі пір тұтумен өтері хақ.

Кімнен: Айна Айтжанова Қайдан: Алматы
20.12.2010 16:40
+0 / -0
Қайғырамын! Жаны жанатта болсын! Иманды болсын!

Қазақтар сал-серілерін құрметпен шығарып салады деп ойлаймын. Соңғы кезде қасиетті адамдарды ардақтау баяулап, жалған кейіпкерлер сахналарға шығып, жын ойнатып жатқаны жүрегімді ауыртады. Жанымды күйдіргенін Құдайберген аға қалай мазақтап шығаратын еді деп ойлап отырмын. Шынымен де тек мазақтау арқылы көп шындықты елге мойындатуға болады. Мазақтау жанырын дамытатын кез келген сияқты. Ал Құдайберген аға болса өмір мазағын көтере алмай кетті ме кен!?

Құдайберген Сұлтанбаев ағамыздың барлық өмірі қазақты жақсы қыламын деп өтті. Кезінде менің ата-анам Тамашадағы ойынына мәз мейрам болып отырғанда сол кісіге сонша риза болатынмын. Кейіннен өзім де сол кісінің ойынын тамашалап, риза болдым. Біздің есімізде Құдайберген ағаның барлық ойнаған рольдері, әзілдері жарық естелік болып қалады. Қазақты о дүниеден де мазақтап күле ме екенсің, аға!? Жаның жанатта болсын!

Елмен қайғыға ортақпыз!
http://www.elrayi.kz/silteme-2010-99.html
Пікір алмасу

Кімнен: Оспанов Галым-тарихшы Қайдан: Алматы
20.12.2010 17:01
+0 / -0
Иманды болсын .
Жасаган берген алдынан жарылкасын .
Жасамаган жасты жубайы , балашагасына берсын .
К.ош бол , Кудайберген ага .

Кімнен: Жадыра
20.12.2010 17:01
+0 / -0
Иманды болсын, ардақты азамат. Құдайберген аға иманыңыз салауат болсын. Сізді бізге Құдайберген еді, енді Құдай өзі алып отыр, орныңыз жәннатта болсын деп тілейміз.

Кімнен: Қарындасы
20.12.2010 17:20
+0 / -0
Жаныңыз жанната болсын, аға!

Кімнен: Ауылдың қазағы
20.12.2010 18:23
+0 / -0
Алла Тағалам бұл дүниеде біліп істеген, білмей істеген күнәларыңды кешіріп, қабір қорқынышынан қорғасын, кедейлерге жақсылық жасасаң жақсылығың ол дүниеде алдыңнан шығып, жатқан жерің торқа болып, жаның жәннатта болғай.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------

Қарап отырсам арамыздан тек жақсыларымыз ол дүниелік болып, ал биліктің құзғындары Бас Ібілістерімен ажал құшпақ түгілі мәңгі жасау үшін соның дәрісін қоймай іздетіп жатыр. Араларынан кеткені анау алаяқ құзғын кәріс қана...

Кімнен: Нурпейіс Байғанин
20.12.2010 18:25
+0 / -0
Иманды болсын

Кімнен: батыстық Қайдан: батыстан
20.12.2010 18:39
+0 / -0
Жаны жәннәтта болсын! Неліктен, қазағым дегендер өмірден ерте кетуде? Ал нағыз қазағын тонағандар ұзааақ сүреді? Бұл табиғи заңдылықпа?Құдайберген ағаның бейнесі қазақтың есінде мәңгі қалады!

Кімнен: Ақжол-Қанат Қайдан: Слотүстік Қазақстан
20.12.2010 19:04
+0 / -0
Алды жарық болсын,жаны жәннәттә болсын.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
20.12.2010 19:53
+0 / -0
Нағыз өнер жұлдызы дүниеден озды. Туған туыстарына қайғырып көңіл айтамын! Сахна Құдайбергенсіз құлазып қалды ғой. (Әртістерді о дүние алып жатыр. Енді...........)

Кімнен: Magzhan Satpaev Қайдан: Kyzylzhar
20.12.2010 20:11
+0 / -0
Алла алдыңыздан жарылқасын! Қош бол Аға!

Кімнен: zafer Қайдан: Germany köln
20.12.2010 22:43
+0 / -0
Allah imandi etsin ,jatkan jeri torkun bolsun.

Кімнен: Зауре Қайдан: Арқалық
20.12.2010 23:27
+0 / -0
Өнер тарланының топырағы торқа, жаны жаннатта болсын.

Кімнен: дана Қайдан: орал
21.12.2010 00:01
+0 / -0
Жатқан жері жарық болсын .Топырағы торқа болсын.

Кімнен: ТолқынЖамансариева Қайдан: орал қаласы
21.12.2010 00:10
+0 / -0
Құдайберген ағамыздың жатқан жері жарық болсын топырағы мамық болсын артындағы жанұясы аман болсын

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.12.2010 00:40
+0 / -0
Арыстардын олiмiнде астыртын арекет жокпа екен?бiрi журектен,бiрi жол апатынан бiрiнен сон бiрi тiзбектeлiп кетiп жатыр...бул калай?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.12.2010 02:01
+0 / -0
Жок ойбай. Мен олай оламаймын. Кайдагыны шыгарады екенсиндер. Мен ескертейн Казакстанды жамандауга тауекелим турмайды. Америка мен Лукашенко болса пажалыста.

Кімнен: Дариға Қайдан: Атырау
21.12.2010 00:53
+0 / -0
Тамашаның тарлан ағалары неге бұл өмірден ерте кеттіңіздер?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.12.2010 01:06
+0 / -0
Пайғамбар жаста дүниеден озған азбал ағамыз, жатқан жеріңіз жайлы, жаныңыз жаннатта болсын!

Кімнен: Әбдірашит Бәкірұлы
21.12.2010 01:10
+0 / -0
Өз ұлтының барлық қадір-қасиетін, кемшілігі мен осал тұстарын Құдайберген сияқты сахнадан жеткізе алған адам некен саяқ. Ұлттануда көбіміз - үлкені де кішісі де - одан көп сабақ алғанымыз рас. Ол ұлтын соншалықты жақсы көрді. Сондықтан да өнерде өзін-өзі аямай қамшылаған актер. Ондайға қандай жүрек шыдас берсін... Алдында өмірден озған оның үзеңгілес достары да сондай адамдар еді. Құдайберген бауырымыз енді солардың қатарына барып қосылды... жандары жаннатта болсын делік...
Енді олардың о дүниеде бастары қосылды.
Тамашаның жалғасы сонда жүріп жатқан шығар, бәлкім... Жүректерін кеуделеріне бүркемей, халықтың алдында жарқыратып алақандарында ұстап өткен азаматтардың...
Көруге тиіс күндерін, сүруге тиіс,сүре алмай кеткен өмірін бала-шағасына берсін деп тілейік, ағайын!
Пікір алмасу

Кімнен: АРАЙ АТКЕЛТОРОВА АМАНҚЫЗЫ Қайдан: ОРАЛ ҚАЛАСЫ
21.12.2010 16:58
+0 / -0
ЖАҚСЫ АДАМ ЕДІ БҰЛ ӨМІР НЕГЕ ШАТАҚ БІРІНІҢ АРТЫНАН КЕТІП ЖАТЫР
Пікір алмасу

Кімнен: kezerbek janasel ule Қайдан: pekyn,kazah radiose
21.12.2010 22:31
+0 / -0
alaxteng ardahte ule,hazahteng kaljah piri,ana tilimizding johxese,heyseh tuzer tezimiz,,jan semirter sozingiz ,asel aga h,sultanbayev topeagengez torha,janengez jannatta blolsen! sizge dunyedegi, beyjingdegi,tutas ose eldegi handastarengez haygerade, sizdi manggi sagenade.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі