Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:20

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Баласы түрмеден қашып қаза болған депутат діни топты айыптайды

Маусымның 22-cі күні Ақтаудағы қатаң режимді колониядан қашқан кезінде оққа ұшқан тұтқындардың бірінің әкесі, Қордай аудандық мәслихатының депутаты Біржан Әлімбет баласының өліміне діни топты кінәлап мәлімдеме жасады.

Мәтін көлемі - +

Қордай ауданында туып өскен 34 жастағы Дәурен Әлімбет 2009 жылы ұлттық және діни араздық пен алауыздық тудырғаны үшін 11 жылға сотталып Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы ГМ172/1 қатаң режимдегі колониясында жазасын өтеп жатқан. Ол маусымның 22-і күні түрмеден қаруланып қашқан 21 тұтқынның қатарында болған.

«Қашқындар мен оларға болысқандардың 19-ы қайтыс болып, 5-і тергеу орнына қамалды», - дейді Әділет министрлігінің өкілі Ерболат Ерімбет.

Атыс кезінде оққа ұшқандардың бірі - Дәурен Әлімбет. Оның әкесі Біржан әйелімен діни көзқарастары жараспай ажырасып кеткен. Біржан Әлімбеттің сөзінше, әйелі мен екі ұл, бір қызы такфиршілер тобына кірген.

«Қордай ауданында такфиршілердің ұйымы болған. Олар өлуді, сосын жұмаққа баруды армандайды. Олар қазақ деген ел, ұлт болмау керек деп есептейді. Мұсылман, немесе мұсылман емес деп қана қарайды», - дейді ол.

Арабтанушы, тарих ғылымдарының докторы Әшірбек Мүминовтың айтуынша, бұл жолға түскен адамдар дінді өте қатаң ұстайды.

«Такфир деген сөз - араб тілінен аударғанда біреуді кәпірге шығару дегенді білдіреді. Бұл - Қазақстанның батыс аудандарында әрекет ететін діни топ. Олар өздерінен басқа мұсылмандарды кәпір деп санайды. Зайырлы өмірді қабыл етпеуді, тек қана дін жолына қызмет етуді мақсат етеді. Дін жолына жиһад, соғыс алып бару керек деп есептейді», - деді Әшірбек Мүминов.

Біржан Әлімбет осы ұйымның жұмысын тоқтату үшін бес жыл бойы жалғыз күрескенін айтты. Оның сөзінше, басқарушы органдар елде ешқандай діни экстремистік ұйымдар жоқ, бәрі қатаң қадағаланады деп жылы жауып қоятын болған соң, ол заң органдарына және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына да хабарласқан екен.

«Балаларымыздың болашағына кедергі келтіретін індетке қарсы күресу керек деп хат жаздым. Түк шықпады. Ақыры балам өліп тынды. Соған мен өте ашулымын, реніштімін. Діни басқарма ешқандай жұмыс жасамайды. Ауыл мешіттерінде қазір қаптаған ваххабистер отыр», - деді Біржан Әлімбет.

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбек бұл мәселе мүфтият құзырына кірмейтінін айтты.

«Дәстүрлі емес дін ұйымдарын қадағалайтын орган емеспіз, біздің шаруа тек мешіттерде, институттарда, түрмелерде заңның аясында басшылардың шақыруымен уағыз айтумен шектеледі. Неше түрлі секталар да тура солай істей алады. Заң бойынша бәріне еркіндік бар. Олар да, біз де діни бірлестік болып табыламыз», - деді Оңғар қажы Азаттық радиосына.

Біржан Әлімбет Ақтау түрмесіндегі мәселе туралы жергілікті имамдар есеп берді дейді. Алайда олар арнайы осы мәселені зерттемеген екен.

Қазақстан мұсылмандар одағының жетекшісі Мұрат Телібеков дәстүрлі емес діни топтар өкілдерінің еркіндік алуына ресми имамдар беделінің төмендігі себеп болып отыр, ал билік діни басқарма өкілдерінің дұрыс уағыз жүргізуіне кедергі келтіріп жатыр деп санайды.

«Менің ойымша дәстүрлі емес діни ұйымдар жыл сайын көбейе береді. Себебі, бүкіл әлемде осындай тенденция бар. Бұны біз тоқтата алмаймыз. Оларды күшпен емес, уағыз, идеология арқылы тоқтату керек. Ал билік көбінесе осы проблеманы тек күшпен шешкісі келеді», - дейді Мұрат Телібеков.

Дәстүрлі емес діни бағытты ұстанған баласының мезгілсіз ажалына қапалы Қордай ауданы мәслихатының депутаты Біржан Әлімбет бұл бағыт ұлттың жоғалуына апарып соғуы мүмкін деген пікірде.

«Бүкіл халыққа жар салғым келеді. Ояныңдар, көздеріңді ашыңдар! Балаларды дінге кіргізбеу керек. Дінді тоқтататын заң шығару керек. Қазақ халқына керек дін ғана болсын, өзге діннің қажеті жоқ», - дейді Біржан Әлімбет.

Ол Ақтауға барып, мәселені анықтауға тырысқан екен. Алайда үстірт мәлімет қана алған. Оның пікірінше, баласының түрмеден қашудағы мақсаты шет елге өту болған. Осы мәселе бойынша Әділет министрлігіне хабарласқанымызда, ондағылар тергеу жұмыстары әлі жүріп жатқандықтан ақпарат бере алмайтындарын айтты.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Айдос Қайдан: Алматы
14.07.2010 14:53
+0 / -0
Біздегі дін жүйесін Түркиядағыдай ретке келтірмесе әлі талай сойқан болады. Ал Ақтаудағы оқиға сол сойқанның басы ғана.

Кімнен: Махамбет Қайдан: Павлодар
14.07.2010 15:08
+0 / -0
Да, Дін әпиін өте қауыпты. Түбі қатер сол діннен келіп жүрмесін ағайын. Амал керек қайтсе болады екен. Ең дұрысы Бабадан қалған дін жолы.

Кімнен: Қара қазақ Қайдан: Атырау
14.07.2010 15:33
+0 / -0
Айналайын, "Азаттық"-ай, ақыры осы мәселені дұрыс көтердіңіздер-ау! Рахмет, Сіздерге! Діннің атын жамылып, жастарды жалған жолға адастырып жатқан топты осылай әшкерелей беру керек! Біржан Әлімбет ағамыздың қасіретін еш адамға бермесін, балаларынан тірілей айрылып, елге қарауға беті болмай отырған қазақтар көп қазір! Осылай ашық айтып, өз басын қатерге тігіп, ел басына төнген қауіп туралы дабыл қаққан Біржан Әлімбет аға, аман болыңыз! Сізге, Сіз сияқтыларға мемлекет қорған болып, деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендердің ұйымы құрылуы керек! Бәледен басын алып қаша беретін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан, "қазірет, шейх" деген атқа мәз Дербісәліден дәрмен жоқ! Қазаққа қатерлі діни идеологияға - салафизм мен ваххабизмге заң жүзінде тиым салынуы тиіс!

Кімнен: Қилызаман
14.07.2010 17:30
+0 / -0
Конфессия, конфессия деп жүріп жеткен жеріміз шығар...
"қазірет, шейх" -міз бар, дүмше молдаларымызда жетіп артылады...
Демократияның қызығын осы ағымдар көруде, іштен ірітіп :-(

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
14.07.2010 18:12
+0 / -0
Өте дұрыс! Ағамыздың шырылдауын түсінуге болады! Елімізде Исламның дамуына ешкім қарсы емес, бірақ соңғы кезде Исламның радикалды бағыты қарқын алып кетіп бара жатқаны анық. Рухани хауста жүрген, теледидарда не көрсе соны дұрыс деп түсінетін, еліктегіш аңқау жас ұрпақ қазіргі кезде ақпарат майданында күш алып тұрған Исламдандыру процесінін дұрыс қабылдай алмай, рухани жетіспеушілігін, жүйеге қарсылығын, айналасындағы әділетсіздіктердің шешімі, жалаңаштанған қоғамның азғындауы секілді мәселелердің шешімі Исламда деп кенедей жабысып алатын, ойы арам исламшыл топтардың жетегінде кетіп жатыр. Осы радикалдардың кесірінен біздің қаракөздердің Палестинадағы қаніпезерлердей қаратүнек жамылып, "ниндзя" болып адамдарды шошытып жүргені.

Кімнен: Қарлығаш Қайдан: Атырау
14.07.2010 18:23
+0 / -0
ия.бұл айтылып талкыланып жаткан дін маселесі казір көп адамдарда бас ауыртып отырган жагдай.Орамал жамылған,сакалы бар адамдардан коркатын болдык.дұрыс діндегі адам ба әлде бұрыс діндегі адам ба?мешіттегі молдаларымызға да сенім жоғалтык шынын айтқанда(артық айтсам кешіріңіздер). тек бір АЛЛАҒА сиынып?бала шагамызга дұрыс жолга салуын тілеиік ағайын.

Кімнен: Ерсары Қайдан: Атыраудан
14.07.2010 18:34
+0 / -0
Дін-өте кұрделі мәселе. Қазақтар үшін дін-апиын болуы мұмкен. Қазақтар арасында, дін уғыздауда, дінді халық қандай мақсатта пайдалы және пайдалануы жөнінде еш нәрсе айтылмайды. Кейбір жағдайларда, көп жиналған халқымыздың арасында, мұсылман дінінің уғыздалу мәністері, оны халық арасында таратушылардың шала сауаттылығы, реніш туғызады. Кейбір кездерде, дін жайында әңгіме шертіп отырған адамдардың сөздеріне құлақ салар болсақ, әңгіме құрау жұйесі, өміріміздің тіршілік заңдарына қайшылықта айтылады. Әңгіме құраушы, тіршілік кездегі адам өмірінің жағдайына қайшылықта айтылады. Бұның бәрі, арамызда шын дін мамандарының жетіспеушілігінен, немесе дін талаптарын халқымыздың тұрмыстық салт дәстұріне байланыстыру арқылы таратылуында деп ойлаймын. Дін, біз үшін реттелген тұрде қажет.

Кімнен: Ерлан Әбдірашитұлы Қайдан: Алматы
14.07.2010 21:17
+0 / -0
Біржан Әлімбет былай дейді: «Бүкіл халыққа жар салғым келеді. Ояныңдар, көздеріңді ашыңдар! Балаларды дінге кіргізбеу керек. Дінді тоқтататын заң шығару керек. Қазақ халқына керек дін ғана болсын, өзге діннің қажеті жоқ», - дейді
Бір жерінде дінге кіргізбеу керек десе, екінші жерінде Қазақ халқына керек дін ғана дейді.
Сонда казақ халқына қандай дін керек?
Біржан Әлімбетке тағы қояр сұрағым: Сіз балаларыңызды дінге кіргізбеңдер деп отырсыз, сонда қандай дінге кіргізуіміз керек?
Ал қазақстан мұсылмандар діни басқармасын сынға ала бермендер, олар қолдарынан келген істерін жасап жатыр!
Пікір алмасу

Кімнен: Базарбай Қайдан: Шығыс Қазақстан
15.07.2010 12:06
+0 / -0
Айдан анық нәрсені түсінбегендей болып, неменеге аузыңызды ашып қалғансыз? Баласынан әуелі тірілей, сосын өлілей айрылған Әкенің зары Сізге ойыншық па? Қазақтың шаңырағын ортасына түсіретін, өз мемлекетіне, өз халқына, өз әкесіне жау етіп шығаратын "діннің" керегі жоқ деп отыр! Қазақта бұрын осындай "дін" бар ма еді? Бұл кісі біздің аталарымыз ұстаған, Қожа Ахмет Яссауи, Жүсіп Баласағұни, Әл Фараби, Абай, Мәшһүр Жүсіп ұстаған дін керек деп отыр! "қазақстан мұсылмандар діни басқармасын сынға ала бермендер" деп шыр-пыр боласың, мүптиат аталарымыз ұстаған дінді таратып отыр ма, әлде ваххабиттердің "дінін" таратып отыр ма? О несі-ай!
Пікір алмасу

Кімнен: Ғайнеддин
15.07.2010 16:01
+0 / -0
Баурым, саған Біржан Әлімбетов Ата-Бабаң ғасырлар бойы ұстананып келе жатқан дінді айтып отырған жоқпа.
Пікір алмасу

Кімнен: Ерлан Әбдірашитұлы Қайдан: Алматы
16.07.2010 18:29
+0 / -0
Базарбай! Гайнеддин! Сенднр маган мынаган жауап беріңдерші!
Ата-бабаларымыздың ұстанған діні қандай еді? Ол діннің аты бар ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Балғабай Қайдан: Ақтау
20.07.2010 07:54
+0 / -0
Ерлан Әбдірәшитұлы- сен сонда біздің ата-бабамыз дінсіз болды дегің келіп отыр ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Ерлан Әбдірашитұлы Қайдан: Алматы
21.07.2010 22:04
+0 / -0
Балғабай! Біздің ата-бабамыз діндарлар болған! Олардың барлығы Ислам дінін ұстанған, намаз оқыған, Меккеге қажылыққа барған. Арабша жақсы білетұғын!
Мен,Ғайнетдин мен Базарбайға бұл сұрақты сын үшін қойдым! Олар дін, дін дейді бірақ атын айтпай отырғандықтан осы сұрақты қоюға тура келді!

Кімнен: Қазақ Қайдан: Ақмешіт
15.07.2010 08:33
+0 / -0
Біржан ағайдың айтып жүргеніндей мәселені айтып жүрген имамдарда бар. Бірақ санаулы ғана, екі қолдағы саусақ жетерліктей ма деймін. Қазіргі уақытта діни басқарманың мақсаты муфтиге атақ берумен, дұрыс бағыт ұсынған имамдарды қудалаумен келеді. Өздері "уақаб" ағымдарын қолдайтынын ақпарат құралдары біраз жариялады, діни басқарманың уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Қайрат Жолдыбай жөнінде бірталай ақпаратты оқығанбыз (оны әлі ешкім теріске шығарған жоқ), муфтиге келетін болсақ "өз-өзін мақтаған өгіз тентек" секілді, шейх- деген атаққа да ие болыпты. Арапша білгеннің бәрі шейх бола берсе жеткен жеріміз осы ғой. Құдайдың жолы дұрыс болатын болса біз елімізді, ұлтымызды сақтап қалуымыз керек. Пәтуәсіз діни қызметкерлерден пайда аз,өте аз болып тұр. Әр-қайсысы әр жақтан оқып келген, сол елдің мүддесін қорғап жүр қазір. Бұл муфтидің қызметі бітетін шығар, естуімше жақында мұсылмандардың құрылтайы болады сонда дұрыс адамды сайлау керек. Бұл муфти өз еркімен кету керек. Осыны Елбасы ескерсе екен. Жетер енді, байып болған шығар, мақсаты сол емес пе?
Пікір алмасу

Кімнен: Ерлан Әбдірашитұлы Қайдан: Алматы
15.07.2010 20:53
+0 / -0
Қазақ.Ақмешіт ж/е шынайы өз аттарын жазудан қорқатындарға! Сендер не деп оттап отырсындар! "Іріген ауыздан - шіріген сөз шығады" дейді қазақта. Ислам дінінде не шатақтарың бар! Мәселе Исламда емес - жеке адамдарда! Бес саусақ бірдей емес! Діни басқарманың да, Хазрет Абсаттардың да, Қайрат Жолдыбайұлының да еңбектері қазақ ұлтының алдында жетерлік. Сендер ең алдымен солардың дәрежесіне жетіп алыңдар!
Дін жолында, тіл жолында аянбай еңбек істеп көріңдер ең алдымен! Сосын барып сөйлеңдер! Сендер тек ас үйде ғана "батырсыңдар"!

Кімнен: Қазақ456 Қайдан: Өскемен
16.07.2010 19:38
+0 / -0
дін мәселесі қазір біздің қоғамымыздағы ең өзекті мәселелердің бірі. Кеңес заманындағы рухани вакумнан кейін, барлығымыз дінге қарай бет бұрып имандылық жолына түсе бастадық. Бірақ, бұл жолды барлығымыз бірдей дұрыс таңдай алмай жатырмыз. Өйткені, сол 70 жыл дінсіздік біз үшін босқа кеткен жоқ. Ұлттық, діни дәстүрлерімізден айырылдық. Сол себептен де, нағыз исламды білмей, көп жағдайда алданып, неше түрлі алаяқтардың алдауына түсіп жатқандарымыз бар.

Менің ойымша, қазір неше түрлі діни секталар исламды жамылып, қазақты арабтандыру саясатын жүргізіп жатыр. Қазіргі жаһандану заманында біз батыстың ықпалынан қорқамыз, мен бұған қосымша арабтардан да қорқу керек деп айтар едім! Егер бұлай жалғаса берсе, біздің діни басқармамыз осылайша әрекет жасамай отыра берсе біз ертең қазақ болудан қалып, арабтардың көшірмесіне айналамыз! Қазір кейбір дін өкілдері марқұмның жетісін бермеңдер, қырықын бермеңдер, жұмада жеті шелпек пісірмеңдер, үйлену тойында беташар жасамаңдар деп айтатындар табылып жүр. Және бұны айтатындар бөтен біреулер емес, ресми молдалар! Сонда біздің қазақшылығымыз қайда қалады? Біздің салт-дәстүрлеріміз қайда қалады? Неге ислам қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін ескермейді? Осының кесірінен онысыз да тарыдай шашылып жатқан қазақтар нағыз мұсылман немесе нағыз мұсылман еместер болып бөлінуіміз керек пе? бірде "Қазақ радиосының" жұма күнгі діни хабарында бір қыз бала домбыра шертіп, ән-күй айтылатын ойын-сауық кешіне бес уақыт намаз оқитын адамға баруға бола ма деп сұрақ қойды. СОнда діни басқармадан келген ресми адам, әрине, домбыра қазақтың салты, дәстүрі, біз ең алдымен қазақ болуымыз керек деп айтқанның орнына екіұдай жауап берді. Әгі баланы күмәнді жағдайда қалдырды....... Бұл ресми, мемлекеттік радиода орын алған жағдай... Ал күнделікті ортада не болып жатыр?

Мемлекетімізге дұрыс діни саясат керек. Қазақшылығымыз мұсылмандығымыздан төмен болмауы керек! Діни оқу орындарына бесіктен белі шықпаған, ой-санасы қалыптаспаған балаларды жіберуімізді тоқтату керек! Оларды өзімізде, қазақтың салт-дәстүріне баули отырып, оқытуға шамамыз келмей ме? Шет елдерге тек әбден көзқарасы қалыптасқан дін өкілдерін білімдерін жетілдіруге жіберсек!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
19.07.2010 14:49
+0 / -0
Айналайын ағасы менің ойымды дәп басыпсыз ғой. Сөзіңізге толық қосылам. Рахмет сізге осындай ойлы пікір жазғаныңыз үшін.

Кімнен: Қазақ қызы Қайдан: Алматы
18.07.2010 00:37
+0 / -0
Ей, сорлы Ерлан Әбдірашитұлы! Сенің сөзіңнен түсінгенім, сен де сол сектанттардын бірісін! Ата-бабаның әруағынан садаға кеткір! Ислам дініне қарсы тұрып, сектадан ақша тауып, өз қандастарыңды өлімге қиып, бар армандарың шетелдіктерге жерді сатып, сол шетелдіктерге өздерің малай, құл болу ғой. Ал, ақырет күнінде, Құдыреті Күшті Аллаһ Тағаламыздың алдында не деп жауап берер екенсің сен бейбақ?! Осы күнәң үшін, ақырет күні сенің өз балаларың да соларға осылай күнә арқалатқаның үшін бетіңе түкіретін күн болар әлі. рухани өрісің таяз, ақылың тым аз, ер емес, ез екенсің. Сен сияқты сатқындардың ісі емес пе, баяғы Отырардың қақпасын жауға ашып берген. Тегінде, есіңде болсын! Осы бір екі сағаттық жалған ғұмырда, сынақ өмірде жасаған әрбір осындай қитұрқы әрекетің сенен сұраусыз қалмайды. Аллаһ сенен есебін алар. Ал, ел мен жерді еңіреткен сен сияқты опасыздар ешқашан арам секталарыңмен халықты жаулай алмайсыңдар! Сен осыны есіңе мықтап сақта! Өйткені, Аллаһ Тағаланың екінші аты Халық. Біздің халқымыз сенен де өткен оспадарсыздықты көрген. Сен Халықты басына алмайсың! Ертең, өзің қазған орға өзің түсіп мерт болғаныңда көрерсің. Онсыз да бір-біріңді Аллаһтың ақ Үйі Мешіттің ішінде атып, қырып, біріңді -бірің өлтіріп жатырсыңдар. Оған да халық куә. Сенің және сен сияқтылардың пейілің, ниетің, арамдығың, залалың- тек өзіңнің қара басыңа көрінсін! Халықтан, адал, бейбіт елден аулақ!
Пікір алмасу

Кімнен: ertai Қайдан: Алматы
21.07.2010 09:42
+0 / -0
Қазақ бұрын АЛЛА деуші еді осы бір АЛЛАҺ деп айтатындардан сақтану керек. Өйткені бұндайлардың қазақ дәстүрінен қаншалықты алыс екенін осылай айтып, жазуы көрсетіп тұрған жоқ па! Тіл полицейі деген сияқты дін полицейін шығарып, жасына жетпей теке сақал қойғандарды көшеде ұстап алып бақылдатып сақалын жұлу керек.

Кімнен: Қазақ қызы Қайдан: Алматы
18.07.2010 00:44
+0 / -0
Және, ҚМДБ ны жақтағаның да түсінікті. Қайрат Жолдыбайды айтқаның да түсінікті. Өйткені, ол жердегілердің көпшілігі, әсіресе, ҚМДБ ның басында отырғандар сол сектанттардың ақшасына сатылғандар. Солардың арам ақшасын ұстағандар. Тіпті, имамдарының өзі сектанттармен ауыз жаласқандар сияқты. Өйткені, олар үнемі ат-тондарын ала қашып, халыққа ешқашан дұрыс жауап бермейді. Және, халық ішіндегі осы бүлік туралы Елбасыға айтса, осындай діндерге қатысты Заңды күшейтуді талап етсе, Елбасы соқыр емес. Керең емес. Тек, біздің ҚМДБ мұндай мәселені қозғағысы келмейді. Ертең, өздерінің балалары осындай сектанттардан жапа шеккенде, солардың уын ішіп уланып, жанданып, өлетін болса, сонда ғана, олар өз қотырларын қасу үшін, Елбасыға осы мәселені айтуы мүмкін. Оған дейін, әй қайдам... Әбсаттар Дербісәлі мен оның бүкіл командасы, ҚМДБ ның басынан кетуі керек!!! Сонда ғана, ел іші аты өщкір сектанттардың іріткісінен тазарады...
Пікір алмасу

Кімнен: Ерлан Әбдірашитұлы Қайдан: Алматы
19.07.2010 21:56
+0 / -0
Қазақ қызына!
Аллахтың атына сансыз мадақтар болсын!
Біріншіден ей емеспін! Екіншіден сорлы емеспін! Үшіншіден әлһамдулиллахи мұсылманмын! Төртіншіден елім, жерім, тілім, дінім деп жүрген қарапайым қазақтың қарадомалақ баласымын! Бесіншіден ешқандай сектант емеспін!
Қазақтың қызы! Сіз маған қарсы өсек-ғайбат айттыңыз, Аллах сізге иман байлығын берсін! Мені бұданда жаман сөздермен балағаттаған, бұндайларға етім үйреніп кеткен, аса көп көніл бөлмеймін! Мен сектадан ақша тауып жүрген жан емеспін, қайта сектанттар туралы республикалық газеттерде өте көп сынап мақалалар жазғанмын, телеарналарда да сектанттарға қарсы аз сөйлегенім жоқ! Мен Ислам дініне қалай қарсы тұрамын, егер дінім Ислам, пайғамбарым Мухаммаед (c.ғ.с), кітабым – Құран болса!
Ақырет күні бәрімізд де Аллахтың алдын жауап береміз! Біріншіден – намазымыз үшін, екіншіден ғайбатымыз үшін!
Қазақтың қызы! Сіз былай деп жазыпсыз: «....өз қандастарыңды өлімге қиып, бар армандарың шетелдіктерге жерді сатып, сол шетелдіктерге өздерің малай, құл болу ғой.» - депсіз!
Қандай қандастарымды өлімге қиып отырмын? Қандай шетелдіктерге жерімізді сатып отырмын? – дәлел келтірсеңіз! Менің де екі қызым бар. Олар бірақ намаз оқымайды. Мен оларды дінге күштеп жатқаным жоқ! Егер де имандылыққа келіп намаздарын оқыса қуанамын!
Сіз маған тағы да былай деп жазыпсыз: «Осы күнәң үшін, ақырет күні сенің өз балаларың да соларға осылай күнә арқалатқаның үшін бетіңе түкіретін күн болар әлі. рухани өрісің таяз, ақылың тым аз, ер емес, ез екенсің. Сен сияқты сатқындардың ісі емес пе, баяғы Отырардың қақпасын жауға ашып берген.» - депсіз.
Қандай күнәм үшін? Менін балаларыма дейін тиісіпсіз! Менің қыздарым тәрбие көрген, қазақ мектебінде оқыған, қазақша сөйлейді, олар да елім жерім, тілім деп ойлайды! Рухани өрісім де, ақылым да таяз емес- Аллахқа шүкір бар! Дұшпандарыма ешқашан да ұлтымның қақпасын ашқан емеспін, ашпаймын да!
Жоғарыда шығыс Қазақстаннан Базарбай деген: Бұл кісі (Қордай аудандық мәслихатының депутаты Біржан Әлімбет) біздің аталарымыз ұстаған, Қожа Ахмет Яссауи, Жүсіп Баласағұни, Әл Фараби, Абай, Мәшһүр Жүсіп ұстаған дін керек деп отыр! "
Менің оларға айтарым: бұл аталарымыз да (Қожа Ахмет Яссауи, Жүсіп Баласағұни, Әл Фараби, Абай, Мәшһүр Жүсіп) ИСЛАМ дінін ұстанған! Абай атамыз: «Аллахтың өзі де рас, сөзі де рас» - деген. Ал Аллахтың сөзі ҚҰРАН!
Қазақтың қызы! Маған көптеген ауыр қарғыс сөздер жазыпсың! Мен ондай сөздеріңнен қорықпаймын! Менің қаруым – дұға! Сонда да сізге жауап ретінде, қарсы ауыр-қатты сөздер айтпаймын! келе жатқан қасиетті Рамазан айы мубарак болсын, Аллахым қазақ ұлтына иман байлығын, тіліміздің дәрежесін берсін! Ислам – дінінің өркендуіне нәсіп етсін! Амин!
Пікір алмасу

Кімнен: маржан Қайдан: павлодар
20.07.2010 17:40
+0 / -0
егер ниетің таза болса, онда сен сияқтылардың басты қатырмай тыныш отырғаны қажет қазір. Бала ұстаған көп жұрт дін десе дір ете түсетін күйге түстік. Сондықтан да былжырап, аузыңның көбірігін шашпай тыныш жүр.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
18.07.2010 17:31
+0 / -0
Осының бәріне кінәлі болмайтынды болдырам деп келе жатқан болмайтын, қолға ұстатпайтын "Нобель" ғой, "Нобель"....

Кімнен: садықов Қайдан: Шымкент
20.07.2010 11:39
+0 / -0
сұмдық-ай, мына ерлан мен қазақ қызының айтысы жүрегіңді ауыртады екен. Бір-біріне бауыр бола тұрып соншалықты жау. Ерлан маладес еркектік танытып, әйелдің бет-жыртысына бой алдыра қоймай сабырлық танытыпты. Бірақ мына комменттерді оқыған басқа ұлттар мен діндер бізге қазақтарға артын ашып күлмей ме! Сен қазақ - тәкбір бол, иеһова бол, кіршнә бол, аққу бол - бірақ бір біріңді сорлы ешек деп коммент жазғандарыңды қойсаңдаршы!

Кімнен: Роза Байсал Қайдан: Павлодар
20.07.2010 19:17
+0 / -0
Шындығында соңғы пікір жазған адамның ойы дұрыс. Қандай дінде болсақ та, қазақтығымызды жоғары қоя білуіміз керек. Бұрындары дінді ұстанған, мұсылман болған аталарымыз бен әжелеріміз осыншама халықты үгіттеп, дін жолына түспегендерге теріңс пікір танытқандар болып па еді? Исламды жүрегімен сүйіп намазға жығылған ағайындардың намысына тимесін бірақ соңғы уақытта хиджап киіп, сақал-мұртын өсіргендерден қорқатын болдық. Олардың арасында өзіміздің туыстарымыз да бар. Бірақ көбісі ислам деп қазақтың салт-дәстүрін жоққа шығарып жатыр. Жалпы Исламның осы тұсына мұсылман қазақстар не дейді екен. Жалпы қазақта дін болмаған ислам да кірме дін. Оны да біздің ата-бабаларымызға күштеп үйреткен. Негізі Сақ дәуіріндегіә заманда, нағыз қазақтарда бір ғана тәңірлік дін болған. Ол жүрек тазалығы. Онда ақыретпен қорқытып үркіту жоқ, онда тек өз адалдығың үшін жауап бересің. Ал сенің қателігің үшін ұрпағың жазаланды дегенді ғана меңзейді. Мүмкін осы жол дұрыс шығар.

Кімнен: Bolawakty oilaiyk Қайдан: Atyrau
21.07.2010 14:53
+0 / -0
Bizdin kazak bauyrlarymyz aldanuda ogan kinai jogargy jaktagylar katal zan wygaru kerek mysaly Ozbekstanda baska dindi taratkan sonyn kitabymen ustalsa 8 jylga bas bostandygynan aiyrlady al bizde tek Akimwilik wara kondanylady ol kalai?? Kazir ondailar kobeip baratttttt Ktailar oz halkyn katal zandar arkasynda ustap otyr Al bizderwi

Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иран.горган
26.07.2010 21:43
+0 / -0
Баласы түрмеден қашып қаза болған депутат діни топты айыптапты . Сонда діни топтардың бәрін бір шыбықпен айдағысы келгендерге жол болсын ! Әсіресе діни басқармада қандай билік бар деп сұрап жатқан пенде шамалы екен . Зайырлы елде бұл мүсапір басқарма қай істің басын қайыра алады ? Қала берді елді бүлдіріп жүрген тек қана уахабистер ме ? Бұлар Қазақтарды торып жүрсе шеңгелдеріне қазіргі билікткен торыққандары ғана түсіп жүр ғои . Әкім қаралардың қырсығынан Қазақтың ұлттық сезімі жоғалып , оның салдарынан адам төзгісіз саяси , қоғамдық , шаруашылық және рухани дағдарыс тап болып тұрғаны сепепті , шынтуайтқа келгенде , бұндай тамұқтағы жыландардан айдаһарға тығылса не ғажап ? Не дегенмен бұл өткелде түйенің үлкені таяқ жеуге тура келеді .

Кімнен: Қазақ қызы Қайдан: Алматы
27.07.2010 22:55
+0 / -0
Ей, Ерлан Әбдірашитұлы! Осынша ақталғаныңа қараганда, сөзім жанына батты білем! Егер, маған айтқан уәжің рас болса, онда жоғарыдағы пікір жазған жұртқа "ата-бабаңның діні қай дін еді?" деп сандырақтап отырғаның не? Егер ата-бабаңның дінін есіңнен шығарып алған болсаң, онда менің жоғарыдағы айтқаным – біздің ата-бабамыздың дінінің қайсы екенін сенің есіңе салғаным деп білгейсің! Және, сол сөзімнен кейін, дереу "есіңді жинап", бала-шағаңның бар екенін, ата-бабаңның діні қайсы екенін есіңе алғаның өте дұрыс болды. Енді, бұдан былай қоғамдық пікір жазылатын жерге – елді алжастыратын сандырақ жарияламайтын боласфың! Және тағы бір айтарым, Қайрат Жолдыбай сияқты адамдарды ел алдында ақтамай-ақ, өз жөніңді білгенің дұрыс. Елді ақымақ қылам деп ойлама. Аллаһқа мың шүкірлік, біздің қазақты көрсоқыр екен деп, елді адастыратын жоғарыдағыдай мақұрым сөздеріңді бұдан кейін кезі келген жерде батпырақтата берме! Сондай-ақ, сен шыр-пыр боп жақтап отырған Қайрат Жолдыбайдың "Дін мен Діл" деген қара кітабын парақтағанда-ақ, мен жағамды ұстағам... Сондықтан, саған да ондай адамдардан аулақ жүр демекпін. Әрине, егер шынында да өзің ақталғандай таза мұсылман болсаң...
Пікір алмасу

Кімнен: Ерлан Әбдірашитұлы Қайдан: Алматы
30.07.2010 17:46
+0 / -0
Қазақтың қызы!
Қатты қателестің! Біріншіден сіз маған ақылға салар сөз айтқан жоқсыз! Екіншіден сіздің "сөзіңіз" сөз емес, керісінше: ғайбаттау, қарғау, жазықсыз адамның бетіне жөнсіз балағаттау болып табылады. Үшіншіден Сіздің "сөзеріңіз" жаныма батқан да жоқ! Сіз маған қалай болсада балағаттасаңыз да Сіздің "сөзеріңіз" маған өтпейді!
Төртішіден бізідң ата-бабларымыздың діндері қандай дінде болғаны туралы да өте жақсы білемін! ОЛ - ИСЛАМ ДІНІ!
Бесіншіден мен (Аллахтың атына сансыз мадақтар болсын!) ақ пен қараны ажырата аламын!
Мен Сіздің алдыңызда ақталып отырғаным жоқ! Менің өмірлік ұстанымым: намазым, оразам, харам заттардан аулақ болу!
Дінім - Ислам! Кітабым - Құран! Пайғамбарым - Мұхаммед (Оған Аллахтың игілігі мен сәлемі болсын!)
Қазақтың қызы! Келе жатқан қасиетті Рамазан айы мубарак болсын!Аллах Сіздің иманыңызды Құранмен кушейтіп, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін! Аллах Сіздің екі қолыңызға қуат, от-басыңызға берекет берсін, ұстаған оразаңызды қабыл алсын! Амин!

Кімнен: Қазақ қызы Қайдан: Алматы
27.07.2010 23:09
+0 / -0
Сондай-ақ, Ерлан сенің сөз түсінетін адам екеніңе сенгім келеді-ақ, бірақ, сенің пікіріңе орай жазған менің пікірімді (мүмкін, өзіңді ел алдында ақтау үшін), сөзімді бұрмалап, "түсінбей" отырғаныңа таңым бар. Сен сияқты "білімді" азамат сонда қазақтың кәдімгі қара сөзімен айтылған пайымын да түсінбей ме? Және, өз ата-бабаңның діні мен ділін сен жете түсінбейіңше, қоғамнан "ей"-ден басқа сөз естімессің... Және, жоғарыда айтылған басқа да бірен-саран пікірлерге айтарым, қазақ бір- бірімен жыртысып жатыр дейсіңдер. Сонда өзіміздің ішіміздегі "тышқақ лақты" өзіміз "емдемегенде", оны бізге шетелдіктер келіп жөндеп бере ме? Әлде, дәл қазіргі таңда шетелдіктердің – қазақ жеріне сіңіргісі келіп жүрген бөтен дініне осылайша "өз ата ділі мен дінін білмеген қаймана қазақтарымыздың" лаң сөзін бұғып тыңдап отыра беруіміз керек пе? Дініңді танымай, діліңнен айырылған соң, жеріңнен де айырылып, өзің соларға құл боп кетеріңді түсінбейсің бе, әлде әдейі түсінгілерің келмей ме? Және, Ерланның осыны "түсінбегенсіп", өзін-өзі ақтаған "ақжүрек сөзі" бәрібір менің көңілімнен шыққан жоқ... Әйтеуір менің тілегім, еліміздің ерлері осы Ерлан сияқты ұсақ сөздер айтпайтын, өз басын өзі ала қашпайтын, ел қорғаны болар жаужүрек болса деймін...

Кімнен: Қазақ қызы Қайдан: Алматы
27.07.2010 23:21
+0 / -0
Айналайын, шымкенттік бауырым Садықов! Өзіңнің есің дұрыс па? Айтып отырған "кришна бол, тәкбір бол, иегова бол"-ың не? Кришна, тәкбір, иегованың сөзін сөйлеген қазақтың ешектен қай жері артық? Ішің шикі болып осылай ағып отырып, шетелдіктерден ұялған неңді алған? Өз дініне өзі ие бола алмайтын адамды шетелдіктер қайтсін? Сондай-ақ, сенің де мына сөзіңнен – еліңнің, ұлтыңның ертеңіне жаның ашымайтын алаңсыздығың көрініп тұр. Сонда ел ішін әлгі өзің айтып отырған өзге дін жаулап алатын болса, сен сияқты еркектеріміз өзге діннің сойылына шоқпар болса, онда біз сияқты әйелдер балаларын қорғау үшін, ұрпағын арандаудан сақтау үшін қолымызға найза алып, жауға қарсы тұрамыз да... Сен сияқты ездерден үміт болмаса, бізге басқа амал не? Ал, шетелдіктерге сен сол кезде де өзіңді керекпін деп ойлайсың ба? Шетелдіктерге өздерінің кеңкелестері де жетіп жатыр. Сондықтан, аузыңа келгенініңді сандырақтамай, елге алауыздық шашпай, айтар оңды сөзің болмаса, елге іріткі салмай жайыңа отыр, ұқтың ба! "Әйелдің бет жыртысы" дейді ғой! Сен сияқты еркектер дінімізге ие бола алмай жатқанда, әйелдер беттеріңді жыртпағанда қайтсін ?!