Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 22:23

БЛОГСТАН

Көрмейін десем - көзім бар

Жағымпаздықтың ауруы әбден меңдеген қоғамда ештеңеге таңданбаймын дегеніңмен, шектен шыққан сорақылықтарды көріп тұрып, шыдай алмай кетеді екенсің. Төмендегі суреттерді көрген адам қандай ойға беріледі екен?

Алматы қаласындағы Алатау аудандық әкімшілігінің жанындағы биллборд.
x
Алматы қаласындағы Алатау аудандық әкімшілігінің жанындағы биллборд.
Мәтін көлемі - +
Өз басым осыларды көргенде қатты күйініп, бойымды намыс кернеді. Содан соң көпшіліктің назарына ұсынуды жөн көрдім.
Алматы қаласында жаңадан ашылған Алатау аудандық әкімшілігінің жанына орналастырылған осы биллборд арқылы бишікештер не айтқысы келді екен?

Менің айтарым: "Бүкіл елдің болашағын бір адамның тағдырына байлап қойған сорлы қазақтардың сормаңдай тірліктеріне қалай таң қалмассың. Біз күліп қарайтын кейбір қоңсы елдерде де мұндай сорақылықты кездестірмейтін шығармыз".
Алматы қаласы Алатау әкімдігі жанындағы биллборд. қаңтар, 2009 жыл.



Ал мына биллбордтың Қапшағай қаласына қарай баратын даңғыл жолдың «Галлахер» темекі
компаниясына бұрылатын жол айырығы мен Алматы қаласындағы Саин және Маречек көшелерінің қиылысында ілініп тұрғанына бір жылға таяды (менің байқаған уақытым мен жерлерім).


Көктемгі гүлдердің ортасында күлкісі жиылмай отырған осы адамға дауыс бергісі келгендер 2005 жылдың аяғында дауыс беріп қойған жоқ па еді, ал бұл кісіге енді дауыс бергісі келетіндердің қашан дауыс бере алатынын бір Алла ғана білетін болар. Өз басым, мұны осы кісіні мазақ қылғандық деп есептеймін.

Алматыдағы Саин-Маречек көшелерінің қиылысндағы саяси жарнама.қаңтар 2009 ж.





Мынау да сол Қапшағайдың жолының бойында ілулі тұр. "Бабалар салған сара жол ұрпаққа қандай дана жол" болмақ, егер біз тәуелсіз елміз деп жүрген жылдары большевиктер салып берген қисық жолдан бір танбасақ? Идеологиямыз да, өмір сүру салтымыз да, қоғамға, өмірге деген көзқарасымыз да коммунистер тоқпақтап-тоқпақтап сүйегімізге сіңіріп жіберген сол баяғы жауыр болған насихаттан құтылмаған болса.
Алматыдан Қапшағай қаласына шығар жол бойындағы жарнама. қаңтар, 2009 жыл.



Айналып-айналып келіп, «Нұр Отанды» ойлап таптық. Басқа нәрсе ойлап табуға өреміз жетпейді. Орыстар айтпақшы: "Барлығы баяғы Брежневтің кезіндегідей". Айта берсе әңгіме таусылмас, мұның бәрін өздерің қалай түсінесіңдер, құрметті оқырман қауым?


 

Нағашыбай Есмұрзаев,
Алматы, қаңтар 2009 ж.
 




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Гульсара Қайдан: Казахстан
14.01.2009 11:53
+0 / -0
Биз соңгы кезде осы мәселеге көп оралабелетин боп кеттик.Казактың канында бар ғой ,амал не,бирі-бирімизге ор казбасак тура алмайтынымыз.Ал жәрәйді ,келесі президенттің суреттері осылай ілінбесине ким кепілдік бере алады?Одан да казиргі Кризис жағдайыннан калай аман шыга аламыз? Осыған зейін салғанымыз маңыздырак болар ағайын.

Кімнен: Маржан Қайдан: Семей
17.01.2009 09:49
+0 / -0
Байкаганым, оздери тук те истемеитин, колынан тук келмейтин адамдар гана басканын исин сынауга кумар келеди. "От басында кул шашып, купилдеген копирмелер" деп осындай жандарды айтатын шыгар. Макала авторы коммунизм уакытында карта ойнап, арак ишип, жумыстанк ашып журген адам сиякты. Айтпесе, сол кездеги катан тартип казир болса, мундай бейшара жагдайга туспеген болар едик. Соны да тусинбеитин кайран казак. "Колда барда алтыннын кадири жок" деген. Кезинде 1 сомга балмуздак, алма, шемишке, шырын менс амсаны да алып, даптер каламымды тугендеп, калганына кундизгы сеанстагы кинога баратын бакытты балалык шагымды казир катты ансаймын. Казирги жиырма мын тегеге карапк алган куним ай. Бурын апам уйге 20 сом жалакы акелгенде байлыкка кенелшендей боламыз.
Алеуметтик жагдай да жаксы еди ол кезде. Кангып кошеде жаткан уйсиздер, маскүнемдер, кайыршылар дегенди кормеитинбиз. Баласын тастаган ана деген сумдык илуде биреу кездессе, кара тактага илип, бетине куйе жагатынбыз. Женил журисти кыздар бигингидей ашык шашык журмеитин.
Кезинде алпысынды жетпісінші жылдары панк, хиппи болгандардын урпагы казир барин куртып жаткан. Аке шешеси санасыз болган бала кайтип онбак. Соны билип алмай, бар жаланы коммунистер менк омсомолдарга жабады. Коммунизмди жамандагандар колдарынан келсе, сол мамыражай заманды кайтарып корсинши. Пішту, буйткен тауелсиз казакстандарына.

Кімнен: Erkin Қайдан: Altay kalasi
29.01.2009 05:06
+0 / -0
Маржанga aytarem: Eger Kazak Oresteng kolenda endi 50 jel turaten bolsa, Kazak joyelep ketiwxi edi, sagan keregi bayaxat omir goy, Sovetti angsagan ongkey orestangan ultsez!!!!
Заман тынысы!
Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка!
Жүктеген адам: Жанашыр
7 мамыр 2012 жыл

Заман тынысы! Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка! Жүктеген адам: Жанашыр 7 мамыр 2012 жыл

Назарға көп іліккен