Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 22:27

ҚАЗАҚСТАН

Нұрсұлтан Назарбаев 70 жасқа толды

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, шілденің 6-сы күні 70 жасқа толды. Қазақстанда бұл күн «Астана күні» ретінде мерекелік күн болып жарияланған, бүгін ел астанасы мен өзге де қалалар мен аудандарда әртүрлі мерекелік той-думан өткізіліп жатыр.

Астана күніне орай ашылған Хан шатыры кешенінің көгіндегі от-шашу. Aстaнa. 6 шілде 2010 жыл.
x
Астана күніне орай ашылған Хан шатыры кешенінің көгіндегі от-шашу. Aстaнa. 6 шілде 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

1989 жылы cоветтік Қазақстанда билік басына келген Нұрсұлтан Назарбаев содан бері елді басқарып отыр. Алғаш рет 1990 жылы сәуірде республика парламенті Назарбаевты Қазақ ССР президенті қызметіне сайлады. Одан кейін 1991 жылы желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауға жалғыз өзі түсіп, тәуелсіз Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды.

Бұдан кейін 1995 жылы республикалық референдум арқылы президент Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

Ал 1999 және 2005 жылдары мерзімінен бұрын өткізілген президент сайлауларының ресми қортындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың басым көпшілік дауысына ие болды.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстандағы президент сайлаулары барысында заң талаптары бұрмаланғандығы туралы баға берді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдаушылары оның жүргізген саясатының арқасында Қазақстан дербес ел ретінде әлемге танылып, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болып сайланды, елде бейбітішілік пен тұрақтылық орнады дегенді алға тартады.

Елдегі оппозиция болса, президент Назарбаевтың ұзақ жылғы билігі кезінде қоғамда сыйбайлас жемқорлық тамыр жайып, республика халқының игілігі ат төбеліндей азғантай топтың қолына өтті, биліктің саяси қарсыластарын, тәуелсіз баспасөз құралдары мен журналистерді қудалап-соттау, сөз бостандығы мен азаматтардың бейбіт жиын өткізу құқықтарын шектеу секілді жайттар қазіргі қазақ қоғамының ажырағысыз көрінісіне айналды дегенді айтады.

Елдің қос палаталы парламенті тұтасымен президентшіл "Нұр Отан" партиясынан жасақталған.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында табиғи шикізатқа бай Қазақстан Республикасын 15 миллионнан астам тұрғын халық мекендейді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
06.07.2010 18:10
+0 / -0
Алдымен бірүйлік жер ала алмай, ал ол жерді алған күнде кішкене кетекхана сала алмай жүрген қандасымыз қаншама? Жұмыс таппай сандалып жүрген қандастарымыздың саны тағы да жоқ. Қоғамның 70 пайызына Сенің Елбасыңның 70 келгені, Астана тойы еш қызықтырмай отырғанда бұлар сол халыққа тиесілі несібені шашып отырғаны тағы да рас. Сонда бұл "той" кімге керек, деп ойлайтын бірі болсайшы? 20 пайызы өз күндерін зорға көріп жүргендер, "шықпа жаным-шықпамен"... Қалған тоғыз пайызы өмірге тосырқай қарап, қай
жағына шығарын білмей жүргенде бір-ақ пайыздың тамағы тоқ, көйлегі көк болып жүргендерге ғана керек болып отыр-ау?!

Кімнен: Мырқымбай Қайдан: Даладан
06.07.2010 18:33
+0 / -0

ҚАЗАҚСТАН: Теледидардағы және шынайы өмір (видео):

http://www.azattyq.org/content/article/1757705.html

Әйй-й-й, иттер-ай десеңші!...
Еххх, қазағым!...


Кімнен: Жаяу Мұса
06.07.2010 18:36
+0 / -0
Қазір мені басқа сұрақ толғандырып отыр: Болашақта Елбасы өзінің қызметін аяқтап, орнын басқаға босатып берген соң да "Астана күні" мейрамы мемлекеттік мейрамдардың "ең қадірлісі", "ең бұқаралысы", "ең... ең..." болып қала берер ме екен?" деген. Сіздер қалай ойлайсыздар - ақ сиса, қызыл сисаға малынғандар мен малынбағандар?!

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
06.07.2010 20:17
+0 / -0
Біреудің той тойлағаны біреуге сор болған заман...
Астаналықтар үйлерінен шыға алмай, базар, көше мөше бәрі бәрі жабылған шығар.

Кімнен: kazah Қайдан: mgl
06.07.2010 21:02
+0 / -0
tv korip shynynda ASTANA kuni eken dep oilasam ondai emes eken goi
Odansha Nazakennin tugan kuni dei salmai tairi

Кімнен: kazah Қайдан: bayan ulgii
06.07.2010 21:21
+0 / -0
attaryn azattyh deidi.suite tura jazagan pikirdi ozderine unasa gana sitha shygarady ekensinder.sonda senderge de unagan soz jazu kerek pe.senderde baryp turgan burakrat bolgandaryn goi.bul soilemderdi shygaru kerek pe joh pa dep ULKEN BASTY bireu ohityn shygar.azattyhtyn sagan beretin $ mynandai is hyzmet talap etpeitin bolar SHIRIK NEME.egerde pikir surasan so halpynsha jaz aitpese jaz dep aitpa.negurlym ashygyn jazgysy keledi HALYH.DEMOKRATSYMAH ARAMTAMAH
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
07.07.2010 08:51
+0 / -0
Құрметті Қазақ! Қандай пікіріңіз жарияланбады? Әлдебір техникалық себеппен жетпей қалған шығар. Ал біреуді қаралайтын, тілдейтін, ғайбат сөз айтатын пікір болса, ондай сөзді жарыққа шығарғаннан не қайыр?

Кімнен: Ерсары Қайдан: Атырау
07.07.2010 12:50
+0 / -0
Менің елім қызық ел,
Орта білімді адам, ел басы болып, академик, профессор, ғылым докторы атағына ие болған ел.
Ел басшысы мәңгілік, тоқалы көп қазақы ел.
Депутаттары жағымпаз, ОБСЕге басшы ел.

Кімнен: Қазақ456 Қайдан: Өскемен
07.07.2010 17:41
+0 / -0
Мен өз президентімді сыйлаймын! Кім қалай айтса да, ол кісінің ел тприхына қосқан үлесі көп. Басқасын айпағанда, дүниежүзінде 9-орын алатын шекарамызды бір оқ атпастан айшықтап, көршілерімізге де, бүкіл дүниежүзіне де мойындатуы ол кісінің ел қамын ойлаған ұлы саясаткер екендігін көрсетеді.
Әрине елімізде қиындықтар көп. Бірақ халқымыз айтады ғой "көш жүре түзеледі" деп! Кеше ғана президенттің өзі айтып отыр, алғашқы кездерде шет елдік іссапарлардың өзіне ақшаны қарызға алдық деп. Ал бүгін ше? Құдайға шүкір, ел болдық іргемізді көтердік, ақырындап әлеуметтік-эконмикалық мәселелер шешілуде. Олай болса, қара қазанның қаспағын ғана ойламай кеңірек ойлайық, жоғарыдан бағалайық! басымыздағы барлық бәлені президентке жауа бермей, бір шетін өз басымыздан, өзіміздің ісімізден іздейік!
Пікір алмасу

Кімнен: разан
09.07.2010 05:39
+0 / -0
елдегі тыныштық президенттің ғана арқасында емес, алдымен тату өмір сүріп жатқан халықтың арқасында.

Кімнен: мен
07.07.2010 20:27
+0 / -0
Халкымыздын байлыгын ким-коринген жеп кетип жатыр,
соган себепкер болып НАН отыр минбеде.
20 жыл болды гой елди канаганына, тоймайды екен.
Кашан егеменди ел болып, оз колымыз оз аузымызга жетеди.
Мактанбай-ак торимизге карап тоселмеймиз-бе.
Кайран-елим-ай.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.07.2010 23:05
+0 / -0
Мынау 456 қазақтың мадақтау сөзін оқып, Өскемендегі әкімдіктің бір өкілі ме, әлде бір сөлкебай алып төбесі көкке жеткендей секіріп, бақытты болған бір пенденің сөзі шығар, көңіл аудара қоймайын деп ойлап едім. Алайда мұндай жантықтардың шындықты бұрмалап, жоқты бар деп президенттің кемшіліктерін оның жетістігі деп көрсетулерін көргенде ашу-ызаң келеді. Шекараны белгілеу НӘН-ің ерлігі дейді, ал Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Грузия т.б. олар да өз шекараларын белгілеп алды ғой. Олар бұл ерлік басшымыздың тарихи жеңісі деп шуламайды. Егер НӘН біздің басқа елдерге бұрын өтіп кеткен жерлерді қайтарып алғанда, онда ол оның шын жеңісі болар еді.
Көпшілікке мәлім, халқымыздың көп бөлігі өте кедей тұрады. Көбінің баспанасы жоқ, не балаларын оқытуға ақшасы жетпейді. Мына кісі Алматыда және Астанада қанша мың қазақ отбасыларының пәтер жалдап тұратынын білмейді, әрине. Астанада әйелдер, оның ішінде жүктілері де көп, таңғы сағат 6-дан бастап бір-бірімен жағаласып кезекте тұрады. Мұндай жағдай басқа қалаларда бар. Сенің мақтан ететін президентің Астанада салынып жатқан әрқайсысы ондаған миллион доллар тұратын ескерткіш-ғимараттардың біреуінің қаржысын балалар бақшасына жұмсаса, Ақордада бұл проблема түгелімен шешілер еді. Елін ойлаған "көсем" алдымен үй салмай ма, бақша, мектеп, ауруханалардың проблемаларын шешпей ме. Содан кейін ақша артылып жатса "шатырлар" мен "пирамидаларды" сала бер, өзіне ескерткіш ретінде.
Өскемендік автор, биыл су топанынан малдары қырылған жерлестерің несие алу үшін өлген малдың өлекселерін іздеп тауып әкімдерге тапсыруы керек деп естіп едік. Қаншасын тапты екен? Шығыстың қасқырлары ақылды, "гуманный" шығар. Зардап шеккендерді аяған шығар...
Қазақ жерінің асты да бай, үсті де бай. Билік алдымен қарапайым халықтың қамын ойлағанда , 15 млн. халықты 20 жылдың ішінде жаппай бай қылмағанымен, ауқатты өмір сүру деңгейіне жеткізуіне болатын еді. Қазір біздегі халықтың әл-ауқаты Ресейден де, Прибалтика, басқа бірқатар ТМД елдернінен де төмен. Мәселен, Ресейдің зейнеткері біздегіден 1,5 есе көп зейнетақы алады.
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ456 Қайдан: Өскемен
08.07.2010 11:28
+0 / -0
Біріншіден, билікке де басқа ға да қатысым жоқ! Өз күнімді өзім көрген қазақпын! Мен білсем, биліктегілер нағыз екіжүзділердің өзі. Көзінше табанын жалауға дайын тұрса, артынан сатып кетеді.
Екіншіден, сол Грузияның да, Украинаның да, Қырғызстанның да, Өзбекстанның да шекара мәселелері әлі күнге дейін толық шешілген жоқ және олардың бұл салада проблемалары жетіп артылады!
Ал біз болсақ күрделі геосаяси және демографиялық жағдайымызға қарамастан ешбір дау-жанжалсыз, бейбіт түрде бізден жүз есе көп Қытаймен де, он есе көпРесеймен де шекара мәселесін шештік.
Үшіншіден, мен бізде проблема жоқ, барлығы керемет деп отырған жоқпын. Бірақ, халқымыз айтады ғой "жақсының жақсылығын айт" деп. Сын түзелмей мін түзелмейді дейді, алдымен айтқан сынымыз дұрыс болуы керек. Сын үшін сынай берсек, барды жоқ дей берсек қашан ел боламыз, қашан басымыз қосылады? Әр үйде өліп қалған қотыр ешкі үшін президентті айыптай берсек, біз қандай ел болғанымыз? Төртіншіден, Президентімізді сыйлауымыз керек, бірақ жағымпазданудың қажеті жоқ! Реформаларды ары қарай жалғастыруымыз керек, әсіресе жергілікті өзін-өзі басқару саласын жетілдірген жөн. Мүмкін мен қателесетін шығармын, бірақ жергілікті мәслихаттар еш жұмыс бітірмейді. Билікпен бірігіп алып, бюджетті қымқырғаннан басқа ештеңе істемейтін сияқты. Менің ойымша, олар да кәсіби болса (яғни сайланған мерзімдеріне басқа жұмыспен айналыспай, жалақы алып тек депудаттық міндеттерін атқарса), әйтпесе әр-түрлі деңгейдегі "пысықтар" жиналып алып, сол жерде не бюджетті тонайды, не өз "бизнестерін" қорғайды. Облыстық мәслихаттарға партиялық тізім енгізілсе деп ойлаймын. Осы сияқты реформалар жүзеге асып жатса, барлық деңгейдегі халық сайлаған депудаттар өз істерімен айналысса, талай нәрсе түзелер ме еді?
Бесіншіден, бізді басқалардан төмен деп есептемеңіз! Олардың да біздегі сияқты байлары да бар, кедейлері де бар, ал орташа деңгейлері біздің ар жақ-бер жағымызда! Содан кейін, 20 жыл бұрын сол Прибалтикалықтардың кім болғанын, қандай болғанын, біздің қандай болғанымызды ұмытпаңыз! Біз бен олардың арасындағы айырмашылық жер мен көктей болған еді. Олардағы бар жолдар, үйлер, қалалар, өндірістер... Біз болсақ соның барлығын енді жасап жатырмыз. Пікіріңізге рахмет!!!
Пікір алмасу

Кімнен: зарнабай
09.07.2010 05:59
+0 / -0
>Президентімізді сыйлауымыз керек...
>мәслихаттар ... Билікпен бірігіп алып, бюджетті қымқырғаннан басқа ештеңе істемейтін сияқты.

Биліктің басы президент. Билік аппаратын құраған президент. Президентті сыйласаң, оның астындағы жемқор билігін де сыйлауың керек.

Кімнен: Айдос Қайдан: Алматы
08.07.2010 19:35
+0 / -0
Нұр Пайғамбардың туған күні құтты болсын,аулдығы жалғыз сиыр сүтті болсын!
Жумайсыңдар ма? :-)

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.07.2010 18:11
+0 / -0
Бул тойга 7 млн доллар кетти деген соз бар. Ал Астана мен Алматыдагы улескерлердин карызы 6 млн доллар екен. Егер ести басшы болса 6 млн долларга битпей калган тургын уйлерди салып даладаь кангып журген улескерлерди баспанамен камтамасыз етпейди. Сонда болар еди улкен той.