Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 22:40

БАСПАСӨЗ ШОЛУЫ

Дінге қатысты заң жобасын кері қайтарған Қазақстан Конституциялық кеңесінің шешімін шетел құптап жатыр

Қазақстанның Конституциялық кеңесі дін туралы заң жобасын қабылдамады. Адам құқын қорғаушы ұйымдардың өкілдері бұл шешімді жаңа айыппұлдар салынып, сот үкімдері шығып жатқан уақыттағы “оң белгіге” бағалайды.

Екі жылға қамау жазасына кесілген діни миссионер Елизавета Дреничаның қолына, сот залында, үкім оқыла салысымен кісен салынды. Алматы, 9 қаңтар 2009 ж.
x
Екі жылға қамау жазасына кесілген діни миссионер Елизавета Дреничаның қолына, сот залында, үкім оқыла салысымен кісен салынды. Алматы, 9 қаңтар 2009 ж.
Мәтін көлемі - +
Есен СМАҒҰЛОВ
Ақпанның 11-і күні Конституциялық кеңес елдегі діни қызмет-қарекетті реттейтін аталмыш заң жобасын Конституцияға қайшы деп таныды. Шешімді халықаралық адам құқын қорғаушы ұйымдар қуаттады.

 

Жоғарғы органның шешімін “Бүкіләлемдік христиан ынтымақтастығы” (БХЫ) атты протестанттық ұйым қуанышпен қарсы алды деп хабарлайды Christian Today протестанттық сайты. Дін туралы заң жобасы, БХЫ-ның бағалауынша, “елдегі діни сенім бостандығын ары қарай шектеу қаупін туғызған еді”.

 

Жарияланымда аталған шешім Конституцияның адамды дініне қарай алалауға тыйым салатын баптарына негізделген деп бағаланады. Осы ұсынылған заң жобасына БХЫ мен өзге де адам құқын қорғаушы ұйымдар қарсы шыққан болатын. Олардың пікірінше, Қазақстанда діни сенім бостандығына деген құқық жиі бұзылады.

 

Сонымен бірге, "Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның жетекшісі бұл шешім қолданыстағы дін туралы заңның Конституцияға сәйкес еместігін білдіреді деп санайды". Әңгіме, әлбетте, Евгений Жовтистің пікірі жайында, бірақ, неге екені белгісіз, оның есімі жарияланымда аталмаған.

 

Жарияланымда заң жобасының көптеген тұстары “қатаң және шектеуші” деп сипатталған. Атап айтқанда, олардың қатарына баланы діни іс-шараларға бару үшін ата-анасының екеуінен де рұқсат алуға міндеттейтін талап жатқызылған. Адам құқын қорғаушыларды “заңда бекітілген талаптарды” бұза отырып қайырымдылық шараларын өткізумен, шетелден діни әдебиет әкелумен, оны басып шығарумен немесе таратумен, діни ғимараттар салу немесе орындар ашумен айналысқан жандарға қатысты жазаның күшейтілуі алаңдатады.

 

БХЫ-ның құқықтық қорғау жөніндегі директоры Алекса Пападурис «заң жобасының Конституцияға қайшы деп танылуы заңдылыққа деген құрмет тапшы болып отырған Қазақстанда оң нышан ретінде көрінеді» деген пікір білдірді.

 

Конституциялық кеңестегі пікірталасты Ватикан да жіті бақылаған секілді. Өйткені, католиктік шіркеудің Radio Vaticana және Kath Web сайттарында “кемсітетін дін заңы Конституцияға қайшы деп танылды” деген ақпарат шыққан. Екі жарияланымда да адам құқын қорғаушылардың заңды сынауы мен Қазақстанның алда тұрған ЕҚЫҰ-на төрағалығы сөз болған.

 

Конституциялық кеңестің шешімі Американың Washington Times газетін де елең еткізді. Бұл тақырыпқа ауқымды мақала арнаған басылым Қазақстандағы діни бостандықты талдай келе, жақында кейбір қауым белсенділерінің қуғынға ұшырағанын сөз қылады.

 

Мақалада Конституциялық кеңес қабылдамаған түзетулерді “қолдаған елдегі негізгі діндер — ислам мен орыс православиесі, олардың жетекшілері үкіметтен діни азшылықтың қызметін шектеуді сұраған” делінеді.

 

Адам құқығын қорғайтын ұйымдар қарсы болған түзетулердің тағы бірінде тіркелмеген діни ұйымдарға салынатын айыппұлды ұлғайту көзделген еді. Ондай ұйымдар есебінде баптистер мен Иегова куәгерлерін атауға болады. Сонымен қатар, діни ұйымды тіркеу үшін қажетті мүше санын кем дегенде 10-нан 50-ге дейін көбейту жоспарланған болатын. Және де заң жобасында діни ұйымдарға шетелдіктер мен жасырын донорлардың қайырымдылық қаражат аударуына тыйым салынған.

 

«Діни ұйымдардың тіркелуі туралы аждаһалық  заңға деген халықаралық наразылықты ақыры Қазақстанның ескергені бізді қанағаттандырды”, — дейді қорлардың бірінің қызметкері Беннетт Грэм. — Дегенмен, өкінішке қарай, Қазақстан үкіметі Кришна санасы қоғамдастығы, баптистер және Бірлесу Шіркеуі секілді діни азшылық қауымдардың мүшелерін абақтыға тығуды, қуғындауды жалғастыруда».

 

Әңгіме жуырдағы америкалық кришнаитті елден шығару және тағы бір қауым мүшесіне қатысты сот үкімі жайында болып отыр. 27 қаңтарда Қазақстан билігі Кришна санасы қоғамдастығы жетекшілерінің бірі Бхати Брингха Говинда Свамиді тиісті рұқсатына қарамастан елге кіргізбей қойды. 9 қаңтар күні Алматыда Бірлесу Шіркеуінің уағызшысы 30 жасар ресейлік Елизавета Дреничеваны екі жылға түрмеге жабу туралы сот үкімі шығарылды.

 

Қазақстан елшілігінің баспасөз хатшысы Жанболат Үсенов Washington Times газетіне берген сұхбатында Свами елдің аумағынан шықпай тұрып “тиісті рұқсатсыз миссионерлік қызметпен айналысқандықтан” оған қайта келуге рұқсат берілмегенін айтқан. Ал, Дерничева болса “әлемге қарсы қылмыс жасады” дейді елшілік қызметкері.

 

«Ол әйел адамдарды күнәһарлар мен тақуалар, яғни, жетілгендер және жетілмегендер тобына жіктеу керектігі турасында уағыз жүргізген. Бұл — діни негізде кемсітуге жатады. Дін сарапшылары мен саясаттанушылар оның уағызын саралаған. Біздің соттың пайымында ол әйел әлеуметтік тегі мен діни нанымына қарай адамдарды қорлаған”, — деп тұжырымдайды Үсенов.

 

Дін мәселелеріне үкімет араласуға тиіс пе деген сұраққа Жанболат Үсенов: “Бізді қоршаған әлем құбылмалы, сондықтан да сақтық шараларын жасауға мәжбүрміз. Ол — еліміздегі бейбітшілік пен ішкі тұрақтылықты сақтаудың қамы” деп жауап берген.

 

Америкалық газетте аталған қауымсдастықтардың өкілдері мен дін саласы мамандарының ол екі миссионердің әрекетінде заңға қайшылықтың жоқтығы туралы пікірлері де келтірілген.

 

“Өзгелерге қандай да бір діни наным-сенім доктринасын түсіндіру қылмыс емес, миссионердің әрекеті қылмысқа жатпайды”, — дейді Вашингтондағы Дін және қоғамдық саясат институтының президенті Джозеф К. Гребоски.

 

Вашингтондағы Бірлесу Шіркеуінің өкілі Дуг Бертонның айтуынша, оның шіркеуі Қазақстанда 1992 жылы тіркелген болатын, ал, Дреничева өзге де жеті әйелмен бірге суық  түрмеде  достары әкелетін азықтың арқасында күн кешуде. “Бұл рәсім өзгеше боп тұр, өйткені мұндай жандар әдетте ісіне қатысты шағым қаралып, шешілгенше бостандықта жүреді”, — деп толықтырады Дуг Бертон. — Үкімет соңғы екі жыл бойы діни азшылық өкілдерін қуғындап, айыппұл салып, түрмеге отырғызып жатыр. Олар азаматтық қоғамның барлық салалары секілді дінді де бақылауда ұстауға бейіл”.

 

Жарияланым авторы Қазақстанның діни толеранттық- төзімділіктің үлгісі болуға ұмтылып отырған ел екенін еске салады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2003 және 2006 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сиезін шақырудың бастамашысы болды. Үшінші сиезді биылғы жылы 1-2 шілде күндері Астанадағы “футуристік бесқабатты әйнек пирамида” түріндегі Бейбітшілік және келісім сарайында өткізу белгіленіп отыр. Сонымен бірге, 2010 жылы Қазақстан ЕҚҰЫ төрағасы болады.

 

“Діни бостандық мәселелеріндегі Қазақстанның солқылдақтығы стратегиялық және экономикалық тұрғыда Орталық Азиядағы арқа сүйер тірегін жоғалтқысы келмейтін Құрама Штаттарды қиын жағдайда қалдырады”, — деп жазған Washington Times, бұл елге 1993 жылдан бері америкалық компаниялардың 14,3 миллиард доллар шамасында инвестиция құйғанын меңзейді.

 

Сондай-ақ, автор Орталық Азиядағы қалыптасқан жағдайға қатысты өз көзқарасын ұсынады: “Бұрынғы советтік республикалардың ең ірісі боп табылатын Қазақстан дінге әлдеқайда қатаң шектеулер қойып отырған Өзбекстан мен Түркіменстан секілді көршілес елдерге қарағанда өзін анағұрлым озық санайды. Халықаралық діни бостандық жөніндегі АҚШ комиссиясы ол екі елді діни бостандықты өрескел бұзушылар деп атаған. Тәжікстан мен Қырғызстандағы жағдай да аса мәз емес. 2008 жылы Тәжік астанасы Душанбеде 147 мешіт, көптеген протестанттық шіркеу және елдегі жалғыз синагога жабылған, кейбіреулері қиратылған.
Қарашада Қырғызстан парламенті прозелитизмге және діни әдебиет таратуға тыйым салатын заң қабылдады. Бұдан былай баланы діни ұйымға тарту заңсыз боп саналады”.




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Әлім Қайдан: Сапақ
17.02.2009 11:48
+0 / -0
Егер анау Конституциялық кеңес деген аты бар да, заты жоқ ұйымсымақ біздің діни тұтастығымызға сына қаққысы келсе, оны таратып жіберу қажет.Егер біз шетелге қарап жалтақтауымызды қоймасақ, неше түрлі секталардың қолжаулығына айналамыз.Ал солардың сойылын соғатын әлгі кеңессымақтың ештеңесі де кетпейді. Олар үшін шетелдегі католиктер мен протестантанттардың не ойлайтыны керек.Түбі осы жалпақшешейлік сор болып жабыспаса қайтсын.Алдымен дінімізден береке кетеді, сосын ұлттан да айырыламыз. Анау Конститиуциялық кеңестегі ақылы таяз жандардың осыны ұқпайтындығы қынжылтады.

Кімнен: shalkar
23.02.2009 18:51
+0 / -0
kazaktin kasiyetti kara jerin basip jurgen arbir kazak balasi anou missiyoner bolip din taratip jurgen karaniyettilerden saktanayik.olardin bar oyi kazak arasina irtki salu ekeni tusinikti goy,bugan agalar nemkurayli karamau kerek,sharalar jasau kerek,erten sorimiz boladi...
Заман тынысы!
Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка!
Жүктеген адам: Жанашыр
7 мамыр 2012 жыл

Заман тынысы! Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка! Жүктеген адам: Жанашыр 7 мамыр 2012 жыл