Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 22:43

БАСПАСӨЗ ШОЛУЫ

Ататүріктің кемесін тексерген инспектор жұмбақ жағдайда жол апатынан қаза болды

Бортынан жезөкшелер мен жоғары лауазымды шенеуніктер және кәсіпкерлер табылған «Саварона» кемесін тексерушілердің бірі құпия жағдайда қаза болды деп хабарлайды түрік ақпарат құралдары. Бұл оқиға атышулы арнаулы операциядан соң алты күн күннен кейін болған.

Мәтін көлемі - +

Түрік полицейлері бұрынғы советтік елдердің кейбір жоғары лауазымды шенеуніктері мен бизнесмендері бас қосқан элиталық бордельдің үстінен түскеннен кейін Ататүріктің аңызға айналған осынау кемесі әлемдік ақпарат құралдарының назарына іліккені мәлім.

Түрік баспасөзі ұсталғандардың арасында бизнесмен Александр Машкевич те бар, ол кемені жалға алу ақысын төлеген деген хабар таратты. Интернет-сайттарда тағы бір қазақ министрінің аты-жөні аталғанымен, оның кемеде немен шұғылданғанын көрсететін нақты дәлел болмады.

Haberturk түрік басылымының тілшісі Жемал Доган жазғандай, порт қызметкері Бехлул Яшар Караджа қыркүйектің 28-і күні кемені тексерушілердің арасында болған. Кеме үстіндегі жын-ойнаққа қатысқан деген күдікпен 14 шетелдік бизнесмен дәл сол күні ұсталған еді. Арада алты күн өткенде Бехлул Яшар Караджа жұмбақ жағдайда қаза тапты.

«Мотоцикл мінген Бехлул Яшар Караджа тас жолда аса жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатқанда жол жағасындағы тас қоршауға соғылып, жардан төмен қарай құлаған. Бұл оқиға қазанның 4-і күні түнгі сағат екілердің шамасында, Ортачиге таяу жерде Мутла мен Фетхие елдімекендерінің арасында болған», – дейді Жемал Доган полиция деректеріне сілтей отырып.

Оқыс оқиғаны байқап қалған әлдебір азамат жол апатын полицияға хабарлаған. Оқиға болған жерге әскери полицейлер келіп, марқұмның денесін жақын госпитальдардың біріне жеткізген.

Haberturk басылымы Бехлуха Яшар Караджаның отбасы мен адвокаты марқұмның мойнының оң жағында кесілген іздер, беті мен басында жарақат орындары және денесінде толып жатқан ісіктер бар екендігін хабарлайды. Алайда мотоциклде сырылған, жырымдалған жер жоқ, тіпті фарлары да сынбаған. Түрік газеті бұл жайтты «күмәнді өлім» деп атап отыр.

Басылым Караджа өлерден біршама уақыт бұрын оның белгісіз үш адаммен сөйлесіп тұрғанын көрген адамның сөзін жариялады. Куәгердің сөзіне қарағанда, олардың арасында жанжал болғанға ұқсайды, өйткені бір-біріне дауыс көтеріп ұрсысқандары да естіліп тұрған.

Газет Бехлул Яшар Караджаның отбасы мен адвокаты Караджаның өлімі жөніндегі істі қайта қарауды талап етіп отыр деп жазады. Олардың айтуынша, куәгерге сұрақ қойылмастан, қыркүйектің 28-інен кейін Караджаның қалта телефонынан шалынған қоңырауларды да тіркеместен істі асығыс жауып тастаған. Осыған орай оның отбасы денені қабірден қайта алып, сараптама жасауды талап етіп отыр.

Сонымен қатар Бехлул Яшар Караджаның отбасы прокуратурадан денені неге бірден ашып, сараптама жасалмағанына, жерлеу үшін тез арада отбасына денені бере салғанына, алайда киімдерін алып қалғанына жауап беруін сұрайды. Марқұмның отбасы қаза болған адамның киімдерінің жыртылған тұстарының тізімі бар ма және олар заттай айғақ ретінде сақталды ма деген сұрақтарға да жауап алғысы келеді деп жазады түріктің Haberturk басылымы.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Абай Қайдан: Шымкент
27.10.2010 00:39
+0 / -0
Жезөкшелермен бірге елді де сатып жүрген саяси "жезөкшелер" куәгердің көзін жойған ғой... Ел кімдерге сеніп жүр...

Кімнен: DAT Қайдан: HETAY
27.10.2010 09:10
+0 / -0
OYPERMAY KAZAKESTANENG BIR MINISTIRI BAR DEYME ARASENDA KAZAKTENG MAHALI NEDEGEN DANA DESENGIZXI [MAL IYESINE TARTPASA ARAM OLEDI ] [ULIHENG SOHER BOLSA KOZINGDI HES ] [ALDENGHE ARBANENG XAHE HALAY DONGGELESE SONGHE ARBANENG XAHEDA SOLAY DEGEN ]NAKENG XAKIRRTERDI JAHSE TARBIYELEP XEHAN EKEN JAHSENGNENG XARAPATE DEGEN ULEDAN ONEGE ALHAN ASEL DEXI OL MINISTIRDI

Кімнен: Қазақ Қайдан: Ақмешіт
27.10.2010 10:06
+0 / -0
Біздің еліміздің элитасы қарапайым ұрылар мен жезөкшелер секілді істеген тірліктері. Оларды "Элита" деп атаудың өзі артық, қазақтың бар байлығын сатып бітірген адамдардың басқа атқарар жұмысы жоқ, халыққа түкіргені бар бұлардың, министрліктің қызметкері де сол мақсатты қолдайтын, я болмаса қазақтың байлығын бірге жеген ченовник екені белгілі ғой. Кім сатылмай жатыр, біздің ченовниктер де жезөкше секілді Машкевичтерге сатылып кеткен ғой,бірақ бағасы қымбат жезөкшелердің қатарына жатады. Қазақстанның Астанасында жезөкшелер клубын ашса оған министрліктен де, көшеден де қызметкерлер тез жиналады. Машкевичтей байларға қызмет жасайтын жезөкшелер министрлікте өте көп болуы мүмкін. Бәсеке көп жерде бағасы төмендейтіні белгілі.Құдай елді сатып жүрген жезөкшелерден сақтасын,ақырын берсін, бәрінің де сұрауы бар.

Кімнен: el Қайдан: KAz
27.10.2010 12:04
+0 / -0
Massaaga dersin,bizdn ministrler endi kemede jurf jezokshelermen aynalisatin bolgan ba?

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
27.10.2010 12:08
+0 / -0
Ол өз ажалынан өлсе де халық "әлгілердің" қатысы бар деп ойлайды. Өйткені олар бізді әбден соған үйретіп қойған. Мысалы мен қазір солай ойлап отырмын. Бұл тегін емес деп.

Кімнен: Исатай Қайдан: Қазақ Елі
27.10.2010 16:02
+0 / -0
Түрік ағайындарға не болған? Ататаүрік деп дәріптегенде мықты. Енді соның мінген кемесін аштан өлетіндей, жалға берулері қалай?
Бұлар бізге үлгі болып жарытпас.

Кімнен: Қате ма?
28.10.2010 18:17
+0 / -0
Бұл оқиға қазанның 4-і күні түнгі сағат екілердің шамасында, Ортачиге таяу жерде Мутла мен Фетхие елдімекендерінің арасында болған»,
>>>>>>>>>>>>>>>>>>
Олардың айтуынша, куәгерге сұрақ қойылмастан, қыркүйектің 28-інен кейін Караджаның қалта телефонынан шалынған қоңырауларды да тіркеместен істі асығыс жауып тастаған.
>>>>>>>>>>>>>>>>>>
Қалай сонда? Өлмей тұрып өлді деп істі жауаып тастаған болғаны ма? Мүмкін, қате кеткен болар. 28-шіҚыркүйек емес қазан айы болар.