Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 22:48

САЯСАТ

Рахат Әлиев веналық газетке оппозициялық қозғалыс құратындығы жайында мәлімдеді

Рахат Әлиев веналық газетке сұхбат беріп, оппозициялық қозғалыс құратындығын, саяси қуғын-сүргін құрбандарын қолдау қорын құрғандығын мәлімдеді. Әлиевті сынаушыларды Аустрияға кіргізбегендіктен, олар Вена әуежайында сұхбат берді.

Рахат Әлиев, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы.
x
Рахат Әлиев, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы.
Мәтін көлемі - +
НАҒЫЗ ІЗДЕУДЕ ЖҮРГЕН АДАМ

Аустриялықтар (сонымен бірге қазақстандықтар да) Әлиевтің серігі, Қазақстан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаевтың кенеттен қарсыластар жағына шығып кетуін әлі ой елегінен өткізуде. Рахат Әлиев Азаттық радиосына берген сұхбатында, оны қаралау мақсатында Әлнұр Мұсаевтың басын айналдырып жатқан қазақстандық ҰҚК екендігін айтқан-ды. Әлнұр Мұсаев болса бұны жоққа шығарып, оның мақсаты Қазақстанда ақталу екендігін көлденең тартады.

Қазақстан жағы бұл сәтті бекерден-бекер таңдаған жоқ. Дәл осы кезде Аустрия парламентінде аустриялық депутаттардың, саясаткерлер мен журналистердің қазақстандық тыңшылармен байланыста болғаны туралы күдікке қатысты тыңдаулар басталған. Бұған қоса, Әлнұр Мұсаев пен Рахат Әлиевті ұрлап әкету мақсатындағы Қазақстан құпия қызметтерінің әрекеттеріне байланысты соттың басталатын уақыты да жақындап қалды.

Қыркүйектің басында Қазақстандағы шытырмандарға байланысты мақалалар тағы да баспасөз бетінде жарияланды. Аустриялық «Курьер» газетіне Рахат Әлиевтің берген ауқымды сұхбаты «Олар мені осында өлтірулері мүмкін» деген тақырыппен басылды.

Газет Рахат Әлиевті Орталық Азиядағы ең әуелгі кезекте іздеуде жүрген адам деп атаған. Осыған байланысты ол Қазақстанның күш құрылымдары үшін өзімен дәл осы елде есеп айыруға мүмкіндік мол деген сенімде.

Әлиевтің пікірінше, Қазақстанның президенті – кәдуілгі коммунистік билеуші. Ол КГБ-ның ескі жүйесі мен сталиндік тәсілдерді қолданады.

«Назарбаев менің басым үшін 10 миллион доллар бөлді. Ол кез-келген тәсілден тартынбайды. Ақпарат құралдары арқылы мені қаралауы мүмкін, мені ұрлап, Қазақстанға алып кетуі мүмкін, мені өлтіртуі мүмкін. Мені Қазақстанға алып кету - мені өлтіру деген сөз. Мені арнайы түрмеге қамар еді. Ал ондағылардың көпшілігі түсініксіз жағдайда қайтыс болады», - дейді Аустрия газетіне берген сұхбатында Рахат Әлиев.

Рахат Әлиев дәл қазір Аустрияны да еріксізден тастап бара жатқанын және «Еркін Қазақстан үшін бірігу» атты оппозициялық қозғалыс құру жұмысымен айналысып жатқандығын айтты. Рахат Әлиев, бұдан бөлек, жақтастарымен бірге Назарбаев режимінің құрбандарына көмек көрсету қорын құрғандығын да мәлімдеді.

Сұхбат барысында Әлиев Нұрсұлтан Назарбаев құрған жүйеге жаппай қарсылықты ұйымдастыруға байланысты өзінің бұдан былайғы жоспарларын түсіндірумен болған.

ӘЛИЕВТІҢ БҰРЫНҒЫ КҮЗЕТШІЛЕРІ

Дәл осы кезде Әлиевтің қарсыластары да қарап жатқан жоқ. 5 қыркүйек, сенбі күні Вена әуежайының транзитті жолаушыларға арналған орынында бір кездері Рахат Әлиевке өте жақын болған екі адам журналистерге сұхбат берді.

Бұлар - Әлиев әлі Қазақстанның елшісі болып тұрған кезеңде оның күзетінде қызмет еткен бұрынғы подполковник Айдар Бектібаев пен бұрынғы майор Сергей Кошлай. Бұлар Әлиевтің күзетіндегі ең сенімді адамдар еді. Олар Әлиев ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болған кезден бері оның күзетінде қызмет етті.

Олар Әлиевті Аустрияда да күзетті. 2007 жылы Рахат Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевпен іргесін ажыратқанда да оның қасында қалған осы екі күзетшісі енді Қазақстанға қайтпайтындай еді. Әйткенмен кейінірек олар қарсыластар жағына шығып кетті. Жұмбақ жағдайда Қазақстанға қайтып оралған соң бұл екеуі атышулы баспасөз-мәслихатын өткізіп, Әлиевті оңды-солды жамандауға кірісті.

5 қыркүйек, сенбі күні Аустрияға ұшып келгенімен Бектібаев пен Кошлай әуежайдан шыға алмады. Өйткені, оларда шенгендік виза жоқ еді. Сондықтан, бұрынғы күзетшілер осында шақырылған аустриялық журналистерге сұхбатты транзитті жолаушыларға арналған орында берді. Айдар Бектібаев пен Сергей Кошлай екі банкирді ұрлауға Рахат Әлиевтің қатыстылығы туралы айыптауларын қайталады.

Бұл сұхбаттың үзінділері 7 қыркүйек күні Аустрияның орталық теледидарындағы танымал «Тақырып» бағдарламасында көрсетілді. 2007 жылы жоғалып кеткен алматылық банкирлер Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтың әйелдерінің сөздерін де осының арасына қыстырып жіберген. Жоғалған банкирлердің әйелдері жақында Венаға тағы да келіп, олардың күйеулерінің жоғалуына бұрынғы бизнес-серіктестері Рахат Әлиевтің қатыстылығын мәлімдеді.

ӘЛИЕВ ЖОҚҚА ШЫҒАРАДЫ

Аустрия теледидары көрсеткен бағдарламаның соңында Әлиевке сөз берген. Ол барлық айыптауларды жоққа шығарып, бұның барлығы Назарбаевқа қарсы шыққандығы үшін одан кек алмақ болған қазақстандық ҰҚК-нің әрекеті деп атады.

Рахат Әлиев режимге қарсы күресін жалғастыратындығын қадап айтты. Осыған байланысты Әлиев, кейбір аустриялық саясаткерлер мен журналистердің Қазақстанның құпия қызметімен байланысын тексеріп жатқан парламенттік комиссияға куәлік беруге даяр екендігін мәлімдеді.

Рахат Әлиевтің пікірінше, бүгінде парламенттік фракциялардың көпшілігі оның куәліктері мен құжатты дәлелдерін тыңдауға ыңғай білдіріп отыр. Әлиев Назарбаев режимінің қылмыстарын дәлелдейтін көптеген құжаттарым бар деп қайталаудан танар емес.

Рахат Әлиев жақын арада оған Аустрия парламентінде сөйлеу мүмкіндігі беріледі деп есептейді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: әли Қайдан: ақтөбе
09.09.2009 11:37
+0 / -0
Айтатыны болса,айтпайды ма?Тезірек жарияласа, көзіміз ашылып та қалар,кім білер? Іші пысып жүргенге ұқсайды...Арты белгілі- елге ұмыт болса да,аш қалмайды...

Кімнен: Антинұр
09.09.2009 11:55
+0 / -0
Жарайсың, Рахат! Тек енді шегінбе. Қазақстанда сені қоладушылар көбейіп келеді және көбейе береді. режимді құлатпай болмайды. Әйтпесе ол Елімізді мемлекет ретінде құлатып тынады. Құдай сақтасын, әрине! Бірақ Құдайға сен, өзің де қапы қалма дейді ғой.

Кімнен: Саят
09.09.2009 13:22
+0 / -0
Екі жақ та сау емес. бір-бірімен қырқысқан қасқырлар секілді...

Кімнен: Сәрсен
09.09.2009 14:14
+0 / -0
Рахат оппозициялық қозғалыс басшысы болмақ па? Ой, ішегім-ай! Онда мен Юрий Гагаринмін, ал НАН - Махатма Ганди!!

Кімнен: Жақының Қайдан: ОҚО
09.09.2009 17:16
+0 / -0
Раха қой деймін саған, бұның аяғы дұрыс болмайды, ашуландырма Атаңды.

Кімнен: Сыр қазағы Қайдан: Қызылорда
09.09.2009 19:58
+0 / -0
Реке! Абайла, басқа елде жүріп, "өзіңді үш рет атып" о дүниеге аттанып кетіп жүрме!

Кімнен: Ина
12.09.2009 13:01
+0 / -0
Рахат Әлиев жақын арада оған Аустрия парламентінде сөйлеу мүмкіндігі беріледі деп есептейді.
Ұстап алады ғой текке.Сау басыңа сақина тілеп барма пока ешқайда

Кімнен: Тәңірберген Қайдан: Алматы
12.09.2009 17:53
+0 / -0
Рахат Әлиевтің өз қайын атасын жамандауы қазақи менталитетке жатпайтыны анық. Осы кісінің арқасында тіпті генерал да атанды, қызынан ұрпақ өрбітіп те отыр. Сондықтан Рахаттың мақсаты ең жоғарғы орынтақ үшін күрес деп түсінемін. Ал өзі қызмет еткен жылдары мемлекеттік органдарды, оның саяси жүйесін сынап айтқан сөзін ешкім естіген емес. Ал оппозициялық қозғалыс құрамын деп емес, соның қатарын толтыратын мүшесі боламын десе жөн-ақ. "Отан" партиясынан шығып қозғалыс құрмақ болғандардың артында әлі де мықты қолдаушылар некен-саяқ. Дегенмен біздің елде жөні түзу, адам саны мол оппозициялық партия қажет-ақ. Онсыз биліктегілер білгенін істеп елді әбден титықтатуда. Біздің қазіргі жүйеміз коммунистік жүйенің нақ өзі. Тек мұнайымыз бен металымыз, сонымен қатар астығымыз болмаса көршілердің кебін киетініміз айқын.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
15.09.2009 13:53
+0 / -0
Несі бар, қолдаймыз, қосыламыз!!!!

Кімнен: Aikun Қайдан: NY
09.10.2009 02:32
+0 / -0
Rahat turaly okysam:"Vyhodyi, podlyi trus" deitin bala kezimdegi multfilm esime tusedi. Kaiyn atasy ornynda kaldyrganda onyn rejimin "lappai taksyr" dep jalgastyra beretin be edi, kim biledi. Kozi ashyk kazak kaita sailau bolsa kazirgi kokemizdin manaiyndagylardy koldai koimas... Ai, kim biledi koldan 91%dy koya saly bizdin kogamda op-onai koi.