Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 22:55

ӘЛЕУМЕТ

Билік Астана іргесіндегі оралмандар ауылындағы 140 үйді бұзып тастамақшы

Квота бойынша келген оралмандардың дипломы мойындалмайды. Ал алаяқ делдалдарға алданған оралмандардың лашықтары сүріліп тасталмақ. Олардың кейбіреулері Қытайға қайта кетпек, алды балаларын оқуға сонда жіберіп те үлгерген. Бұл ауылдағы суды адам тұрмақ, мал ішуге де жарамайды.

Мәтін көлемі - +
ОЛАР ТУҒАН ОТАНҒА ЕМЕС, ӨГЕЙ ОТАНҒА ОРАЛҒАНДАЙ...

Әлемнің тоғыз елінен атажұртқа келіп орналасқан оралмандардың Қоянды ауылы Астанадан 20 шақырым жерде. Мұнда 810 отбасы тұрады, олардың 140-ың сатып алған жер телімдері енді заңсыз деп танылуда. Оларға делдал алаяқтар жалған құжаттармен жер телімін сатқан, қыруар қаржылары алаяқтардың қолында кеткені өз алдына, өз қолдарымен тұрғызып алған үйлері заңсыз деп табылып отыр. Оралмандардың көбі Қазақстанға Моңғолия мен Қытайдан көшіп келгендер.

Қоянды ауылындағы менің жолсеріктерім Бақыт Алуай мен Ерғабыл болды. Бақыт «Азаматтық қоғам» қоры жанындағы Қоянды ауылының өзін -өзі басқару кеңесінің жетекшісі. Ол Қазақстанға Моңғолияның Баян-Өлгий округінен 1992 жылы мемлекеттік квота бойынша көшіп келген.
Алғашында оның отбасы Атырау облысында тұрған. Үш жыл бұрын олар жерлестері мен туыстарына жақынырақ болу үшін Қояндыға қоныс аударыпты.
Оның заңды салынған, үлкен үйі бар, бірақ өзі сот шешімімен үйлері сүріліп тасталатын жерлестерінің мәселелерімен айналысуда.
Қояндыдағы бұзылатын үйлердің бірі Ерғабылдікі


Ерғабылдың жасы отыздар шамасында. Ол Қытайдан үш жыл бұрын келген. Ерғабыл отбасындағы бес ұл мен үш қыздың ішінде, тарихи отанына қайтуға тәуекел еткен жалғыз перзент екен. Үйлену тойын өткізе салып, жас отбасы Қазақстанға келген. Ағалары оған жол жүрерде: «Сен сонда барып жайғаса бер, сенің артыңнан ата жұртқа біз де барамыз» деп қалған еді.

Ерғабыл – компьютер маманы, ал әйелі болса, ағылшын тілінің мұғалімі. Алайда олардың дипломын мұнда қабылдамай отыр. Ерғабыл базарда жүр, әйелі үйде отыр. Осында туған ұлдарына Жалғас деп ат қойды. Ерғабыл «Туған жерде ұрпағымыз жалғассын» деген тілекпен ұлына осындай есім беріпті.
Ерғабылдың да үйі бұзылады. Олар сегіз айлық баламен қайда барарын білмейді. Ерғабылдың айтуынша, айлық табысы 60 мыңдай екен, (шамамен 500 доллар) бұл пәтер жалдауға да жетпейді.

Ерғабылдың Бақытбек Төлеуден бір ерекшелігі Қытайға қайта оралғысы келмейді: тарихи отанында орнығып кетермін деп үміттенеді. Оның ұлы Қазақстанда туды ғой, сондықтан ұлының болашағын атажұртпен байланыстырады.


Бақытбек Төлеу де үш жыл бұрын әйелін екі баласымен қалдырып, Қытайдан келген. Ол алдымен өзі осында үй сатып алып немесе үй салып
орналасып алған соң, отбасын әкелмек болған. Ол әкімдіктен жер телімі бөлінген қағазды алып беремін деген алаяқтарға бес мың доллар беріпті. Бақытбектің міне енді сол жерге салып алған үйі сот шешімі бойынша қиратылайын деп жатыр.

Бақытбектің жеке «Камаз» жүк машинасы бар. Үш жыл бойына сол «Камазымен» Қытайдан жиырма отбасын тасыды. Олардың көбі енді Бақытбекке бізді Қытайға қайта көшіріп апарып таста дейтін көрінеді.

Күлшат Әбинұр да – алаяқтардың алдауына түскен көп оралмандардың бірі.
Әкімдіктің «делдалдары» Қоянды ауылындағы жер телімі үшін, бірнеше мың доллар ( оның нақты сомасын қалада жалданып жұмыс істеп жүрген күйеуі біледі) сыйақы алған. Қытай мен Моңғолиядан келген оралмандардың көбі кириллицаны білмегендіктен, жалған құжаттардың мазмұнын оқи алмайды.

Күлшат Әбинұрдың күйеуі өздеріне үй салып жатқан отбасыларын көріп, Қытайдан кірпіш өндірісіне арналған жабдықтарды алып келген. Алайда ол алты айдан бері үйдің жанында тот басып жатыр. Күлшаттың айтуынша, оны үйдің электр энергиясына қосу үшін жергілікті әкімдік 840 мың теңге (7 мың долларға жуық) талап еткен.

«МЕНІ БҰЗЫЛАТЫН ҮЙМЕН БİРГЕ КӨМİП ТАСТАҢДАР»


Төлепбергенова Батима 85 жаста. Ол Қазақстанда, Қарағанды облысында туған. Әкесін тұтқындаған соң, атасы бес жасар қызды атына мінгізіп, Қарқара арқылы Қытайға өтіп кеткен екен. Атасы көз жұмар алдында немересіне Отанына қайтуды аманат еткен екен.
Бәтиманың атасынң аманатын тек қартайған шағында орындаудың сәті түскен. Әженің үш ұлы төрт қызы бар. Отанына кенже ұлы Бәкір мен оның әйелі Ләззат және екі ұлдарымен қайтуға бел байлаған. Қалған балалары Қытайда тұрады, барлығы отбасылы, тұрмыстарын жақсартып алған. Бәтима әжей -мүгедек, Қазақстанға мүгедектер арбасымен келген.
Қояндының 85 жасар тұрғыны Бәтима Төлепбергенованың да үйі заңсыз салынған дейді билік.


Мен олардың үйіне кіргенімде Төлепбергенова Батима әжей пеш жанында жатыр екен. Оның қолын қусырып отырмағаны бірден көрінді. Стол үстінде немерелеріне арнап тоқыған жүн шұлықтары мен қолдан иірген жіп жатты. Ол мені әкімдіктің немесе соттың өкілі деп қабылдады.

Менің жолсеріктерімнің сөзін ұғар-ұқпастан Төлепбергенова Батима әжей: « Егер менің үйімді қиратар болсаңдар, мені де қосып қиратыңдар, мен осы орнымнан жылжымаймын. Мені осы үйдің қирандыларының астына көміңдер. Мен өлсем өз отанымда өлейін деп келгенмін. Менің өлігім осында қалсын, менің Қытайға қайта көшуге шамам жоқ » деді.

Оның келіні Ләззат Шаймерден қайта көшуге ақшамыз жоқ дейді. Ол мүгедек енесі мен екі баласына қарап үйде отырады, күйеуі болса күні бойы базарда. Тапқан табысы күнделікті тамаққа әрең жетеді.

Олардың үйшігінің сыртқы қабырғасынан кішілеу көк пластинкаларды байқап қалдым. Бұл күн сәулесімен қуаттанатын батареялар секілді жасалған екен. Кедейлік тапқырлыққа ұщқыр ғой. Олардың үйінің басқа үйлерден бір ерекшелігі, кішкентай ғана шам жанып тұр: әдетте мұндай шамды фонарға пайдаланады. Тек оның жалаңаш сым арқылы күн батареясына жалғасқаны, қорқыныш ұялатады екен. Егер балалар ойнап жүріп ұстап алса, бір бәлеге ұшырауы мүмкін ғой.

Олардың үйінің жанынан «Made in China» деген оралған затты байқап қалдым. Бұл үйді жылытатын қондырғы жаңбыр мен қардың астында қалып, тот басып жатыр екен.
Шаймердендер отбасы Қытайдан кетерде Отанға барғанда өз үйіміз болады деп ойлаған. Олар тарихи отандарында қандай сынақтар күтіп тұрғанынан хабарсыз болған ғой.

Мен кірген әрбір үйдің әйелдері қазақтың қонақжайлық дәстүрімен төрге шығарып, шайын беріп жатты. Олардың шай үшін су қайнатқан құралдарының өзі өз алдына жеке әңгімеге тұрарлық.
Дастарханда зауыттың бөлкесі мен қант. Тек бір үйде ғана дастарханда тәтті қайнатпаға ұқсас бірдеңе болды. Құрметті қонақтарға арналған төрге ыңғайланып отырып алған соң, мен пиалаға қол создым. Пиаладағы су шайға ұқсамайтын еді. Сұрғылт-сары ыстық сұйықтық.

Сол сәт ауладағы құдықты көргенім, Ерғабылдың санитарлық- эпидемиологиялық станцияның қызметкерлерінің оның суын малға беруге де тыйым салғаны есіме түсіп, кесені дастарханға қайта қойдым да, қонақжай үй иелеріне наннан ғана ауыз тиетінімді айттым.

- Қысылмаңыз, біз ренжімейміз, шынында да су жаман. Алайда біз бұған көндіккенбіз, әрі тек Қытай шайын пайдаланамыз, ол шай микробтарды өлтіреді, -деді үй иесі.


ОРАЛМАНДАР БАЛАЛАРЫН ОҚУҒА ҚЫТАЙҒА ЖІБЕРУДЕ


Біз жергілікті мектепке де барып көрдік. Мұнда 1- 9- сыныптар бар екен. Директор жұмыс орнында болмай шықты. Оның хатшысының немесе көмекшісінің айтуынша, мектепте екі жүзге жуық бала оқиды. Сыныптар –тар әрі қапырық. Балалар парталардың арасынан зорға өтеді. Соңғы партадан мектеп тақтасына дейін ересек адамның үш адымындай ғана болады.
Астананың жанындағы Қоянды аулының мектеп үйі. желтоқсан, 2008 жыл.


Кейбір сыныптарда бір партада үш баладан отыр. Сыныптарда орынның болмауынан және мектептегі оқыту деңгейінің төмендігінен оралмандардың көбі балаларын оқуға қайтадан Қытайға, туыстарына жіберуде екен.

Қоянды ауылының әкімдігінен оралмандар айналып өтеді, әсіресе, жазда. Себебі жаман иіс мұрынды қабады. Жергілікті тұрғындар бұрын мұнда шошқа баққан адам тұрған дейді. Оралмандар: «Мемлекеттік туды шошқа қораның үстіне тіккен жарамайды. Бұл - Отанды құрметтемеу болып саналады», - дейді.

Оралмандар жаз бойы үйлерін салып жатқанда биліктегілер араласпаған. "Жергілікті әкімдіктің өкілдерінің біреуі де келіп, үйді заңсыз салып жатырсыңдар дегенді айтып түсіндірген жоқ," -деп еске алады оралмандар. Суық түсе бастағанда ғана биліктегілер құрылыс заңсыз деп тауып, үйлерін бұзатынын хабарлаған.
Енді күнде заңсыз салынған үйлерге біресе сот орындаушылар, енді біресе полициядан адамдар келіп жатады. Алғашқылары – сот шешімін айтып қазымырланып мазаны кетірсе, кейінгілері – оралмандарды алдап соққан алаяқтарды іздейді.
Жаз бойы тырп етпеген әкімдік құрылыс жүргізуге болмайтын аралықты белгілеп, трактормен жерді айғыздап жатыр. Олар көшірілген үйлердің орнына ойын-сауық орталығы мен жергілікті әкімдіктің ғимаратының құрылысын бастамақ. Қалай болғанда да, ақпарат тақтасына сондай мазмұндағы хабарландыру ілінген.

ҚАРАМА –ҚАЙШЫЛЫҚТАР АУЫЛЫ


Қоянды– қарама -қайшылықтар ауылы. Заңсыз салынған лашықтардың қатарында, бай тұрғындардың электр энергиясы мен кабелді антенналары орнатылған екі қабатты үйлер мен мұндалайды. Электр энергиясына қосылу үшін олар бір кездері мың доллардан төлеген екен. Білгенімізде, онда да оралмандар тұратын болып шықты.

- Мына үй Қытайдан келген оралманның үйі. Ол политэтилен пакеттерімен бүкіл Астананы қамтамасыз етеді, - деді менің жанымдағы жолсерігім Ерғабыл.

- Ал мынау үш қабатты салтанатты үй, бірнеше гараждарымен бірге оралманға тиесілі екен. Ауылдағылардан электр энергиясы желісіне қосылу үшін ақша жинайтын осы. Ол бұрын бізден 120 мың теңгеден жинаса, (бір мың долларға жуық), енді үйін тұрғызып жатқан тұрғындардан 840 мың теңге талап етуде ( 7 мың долларға жуық). Ол ақшаны Астанадағы өзінің қамқоршысына жіберіп отырады, - деп өзінің жорамалдарымен бөлісті Бақыт. – Олар осында тез байып үлгерді. Өзінде бір машина бар, ал мына джип – оның әйелінікі. Жазда олар демалуға Германияға барып қайтты.

Менің сол үш қабатты үйге кіру, олардың өмірін білу, сөйлесу (себебі әңгімеміздің өзі Қоянды оралмандарының барлығына арналған емес пе еді) туралы өтінішіме жолсеріктерім құптамай, бір түрлі қорқынышпен қарады. Мені олар тіпті онда жалғыз баруыма болмайтынын жұқалап айтып, ойымнан бас тартуға көндірді. Олардың бұған үрке қарағаны маған түсініксіз күйінде қалды. Енді тіпті оралмандардың арасында да таптық айырмашылықтар қалыптаса бастаған сияқты.




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Адай баласы.
12.12.2008 19:53
+0 / -0
Дамыған елу елдің бірі боламыз деген елдің сиқы, даңқты патшаның боданындағы халықтың сиқы осы...

Кімнен: Серік Әбдірахманов
13.12.2008 01:02
+0 / -0
Кезінде қуғынға ұшыраған қандастарымыз монғол, түрік елінде пана тапқан. Оларға жер де, мал да сол мемлекеттер тарапынан берілген. Ал енді солардың ұрпағы Атажұртына оралып көрмегенді көріп жатыр. Бұл - қылымыс. Жанын құрбан етіп білегінің күшімен найзасының ұшымен аталарымыздың қорғап қалған жерін бүгін жемқор әкімдер бөлшектеп сатып ақша жасап отыр. Құныққан шенеуніктерді халыққа тәуелді ету қажет.

Кімнен: TazaKazakhpin Қайдан: Mongolia
13.12.2008 18:30
+0 / -0
haitem endi jilaimin shirkin muni ohiganda ishim udai ashidi haidan baramiz biz sonda oz
kazakh elimizge atten shirkin amalim joh haitem endi hangigan Kazagim ai jilaimin men shirkin ai deshi Kazakhti Kazakh zorlathan zaman boldi goi Kazakhstandihtar sol halpi olar admdih hasiet ar uyatti bilmeidi harim hatinasinanda tusinikti bola haladi olar tek adamnin beinesindegi jabayi andar

Кімнен: М.Омар Қайдан: қазақ жері
14.12.2008 13:41
+0 / -0
нур отанға белет тастап,нәнге жалғасты қолдау көрсетіудің өзі қылмыс!!!

Кімнен: adal jan Қайдан: oy jaylau
14.12.2008 19:20
+0 / -0
neng bar edi ayuding apaninda
juruxenggoy oy jaylau ahanginda
engirep hatin balang jas haldigoy
oz jeringde xighar edaw ataghingda

Кімнен: Жасарал Қуанышәлин Қайдан: Алматы
14.12.2008 20:30
+0 / -0
ҚАЗАҚСТАН - ҚАЗАҚТЫҢ ЕЛІ деген сөз. Ал, сол Қазақстанда бүгін сорлап отырған - осы елдің ҚҰДАЙЫ ИЕСІ - ҚАЗАҚ. Әлбетте, ол өзінен өзі сорлап отырған жоқ, оны сорлатып отырған - қазіргі ҚАЗАҚҚА ҚАРСЫ билік.
Және де бұл биліктің сорлатып отырғаны - "жергіліктісі" бар, "оралманы" бар, БАРША ҚАЗАҚ. Соның айқын да қасіретті көріністері - кешегі Бақай мен Шаңырақ ойрандары. Назарбаев басқарып отырған қарақшы билік полиция мен бульдозер кезеніп, өзге ешкімге тиісіп отырған жоқ, оның үнемі тиісетіні - осы биліктің жерді жеке меншікке беріп, талан-тараж етуі салдарынан жерсіз, үйсіз қаңғып қалған, ауылдың шаңырағын ортасына түсіруі салдарынан тентіреп кеткен өңкей қазақтардың қала маңдарында бас сауғалап отырған қоныстары.
Басқаша айтқанда, бүгінгі Қазақстанның қарақшы өкіметі Назарбаев билікке келген кезден бастап қазаққа қарсы соғыс ашқан болатын, міне, содан бері БИЛІК-ҚАЗАҚ соғысы толассыз жүріп жатыр. Мына материал - соның айқын көріністерінің бірі.
Ал, енді, оралмандар мәселесіне келер болсақ, кезінде Назарбаев оларға соншалықты бір жаны ашығандықтан елге шақырған жоқ, өзінің жалған сайлауларына қолдаушы, дауыс беруші қосымша "электорат" ретінде шақырған болатын. Және күні кешеге дейін өздерінің елге оралуын тек қана "Назарбаевтың арқасында жүзеге асқан саясат" деп қабылдаған оралмандар оған "Құдайдай" сеніп, осындай рөлді отқарып та келді. Тек соңғы кезде ғана шындыққа көздері жете бастағандықтан, елдегі Назарбаев саясатына деген жалпықазақтық наразылық олардың арасында да бой көрсетуде. Міне, соны көрген билік қазір жалпы қазаққа қатысты қысымды оралман қазақтарға да қатысты үдетіп отыр.
Қорыта айтқанда, Қазақстандағы қазақ проблемасы Назарбаев биліктен кетпей шешілмейді. Ол тақта отырған кезде жағыдай халықтың пайдасына өзгереді деп үміттену - өзіңді өзің алдау, басқа түк те емес.

Кімнен: қазақ
15.12.2008 00:03
+0 / -0
не кормедің қазақ шыдаисыңда қазақстан 50елдің қатарына қосылған күні оралмандарға комектеседі,оған деиін мангүрт қазақтар баиып алсын...

Кімнен: Бауыржан
15.12.2008 10:57
+0 / -0
aitar sozim zhok...

Кімнен: alax batere Қайдан: arha
15.12.2008 14:41
+0 / -0
ey hazah! kozing bir. axelmay barade .kexe o

teng bodanenda 300jel boldeng endi egemen

di el bolep turtkil duniyedegi, kazak handastaremez jeynalep alemge aygili huder
etti el bolamezba degendegi kunimiz solma
biz hazahstanga sendep(nazarbayule) kelip
jathan johpiz elim ata jurttimdep kelip
jatermiz sen esirme sen seyahtelarding
kuni az halde ali de haxewgaulgiresing
esingbarda baratin jeringdi belgile

Кімнен: қазақ Қайдан: ҚЫТАЙ
16.12.2008 01:16
+0 / -0
Ой алаш жұрты не болып барамыз кешегі алаш көсемдері ұлты үшін басын баигеге тігіп атылып кетіп еді, бүгінгі ұлты үшін күресетіндер неге жалтақ?неге қорқақ? алды шет елге қашып кетіп жатыр маселен осы оралмандардың иесі болатын Мұқтар МАҒАУИН ағамыз неге шетелге тыныштық іздеп қашты?...

Кімнен: алаш Қайдан: алматы
16.12.2008 16:40
+0 / -0
мына заманда магауиннің қашқаны үияат болыпты қандастарына көмектеспей...

Кімнен: Мен де қазақ Қайдан: Қазақстан
16.12.2008 18:05
+0 / -0
МАҒАУИН ағамыз шетелге тыныштық іздеп қашты дегенді қайдан шығарып отырсыз, құрметті Қытайлық бауырым. Алдымен сол ағамыздың сол шетелде жазған "Жармақ" романын оқып шығыңыз. Ол кісі биліктен қашқан болар, бірақ қазақтың мүддесінен қашқан емес, сонау Кеңестің кезінден де көптің айта алмағанын айтып келген

Кімнен: қыран Қайдан: қиядан
17.12.2008 15:02
+0 / -0
оралмандарды алдаған алайақтар ма? әлде билік пе? руханият партиясы мен отан партиясының ол жерді оралмандарға бергенін елдің бәрі біледі. олар неге араласпайды? алайақ делініп жүрген Нұқ, Орал, оларды көрсетуші Лашын берекеге берік Бейімбет тіпті қалалық көшіғон басқармасының әдеттегі қызметкерлеріне дейін қатысы бар жемқорлық неге тексерілмейді.заңнан қабары жоқ қарапайым қазақтарды "көсеу" ретінде пайдалану кімге керек болып отырғанын білмейақ қойдық. билікте, билікке қарсы топтарда қазақ мемілекетін өзінше басқарып дамытқысы келетіндер ғой! ендіше, азып-тозып атамекеніне әзер келген қазақтарды орналаструды билікке таласу тұрғысынан емес адамгершілік тұрғысынан неге қарастырмаймыз. ақылды ел басқара біледі дейтін ағалардың оралмандар мәселесінде ойының ортақ болғанын қалар едім.

Кімнен: Нұржол Қайдан: Астана
17.12.2008 19:13
+0 / -0
1. Жасарал Қуанышәлин: Аға, осы сайтқа келгелі бері, Сіздің пікірлеріңіздің барлығының бір біріне ұқсайтындығына көз жеткізіп, таңданып отырмын.. Кешіріңіз әрине, бұл жәй менің пікірім ғой, дегенмен де, айтар сөздеріңіздің астында күрделі жұмбақ жатқандай.

Ал, мақалаға келсек... Тіпті сөз жоқ расында. Баяғы, сен тимесең, мен тиме.. Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кететін халдің ар жақ, бер жағында ғана екенбіз.
Өзім оралман баласымын, ал Отаныма адал болуды - өзіме парыз санаймын. Бұндай олқылықтардың бұншама қорқынышты екеніне жүрегіңіз қан жылайды екен.. Бірін-бірі жеген алаш өзгерген алаш ұрпақтары...
Енді әрі қарай не болмақ екен...
...Аман болсыншы

Кімнен: Жасарал Қуанышәлин Қайдан: Fлматы
18.12.2008 20:28
+0 / -0
Айналайын, Нұржан бауырым, сенің не айтпағыңды мен өте жақсы түсіндім. "Осы сайтқа келгелі бері" үнемі менің сөздерімнің "астарында" жататын "күрделі жұмбақ" - ол - Назарбаев пен оның жеке билік режимі жөніндегі пікірлерім ғой. Дәлірек айтса, пікірлерімнің қашан да Назарбаевқа барып тірелетіндігі ғой.
Ал, шынтуайтына келгенде, мұның таңданатын ештеңесі жоқ. Өйткені, ол кісі Қазақстанды жеке-дара билеп отырғандықтан, жаңа тарихтағы біздің елімізге байланысты қандай күрделі мәселе талқыланса да, бүкпесіз һәм мәймөңкесіз ашық айтылған ой-пікірлердің міндетті түрде Назарбаевқа барып тірелуі - заңдылық. Бұл - біріншіден.
Екіншіден, мұндай "жұмбақ" менің тек "Азаттық" сайтына "келгелі бері" білдірген пікірлеріме ғана тән құбылыс емес. Егер менің Назарбаевты баспасөз бетінде тұрақты және жүйелі түрде сынай бастағаныма биыл 16 жылдан асқандығын ескерсек, бұған көз жеткізу әсте қыйын емес. Атап айтқанда, осынау "үрдіс" 1992 жылдың қыркүйек айында "Азат" газетінің тұтас бір санын алған "ҚАЗАҚСТАН ҮШ ҚҰБЫЖЫҚ ШЕҢГЕЛІНДЕ (Президент Назарбаевтың саясаты туралы ашық әңгіме)" атты 40 беттік мақаламнан басталған болатын (қараңыз: "Азат", 1992 ж., қыркүйек, №12).
Міне, содан бері менің тікелей Назарбаев жөнінде түрлі БАҚ-тарда қазақша һәм орысша ЖАРЫҚ КӨРГЕН (белгілі себептермен жарық көрмегендері одан да көп) сыни материалдарымды ғана жинақтаса, көлемді бір кітап болар еді.
Және, бір қызығы, сол 1992 жылы тіпті оппозицияда жүрген біраз азаматтардың өзі менің сол кездегі Назарбаев туралы пікірлерімді "тым артық кету" деп бағалаған болатын. Бірақ, ол пікірлердің "артық кету" болмағандығын кейін өмірдің өзі-ақ дәлелдеді. Әлбетте, өкінішке орай...
Алайда, мен Назарбаевты ешқашан тек сынау үшін ғана сынаған адам емеспін, сынамасқа болмағандықтан ғана сынадым һәм сынап келемін. "Алаш ұрпақтары аман болсыншы" деген ізгі ниетпен. Менің де одан өзге ішке бүккен ешқандай бөтен ойым жоқ және ешқашан болмайды да...

Кімнен: Нұржол Қайдан: Астана
19.12.2008 00:03
+0 / -0
Жасарал Қуанышәлин: Рахмет жауабыңызға, разымын! Ұлтымыздың *қисайған* жерлерін сілкіп отыратын өжет қалаулы азаматтар әрқашанда керек-ақ.