Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:03

ӘЛЕМ

Қазақстан босқындары Чехияның соттарында жеңілсе де,оның спорт ареналарында жеңіске жетеді

Қазақстанның діни босқындары чех соттарында жеңілгенімен, чех спортында дес бермей тұр. Жақында Мұрат Төлесінов таэквондадан Чехия чемпионы атанса, Ерлан Жылқышиев бокстан Брно қаласының чемпионы болды. Бірақ, Чехия өкіметі оларды елден шығармақ.

Қазақ босқыны, таэквондодан Чехия чемпионы Мұрат Төлесінов. Прага, 21 наурыз, 2009 жыл.
x
Қазақ босқыны, таэквондодан Чехия чемпионы Мұрат Төлесінов. Прага, 21 наурыз, 2009 жыл.
Мәтін көлемі - +
ЧЕХ СОТТАРЫНЫҢ КОРПОРАТИВТІК ЫНТЫМАҒЫ

Қазақ босқындар тобының баспасөз-хатшысы Нұрлан Қанатбаев біздің Азаттық радиосына берген сұхбатында Чехияда босқын мәртебесін еш нәтижесіз күтіп жатқан екі жүзден аса босқынның жағдайы күн сайын жұбаныш әкеле қоймайтын фактілермен толыға түсуде деп хабарлады.

20 наурызда, чехтың Брно қаласында, оның зайыбы Әсия Қанатбаеваның талап арызы бойынша сот аяқталды. Әсия, оған босқын мәртебесін беруден бас тартқаны үшін, жергілікті полициямен соттасты. Бұл жолғы сот шешімінің осының алдындағы шешімдерден айырмашылығы болған жоқ.

Нұрлан Қанатбаевтың атап өткеніндей, бұл жолы да қисынсыз себептермен талап арызы қанағаттандырылмаған. Әсия Қанатбаеваға оның ісі ерінің ісінен бөлек қаралмайды деп түсіндірген. Ері Чехияға келгендіктен Әсия Қанатбаева онымен бірге келген. Демек, Нұрлан Қанатбаевқа босқын мәртебесі берілмесе, онда оның әйеліне де берілмейді дейді сот.

«Міне осындай тығырыққа тірелдік»,- дейді Нұрлан Қанатбаев. Әсия Қанатбаеваның Қазақстанда діни нанымына байланысты қуғындалғаны жөніндегі барлық құжатты фактілерді сот қаперге алған жоқ. Соттың бас тартуы күтпеген қисынсыз себепке негізделген.

Нұрлан Қанатбаевтың айтуынша, судья Зюзана Быстрицка оның отандастарының ісін қараған басқа қалалардағы өзге де соттардың әрекетін басшылыққа алған. Өзге соттар арызды қанағаттандырмағандықтан, бұлар да солай істеді. Брно соты Чехияның өзге қалаларындағы соттардың шешімін көшіре салды.

Хаттамалар мен басқа да қағаздарды толтыратын Чех полицейлерін босқындар ксенофобтармен салыстырады. Чех өкілдерінің ашықтан-ашық жауыққан қарым-қатынастары жайында Нұрлан Қанатбаев та айтады. Оның сөзіне қарағанда, чехтар ашықтан-ашық босқындардың арына тиеді. Босқындардың чех тілін білмейтіндігін пайдаланып, әңгімелесу хаттамасына Қазақстандағы қуғындалудың барлық себептерін жазбайды. Содан соң соттар осы хаттамалардың негізінде дәл осы адамдар өз отанында қуғындалған жоқ деп шешім шығарады.

Кей кездері босқын-салафиттер деп аталатын қазақ босқындарының проблемасы Чехия шекарасынан шығып, халықаралық сипат ала бастады. Салафиттердің құқын «Орталық Азиядағы адам құқы» атты француз ұйымы белсенді түрде қорғап жатыр. Оның электронды хаттарына қарағанда, өзі де саяси эмигрант болып табылатын Ержан Досмұхамедов Прагаға, Вена мен Брюсселге барып саясаткерлермен, Еуропарламент депутаттарымен кездескен.

Бірақ, Чехия әзірге өз айтқанынан қайтпай тұр. Бұған 20 наурызда Брно қаласының соты Әсия Қанатбаеваның талап арызы бойынша теріс шешім шығарғаны айғақ.

БРНО ҚАЛАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫН ЧЕХИЯДАН ШЫҒАРЫП ЖІБЕРМЕК

Тағдырдың жазуымен дәл осы қалада 21 наурызда бокстан жарыс өтті. Онда 84 келіге дейінгі салмақта ресми мәртебесі жоқ Чехия тұрғыны, қазақстандық босқын Ерлан Жылқышиев жеңімпаз атанды.

Осы және басқа да спорттық оқиғалардың жай-жапсары жөнінде Азаттық радиосының тілшісіне қауымдастық белсендісі Қайрат Досметов айтып берді.

Брно қаласының чемпионы Ерлан Жылқышиевті жергілікті билік бір айдан соң Чехиядан шығарып жібермек. Ол осымен үш «негативтің» үшеуін де алды. Яғни, оған босқын мәртебесі берілмейтін болды. Брно қаласы чемпионының төлқұжатына Чехиядан өз еркімен депортациялануы туралы бұйрық әлдеқашан жапсырылып қойған. Жағдай қайталанбайтын сипат алып бара жатыр. Билік өзін-өзі осындай күлкілі жағдайға қалдырды дейді Қайрат Досметов әңгімесін жалғастырып.

21 наурыз күні Чехия астанасында жергілікті билік үшін жайсыз тағы бір оқиға болды. Прагадағы орталық «Славия» стадионында таэквандодан «Кобра Кубогы – 2009» атты чемпионат өтті.
Тэквондадан Чехия чемпионы Мұрат Төлесінов. Прага, 21 наурыз, 2009 жыл.


68-70 келі салмақ категориясында финалға чехтық емес екі адам шықты. Оның біреуі поляк эмигранты. Оның қарсыласы, осы елде босқын мәртебесін алуға ұмтылып жатқан қазақ діни босқындарының өкілі Мұрат Төлесінов. Қайрат Досметовтың айтуынша, ойын барысы Мұраттың пайдасына бесте нөл болған кезде оның қарсыласы өз еркімен ойынды тоқтатқан.

Праганың кубогын, оның басқа отандастарымен бірге елден шығарылу қаупі төніп тұрған адам жеңіп алды. Ал, чех жаттықтырушылары Мұрат Төлесінов Чехия құрамасы қатарына қабылдануы мүмкін деп болжап отыр. Қазір ол турнирлерде Чехияның екінші үлкен қаласы Брноның атынан шығып жүр.

Бірақ, Мұратты үшінші «негатив» күтіп тұр. Халықаралық қорғау мәртебесін беруден бас тартқаны үшін шетелдіктер ісі жөніндегі полицияға қарсы берілген талап арызын Чехияның жоғары әкімшілік соты қанағаттандырады деп Мұрат үміттенбейді.

Сөйтіп, чех соты Чехияның туын аспандатып жүрген, мақтануға болатын адамдарға қатысты осындай шешімдер шығарып отыр.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Санжар
26.03.2009 23:22
+0 / -0
Қазақтар шетелде тұрса ше, топ жарып алға шықса ше? Қай жерде жүрсе де қазақ екендігін ұмытпаса болды.

Кімнен: Бұқар жырау Қайдан: Сарыарқа
27.03.2009 09:35
+0 / -0
Ей, қазақтар сендерге не жетпейді! Енді бармаған жерлерің Еуропа соның ішінде Чехия ма еді..Анау жазушы Магауиннен бастап бәрің елге қайтыңдар! Сендерге айтарым осы!!!

Кімнен: Алдаспан
27.03.2009 13:44
+0 / -0
Чех министрі Жамиля Стехликова ханымға барып көрді ме екен бұл адамдар? Не көмегі болар екен?

Кімнен: Маке
27.03.2009 20:29
+0 / -0
Әй Бұқар! Не жетпейді деп, баурларды кінәлама. Еріккен кеткен жоқ, туған елінен. Билік пен дүмше молдалар салафитсің деп қудалады. Олардың ешкімге зияны болған жоқ.Бар болғаны дінді құраннан аутқымай ұстауы.