Бейсенбі, 9 ақпан 2012, Алматы 11:19

ҚАЗАҚСТАН

Шаңырақта қаза тапқан Әсет Бейсенов тірі болғанда биыл 27 жасқа толар еді

Үш жыл бұрын Шаңырақта болған қақтығыста полицияның аға лейтенанты Әсет Бейсеновтің үстіне жанармай құйып, өртеп жіберді. Көзі тірі болғанда ол биыл 27 жасқа толар еді. Әке-шешесінің жалғыз ұлы Әсет шаңырақ құрып үлгерген жоқ-тын.

Жеде жәрдем қызметі қатты күйіп қалған полиция офицері Әсет Бейсеновты ауруханаға апарғалы жатыр. Шаңырақ, 14 шілде 20006 жыл.
x
Жеде жәрдем қызметі қатты күйіп қалған полиция офицері Әсет Бейсеновты ауруханаға апарғалы жатыр. Шаңырақ, 14 шілде 20006 жыл.
Мәтін көлемі - +
Үш жыл бұрын, 2006 жылдың 14 маусымында аға лейтенант Бейсеновке өзге де полицейлермен бірге Алматының Әуезов ауданына қарасты Шаңырақ шағын ауданындағы заңсыз құрылыстарды жойып, жер телімдерін босату шарасын атқару міндеттелді.

Алматылық полицей Алмас Алпамысов аталмыш шара басталғанда Әсеттің жанында болғанын айтады.

Полиция қызметкерлері жолдарын бөгемек болған әйелдердің шебін бұза-жара алға жылжыды. Шаңырақ, 14 шілде 2006 жыл.
– Біз сап түзеп бара жаттық, Әсет алға озып кетіп, үйлердің арасында қалып қойды. Біз оған жәрдем бере алмадық, өйткені, өзіміз әрең дегенде қашып құтылдық, ал, Әсет сол жерде қалып қойды деп ойламадық та, – деді Азаттық радиосына Алмас Алпамысов.

Әсетпен бірге жұмыс істегендердің сөзі бойынша, ол ішкі істер органына қызметке қаза табардан екі жыл бұрын ғана орналасқан екен. Жас әрі болашағы бар Әсет Бейсенов бір жыл жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор қызметін атқарғаннан кейін тергеуші болып ауысқан. Басшылық оның талдап ойлау қабілеті мен тәртіпке беріктігін бағалады, ал, әріптестерінің арасында беделі биік болды.

Әсет үйінің жалғыз баласы ғана емес, сонымен қатар ол үйінің жалғыз асыраушысы да еді. Оның өліміне туыстары ешкімді де кінәлағысы келмейді: аға лейтенант Бейсенов бұйрықты орындады. Бүгінде Әсеттің әкесі Қуат Бейсенов – мүгедек, анасының да денсаулығы мәз емес.

Әсеттің қазасынан кейін Алматы қалалық ішкі істер департаментінің басшылығы оның артында қалған отбасына пәтер беріп, марапат көрсетуге уәде еткен. 2006 жылдың аяғында Әсет Бейсеновке екінші дәрежелі «Айбын» ордені берілді.

Әсеттің көкесі Қуаныш Бейсенов Азаттық радиосының тілшісімен әңгімесінде үй ішінің қайғысын жеткізді.

Дәрігерлер қатты күйген полиция офицері Әсет Бейсеновты жедел жәрдем көлігіне салып жатыр. Шаңырақ, 14 шілде 2006 жыл.
– Біздің тамырымыз үзілді. Енді, ұрпақты жалғайтын ешкім жоқ. Сөз жоқ, біз ауыр қайғыға, жазылмас жараға душар болдық. Біз ешқашан дүниенің соңына түсіп, байлық қуған емес едік, бізге пәтердің керегі жоқ. Сол оқиға есімізге түссе болды, қалайша адамды тірідей өртеп жіберуге болады деп жағамызды ұстаймыз. Қалайша, соғыс жоқ, бейбіт өмірде осындай іс болады? Бірақ, біз ешкімді кінәламаймыз, өйткені, қызметтік борышты өтеу барысында әркім де қазаға ұшырау мүмкін және ұшырап та жатыр. Оның ауру-сырқау ата-анасын Әсеттің қазасы одан сайын нашарлатып жіберді, - деді Қуаныш Бейсенов.

Әсет Шаңырақтағы оқиғадан бірнеше күн өткенде ауруханада жан тапсырды. Әсеттің қаза болған күні, шілденің 26-сында оның туыстары мен әке-шешесі ас беріп, еске алады. Туыстарының айтуынша, Әсет жан-жақты жігіт еді: спортпен шұғылданатын, екі бірдей жоғары білімі бар болатын.

Айтпақшы, Шаңырақтағы оқиғаның қатысушылары да 14 шілдеде Әсет Бейсеновты еске алып, ас берді. Ол күні олар Әсетті ғана емес, темір тордың арғы жағында отырғандарды да еске алды.

Еске сала кетейік, Шаңырақ трагедиясынан кейін қылмыстық іс бойынша сотқа тартылған 24 адамға айып тағылған еді. 2007 жылғы қазан айында Алматы қалалық сотының үкімімен олардың төртеуі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
14.07.2009 23:54
+0 / -0
.......................???

Кімнен: Халық
15.07.2009 14:05
+0 / -0
Сонда Шаңырақ оқиғасының бүкіл маңызы өлген полицайға тіреліп тұр ма екен?! Шаңырақ көтерілісінің бас "қаһарманы" бейбіт халықтың үйлерін бұзуға барып, сол үшін Алладан жазасын алған жазалаушы полицай болғаны ма?! Әлде биліктің тапсырысын орындап отырсыңдар ма? Онда мәймөңкелемей, солай деп турасын айтыңдар. Мынау масқара ғой!!!

Кімнен: Адам
15.07.2009 14:27
+0 / -0
ПОЗОР!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Кімнен: Қайсар Қайдан: Қалқаман
15.07.2009 14:53
+0 / -0
Жауды аяған жаралы болад дейді халқымыз. Ал кімдекім халыққа, әсіресе өз халқна қарсы қару алып шықса ол нағыз жау. Сондқтан оларды аяуға болмайды. Түгел жағып жіберседе обалы жоқ. Сондықтан 2 ші пікір айтқан азаматты толық қолдаймын - мына материал масқара материал!

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақстан
15.07.2009 15:35
+0 / -0
Оданда Шаңырақта жерін, үйін, семьясын қорғаған батырлар туралы жазбай ма? Солрға сөз бермей ме? Әлде тағыда желтоқсан сияқты 20 жылдан соң ғана шндықты айтаа бастау керекпе? Мүмкін Назарбевтың тақтан кетуін күту керек шығар?

Кімнен: Айжан Қайдан: Алматы
16.07.2009 00:41
+0 / -0
Шырылдатып адамды т1р1дей ортеу деген не сумдык! Ондай 1ске нагыз кан1шер гана бара алады гой! Полицейд1н не жазыгы бар, ол тапсырмага барды.Мен1н ойымша бензинд1 куйган жане от тиг1зген адамга алла жазасын беред1. Олар оздер1 де уйкы, кулк1ден калып жынданып кетет1н шыгар. Адам турмак малды кинай аласындар ма, адамдар-ау, айтындаршы! Не деген катыгез, каражурек, жауыз халыкпыз!

Кімнен: ашынған қазақ Қайдан: тозған елден
16.07.2009 09:58
+0 / -0
Айжан, сізге таңым бар. Қандай жауыз халықпыз дейсіз, біз емес жауыз, жауыз билік, халықты осындай сұидықтарға итеріп отырған. Және ол полицейді өртеген халық емес, оны билік өзі жасап, халыққа итеріп отыр. Сол да түсініксіз бе. Ал анау түрмеге өз баспанасын қорғағандықтан түсіп, енді адам баласын төзгісіз қорлық көріп отырған қазақ азаматтарына неге жаныңыз ашып, билікке лағнет айтпайсыз. Ондай жаныңыз ашығыш, жауыз емес қазақ азаматы болсаңыз. Сондықтан бос сөзді доғарып, өтірік мүләйімсудің керегі не?

Кімнен: Человек
16.07.2009 14:29
+0 / -0
Звери - те, кто ради своих должностей и погон бездумно выполняют преступные приказы преступной власти против своего же мирного народа. Тот, кто дорожит своей честью, никогда не будет поднимать руку на народ. Откажется от всего, но не пойдет на такое преступление. А те, кто думает иначе, оправдывая такие преступления, - это либо "менты" в худшем смысле этого слова, либо законченные подлецы, не имеющие элементарного понятия о чести и совести. И никакие чужие примеры здесь не катят, ибо вечная казахская мудрость гласит "Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы" ("Ради жизни жертвую скотом, ради чести жертвую жизнью"). Кто забыл эту аксиому - тот не казах и вообще не человек, а самая настоящая скотина, готовая ради своего личного благополучия и сытого желудка на любое преступление, трусливо оправдывая потом эту свою подлость всякими должностными инструкциями и приказами. Позор подобным нелюдям!

Кімнен: Мамыр
16.07.2009 16:04
+0 / -0
Адам баласының, оның ішінде қаның бір қазағыңның, еш кінәсі өмірі енді бүршік атқан жас баланың үстіне керосин құйып, шырылдатып, тірідей өртеп жіберген айуанның айуандығын ешқандай себеппен ақтау мүмкін емес. Соның күйіп өлетінін біле тұра, жүрегі жібімеген, көмекке келмеген тобырдың тасжүректігін не деп ақтаймыз? Одан да сол "қас батыр" неге өзінің үстіне керосин құйып, өртеп жібермеді екен? Сонда "Шаңырақ оқиғасы" нағыз аңызға айналар еді. Ал қазір.. не деуге болады? Тобырдың аты тобыр. Қазақ па, орыс па, сарт па,басқа ма, әйтеуір тобырдың аты тобыр. Қит етсе, билікті қарғап-сілеп, ал өздері дегеніне жабайылықпен ғана дегеніне жетіп жүрген тобыр бақытсыздықтың, өмір мәнінің сырын өзінен іздеп көрсе ғой.
Сол Әсетті тірідей өртеген қандықол жендет кім екен, қайда екен өзі? Тымпиып, топас қалпы тірлігін кешіп жүр ғой сонда, қаншама адамның өмірін қайғыға батырып.
Бәрімізге бір Алла жақсылығын берсін! Әсеттің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

Кімнен: Махамбет
17.07.2009 21:13
+0 / -0
Мамыр, сенің "еш кінәсі (жоқ) өмірі енді бүршік атқан жас балаң" - қолына қару алып бейкүнә халықтың үйін бұзуға барған кәсіби полицай. Еш те бір Шаңырақ тұрғыны оның жұмыс орны - полиция бөліміне барып шабуыл жасаған жоқ, биліктің халыққа қарсы қылмысты бұйрығын орындау үшін өзі сияқты мыңға тарта роботтармен бірге Шаңыраққа шабуыл жасаған - сенің "жас балаң". Және оны өлтірген "қит етсе, билікті қарғап-сілейтін" әлдебір "тобыр" емес, саған соншалықты ыстық сол биліктің өзі екені де осы сайтта жеткілікті дәрежеде айтылды. Қандықол жендеттің адресі сонда. Осыны қаперіңе ал.
Ал жалпы сені толғандырған сұрақтың айқын және дәл жауабын өзіңнің алдыңда тұрған Человек берген. Соны тағы бір рет мұқият оқып шықсаң, артық болмайды.