Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:19

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Жоғалған қызын іздегендер адам ұрлап, азаптаған деген күдікпен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен жасөспірім қызды іздегендер 19 жастағы бойжеткенді ұрлап әкетіп, оны бір тәулік бойы еркінен тыс ұстап, күш көрсеткен деген күдікпен қамауға алынды.

Бойжеткен өзін ұрлап әкеткендер мұны ұрып-соғып, шашын кесіп тастағанын айтады. Шымкент, 12 қазан 2010 жыл. Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті мұрағатындағы сурет.
x
Бойжеткен өзін ұрлап әкеткендер мұны ұрып-соғып, шашын кесіп тастағанын айтады. Шымкент, 12 қазан 2010 жыл. Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті мұрағатындағы сурет.
Мәтін көлемі - +

Сарыағаш ауданында бір тәулік бойы бір топ адамнан зорлық-зомбылық көргенін айтқан бойжеткеннің берген арызы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы адам ұрлау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазір бұл іс бойынша үш адам қамауда отыр. Ал осы оқиғаға ілік болған жоғалған жасөспірім қыз әлі табылған жоқ.

БОЙЖЕТКЕННІҢ ШАҒЫМЫ

Қазанның 5-і күні Шымкентке, Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына арыз айта келген Сарыағаш қаласының 19 жастағы тұрғыны өзін белгісіз біреулердің ұрлап әкетіп, бір тәулік бойы ұрып-соғып, зорлық-зомбылық көрсеткенін хабарлаған.

Бойжеткен А.-ның (белгілі себептермен аты-жөнін атамауды өтінді) Азаттық тілшісіне айтуынша, қазанның 4-і күні сағат 16.00-17.00 аралығында белгісіз біреулер оны Сарыағашта көшеде кетіп бара жатқан жерінен автокөлікке күштеп отырғызып алып кеткен.

А. әлгі көліктің ішінде бірнеше адам болғанын, олар қыркүйектің 27-сі күні Сарыағаштағы үйінен оқуына шығып кетіп қайта оралмаған 15 жастағы қыз жайлы сұраққа алғанын айтады. Өздерін жоғалған қыздың ата-анасымыз деп таныстырғандар А.-ны кінәлап, жасөспірім қыздың қайда кеткенін айтуды талап еткен.

– Мені Сарығаш қаласының сыртына автокөлікпен алып шығып, 7-8 адам соққыға жықты. Бас-көз демей ұрып-тепкіледі. Сосын «жоғалған қыздың анасымын» деген әйел пышақпен бөксемді тілгілеп тастады. Мен жерде жылап жатып, ол қызды танымайтынымды,
Бойжеткенді ұрлап әкеткендер оны жеке меншік үйдің жертөлесінде қамап ұстаған. 12 қазан 2010 жыл. Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті мұрағатындағы сурет.
оның қайда екенін білмейтінімді айтып, «мені жіберіңдерші» деп жалындым. Бірақ олар маған сенбеді. Соққы мен азаптан жаным ауырған соң, өтірік айтсам жіберер ме екен деп ойладым, – деді жәбірленуші Азаттық тілшісіне.

Өмірі үшін қауіптенген бойжеткен аман қалудың жолын іздеп, жәбірлеушілерге қыздарының қайда екенін білетіндігін, оның Шымкентте екендігін айтып, жалған ақпарат беруге мәжбүр болғанын айтады.

А.-ның сөзінше, жәбірлеушілер оның аяқ-қолын байлап, көліктің жүк салғышына салыпты.

– Сосын багажниктің ішінен шығарып екі әйел мені жерге жатқызып тепкіледі де, жылатып тұрып қайшымен шашымды түбінен кесіп тастады, содан кейін судың жағасына сүйреп алып келді. Үш еркек жүгіріп келіп суға лақтырып жіберді. Сосын біреуі басымды қайта-қайта өзеннің суына тығып тұншықтырды, – дейді жәбірленуші.

А. осыдан кейін әлгі адамдардың өзін Сарыағаш қаласындағы бір үйдің жертөлесіне алып келіп, киімін түгел шешіп алып, тыржалаңаш қамап тастағанын баяндап берді. Тек қазанның 5-і күні таң ата сол жерден қашып шыққан жәбірленуші аудандық полиция мекемесіне бармай, Шымкентке келген.

Өзінің айтуынша, А. отбасындағы үш баланың үлкені екен. Әкелері бірер жыл бұрын дүниеден өткен, мектеп жасындағы екі інісі және жұмыс істемейтін анасы бар. Жақында әжесі де бақилық болғаннан кейін жұмыс іздеп Астанаға барыпты. Сондағы дәмханалардың бірі даяшы етіп алуға келіскен соң, құжаттарын алу үшін екі күнге Сарыағашқа оралған бойжеткен оқыс оқиғаға тап болған.


ПОЛИЦИЯ ТЕРГЕУІ

Жәбірленушінің берген арызы бойынша шұғыл іздестіру шарасы барысында полицейлер А. қамауда болған жертөлені көп ұзамай тапқан. Ол үй – қыркүйектің 27-сі күні жоғалып кеткен 15 жасар қыздың ата-анасының үйі екені анықталған.

Полицияның мәліметі бойынша, осы оқиғаға қатысы бар деген күдікке ілінген 8 кісінің үшеуі – екі ер және бір әйел адам қамауға алынған. Олардың арасында әлгі жоғалып кеткен қыздың әкесі де бар.

– Ал оның әйелі кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар екендігі ескеріліп қамауға алынған жоқ, ешқайда кетпейтіндігі туралы қолхат берген соң босатылған. Қазір ол да осы іс бойынша күдіктілер санатында. Жәбірлеушілер бойжеткенді
Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті баспасөз-қызметінің бастығы, полиция полковнигі Салтанат Қаракөзова. Шымкент, 12 қазан 2010 жыл.
қатігездікпен соққыға жығып, әбден азаптағаны анықталды, ол қазір бірнеше сараптаудан өтіп жатыр. А.-ның құжаттары мен жеке заттары салынған қол сөмкесі күдіктілердің үйін тексеру барысында табылды. Ұсталғандар тергеу барысында адам ұрлағандарын, оны ұрып-соққанын мойындады, – деді облыстық ішкі істер департаменті баспасөз-қызметінің бастығы, полиция полковнигі Салтанат Қаракөзова Азаттық радиосына.

Тергеушілер күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Ол бап бойынша қылмысы дәлелденсе, айыпталушы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Ал қыркүйек айының 27-сі күні колледждегі оқуына кетіп, содан үйіне қайтпаған Сарыағаш қаласында тұратын 15 жастағы қыздың үй-іші сол күні кешке аудандық полиция бөліміне арыз жазып, балаларының жоғалып кеткенін хабарлаған.

Ақыр соңында оны іздеп шығып, өздері «заң бұзған» деген күдікке қалған отбасындағылар бұл оқиғаға байланысты журналистердің сауалына жауап беруден бас тартып отыр. Ал жасөспірім қыз әлі табылмай жатыр.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.10.2010 22:15
+0 / -0
Жасөспірмдер жоғалуы көп орын алып отыр. Сақ болыңыздар, ағайындар. Мына бейшара ата-аналарда қос қайғы екен. Қыздарын жоғалтып жартылай өлік болып жатқанда, қамап тастауы дұрыс па? Олар кісі өлтірген жоқ, енді өлтіре қоймас. Осындай оқиғаларды балдарыңызға айтып жүру керек,сақтықта болу үшін.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.10.2010 18:47
+0 / -0
Қызды несіне іздейді? Ол "қыз" көп ақша тауып жүрген шығар. Себебі ол 15 жаста ғой.
Шіркін, қазақтың 21-ші ғасырдағы "қыздарына" қайран қалам.

Кімнен: DAT Қайдан: HETAY
18.10.2010 08:59
+0 / -0
JOHALHAN HEZDENG ATA ANASENENG ZANGDEH SAUATE KEMXIL EKEN ARHANDAY ISTI ZANG BOYENXA XEXKEN JON BOLAR BUL ZAMAN HAY ZAMAN ZANGMEN ADAM BASHQARATEN ZAMAN ZANGDE KOZGELIMEY ZANGMEN OYNASANG TARTAR JAZANG AUER BOLADE SOL UXIN HANDAY MEMILEKETTE BOLSEN ADAM ZANGDE OZIN HORHAU HURALI ETIU KEREK

Кімнен: Меруерт
18.10.2010 10:43
+0 / -0
Масқара ғой айдың күннің аманында адам ұрлау деген, оны азаптау деген не деген сұмдық! Не деген қатігездік. Байғұс қызды жалко

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.10.2010 10:45
+0 / -0
Мынау қыз осыдан кейін бұл ауылда тұра аламайтын шығар, осыншама азаптаған адам сымақтар енді көздері қарайып, оған қастандық жасауы мүмкін, олай жасаса таң қалмаймын
енді өзгенің қолымен жасауға да дайын ау бұл оңбағандар

Кімнен: Сәуле Қайдан: Тараз
18.10.2010 17:46
+0 / -0
Шын айтсам мына мақалаға онша түсінбедім , менің түсінігім бойынша қыздарын жоғалтып оны іздеу мақсатында, көшедегі бір қызды ұстап алып, ол қызды қорлаған ата-ана туралы ма, егер солай болса ол қандай ата-ана?
Қалай болғанда да әсіресе қыз балдарына кешкісін таксилерге мінбесін
абайлап мінсін деу керек.

Кімнен: ЛОК
19.10.2010 01:19
+0 / -0
Неге олар осы қызды ұстаған, яғни бір себебі болған ғой. Ана 15 жасар қыз қайда, оны неге іздемеген.

Кімнен: Меней Қайдан: қазақия
19.10.2010 16:42
+0 / -0
адам ұрлау деп айтпайды, БАРЫМТА деп айтады, қазақ сөзінде. ұрлайтын адам деген зат емес. барымта деп айтады.

Кімнен: Жұлдыз Әбділда
20.10.2010 14:17
+0 / -0
Осы материалды ары оқып, бері оқып, дым түсіне алмадым. Өте шұбалаңқы, түсініксіз. Мәселенің мәнін кеше теледидардан білдім. Сарығашта 15 жасар қыз жоғалып кетеді. Оның ата-анасы балгерге барады. Балгердің айтуы бойынша, жаңағы 19 жасар қызды ұстап әкетеді. Не деген жабайылық, не деген тағылық, не деген қараңғылық? Бейшара қыз арамза балгер мен ақымақ адамдардың кесірінен қандай азапқа түскен! Жаратқан оған жар болсын, алдағы өмірінде мұндай опасыз адамдар кездеспесін деп тілеймін. Ал осы материалды жазған әріптесіме айтарым, жаңылтпаш емес, мақала жазып отырғаныңызды ұмытпасаңыз екен. Көзім ашық-ақ адам сияқты едім, бірінші сөйлемді төртінші рет оқығанда зорға түсіндім. Айып етпеңіз.

Кімнен: Дармен Қайдан: астана
21.10.2010 00:01
+0 / -0
Жалпы, өз басым ұзақ жылдардан бері азаттық радиосының тұрақты тыңдарманы едім, кейінгі кездері азаттық радиосының беретін ақпараттары өте сұйқылданып кетті, негізгі мақсаттары көр-жерді айтып уақтты бір сағатқа толтыру секілді, тұшымды ештеме айтпайтын болып кеттіңіздер.

Кімнен: заман Қайдан: алматы
21.10.2010 08:33
+0 / -0
Ол қыздың қатысы болмаса неге ұстап кетеді, Баласын жогалтқан адам әй-шәйға қарамай айдалада кетіп бара жатқан бір қызды ұстап алып неге зорлық-зомбылық көрсетеді. Мүмкін қыздың өзінде бір шатақ болған шығар ә.
Пікір алмасу

Кімнен: Жұлдыз Әбділда
21.10.2010 08:49
+0 / -0
Оған бір Құдай ғана куә. Дегенмен де, бейшара қыздың сөзіне сенбеске лажымыз жоқ секілді. Менің қайран қалатыным бұл емес. Балгерге сеніп, адам ұрлау деген менің басыма сыймайды.