Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:42

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Қазақ-өзбек шекарасында қазақстандық сарбаз оқ атып, екі адамды жаралады

Бейсенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік шекара маңында Қазақстан шекара қызметінің сарбазы оқ атып, екі адамды жаралаған. Зардап шеккен әкелі-балалы Қазақстан азаматтары ауыл ауруханасына жеткізілген. Ресми орындар әзірге бұл оқиғаға қатысты ақпарат бермей отыр.

Мәтін көлемі - +

Маусымның 17-і күні кешкісін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында орналасқан 20/20 шекаралық әскери бөлімнің сарбазы қазақ-өзбек шекарасы аумағында екі азаматқа қарсы оқ атып, жаралағаны белгілі болып отыр.

Бұл туралы ақпаратты Азаттық тілшісіне Қазақстанның шекара қызметіндегілер растағанымен, әзірге ресми түрде жария етпей отыр.

Cенімді ақпарат көзінен белгілі болғанындай, бейсенбі күні кешкі сағат жетілер шамасында мемлекеттік шекара маңында Қазақстан шекара қызметінің сарбазы Сарыағаш ауданы Ақжол ауылының екі тұрғынын атқан. Екеудің бірі аяғынан, екіншісі қолынан жарақат алған.

Зардап шеккен әкелі-балалы Қазақстан азаматтарын шекарашылар көлікке салып Ақжол ауылындағы ауруханаға жеткізген, сол жерде сарбаздар мен ауыл азаматтары арасында жанжал шығып, екі жақ жұдырықтасып қалған.

Ал шекарашының оғынан жараланған 1963 және 1988 жылы туған әкелі-балалы азаматтар қазір ауыл ауруханасында ем алып жатыр. Дәрігерлер олардың өміріне қауіп жоқ екендігін айтады.

Бұл тосын оқиғаға қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстандағы департаменті де, «Оңтүстік» шекара қызметінің аймақтық басқармасы да әзірге ешқандай түсінік бермей отыр.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Куәгер
18.06.2010 15:12
+0 / -0
Қазақ өзбек шекарасында талай қантөгіс болды. оны қарапайым халық көріп отыр. шекарашылар өзбектің біздерді аттап бастырмайды. ал біз жақсың шекарашылары бұларды өзбектермен шатстырып алған шығар. қырғыз еліндегі жағдай қайталанбасын

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.06.2010 15:21
+0 / -0
Ресми органдар құмға бастарын тығып жатыр ау

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.06.2010 11:20
+0 / -0
шекара жайлы жазғанда аса болыңыздар журналистер! кеше ғана 7 арна екі өзбекті қазақ шекарашысы атты деп хабарлады. Бұл әрине қате ақпарат) ұялып, қалың көрерменнен кешірім де сұрамады. Білімді адам осылай жасайды ма екен? неге шындыққа көз жеткізбей жаңсақ пікір айтады? сондықтан екі елі ауыздарыңызға төрт елі қақпақ қойып тұра тұрыңыздар! әсіресе қазақ-өзбек мәселесіне келгенде. Атқан да қазақ, жарақаттанған да қазақ! қазақ өзбекті атты деп жазғандар жазаға тартылуы тиіс! Кейде қызу қанды, мейірімсіз, құрғақ сенсация іздеген журналшының кесірінен ұлтараздық мәселе өршіп кетіп жатыр. Оқырмандар! журналшылардың барлық сөзіне сене бермеңіздер! Олар көп жағдайда қате, жалаң ақрапат береді. Әсіресе қазақ тілді журналшылар. Интернетте не бар соның бәріне де сенбеңіздер! Бұл бір нағыз былығы мол, шындығы белгісіз әлем! Ақымақ біреудің сөзіне бола Арандап қалмайықшы ағайын! Алла жар болсын!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.06.2010 13:17
+0 / -0
сен де қақпайды екенсің! Атылушы да қазақ болған күнде де олар өзбекстаннан заңсыз бірдеңе тасып жүрген қазақтар, былайша айтқанда қазаққа қарсы қазақтар!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.06.2010 08:24
+0 / -0
Дұрыс айтасыз!

Кімнен: Kazak kızı Қайдан: Almati
19.06.2010 17:42
+0 / -0
salamatsizba! men bilmeymin siz ul ya da kiz bala ekenizdi! ya sizben toliktai kosilamin aldimen anik kanigina jetip barip aytkan jon! Oytkeni jalgan akparatpen eldi aldagan kuna! Birak siz algi jerde biraz dorekileu kettiniz Kazak jurnalistteri asirese dep kopke topirak shashudin kajeti jok eid negizi! biz kazakpiz barligimiz! sizde kazak dep otirmin! Olai oz artimizdi ozimiz ashkan duris emes! jalgan akparat tek kazak emes butkul dunyadagi jurnalistterden shigadi! al siz kep kazak jurnalistteri deysiz! Otinemin Allah raziligi ushin duris tusininiz oytkeni ozimizdi ozimiz basu tomensitu osidan shigadi! en jaman narse sol goi! rahmet1 Allah barshamizdan razi bolsin!