Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:48

БАСПАСӨЗ ШОЛУЫ

Венадағы қазақ тыңшысына қатысты сот тыңдауы 7 қазанда қыза түспек

Вена сотында қазақстандық арнаулы қызмет өкілдерінің Аустрия аумағындағы қызметіне қатысты сот ісі басталды.

Мәтін көлемі - +
Алғашқы мәжіліс дүйсенбіде болды. Айыптылар орындығында қолында Аустрияның төлқұжаты бар, бұрынғы советтік республикалардың бірінен шыққан адам отыр. Аустрия баспасөзі оны Ильдар А. деп атаған.

«Республика» ақпараттық сайты сот жайындағы хабарламасында – Ильдар Ахметсафин деп бұл адамның толық аты-жөнін атайды.

Сот ісінде негізінен екі адамның, президенттің бұрынғы туысы, Аустриядағы бұрынғы елші Рахат Әлиев пен Қазақстан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаевты ұрламақ болған оқиғаға назар аударылып отыр.

Сотталушы тікелей соңғы адамды ұрлауды ұйымдастырғаны үшін айыпталуда.

«Остеррайх» газеті хабарлағанындай, Ильдар А. сот процесінің басында өз кінәсін мойындамаған. Ол «ешқандай кісі ұрлау оқиғасы болған жоқ, бұның барлығы әдейі жасалған» деп мәлімдеген.

«Остеррайх» газетінің хабарлауынша, Ильдар А.-ның Мұсаев пен Әлиевтің Венадағы мекен-жайларын білмекке әрекеттенгендігі Аустрияның тергеу орындарына белгілі болған.

Бұл үшін ол Аустрия соцпартиясының бұрынғы функционері Антон Гаал кеңес берген тыңшыны жалдаған.

Бұдан бөлек, осы мақсат үшін сотталушы жергілікті полицейді тартқан. Ильдар А.-ның осы байланыстарының барлығын соттың тергеуіне тура келеді.

Айтпақшы, бұл істі алқа билер сотының қарайтындығы күтпеген жаңалық болды.

Журналист Флориан Лемс «Остеррайх» газетінде сот отырысының кейбір детальдарын былай деп сипаттайды: «Сонымен, қазақ тыңшысының түр-сипаты қалай? Жасы келіп қалған кісі сот залына сенімсіздеу кірді. Сирек шашты, сұр пенжак киген адам, қолында дәптері бар. Ильдар А. ойын жинақтауға тырысады.

Оған ең қиын тиіп тұрғаны – ол бір жылдан бері қамауда отыр. Шетін саяси істер жөніндегі маман, прокурор Ганс-Петер Кронаветтердің тағып отырған айыбы бойынша, 61 жасар, төрт баласы бар күдікті жиырма жылға түрмеге кесілуі мүмкін. Оны өзге елдің пайдасы үшін сатқындық жасады деп айыптауда».

Аустрияның тағы бір газеті «Кронен» де алғашқы сот отырысын сипаттап кеткен. Ол кезде айыптаушы тергеу даярлаған кестелерді, фотосуреттер мен сұлбаларды пайдалана отырып, алқа билерді іспен таныстырған.

Прокурор да тергеудегі Ильдар А.-ның тіркелген телефон әңгімелерін көрсеткен. Құжаттарға сәйкес, Ильдар А. кісі ұрлаушылармен 500 реттен аса сөйлескен.

Ильдар А.-ның қазақ тыңшыларының бір тобына өз тұрғын-жайын бергендігі жайындағы мәлімет те тергеуде бар.

Газеттің жазуынша, 7 қазанда өтетін келесі отырыста сотталушымен талай мәрте байланыста болған, жоғарыда аты аталған социалист, партия функционері Антон Гаал да сотта куәлік беруге мәжбүр болады.

Тергеудің қолында Антон Гаал мен Ильдар А.-ның кем дегенде 95 рет телефон арқылы сөйлескендігі жайында деректер бар.

Тап сол кезде, аустриялық тағы бір басылым – «Курьер» газеті мына бір жайды келтіреді. Тергеу деректеріне сәйкес, Ильдар А. көп тыңшының бірі ғана. Олардың мақсаты, Рахат Әлиев пен оған жақын адамдарды іздеп тауып, ұрлап, Қазақстанға жіберу болған.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Әлім Қайдан: Сапақ
02.10.2009 10:35
+0 / -0
Меніңше, Австрияның соты Қазақстанның сотынан асып бара жатқандығы шамалы секілді. Істеген істерінің бәрі сұрқиялық, адам қанын мойныныа жүктеген Рахатты демократ қылып шығару не саяси құйтырқы ойын не Қазақстанның жағдайын мүлдем білмеушілік. Бұл екі жағдай да Австрияға абырой әпермейді. Жалпы, мен осы Австрия деген елді суқаным сүймейді. Баяғыда бір соғысты деп анау туыс Түркия елін Евродаққа өткізбей қасарысып отыруы да оның басшыларының арам ойынан хабар береді. Түркі жұртына жаулық танытататын мұндай елден әділдік күтуге болмайды.

Кімнен: Даур Қайдан: алматы
02.10.2009 16:45
+0 / -0
мен толык колдаймын Штирлиц казак онда куман жок!