Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:51

Ресейдегі нәсілшілдер адам өлтіруін азайтқанымен, мемлекеттік мекемелерге шабуылдауын үдетті

«Сова» ақпараттық-талдау орталығы 2009 жылдың қорытындысы бойынша Ресейдегі радикалды ұлтшылдық туралы зерттеу даярлады. Нәсілшілдік себеппен кісі өлтірудің азайғандығына қарамастан, зорлық-зомбылықтың қанат жаюы қауіп тудырып тұр.

Мәтін көлемі - +
НӘСІЛШІЛДІК ҚАРҚЫНЫ

Ультра оңшыл қозғалыстардың даму үрдісін және олардың белсенділігін азайту мақсатында мемлекет қабылдаған шараларды талдай отырып, «Сова» ақпараттық-талдау орталығы мұндай зерттеулерді жылда жүргізеді.

Баяндаманың тұсаукесері қаңтар айының соңында Мәскеудегі Тәуелсіз баспасөз-орталығында, кезекші милиционерлердің  қатысуымен өтті.  Өйткені, әртүрлі ұлтшыл топтардың өкілдері бұған дейін «Сова» орталығының жауапты қызметкерлеріне бірнеше рет қоқан-лоққы жасаған болатын.

"Русский марш" шеруіне қатысқан ұлтшыл қозғалыстың белсенділері, 4 қараша 2009 жыл
2009 жылғы зерттеулердің басты қорытындысының оң да, теріс те қырлары бар. 2008 жылмен салыстырғандағы ең елеулі айырмашылығы, нәсілшілдік негізде кісі өлтіру мен шабуылдау саны бір жарым есеге азайған.

Орталық талдаушылары бұл оң үрдісті ең алдымен құқыққорғау органдарының белсенді әрекет еткендігімен түсіндіреді. Мәскеу бұрынғысынша зорлық-зомбылық орталығы болып қалып отыр. Одан кейінгі қатарда бұрынғыдай Санкт-Петербург, Нижний Новгород және Екатеринбург келеді.

2009 жылы Мәскеуде зорлық-зомбылықпен айналысқандардың негізгі топтары тұтқындалды. Атап айтқанда, олардың ішінде тұрақты түрде шабуыл жасап, бірнеше рет кісі өлтіргені тіркелген Артур Реноның тобы бар. Мәскеу топтарындағы нәсілшілдік әрекеттің тоқтатылуы, шабуылдауға қатысты бүкіл Ресей бойынша статистикалық көрсеткіштің түзелуіне алып келді.

Алайда, баяндама ауторлары байқағанындай, бәрібір құлашын кеңге жайған зорлық-зомбылықтың қаупі күшті болып отыр. Зерттеуде көрсетілгендей, өткен жылы ұлтаралық қатынас себебімен 400-дей шабуыл орын алып,  70 -ке жуық адам фашистік әрекет жасаушы топтардың құрбаны болған.

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ ШАБУЫЛДАЙ БАСТАДЫ

Сонымен бірге, 2009 жыл ресейлік ультраоңшылдар бағытында жаңа бір бетбұрыстың байқалғанымен ерекшеленеді.  «Сова» талдау орталығы фашистік әрекет жасаушы топтардың енді славян еместер мен бұратаналарды жазалауға қанағаттанбай отырғанына назар аударады. Террор бірте-бірте мемлекетке қарсы сипат алып барады.
.
Ұлтшыл ұйымдар мен қозғалыстар "Русский марш" шеруін өткізіп жатыр. Мәскеу 4 қараша 2009 жыл
2009 жылы «Сова» ақпараттық-талдау орталығының өзі ғана, оның ішінде милиция бөлімшесін, әскери комиссариаттарды өртеу, тіпті мемлекеттік мекемелерді жару оқиғалары бар, кем дегенде осындай 20-ға жуық шараны құжатқа түсірді.

«Сова» орталығы директорының орынбасары Галина Кожевникова, неонацистік топтардың елдегі өмірді тұрақсыздандырудағы басты мақсаты, аласапыранда билікке келіп, өздерінің нәсілшіл режимін орнату болып табылатынын айтады,

Сарапшылар барынша дамыған ресейлік ұлтшыл құрылымдардың қатарына ең алдымен «Русский образ» және «Заңсыз иммиграцияға қарсы қозғалыс» топтарын жатқызады.

Және зерттеу ауторлары, олардың ұрандарына ұлтшылдармен ашықтан-ашық жұмыс жасайтын кремльдік жастар ұйымдарының көптеген мүшелерінің құрметпен қарайтынына назар аударады.
.
«Сова» орталығы басшыларының бірі Александр Верховский Ресейдегі өмір шындығының тағы бір мәселесін көтереді. Яғни, елдің қылмыстық құқығында халықаралық нормаларға сай келетін нәсілдік кемсітушілік деген анықтама мүлдем жоқ.

Дұрыс құқықтық әрекеттің не себепті жүзеге асырылмайтындығының, не себепті орын алған қылмыстардың қажетті есебінің жүргізілмейтіндігінің, ал соттардың көп жағдайда оларды ұлтаралық жеккөрушілік негізінде жасалған қылмыс деп белгілемейтіндігінің бұл да бір себебі.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
04.02.2010 12:44
+0 / -0
Құл болғысы келмеген халықтың әрекеті бұл. Орыс болашағына, орыс баласына мұның берері мол. Әттең! Біздің қазақта осындай рухтың болмағанда тамшысы бұйрғанда ғой... Ешкімді қуып шықпасада өз болмысымыз орнында қалар еді...
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ қызы Қайдан: Ақтаудан
04.02.2010 17:34
+0 / -0
Қас Жолымбет, бұл расист-жауыздарды патриотизммен шатастырмаңыз.
Қазақтар ондай болмағанына мың-да бір рахмет деңіз аллаға. Ол қазақтардың рухани жағынан олардан бийік екенін көрсетеді.
Негізі расизм дегеннің өзі монголоид расасына тән құбылыс емес. Онымен европеоид расасының адамдары "ауырады", ал ондай жәйт олардың рухани дүниесі, адамгершілік жағынан, ішкі дүниесінің төмен екенін айғақтайды. Нацизм-патриотизмге жатпайды, соны түсінгеніңіз жөн.

Кімнен: Нұржол Қайдан: Астана қаласы
04.02.2010 13:57
+0 / -0
Заң бойынша бұлар қатаң жазалануы тиіс, бірақ заңдары бұларға ештеңе де істемейді. Біздің Астанадан барған озат, жазықсыз баламызды күні кеше ғана бұлар жас жанын қиып түсірді емес пе? Бұндай сорақылықтар жетерлік. Бірақ ол істі терең қазбалаған да жоқ, жабулы қазан жабулы күйінде кетті... БАҚ та басында дабыл қаққанымен, соңында олар да жым болды.

Біздің елде қазақ болғаныңмен қоса, өз еліңде өзіңді біреу кемсіте тұра, сен оған сол қылығына сай әрекет жасасаң, заң бойынша "ұлтшыл" типтес статьяға баланысты кетесің. Содан барып, орысың былай тұрсын, бұралқы құл болып келген, жеті рет қайнатсаң да сорпасы қазаққа татымайтын бұралқылардың құтыруы.

Әр нәрсенің орны бар, тек мына скинхедтерге ырзамын. Олардың үкіметіне де ырзамын. Лайым, біздің қазақ ұлтшылдары мен үкіметі бұлардан үлгі АЛМАСЫН!!! Әйтпесе былықтырып алары сөзсіз. Себебі, біздің жау ішімізден шығады. Бұндй жағдайда, жапа шегетін және қазақ.

Кімнен: эмигрант Қайдан: ресей
04.02.2010 14:05
+0 / -0
Ресейдің бір ұлтшылы сенің жағаңнан алып бұдан былай тыныш жүр, әйтпесе ертін үйіңе барып кырып кетеміз десе ешнәрсе дей алмай жым бола қаласың. Ал біздің толераннтты қазақстанда байқағаным онда рахат. Свалка нородов кәдімгі. Казакша білдің не білмедің не бәрібір. Тіл білмегеніңнен еш зардап шекпейсің. Келгеннің бәрі табатын ақшасын тауып, бірнәрсе десе диаспоралырының орталыңына барып шағымданып, ұатырып тұрып прессаға қазақтарды национал-патриот деп жамандап интервью береді. 4 млн орыс халқы, " млн өзбектер, 7-8 млн қазақ халқы дегенімізбен түкке әсеріміз жоқ соны байқадым

Кімнен: Ерсін Қайдан: Қазақия
04.02.2010 14:38
+0 / -0
Қырғыздар осыны айтып неге шуламайды? Қазақ мемлекетінен оларға жасап жатқаны қонағын куткенмен бірдей

Кімнен: Жергілікті тұрғын Қайдан: Алматы
04.02.2010 16:02
+0 / -0
Қырғызы бар, басқасы бар елдегі босқындарды қуатын кез қашан келер екен, бірақ оларды босқын деп айту қиын, себебі бізге келіп өз жағдайларын жақсартуда, ал егер сен соларға жағдайынды түзету мақсатын барып көрші, не қылар екен, ақша таппақ түгілі жалаң аяқ жалаң бас ит қылып қусын.

Кімнен: Қазақ қызы Қайдан: Ақтау
04.02.2010 17:49
+0 / -0
Негізі, Ресей тек орыстардың жері емес, ол ФЕДЕРАЦИЯ. Ол: құрамында өзге, славянға жатпайтын, өз жерлерімен қосыла отырған халықтардың, автономдық республикалардың бар дегені. Сол үшін расизм, нацизм деген РФ-да болуға хақы жоқ деген сөз. Барлық азиат ұлттарды (татар, қалмық, башқорт, хакас, ноғай, чукча, эвенктар, алтай елдері, тағы да басқа), түгелдей Кавказ елдерін (кабардин, балкар, осетин, даргин, чечен, тағы-да көп басқа) территориялары үшін құрамына қосып алған елдерді өз құрамынан шығарып тастасын, теқ қана кішкентай орыстардың өз жерлерімен өздері тек таза орыстар болып қалсын-да, содан кейін "русские... все для русских" деп расизм, нацизмын жүргізсін де жатсын.
Негізі, бұл расизмды-да, нацизмды-да түгел орыстар іштей қолдайды, үкіметіде, басқа органдары-да, барлығы қолдайды. Қолдамаса, бір күнде-ақ барлығын жоюға қолынан келеді олардың. Ондай құбылыстың көп-ұлтты ФЕДЕРАЦИЯДА болуға хақы жоқ.

Кімнен: медгат
04.02.2010 18:40
+0 / -0
Қас жолымбетке: азиаттардың басын кесіп, нәсілшілік дертіне ұрынған халықты "мықты" деп атауға бола ма? сонымен мақтауға бола ма? қазақ қызы дұрыс айтады, біз "адамның бәрі - бауырың" деген принцип бойынша өмір сүретін халықпыз және соның арқасында осы уақытқа дейін аман келеміз. ұлтшылдық ол басқа ұлттың бәрін қырып-жою емес, ұлтты сақтап қалуға кішігірім болса үлес қосуда көрініс табады. Мемлекетті бір адам құрмайды, ол елдік сананың нәтижесі

Кімнен: bokky Қайдан: hetay-pekyn
05.02.2010 05:55
+0 / -0
бұндай қимыл неге керек дешы, ертең-ақ қытайға толар қир шығысқа керек,ертең-ақ өзімен бой теңестіріп,тең тұрғыда сойлесетын кешегы құлдарына <жоқ, мені үш кессеңде кесерткілік кұшім бар> деген қоқан-лоқы үшын керек және өз ішіндегы қалғып кеткендерды ойатыға қажет, бір ыңғай жоғары котерылген қолдары да соны айтып тұрмай ма ?!
Гитілерлік идейя орыстарға қажет болсада,оның қылғаның орыстар қыла алмайды. орыстың шегера сізығы ішінде қаншама тауелсіздікты армандаған елдер отыр,өз жұртының иелігіне өтуды тосып қаншама жерлер жатыр бабаларымыздың,қир шығыста қытай мен жапон. соның бәрі орыстың ідірауын,өз ішінен іруын тілеп отыр, мен де тілеймын, кезек екы тәңір бір, үш жұз басқаға қылған зорлығың енді өзыңе, РЕСЕй ~~~

Кімнен: Қазақ Қайдан: Ақмешіт
05.02.2010 09:45
+0 / -0
Кешегі 37-ші жылдан бастап еліміздің зиялы деген кісілерін саясат арқылы жойып отырған. Бұндай саясат егемендік алғанға дейін жалғасып келді. Енді олар ашық өлтіруге көшті.Бұл топтардың артындағы кісілер ресей думасында және билігінде отыруы мүмкін.Оның біреуі Жириновский болуы әбден мүмкін.