Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:02

РАДИОХАБАРЛАР / Жастар Азаттықта

Қазақстандағы білім сапасын қалай жақсартуға болады?

Жастар Азаттықта бағдарламасында Қазақстандағы білім беретін орындардың олқылықтары мен жетістіктері туралы айтылады. Ал жас айтыскер Рүстем Қайыртайұлы жастарға қатысты өз ой-толғамдарын ортаға салады.

Мәтін көлемі - +

Жуырда білім сапасын саралайтын Қазақстанның тәуелсіз агенттігі елдегі үздік жоғары оқу орындарының тізімін жариялады. Қазақстандағы білім сапасын төмен деп бағалаған кейбір мамандар «бұл үздіктер бәлкім, ең нашарлар арасындағы тәуірлері болар. Бірақ бұл «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» емес» деген пікір айтады.

Әрдайым ішін емес, сыртын жылтыратуға құмарлық, рейтингке әуестік неге апарады? Білім сапасындағы олқылықтарды толтыру үшін не істеу керек? Азаттық радиосы осы сұрақтарға қатысты мамандар мен жастардың пікірлерін білген еді.

Дәстүрлі сұхбат айдарында жас айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлының шығармашылығымен таныстырамыз. Жыр додаларында бәсекелестеріне дес бермеген ақынның арманы не? Жастарды толғандыратын өзекті мәселелерге қатысты ақын қандай ой түйеді?

«Жастар Азаттықта» клубының апталық хабарын мына жерден тыңдай аласыз.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: күлпаш
12.08.2010 14:37
+0 / -0
облыстық білім бөлімінен бастап,төменгі директорлар білікті,ел үшін жаны ашитын,өз пікірі бар,қамқор,қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістерді сезетін,тез шешім таба білетін жан болу керек.Мектептің дұрыс жұмыс жасауы тікелей директорға байланысты.15жылдан астам бір мектепте директор болып отырғандар бар,олардың өздерінің қорғаушылары бар екен."Нұротанға" мүше болып алып,бірақ ештеңе істеметіндері бар,"крыша"-"Нұротан".Директорлар,білім саласын басқарып отырғандар теледидар арқылы тікелей эфирге шығып,тәрбиелік әңгіме айтсын,сонда кімнің кім екені көрінеді

Кімнен: жантас
12.08.2010 16:01
+0 / -0
менімше, билік жүйесін түбегейлі өзгертпей мұндай "ұсақ-түйек" мәселелерді шешуге болмайды
Пікір алмасу

Кімнен: Түңілген
13.08.2010 05:24
+0 / -0
жантас, бірінші анау жоғарыда отырған көндері қатып қалған қаусаған шайтан-шалдардың көзін құрту керек.
Содан соң билік жүйесі өзінен өзі өзгере бермейді ме?
Қазақ екенің әрбір ісіңнен, ойлау жүйеңнен, істеген ісіңнен бақырайып байқалып тұр.
Дені дұрыс адам істің қай шетінен бастауды білу керек қой.
Абай: "Кімнің кім екенін істі қалай бастағанынан-ақ білуге болады" деген.
Сендер тірі жүргенде біз ешнәрсені де өзгерте алмайтын шығармыз.

Кімнен: Үміт
23.08.2010 17:29
+0 / -0
Мектептен бұрын балабақшада балаларымыз қандай тәрбие алып жатыр соны жан жақты саралап зерттеп көрсеңіз ешқандай тәрбие жоқ екеніне көзіңіз жетеді Балабақшаның қасынан өтіп бара жатсам 3-4 жастағы30-40 шақты бүлдіршіндерді бала бақша шарбағының ішіне қозылар құсатып жайып жіберіп 3-4 келіншек қыздар қатар отырып әңгіме соғып отыр Балақандар біреуі жерден тас тауып, шөп тауып жеп аузына салып біреулері бірін бірі қуып жүгіріп жүр оларды қарап ойын ұйымдастырып ертегі оқып тәрбиелеп жатқан тәрбиешілер жоқ бала бақшадағы тәрбиенің түрі көпшілігінде осындай