Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:02

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Діндар жастар ғылым-білімді шариғатпен қабыстыра игеруді қалайды

Дінге бет бұрған ақтөбелік кейбір студент жастардың дүниетанымдық көзқарастары оқытушылармен арада қайшылықтың туындауына себеп болып отыр. Оқытушылар болса шәкірттері университеттің ішкі ережесіне бағыну керек деп санайды.

Мәтін көлемі - +
Баян СӘРСЕМБИНА
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни уағыз, насихат бөлімінің меңгерушісі, исламға қатысты бірнеше кітаптың авторы, теолог Қайрат Жолдыбайұлы Ақтөбеде үш күн бойы белсенді жұмыс істеді. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде, қаладағы «Нұрдәулет» және «Нұр ғасыр» мешітінде бірнеше рет жамағатпен кездесіп, ислам дініне қатысты дәріс өткізді. Діни басқарма мүшелерінің облыстарды аралап, жұртшылықпен ашық пікірлесуі сирек кездесетін жағдай.

Кездесу басталған бойы студенттер көп мәселелерде университет жүйесімен қайшылықтар туындап, келіспеушіліктер болып жатқанын ашықтан ашық білдірді. Мәселен, кейбір пәндер ислам қағидаларына қайшы дейді жастар. Университетке оқуға түскен соң исламды қабылдаған студенттер «мамандық таңдауда адасушылыққа ұрынғандықтарын», таңдаған мамандықтарына басқаша көзбен қарап, «сурет салу, кескіндеу, мүсін жасау өнерін харамға жатқызғандарын» жасырмады.

Дегенмен, студенттер мен университет оқытушылары арасындағы басты қайшылық – дүниетанымдық көзқарастарында. Университет басшылығы оқу ережесін бұзбау қажет деп санайды. Жастар исламға мойын бұрған студенттерді дәріс кезінде ұстаздар намазға жібермей, «оқу процесін бұзба!» деп ұрсатынын айтып, наразылықтарын білдірді.

Мұндай жағдайда студенттер оқытушыларының ескертулеріне құлақ салмастан сыртқа шығып кетеді, не аудиторияда намаз оқуларын жалғастырады екен.

Сондай-ақ, «атеист-оқытушылар исламға қарсы сөздер айтады», - деп шағымданды студенттер Қайрат Жолдыбайға.

Солдан оңға: теолог Қайрат Жолдыбайұлы, Ақтөбедегі "Нұр-ғасыр" орталық мешітінің имамы Бауыржан Есмағай, Ақтөбе қалалық мешітінің имамы Талғат Қожамұратов. Ақтөбе, 27 ақпан 2009 ж.
Осы жағдайлар Ақтөбедегі ЖОО студенттері мен оқытушыларының арасындағы кикілжіңді күшейтуде. Қайрат Жолдыбай: «біз ислами мемлекет емес, зайырлы мемлекет құру жолындамыз. Сондықтан да университеттің ішкі ережесін сақтаған абзал» деді. Бұл жерде өзіндік пікірлері қалыптасқан жастарға Діни басқарманың ресми өкілінің сөзі қалай әсер еткені де белгісіз. Себебі, көпшілік жастар «анау харам, мынау ширк» деп тұрып алды.

Студенттерді бастап келген Ақтөбе педагогикалық институтының кураторы да осындай дәрістерді жиірек өткізу керек деп ұсыныс айтты. «Қазіргі кезде ислам қағидаларына қатысты сауатты дәріс тыңдау да қиындап барады. Ғылым мен мұсылманшылдық жолдарының қабысуы жөнінде осы жерде айтылғандар өзекті» дейді оқытушы.

Сөздерінің басын «Ахи!» деп бастаған студенттерге Қайрат Жолдыбайұлы қарсы сын айтты.

– Өз ұлтымыздың «бауырым» деген тамаша сөзі тұрғанда, «Ахилаудың» қажеті қанша? – деді ол.

Жастар болса, «коммунистік тәрбие алған» оқытушылардың сөздерін қабылдамайтындықтарын ашықтан-ашық білдіріп жатты. Жиналғандардың дені мектеп мұғалімі мамандығын игеріп жатқан жастар.

Ақтөбе облысының Мұғалжар, Темір, Шалқар аудандарында 1990 жылдан бастап мешіттер көптеп ашыла бастады. Бүгінде мұнайлы аудандардың әр ауылында екі-үштен мешіттер бар. Соңғы жылдан бері вахталық әдіспен жұмыс істеп жатқан мұнайшылар жұмыс берушілерге намаз оқуға лайықты орын салып, «халал» тамақ дайындасын деген талап қоя бастады.

Қалай болғанда да ҚМДБ өкілдері облыстарға ат басын тірей бастады. Себебі, дін тек құр уағыз емес, адамдар арасындағы қарым-қатынас тәсіліне айналып барады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Abai Қайдан: elimdemin
03.03.2009 09:07
+0 / -0
Ote jahsi Allah tilekterine jetkizsin musilmandardin sain kobeie bersin

Кімнен: Маржан Қайдан: Қазақстан
03.03.2009 11:02
+0 / -0
"Ел болам десең - бесігіңді түзе" дейді қазақ. Кішкентайынан қазақтың салт-дәстүрімен сусындап, ертегі мен дастандарын оқып өскен жастар кейін діннің де тек пайдалысын алады. Ал бізде мектепке дейінгі үй тәрбиесі де, балабақша тәрбиесі де, мектеп тәрбиесі де нашар. Рухни жұтаңдық, халық педагогикасының жойылуы, мұғалімдердің азуы, ата-ананың балаға салғырт қарауы... Осының салдарынан жоғары оқу орнына келген жастар кімге ерерін білмей, кімді тыңдарын білмей, адасады. Діннің ең қажеттісін ала алмайды, өйткені оларға тәлім бермек болған "діншілдердің" өздері көбіне сауатсыз. Исламды уағыздаудан бұрын теология ғылымын тереңірек зерттеу қажеттігін ойлайтын адам да жоқ. Бір кездері мектептерде ұлттық дүниетаным атты қосымша сабақ қосылып еді, қудалап жүріп оны да құрттық.
Санасы уланып бара жатқан жастарды құтқаруымыз қажет. "Алланың өзі де, сөзі де рас" деген Ұлы Абайдың сөздері арқылы тәрбие беру қажет. Ал жоғары оқу орындарының мұғалімдері тек еңбекақыы ғана ойламай, дінді зерттеп, үйреніп, студенттерге дұрыс бағдар беретін адам болса жақсы болар еді. Мұғалім тек сабақты ғана ойламай, жан-жақты болғаны абзал. Әйтпесе, біреудің қаңсығын таңсық етіп, мода қуып, еліктеуден пайда таба алмаймыз. Қанша жыл Батысшыл болғанда шыққан мүйізіміз қайсы? Енді арабшыл не пәкістаншыл болғанда не ұтамыз? Қазақ қазақ болып қалуы тиіс. Ал мұсылман болам десең, ең алдымен тарихты оқу керек. Өзбек ханнан бері еліміздің салтымен астасқан, бейімделген дін дәрісін оқып, өзіміздің таза иманымыз бен ақ жүрегімізді сақтайық.

Кімнен: Максут Қайдан: Маскеу
03.03.2009 13:18
+0 / -0
Аллаху акбар! Иманды казах жастары кобейе берсин.

Кімнен: Musilman Қайдан: Jer
03.03.2009 17:27
+0 / -0
Masha'Allah. Bukil maktau-madak Allaga. Aktobelik studentter jaraisindar. Jaksilikti jastardan koresinder ali. Ulkender ketti osimenen. Olar bizge eshnarse uirete almaidi. Oitkeni ozderin de jok, iman. Kommunizmnin kamitinan shikandardi kinalai almaimiz. Birak Allahti tanimai kashanga dein jurer ekenbiz. Allah xalkimizdi tura jolga salsin. Amin.

Кімнен: qwerty Қайдан: almaty
03.03.2009 18:50
+0 / -0
батыс аймакта д1нге бер1лгендер аса кобей1п келе жатканы кызык урд1с..
"олар б1зд1 тус1нбейд1, б1зд1 томендетед1" - деп байбалам салганына караймын да, осылар нагыз исламнын бейб1т ом1р суруге шакыратын кагидаларын неге устанбайды екен? - деген сурак туындайды...

Кімнен: Бекзат Керімқұлов Қайдан: Алматы
03.03.2009 19:35
+0 / -0
Шынында оздерін жаратушыга лайык іс жасап журміз деп санайтын жастары болсын,улкені болсын,Казактын создерін бурмалап,араптык созге ынгайландырып алды.Оган мысал суннетті,суннат,парызды,фарыз,ауминді,амин деп,одан кала берсе, бауырымды,ахи деп сойлейтін болды.Сол арапка еліктеушілер біле білсе батыска еліктеп,сонын мадениетін,турмыс салтын уйренгеннен,араптын діні мен салты,дастуріне еліктеу анагурлым кауіпті.Ал мугалімдер сабак устінде намазга жібермесе,олардікі студентті сабак біткенше сабакка катыстыру.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.03.2009 23:54
+0 / -0
Фанатизм жарга жыгады.

Кімнен: Nazir Қайдан: Almaty
05.03.2009 09:45
+0 / -0
Менің ойымша мұғалімдер өздері не біледі тукте білмійді
Өздері өз ата аналарын ұстағандарларын ісламы қайда, без уақыт намазы қайда немесе Алла тұралы бірнәрсені біле ме

Кімнен: Адай Қайдан: Ақтау
05.03.2009 12:09
+0 / -0
Дін мәселесінде фанатизмге жол беруге болмайды. Жастардың ислам жолында жүргендерінің нобайы фанаттар болып кеткен, намаз оқып, ораза ұстамайтындарды өздеріне жау санайды деуге болады.Олармен сөйлеспейді, қарым-қатынас жасамайды, өздері оқшауланып жүреді. Бұл өте қауіпті құбылыс. Жандарына жолап кетсең, "намаз оқу керек, ораза ұстау керек, бәрі харам, барлығы азған, т.с.с." сөздер айта бастайды. Бұлар қоғамды ілгері жылжытады деп айта алмаймын. Исламның әр-түрлі бағыттарында жүргендер бір-бірін мойындамайды, тіпті бір-бірін жау санайды. Осыларды көріп отырып, намазды да, басқасында жөніне қойып, тек "ия Алла" деп өз бетіңмен, ешкімге зорлық, қиянат жасамай, ақ жүріп, адал тұрған 10, тіпті 100, 1000 есе артық па деп ойлайсың. Әйтеуір ешкімгі зияның тимейді ғой.

Кімнен: Болат Қайдан: Ақтөбе
05.03.2009 15:28
+0 / -0
Дінге табынған дүлейлікті ауыздықтайтын уақыт жетті деп ойлаймын.Діней фанаттардың ауру псхалогиясынан балаларымызды аулақ ұстауды ата-аналар ғана емес,ЖОО басшылары мен оқытушылары да ойластыруы керек.Ауғаныстан,Араб елдері секілді ғылым-білімнен мешеу,дамыған елдердің мойнындағы паразит елдер біздің болашағымыз емес.

Кімнен: Ақиқатты қолдаушы Қайдан: Алматы
09.03.2009 03:44
+0 / -0
Өтерахымды Әрі Мейрімді Жалатушы Иемнің(Аллаһтың) Атымен!
Біз дінді дұрыс түсінуіміз керкек! Әр пенде бұл дүникеге сынақ ретінде келген!
Ал ұлы Аллахтың жолымен жүргндеғана дұрыс жолға бара аламыз! Шәриғатта білім алу үшін Қытайғада барып білім алуға болады деп айтқан!(Ол ел басқа діндегілер болтұра) Ғылым егеннің түп тамыры Қасиетті кітәбіміз Құран Кәрімде Жатыр! Мекткептен бастап дін туралы сабақтарды енгізсек, фанатизм мен ғылымды ажыратып алуымызға үлкен септігін тигізер еді!Бірақ кәзір елімізде өзге дін ағымдары көбейіп кетті, біз соларға шектеу қойуымыз керк! Ислам дініне мелекетік дін ретінде мәртебе беру керек!Әйтпегенде,Бөтен ағымдар біздің ұрпағымыздың сана сезімін жаулап, оларлы дұрыс жолдан тайдырады! Біз нақтылы іс әрккетіміз арқылы ұлытымыздыың бүгінгі сана сезімін ойатуымыз керек! Ең алдымен дін, екінші рет ана тіліміз, сонан кейшн барып ғылым! Біз ғылымды Орысты тілімен зерттесек, одан не пайда? біздің тілімізде еш қандай жасампаздық болмағаны ма? Қазақстандағы ғылым саласына ең алдымен Қазақшаладастыру керек! өйткені Қазақа тке Мал бағу мен егін салуды маңдайына жазбаған! Қазақ тілі АУЫЛДЫҢ ғана тілі емес ҚАЛАНЫҢ да тілі болу керк!
Барлық салада жаңа атаулар мен жаңа сөздер термиіндерді жасау керек! жасапқана қоймай істету керек!Жалыпы біздің тілге жасампаздық қажет! біз өз ана тілімізбен Ата дінімізді келесі ұрпақтарымызға жалғастыруымыз керк!

Кімнен: тобыкты Қайдан: Отан
16.03.2009 00:24
+0 / -0
Жастар даурыкпаыкшы. Ия Алла бар ол рас. кандай атеист болса да бассына ис тускенде Алладан пана издейт1н1 созсиз. тек биз динди жастарга калай уйретемйз, сол жон1нде коп ойлану керек. Биздин дини сауатымыз бар ма? биреулер мазарларды жанартпа десе, екиншилер басына барып туне дейд1, биреу жаназаны турып окыса, ендигилер отырып окиды сол сиякты карама-кайшыдлык дини адамдар арасында да коп кездесед1. Жастарымызды тузетемиз деп одан сайын куна батырып алмауды да ойлау керек кой. Б3здин елде миссионерлер оте коп. Солардын косеу1 болмасак екен. осы жа5ынан ойландындар ма - дин жолынжа журген жастар?
Заман тынысы!
Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка!
Жүктеген адам: Жанашыр
7 мамыр 2012 жыл

Заман тынысы! Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка! Жүктеген адам: Жанашыр 7 мамыр 2012 жыл