Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:14

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

Шетелдік донорлар Қырғызстанға бір миллиард доллардан аса көмек бермекші

Қырғызстанға шұғыл түрде көмек қолын созған донорлар жиынына әлемнің жиырмадан астам мемлекеті мен он бес халықаралық ұйымның өкілдері қатысты. Қаржылық көмектің 600 миллионын шұғыл түрде осы жылдың соңына дейін, ал қалған бөлігін алдағы екі жарым жылдың ішінде береміз деп уағдаласты донорлар.

Қырғыз президенті Роза Отунбаева. Бішкек, 16 шілде 2010 жыл
x
Қырғыз президенті Роза Отунбаева. Бішкек, 16 шілде 2010 жыл
Мәтін көлемі - +

ЖЫЛУ СҰРАУШЫНЫҢ СӨЗІ

Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген президент Роза Отунбаева елдің саяси-экономикалық ахуалына тоқталып, Ош, Жалал-Абад қалаларын қалпына келтіру үшін ірі көлемдегі қаржының қажет екенін атап өтті.

Қырғыз президенті халықаралық конференцияға қатысушылар алдында елдегі жағдайдың біршама тұрақтала бастағанын, ұлттар ынтымағын жарастыру үшін билік тарапынан тиісті шаралардың жасалып жатқанын да айтып өткен.
Қырғыз президенті Роза Отунбаева донорлар конференциясында сөйлеп отыр. Бішкек, 27шілде 2010 жыл

Роза Отунбаева жаңа үкімет алдында саяси бірліктің негізін түзіп, ой мен пікірді еркін білдірудің алғы шарттарын жасау, билікті бір отбасының немесе шағын топтың меншіктеп алуына жол бермеу, Орта Азияда алғашқы болып, Жоғарғы кеңеске (парламентке) көп партиялық сайлауды ашық та, әділ өткізу міндеттері тұрғанына жан-жақты тоқталды.

Маусым айындағы Ош пен Жалал-Абад аймағындағы қанды оқиғалардан кейін елдің тіршілігін қалпына келтіріп, өртеніп-қираған баспаналар мен ғимараттар қайта бой көтеру үшін 350 миллион доллар қаражаттың керек болатыны, мұның сыртында оңтүстіктің экономикасын көтеруге 100 милиондай доллар жұмсалатыны сөз болды.

ЖӘРДЕМ АҚША ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ?

Донорлар коференциясында БҰҰ-ның Қырғызстандағы «Гуманитарлық шақыру» бағдарламасының үйлестірушісі Нил Волкер маусымдағы топалаңда қырғыз елінің оңтүстігінен 375 мың адам қашып шығуға мәжбүр болғанын, тағы да 75 мыңдай тұрғынның мәжбүрлі қоныс аудару жағдайында тұрғанын тілге тиек етті. Қырғыздың оңтүстігінде азық-түлік тапшылығы орын алуы мүмкін, қауіпсіздік жағдайы да алаңдатады дейді Нил Волкер.

БҰҰ-ның өкілі халықаралық донор ұйымдарды Қырғызстанның оңтүстігіне қаржылық қолдауды мүмкіндігінше жылдамырақ көрсетуге, баспанасыз қалған тұрғындарға күздің салқыны мен қыстың суығы түспей тұрып, үй-жай тұрғызып беруге шақырды.
Халықаралық донорлар конференциясынан көрініс. Бішкек, 27 шілде 2010 жыл

Қырғызстанның қаржы министрі Чоробек Имашев маусымдағы этникалық өзбектер мен жергілікті қырғыздар арасында болған қақтығыстан зардап шеккен өлкенің инфрақұрылымын, азық-түлік және энергетикалық күш-қуат қауіпсіздігін толық қалпына келтіру үшін барлығы 1 миллиард доллардан астам қаржы керек боларын алға тартты.

Министр мұндай сома оңтүстік аймақты қалпына келтіріп, Қамбар –ата ГЭС-ін құруға, Датка-Кемин электр желісін тартуға жұмсалады дейді.

Қаржы министрі алдын-ала жасалған экономикалық болжам бойынша жыл соңына дейін елдің ішкі өнім көлемі 5,4 пайызға қысқарып, бюджет тапшылығы 619 миллион долларға жетеді, ал Қырғызстан екі жылдың ішінде 145 миллион сыртқы қарызын өтеуі тиістігіне назар аударды.

ОТУНБАЕВА БИЕ СҰРАП, ТҮЙЕ АЛДЫ

БҰҰ-ның аймақтық бюросының директоры Кори Удовички Қырғызстан экономикасына қажет делініп отырған 1 миллиард доллардың жұмсалуы тиісті басшылар тарабынан ашықтық, әділдік жағдайында дұрыс есептеліп, нақты мұқтаж салаға бағытталарына сенім артып, әлемдік қауымдастық Қырғызстанды қиындықта қалдырмай, қолдауы мен көмегін береріне үміт білдірді.

Сонымен конференция барысында халықаралық донорлардың Қырғызстанға 1 миллиард 100 миллион доллар жәрдем беретіні анық болды. Сейсенбі күні кешке қарай Бішкекте аяқталған халықаралық донорлар коференциясында осындай шешім қабылданды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Әбдірашит Бәкірұлы
28.07.2010 12:46
+0 / -0
Роза Отынбаева "Жылу сұрады" деген сарказмге келіспеймін. Черчиллдің "Мен үшін Ағылшын королдігінің мүддесінен жоғары ештеңе жоқ" деген сөзін еске алыңыздар. Өзінің президенттік мәртебесін, тіптен, әйелдік намысын өз халқының мұратына бағындыра алған Розасына (әйел болса да) қырғыз халқының алғыстан басқа айтары болмауы тиіс деп ойлаймын...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.07.2010 15:18
+0 / -0
Бұл жағдайды шешу жолында, Қазақ елінінде бауырлас елге қол ұшын созды. Және Осы елдеги жағдайдын алдын алуда, негізгі іс-қадамдар жасаудын бастамасы болды.

Кімнен: Нагыз Казак Қайдан: Алматы
28.07.2010 15:42
+0 / -0
Бакиевти билик басынан куалап, тактан тайдырган Орыс Аюымен Казактын Барсы акша туралы сойлескиси келмеген ау шамасы?! Кыргыз халкы Инвестор биткенди атып-асып куалаганда не ойлады екен?! Бай мен байшикештин дукенинен тонап алган дуниелери жумырына жук болмайтынын билмеген болар?! Турлери мен сыкпыттары адам шошырлык оздеринин...Сырттан киргизип халыкка тегин таратылган кару-жаракты кайта сатып алатын акша казирги кыргыз укиметинде жок! демек кару халык колында кала бермек.... келеси президентти ауыстыру кезинде колданамыз деген ойда болуы мумкин.... Азаматтык согыс деген осы да.... 40 жыл бурынгы агайын арасында болган окпени таркатысу ушин де карудын комегине жугинетиндер каншама... теледидардан сойлеген кыргыз шенеуликтери, Ыстыкколге келе бериндер биз бейбит омирге бет бурдык дейди де артынша 500 евро толесендер кастарына кузет коямыз дейди... сандырак... сондыктанда Отынбаевага деген умит ошкен куни бул согыстын кайта басталатыны хак!