Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:15

САЯСАТ

Рахат Әлиев Желтоқсан мәселесіне байланысты Назарбаевты әшкерелемек, бірақ таяқ Қонаевқа тиіп отыр

Осылайша Рахат Әлиев саяси күресін енді Желтоқсан мәселесіне бұрды.

Дінмұхамед Қонаев Қазақстанды 1986 жылдың 16 желтоқсанына дейін ұзақ жылдар басқарды.
x
Дінмұхамед Қонаев Қазақстанды 1986 жылдың 16 желтоқсанына дейін ұзақ жылдар басқарды.
Мәтін көлемі - +
Рахат Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевты тәубесіне келуге шақырады
 
Қазақстанда 1986 жылдың желтоқсан айында болған қайғылы оқиғаға биыл 22 жыл болады. Алайда, Желтоқсан тарихының кей беттері сол «құпия» қалпында қалып отыр. Кенеттен Желтоқсанның құпиясын ашуды Рахат Әлиев қолына алды.

Осы 22 жыл ішінде Желтоқсан туралы көптеген материалдар жарияланды,бірақ олардың көбі аз данамен тарады және желтоқсаншылардың өз қаржыларына шығарылды, сондай-ақ көп оқырманға жеткен де жоқ. Көбісі мұны президент Н.Назарбаев есімімен байланыстырады, яғни, оған өткен жылдардың шындығын ашу тиімсіз екенін тілге тиек етеді.
 
Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы және ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Рахат Әлиев Желтоқсан оқиғасын қайта қарауға шақырады. Таяуда ғана LiveJournal — «Живой журнал» блог-порталына жариялаған материалында ол өзінің Ақорданың маңайындағы құпияларды ашумен, телефон қоңырауларын жариялаумен ғана айналыспай, жалпы-ұлттық мәселелерді көтере алатынын да көрсетіпті.
 
Р.Әлиевтің материалы «1986 жыл. Н.Назарбаевқа: Тәубесіз кешірім жоқ...» деп аталады. Мақаладан Әлиевтің бір кезде журналист Сергей Дуванов көтерген люстрация тақырыбына қайта-қайта оралып отырғанын көреміз. Әлиевтің биліктегі және оппозициядағы қарсыластары саяси қуғынды Рахат Әлиевтің кезінде өзі іске асырып, тәубе туралы әңгіме қылуға қақысы жоқ, дегенді айтады. Егер ол қазақстандық биліктің тазаруын қаласа, өзінен бастағаны жөн — дейді оның қарсыластары.
 
Нұрсұлтан Назарбаев Дінмұхамед Қонаевты айыптайды
 
Қазақстандықтарды 1986 жылдың желтоқсанында Мәскеу неліктен Қазақстаннан Қонаевқа тең келетін адам таппады, неге бірінші басшының орнына сырттан ешкімге белгісіз Геннадий Колбинді шақырды деген сұрақтар толғандырды.
 
Қазақстанның бірінші басшылығына Колбиннің тағайындалуына Назарбаев кезінде Қонаевті кінәлады, — дейді Р.Әлиев Желтоқсан құжаттарының көзін құрту кезінде сақтап қалдым деген деректеріне сүйеніп. Сондай-ақ оның мақаласында Желтоқсан оқиғасына байланысты парламент комиссиясына жазылған Назарбаевтың хаты деген құжат да келтіріледі.
 
«1986 жылғы 17-18 желтоқсанда болған оқиғаға байланысты іс процесінде Д.Қонаевтың рөлі айрықша болды. КПСС Орталық комитеті Саяси бюросына бесінші пленумнан бір ай бұрын ол Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығы қызметінен босату туралы арызын беріп қойғанымен, өзінің ізбасары кім екенін біле тұра ол туралы бюро мүшелеріне айтпаған. Қазір белгілі болғандай, КПСС Орталық комитеті ұйымдастыру бөліміне алғашында жергілікті басшылардың кандидатуралары ұсынылған. Бірақ бұл туралы Қонаевтан сұрағанда ол «басшыны сырттан сіздеу керек, себебі бізде лайықты дайындалған ешкім жоқ» депті».
 
... Қонаев 25 жыл басшылықта болған кезінде бірде бір лайықты ізбасар дайындай алмай, өз беделіне нұқсан келтіретін қадамға неге барды? Ол меніңше, республика үшін ең маңызды кезеңдерде ел басқарса да өзінің жеке басының кеудемсоқтығынан аса алмағандығынан деп ойлаймын.
 
Бірақ Қонаевтың бұл мәселе туралы көзқарасы басқаша. Мынау 1992 жылы жарық көрген «Менің заманым туралы» деген кітабынан үзінділер:
 
«М.Горбачев Үндістаннан оралған соң, келісім бойынша мен Мәскеуге бардым. М.Горбачевқа өзімнің зейнетке шығуыма байланысты өтінішімді тапсырдым.
 
Өтінішімде КПСС Орталық комитетінің маған қырық жылдан астам сенім артқанын, КПСС Орталық комитетінің Саяси бюросының құрамында болғаныма жақында 21 жыл толатынын жаздым. Орталық комитетке ұзақ жылғы қызметімде көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін алғыс білдірдім. Ол менің өтінішімді қабылдап, қолдайтынын білдірді. Сөйтіп мәселені Саяси бюроның қарауына жібермек болды.
Кетерде М.Горбачевтан менің орныма кім хатшы болатынын сұрап едім, ол: бұл мәселені шешуді бізге қалдырыңыз, деді. Мен қоштасып Алматыға қайтып кеттім».
 
Қазақстандықтар Желтоқсан оқиғасынан кейін Г.Колбинді ғана емес, М.Горбачевті де жек көрді. Сондықтан оның өз қателігін ақтау үшін айтылған сөздеріне қазақстандықтар сенімсіздікпен қарады. Бәрібір де қазақстандықтар бұл туралы жылдар өте келе оның не айтқанын білгені жөн.
 
М.Горбачевтің 1995 жылы жарияланған «Өмір және реформалар» атты кітабынан үзінділер келтірелік:
 
«Оның (Қонаевтың) бұлай деуіне сол кездегі Орталық комитет бюросында премьер-министр Н.Назарбаевтың билікқұмарлығынан туындаған жағдай себеп болса керек. Қонаев әрдайым Н.Назарбаевты жақтырмай:

- Ол өте қауіпті адам, оны тоқтату керек дегенді үнемі қайталай беретін.

... Әрине, ізбасарлар туралы әңгіме болмауы мүмкін емес. Бірақ Қонаев болуы мүмкін ізбасарлар ретінде не Камалиденовтің, не Әуелбековтің, соның ішінде әсіресе, Назарбаевтың атын мүлдем атаған емес.

- Михаил Сергеевич, деді ол,- қазір лайықты ешкім жоқ, оның үстіне мұндай жайғдайда бірінші басшыны жергілікті қазақтардан емес, орыстан қойған жөн».
 
Бұл әңгіме 1986 жылдың 5 желтоқсанында болған еді.
 
Дінмұхамед Қонаев пәленің барлығын Колбинге артады
 
Желтоқсан оқиғасынан кейін қазақстандықтарды отандық басшылар арасынан осындай қайғылы күндерде жаны ашымастықпен өзін мансапқор әрі бейімделгіш ретінде көрсеткен кім болды екен және алаңға шыққан жастардың алдына шығып, елдегі болып жатқан жағдайлар туралы айтып беретін бір адамның болмағаны ма деген сұрақтар қатты мазалады.
 
Президент Н.Назарбаев бұл мәселеге өзінің бұрынғы басшысынан қарсыласына айналған Қонаевты кінәлайды. Парламенттің Желтоқсан оқиғасын зерттеу комиссиясына 1990 жылы жолданған Н.Назарбаевтың хаты делінген құжатта былай делінеді:
 
"Көтерілісшілердің алдына шығу туралы ұсыныстан Қонаевтың бас тартқанына Орталық комитеттің бюросы куә. Ол меніңше, өз бастамасымен жастар алдына шығып сөйлесуі керек еді. Сондай-ақ оның жапа шеккен жастардың тағдырына араласуына ешкім де кедергі болған жоқ. Ол басынан-ақ бұл істен өзін өзі шеттетті. Біздің ұсынысымызға Қонаев көтерілісшілермен С.М.Мұқашев немес Н.Назарбаев сөйлессін деп жауап берді де, Колбиннің кабинетінен тездетіп шығып, үйіне кетіп қалды.
 
Сол кезде ол жастардың алаңға өзін қорғау үшін жиналмағанын терең сезінген болса керек деп ойлаймын. Оның үстіне, ызаға булыққан тобырмен не туралы сөйлесетінін де білмегендіктен қорқыныш сезінді".
 
Қонаев көзі тірісінде Н.Назарбаевтың бұл сөздеріне қарсылық білдірген. Ол туралы "Ақиқаттан аттауға болмайды" деген естелік кітабынан үзінді келтірейік:
 
«17 желтоқсан күні таңертеңгі 11 кезінде маған КПК Орталық комитетінің екінші хатшысы С.Мирошхин телефон шалып менің Орталық комитетке келуімді өтінді. «Жайшылық па, мен зейнетті демалыстамын ғой» дегенімде: «Алаңға бір топ жастар жиналып, кешегі Орталық комитет пленумының шешімін түсіндіріп беруімізді сұрайды. Соған сіз түсініктеме берсеңіз, жақсы болар еді», деді.
«Жақсы» дедім де «Колбин келісе ме бұған?» деп сұрадым.

Мирошхин телефон тұтқасын Колбинге берді. Ол менің Орталық комитетке келіп, жастар алдында сөйлеуімді өтінді. Мен келістім. Бірден Орталық комитетке келіп, бірінші хатшыға кірдім. Онда бюро мүшелері толығымен жиналыпты. Олар алаңға жиналғандарға не істеу керектігін ақылдасыпты. Колбин Камалиденов пен Назарбаевқа жастар алдында сөз сөйлеуді ұсынды. Маған ешқандай тапсырма берілген жоқ. Колбиннің алдында екі сағат отырғанымда, менің сөйлеуім туралы әңгіме болған жоқ. Содан соң Колбин Мәскеумен сөйлесетін болды да, Мирошхиннен басқамыз әңгімеге кедергі келтірмес үшін шығып кеттік.
 
Аз уақыттан кейін Колбин бюро мүшелерін қайтадан шақырып алып, маған: «Сіз боссыз, демала беріңіз, біз өзіміз шара қолданып, тәртіпке келтіреміз» деді. Кетерде Мирошхиннен сөйлемейтін болғасын не үшін шақыртты деп сұрадым. Ол «ақылдаса келіп, сізге алаңда сөйлеудің керегі жоқ деп шештік» деді. 1987 жылы маусымда Мәскеуде КПСС Орталық комитеті пленумы кезінде Мирошхин маған алаңда сөйлеуге рұқсат болмағаны жөнінде тағы да айтты". 

Осымен Азаттық радиосы Қазақстанның екі мемлекет жетекшісі Н.Назарбаев пен Д.Қонаев арасында сырттай өткен екі раунд пікірталасты аяқтайды. Оқырмандар кімнің сөзі ақиқатқа жақын екенін өздері бағаласын.

Азаттық радиосы Желтоқсан тақырыбын таяуда жалғастыра түседі.
 



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: sunghar Қайдан: Tekeli
18.10.2008 10:40
+0 / -0
Димекеңнің өз ізбасары жөнінде ссср-орталық комитетіне айтқаны шын да шығар.Бірақ зейнетке шыққалы тұрғанда бір қазақты көрсетпеді.Бұл әсіре коммұнистік идеяның мәжібөрлеуінен болар.Қазіргі президентіміздің желтоқсан оқиғасы кезіндігі қандай рол ойнағанын билік ауысқаннан кейін болмаса қазірше ешкім де ашық ортаға шығып айта алмайды.

Кімнен: azat Қайдан: astana
18.10.2008 11:34
+0 / -0
о дунійеліктер енді даүласпаиды,әділін аитыү тірілердің ісі.........

Кімнен: Myrat Қайдан: A-te
18.10.2008 11:42
+0 / -0
Jeke pikirim

Кімнен: Жансұлтан Қайдан: Тараз
18.10.2008 11:59
+0 / -0
желтоқсанның шындығын ашуға Азаттық атсалысса жақсы болар еді. Елдегі басқа баспасөз бейтарап бола алмайды. Назарбаев өзі кінәлі болмаса, желтоқсан туралы ашық айтқызатын еді ғой. Кезінде Әркен Уақ деген ардагер де Назарбаевты сол геноцидке айыптап кеткен. Ол туралы кәтап бар. Көп адам Назарбаев кетсе, шындық ашылады деп біледі.

Кімнен: Бақберген Қайдан: Талдықорған
18.10.2008 12:22
+0 / -0
Неміс экономикасына тұрақтап қалу қаупі емес, тұралап қалу қаупі төнген болар? жаңалықтарда айтылыпты

Кімнен: Жасарал Қуанышәлин Қайдан: Алматы
18.10.2008 23:20
+0 / -0
Мен Желтоқсан мәселесін 20 жылдай зерттеп келе жатқан адаммын. Осыдан 15 жыл бұрын, өзім Қазақстанның азаматтық "Азат" қозғалысын басқарған тұста, қозғалыс съезінің арнайы шешімімен Желтоқсан көтерілісі кезінде заң бұзған мемлекеттік органдар мен лауазымды жеке тұлғалардың жауапкершілік мәселесі көтеріліп, соның негізінде Конституциялық сотқа талап арыз түсірген болатынбыз. Сол талап арызды аталмыш сот әзер дегенде, бірнеше ай текетірестен соң, өз өндірісіне қабылдап алуға мәжбүр болды. Сөйтіп, 1993-тің қаңтарынан 1995-тің қаңтарына дейін тура екі жыл бойы, қашан тікелей "жоғарыдан" түскен бұйрықпен тоқтатылғанша, сот процесі жүрді. Оған мен "Азат"-тың талапкерлер тобының жетекшісі ретінде, бір де бір отырысын жібермей, бастан-аяқ түгел қатысып, көптеген құжаттармен, неше алуан деректермен, куәлардың көрсетулерімен таныстым. Және, оған дейін де, кейін де осы тақырып бойынша баспасөзде біраз материалдарым жарық көрді.
Басқаша айтқанда, Желтоқсан жөнінде бір адамдай ұғым-түсінігім бар. Сондықтан, бүгін Рахат көтерген мәселеге қатысты айтар тиянақты пікірім де бар. Ол пікірім - мен Қонаев сынды парасатты адамның айтқандарына кәміл сенемін, ал Назарбаевқа, керісінше, сенбеймін. Біріншіден, бұл кісінің көп жағдайларда өтірік сөйлейтіні (соның ішінде Желтоқсан жөнінде де), өзінің кеше ғана айтқан сөздеріне бүгін қарама-қайшы пікір айтып, құбылып жататыны белгілі ғой. Екіншіден, қолда бар мағлұматтар да менің әлгіндей кесімді пікір айтуыма толық негіз береді. Бірақ ол, әрине, бөлек әңгіме тақырыбы.

Кімнен: asxar Қайдан: astana
19.10.2008 10:12
+0 / -0
zeynetke shixxan bir shaldiing bir awiiz sozin moskva tiingdaydi degenge senbeymin.

Кімнен: Нағашыбай Қайдан: Алматыдан
20.10.2008 11:42
+0 / -0
Желтоқсан оқиғасы НЕГЕ? орын алды деген сұраққа жартымды жауап ала алмай жүрмін. Әрине, өзінен кейін елді кім басқарады деген мәселені шеше алмаған басшыдан не үміт, не қайыр. Қонаевтың да қасіреті осы. Назарбаевты дер кезінде биліктен аластатып, қалған жігіттердің арасынан лайықты біреуін өз орынына дайындағанда мұндай оқиға орын алмас еді. Назарбаев та Қонаевтың кебін киіп отыр. Назарбаевтан кейінгі тақ талас үшін шайқастан қорқамын. Желтоқсан оның қасында баланың ойыны болып қалмаса болар еді.

Кімнен: Бауыржан
20.10.2008 11:58
+0 / -0
өз басым Дінмұхамед бабамыздың сөзіне сенемін.
сол жастарды кім көтерді деген мәселені ешкім айтпайды... өздері жиналып шыға қойды дегенге сенбеймін.

Кімнен: ermek Қайдан: hetaydan
20.10.2008 16:18
+0 / -0
nazarbay patxa bolep alsa hazahstan manggi kun kormes edi sondehtan nazarbay jastarca uheh berse bolade.

Кімнен: дака Қайдан: Ақтау
21.10.2008 17:34
+0 / -0
Менің ойымша желтоқсанның шындығы жоғары басшылық ауысқанда ғана толық ашылады. Әрине оған дейін бар ақпарат жойылып кетпесе. Жауаптылар бұл өмірде жазасын алмаса да, Алланың алдында сөзсіз өтемін өтейтіндігіне кәміл сенемін.Өйткені нақақ көздің жасы кінәсіз бейкүнә жандардың қаны жібермейтіндігі айдан анық. Бізге кезіндегі Кеңес үкіметі кінәлі деген сылтау өте қолайлы болып тұр ғой. Қандай жамандық болса, Кеңеске жабамыз. Қолда билік жоқтардың үні қашанда жер жастандырылған. Сондықтан ақиқаттың ашылуы өте қиын. Бірақ халықтың көбі шындықты біледі. Тек айтуға пәрмен жоқ.

Кімнен: Муслим
24.10.2008 10:08
+0 / -0
Менің бір таң қалғаным Назекең кезінде Қонаевты жаманда са, енді бәле басына кеп оны күйеубаласы жамандап жатыр. Мыналар елімізді құртатын болды. Алламыз қаласа әлі әділдік те жақсы басшы да келеді деп үміттенемін. Өйткені қазіргі жастар түзеліп жара жатқанына кәміл сенемін. Өйткені жастар иманы жолға бас бұруда. Ол өте қуанышты жағдай. Бәрімізге туған жерімізді сақтап қалуға және алауыздық тудырмас үшін сабыр сақтап, керек жерінде ақиқатты сөйлеп, керек емес жерінде жалғанды айтпауға шақырамын.