Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:18

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

Қырғыз бен өзбек арасындағы шиеленіс Мәскеуге жетті

Мәскеу қаласында Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген еңбек мигранттарының арасында жанжал туды. Екі жақ метро бекетіндегі төбелес кезінде бір-біріне өткір қару жұмсаған. Бір адам ауыр жарақат алды.

Ресей милиционері метро стансасын тінтіп жүр. Мәскеу, 30 наурыз 2010 жыл
Мәтін көлемі - +

Ондаған этникалық өзбек пен қырғыздар тобы дүйсенбі күні түнде Мәскеудегі «Профсоюзная» метро бекеті маңында қақтығысып қалды. Төбелес кезінде пышақталған бір азамат ауруханаға жеткізілген.

Қырғыз Республикасының Мәскеудегі елшілігінің атташесі Алмаз Абдишаев «Азат Еуропа/Азаттық радиосы» қырғыз қызметіне, төбелесті ұйымдастырған деген айыппен төрт кісі ұсталғандығын хабарлады.

Ресей астанасында өзбектер мен қырғыздар бірінші мәрте төбелесіп отырған жоқ. Дәл осындай ұлтаралық сипаттағы қақтығыс осыдан бір ай бұрын Қазан вокзалына жақын маңда тіркелген еді.

Ресейде Орталық Азия мемлекеттерінің жүздеген мың еңбек мигранттары бар.

Мәскеудегі бұл тәртіпсіздік маусым айында Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош және Жалал-Абад облыстарындағы этникалық өзбектер мен жергілікті қырғыздар арасындағы ұлтаралық қақтығыстардан кейін туындап отыр.

Қырғыз оңтүстігіндегі қақтығыстар барысында 355 адам қаза тапты, жүз мыңдаған адам босып кетті.

Халықаралық адам құқығын қорғаушылар, бұған қоса бірқатар шетелдік ұйымдар Қырғызстанда этникалық өзбектерге қысым көрсету тыйылмай отыр деп мәлімдеді.

Қырғызстанда сәуір тоқуларынан кейін билікке келген жаңа үкімет республиканың оңтүстігінде тәртіп орнату үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан көмек сұрады. ЕҚЫҰ 52 полиция қызметкерін елдің оңтүстігіне жіберу туралы шешім шығарды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Самал
28.07.2010 21:00
+0 / -0
Негізі екі ұлттың арасындағы жағдай өте қиын болып тұр. Күндерін көре алмай шетелде жүрген бұларға не жоқ жерсің.

Кімнен: Серік Қайдан: КӨКШЕТАУ
29.07.2010 09:54
+0 / -0
Жалпы осындай қақтығыстардың артында Батыстың Азияға деген астыртын саяси ықпалы болуы мүмкін бе? Жылдар бойы ынтымағы жарасқан Өзбек Қырғызды саяси ойын ордасына айнлдырып алғн сыңайлы

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.07.2010 10:35
+0 / -0
Бір үйдің екі баласын төбелестіріп қойып, қызығына батып отырғанға ұқсайды расы керек. Бала шіркін ондайды түсінсін бе...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.07.2010 19:55
+0 / -0
Шетелде жүріп, ақымақтыққа барып жүргендердің ақылының шамалылығы деп ойлаймын. Себебі, Нью-Йоркте де өзбектің жастары қазақ балаларға да: "қырғыз болғандарыңда көкелеріңді көрсетер едік"- деген сөздер айтқанын естідім. Бұндай "разборкаларды" ақылсыздардың ісі деп ойлаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: eagle Қайдан: europa
29.07.2010 21:37
+0 / -0
sonda senin oinsha shet elde jurmiz dep kirgizstanda oltirilgen baurlarin umitip juru kerek eken. ult aralik kaktikis bolsa onda shekara bolmaidi.kandai jer elde razborka sogisu boladi.

Кімнен: Талгат Қайдан: Шқмкент
07.08.2010 10:57
+0 / -0
озбек жастарынын бул ыс-аракеты ашейын далбасагершылык.Олар казактарга кыргыз болгандарында кокелерынды танытатын едык деп айтуы акылга симайды. олар ойтып айтпак тугылы, шетелде жургендерынде казак жастарына "сен казаксын" деп айтуыга журексынетын олар, мундай созды айтканы акылга конбайды