Жұма, 24 мамыр 2013, Алматы 13:35


ӘЛЕМ

Жезөкше бола жаздаған ауған қыз азаптан құтылды

Қайын жұрты мен күйеуінен зорлық көріп, азап тартып жатқан Сахар Гүл есімді ауғанның жас қызын былтыр билік адамдары тауып алған соң оның басындағы жағдай халықаралық деңгейде қызу талқыланды. Азаппен өткен бірнеше айдан соң денсаулығы оңалып келе жатқан ол Кабулдағы реабилитация орталығында жаңадан өмір бастаймын деп үміттенеді.

15 жасар ауған қызы Сахар Гүлдің ауруханадан шыққан кезі. Кабул, 8 сәуір 2012 жыл
15 жасар ауған қызы Сахар Гүлдің ауруханадан шыққан кезі. Кабул, 8 сәуір 2012 жыл
Мәтін көлемі - +
Сахар Гүл есімді небәрі 15 жастағы ауған қыздың келін болып түскен қайын жұртындағы көрген адам шошырлық халіне халықаралық БАҚ назар аударған еді. Билік өкілдері Гүлді қорлағандарды ұзақ мерзімге соттаған соң оның жағдайы аздап жақсарды.

Кабулдың қалалық соты мамырдың 1-і күні 15 жасар келіншекті қамап ұстап, аяусыз қорлаған Гүлдің қайын атасын, қайын енесін және қайын бикесін 10 жылға соттады. Полиция осы іске байланысты күдікті деп табылған Гүлдің күйеуі мен ағасын әлі де іздестіріп жатыр.

Бағлан уәлаятының полициясы құпия келіп түскен ақпарат бойынша ізге түсіп, желтоқсан айында Гүлді құтқарғанда, ол тас қараңғы жертөленің еденінде ес-түссіз жатыр еді. Саусақтары сынған, бірнеше тырнағы мен шашының кейбір тұстары жұлынған. Әлжуаз денесінде тыртықтар мен көгерген іздер толып жатыр.

ЖАҢА ӨМІР

Оның әбден қалжырап, әлсірегені соншалық бірнеше апта бойы әрең сөйлеп жатса да, соттың үкімін естігенде жеңілдеп қалғанын айтты.
Азаттық радиосының тілшісіне сұхбат беріп отырып:

- Мен де олардың жазаланып, тырнақтарының жұлынғанын және мені ыстыққа күйдіргендей өздерін де ыстыққа күйдірсе екен деп тіледім. Мен олардан кек алғым келді, - деді ол.

Жас қыз қатты соққы жеп, депрессияға ұшырағандықтан, дәрігер әлі де оның әбден әлсіреген психологиялық ахуалын жіті бақылап отыр.

Өзінен жасы екі есе үлкен адамға қалың малға сатылып, тозақ өмірді бастан кешкен Гүлдің денесіндегі көптеген тыртық-жаралар жазылып қалды. Қазір ол тезірек ажырасып, алдына қойған мақсатына жеткісі келеді.
Сахар Гүл арнайы реабилитациялық орталықта. Кабул, 8 сәуір 2012 жылСахар Гүл арнайы реабилитациялық орталықта. Кабул, 8 сәуір 2012 жыл
x
Сахар Гүл арнайы реабилитациялық орталықта. Кабул, 8 сәуір 2012 жыл
Сахар Гүл арнайы реабилитациялық орталықта. Кабул, 8 сәуір 2012 жыл

Қорланған ауған әйелдерін қорғайтын үкіметтік емес ұйымның Кабулдағы орталығынан пана тапқан Гүлдің көңілі қазір көтеріңкі.

Жаңадан қол жеткізген бостандығы оған қанат бітірген. Зорлықпен ұзатылған соң төртінші сыныптан тастауға мәжбүр болған мектептегі оқуын жалғастырып жатыр.

- Һәм оқимын, һәм құлшылық қылам. Көңілім қаласа, далаға шығып, достарыммен отырам. Шаршасам, жатып ұйықтаймын. Кей кездері қуыршағыммен ойнаймын. Мүмкіндік болып жатса отырып жазу жазам, мектептегі кітаптарымды оқимын. Түстен кейін мектепке сабаққа барам, - деді ол.

21-ҒАСЫРҒА ЖЕТКЕН ЖАБАЙЫЛЫҚ

Тәуелсіз адам құқықтары комиссиясының Ауғанстандағы әйелдер ісі бойынша басшысы Сурия Собранг Азаттық радиосының тілшісімен сөйлескенде Гүлдің басынан өткен оқиға әйелдерге жасалған қатігез қылмыстардың алдын алатын прецедент болады деп үміттенеді.

Собранг қатігездік көрген көптеген ауған әйелдерінің ісі сотта әділ қаралмайтынын айтады.
21-ғасырда қылмыстың мұндай түрі - адамзатқа қарсы жасалған қылмыс. Бұған қатысы бардың бәрі - қылмыскер.

Оның айтуынша, мұндай соттарда көбіне қылмыскер ақталып кетеді, не болмаса сот оның қылмысын жеңілдетіп, қысқа мерзімге соттай салады. Я болмаса жеке мәселені елдің алдына шығарып, «моральдық қылмыс» жасады деп қиянатқа ұшыраған әйелдің өзін айыптайды.

- Сахар Гүлдің ісіне қатысты мына нәрсені айтуға тиіспін. 21-ғасырда қылмыстың мұндай түрі - адамзатқа қарсы жасалған қылмыс. Бұған қатысы бардың бәрі - қылмыскер. Ауғандықтар мұның неге апарып соғатынын білуі және одан сабақ алуы тиіс. Мен осы оқиға Ауғанстандағы мұндай қатігез қылмыстарға тоқтау салуы керек деп үміттенем, - деді Собранг.

Гүлді құтқарғандар оны тірі қалады деп ойламаған. Алайда ол аман қалды.
Бағландағы жергілікті ауруханада алғашқы медициналық көмек алған соң Гүл Кабулға жөнелтілді. Кабулда бірнеше ай қаралып, емделген соң қазір ол өз бетімен қозғалып, тамақ ішеді, емін-еркін сөйлей алады.

АЗАПТАН - АЗАТТЫҚҚА

Гүл өзі күйеуге берілген үйде өткізген алты айды қорқынышпен еске алады.
Үйленген, он баласы бар 35 жасар еркекке ағасының өзін қалай қалың малға сатып жібергенін баяндайды.

Гүлдің әкесі ертеректе қайтып, шешесі екінші рет тұрмыс құрғандықтан жалғыз өзі ағасын тоқтатуға қауқарсыз болған. Оның сөзінше, ағасы қалың малға бірнеше жүз доллар алған.

Ол күйеуі мен қайын жұртының өзін малай, әрі жезөкше болуға мәжбүрлегенін айтады. Гүл қарсылық білдіргенде, олар оны қысқашпен қинап, кабельмен сабап, денесіне ыстық темір басып, қала берді тоқпен қинаған.
Сахар Гүлдің қайын жұртының қамауынан азат етілген сәті. Бағлан уәлаяты, 28 желтоқсан 2011 жылСахар Гүлдің қайын жұртының қамауынан азат етілген сәті. Бағлан уәлаяты, 28 желтоқсан 2011 жыл
x
Сахар Гүлдің қайын жұртының қамауынан азат етілген сәті. Бағлан уәлаяты, 28 желтоқсан 2011 жыл
Сахар Гүлдің қайын жұртының қамауынан азат етілген сәті. Бағлан уәлаяты, 28 желтоқсан 2011 жыл

- Олар мені еркектермен жаман істер жасауға итермеледі. «Егер айтқанды қылмасаң, өлтіреміз» деді. Олар: «Үйге еркектер әкелеміз, солармен бірге жатасың» деп бұйырды. Мен: «Олай жасамаймын, мен әлі баламын. Мына еркектердің бәрі менің әкем мен ағамдай адамдар ғой» дедім, - дейді.

Қазір Гүлдің жоспарлары көп. Оқуын бітіріп, тіпті елдің саяси істеріне араласуды армандайды. Ауғанстандағы әйелдерге қатігез, тұрпайы тәсілмен қарау дәстүрін тоқтатқысы келеді.

Бұл елде әйелді қорлап ұстау, зорлап үйлендіру – қалыпты жайт. Ауғанстан өзіне қол жұмсайтын әйелдер саны бойынша әлемде алдыңғы орында тұр.

Әзірше Гүл оқуды басынан бастауға мәжбүр. Өткен бірнеше апта ішінде ол мектеп пәндерін жеке өзі қайтадан қолға алып, Дари (парсы) әліппесін қайталап жатыр.

- Болашақта дәрігер және әйелдер белсендісі болғым келеді. Қазірше мен әліппе ғана оқып жатырмын. «Тәте», «көке», «аға» сияқты сөздерді жазуды меңгеріп алдым, - дейді ол.

(Материал Фруд Бежан мен Фареба Вахимидің мақаласы негізінде әзірленді).



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ерік Қайдан: Шымкент
07.05.2012 19:25
+0 / -0
Не деген сұмдық! Бұл арабтардың исламға дейінгі, яғни 5-6 ғасырды еске салады. Сол дәуірде дүниені қараңғылық басып, аел заты қатты қорланған дәуірде пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.у. келіп надан арабтардың аел затын қорлауға қарсы шығып, аелді құқығын алып беріп еді. Ал мына малғұндар кәпірден де ары! Зорлап некелесуге, аелге қол жұмсауға ИСЛАМ үзілді-кесілді қарсы. Және жас, әлеуметтік жағдайлары алшақ болмау керек некелесер адамдардың!
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
08.05.2012 09:00
+0 / -0
иә, рас айтасың, ислам қыздың келісімінсіз оны күйеуге беру харам!
исламды қызды ұзату үшін уш шар болуы қажет:
1) қыздың келісімі,
2) қыздың әкесінің келісімі (әкесі болмаса ағасының келісімі)
3) екі ер адам куәнің болуы.

осы үш шарттың бірі орындалмаған жағдайды неке болып есептелмейді.
ауғандардың көбісі біз сияқты өзін мұсылманмын кеуде қаққанымен аты мұсылман да заты кәпір. ол жердегі нағыз мұсылмандар қызбен күресіп жатқан жоқ, АҚШ пен НАТО бастаған басқыншы жауды елінен қуамыз деп күресіп жатыр.
Пікір алмасу

Кімнен: Нұрберген Қайдан: Шығыс
08.05.2012 09:31
+0 / -0
Мұндай оқиғалар Ауған елінде миллионнан біреу ғана шығар. Ал Батыста бұдан да сорақылар жетіп артылады.
Батысшылдардың жерден жеті қоян тапқандай жарыса жазып жатқаны содан ғой.
"Ит қорыған жерге өш" деген осы да...

Кімнен: ара
08.05.2012 09:01
+0 / -0
сосын менің бір таң қалатын жерім, неге қыздың ағасын жазаламайды, қарындасын осындай күйге түсуіне себеп болып, оны ақшаға сатқан?!?!?

оны соттап қажеті жоқ, ұстап алып талибандардың қолы берсе болды, талибандар оған тиісті жазасын береді

Кімнен: марат
08.05.2012 09:47
+0 / -0
не деген сұмдық

Кімнен: қонақ Қайдан: қазақстан
08.05.2012 15:34
+0 / -0
ағасы оңбаған екен. Құдай сақтасын ондай ағадан

Кімнен: Қазақ Қайдан: Алматы
08.05.2012 16:39
+0 / -0
Мен жезөкшелікке итермеледі дегенге сенбеймін, басқа бір мәселемен таяқ жеуі мүмкін, көп қой, отбасы болған соң ыдыс-аяқ сыдырламай тұрмайды. таяқ жегені рас, суреттен көрініп тұр, мұндай жабайылыққа мұсылман халқы бармайды, келген адамдарға қызмет көрсет деп айтты дейді, сол келетіндер де мұсылмандар ғой, осыны білмейді ғой деймісің,
егер мұндай материал керек болса, батысыңда толып жатыр ғой, жасына жетпей өз еркімен жезөкше болып жатқандар мен туып жатқандар, жаһанға жария қылудың қажеті шамалы, еркегі АҚШпен пен соғысып жүр, қалғандары қатынмен соғысып жүр деп.

Кімнен: Хат Қайдан: Арын сатқан ел
08.05.2012 20:33
+0 / -0
Осы жезөкшеліктен Қазақстан бірінші орын алатын болар . Бұл азған елдің өмірдегі көрнісі , соның ішінде мусылман елдеріндегі жат қылық , бұл ауру . Басынан бағы таиған елдің азғындық жолға түскендігі , соңғы кезде етіміз , ести ести құлағымыз үиреніп кеткені сонша бұндаи оқиғаларға мән бермеиміз . Дамымаған экономикасы әлсіз жалғандықтың жетегінде кеткен елдің жезөкшелік көрнісі болып қалады .

Кімнен: Рамазан Қайдан: Оңтүстік
08.05.2012 21:08
+0 / -0
Ерік пен Араның пікірімен толық келісемін. Әділетсіздіктің көкесі біздің ата-бабамыздада көп болған, мысалы байлар жасы 60 ассада 18 жасар қыз алған. Кыздың кедей аке-шешесі тұрмысымызды түзеп алайық, бізгеде жаның ашысын т.б. деп қызын шалға көндіреді, 100 қара 100 жылқы қалыңмалын алып қызын береді енді осының ИСЛАМға қайшы жағын айтайын 1. Ерік айтқандай жас, әлеуметтік жағдайы сәйкес келмейді. 2. Ертең ол 18 жасар қыз 30 келіп, толықсыған аел болғанда шалың 70 тен асады, аелге нағыз еркек керек уақыт бұл! Ал ана 70 тен аскан шалың 30 дағы аелдің керегін бере алама? Темболе оның 3-4 аелі бар. Сонда аелін ұрып соқпағанменде ол табиғи қажеттілігін қайдан алады, есіктегі жалшы-малшыдан алама? Байлар зекетін бермей ( малшыларының еңбек ақысын даже дұрыс бермей) аелдерге осылайша көптеп қиянат жасаған мұсылманбыз деп, бірақ діннен алшақ болып. ИСЛАМ барін әдемілеп реттеп қойған! Соны оқып біліп, амал қылу керек біздерге. 3-4 аел алма демеген әрине, бәрінің шарты бар. Батыста көп, батыста көп кемшілік деп не керек олар капірғой, ал ауған елі мұсылман емеспе. Еркекпен еркек, аелмен аел үйленіп жатқан, малғұн боп бара жатқан елге (батысқа) қарап бой түзеу керекпе сонда мұсылман қауым? ЖОҚ олай емес, әділетті, тәртіпті, демократ қоғам құруға дін ИСЛАМ толық жауап беред!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.05.2012 23:39
+0 / -0
Алматының Сейфуллин даңғылында жүрген қаншама қазақ қыздары зорлық пен зомбылық көріп жатыр осыны көрмей қазақтың үкіметі қайда қарап отыр?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.05.2012 23:48
+0 / -0
Ауғанмен салыстырғанда біз өркениетті екенбіз десек онда ол жақсылық біздегі таза діни тәрбиенің күштілігінен емес. Біздегі өркениеттілік өмірдің тәжірбиесінен қорытылып шыққан ұлттық, отбасылық, дәстүрлі тәрбиені көбірек алған адамдардың арқасы деп санаймын. Себебі, "таза Исламды" ғана ұстанатын догмалар дінді міндетті түрде қарабайырландырып, түбі жабайылыққа қайта жұтылады. Мен оны өзімнің діни тәжірибемнен жақсы білем. "Біз Алланың айтқандарын орындап жүрміз, сондықтан біз қандай күнә жасасақ та Алла өзі біздің артымызды жауып, күнәмізді жаппай кешіреді" деген топас пікір санаға ақырындап сіңіп, сіресіп қалады. Осы психология ми түбіне жақсылап бекіген соң діндар адам неше түрлі тұрпайы қылықтар шығара бастайды. Өкінішке орай Қазақстанда "Ислам өркениетенің өзегі не?", "Ислам тоқырап кері кетпес үшін қай қағидасына, қай философиясына басымдылық беру керек?" деге сұрақтарға жұп-жұмыр, түсінікті, көңілге қонымды етіп жауап бере алатын ойшыл, діни қайраткерлер шықпай жатыр. Осының кесірінен ілімсіз көпшілік міндетті түрде соқыр сенім мен надан түсініктерге шырмалады. Оның арты мұсылмандардың басқа діндер алдында масқара болуымен аяқталады.

Кімнен: рамазан Қайдан: оңтүстік
09.05.2012 19:19
+0 / -0
аты жөні көрсетілмегенге! Неге осы біз дін туралы айтсақ сразу дәстурді қарсы қоямыз осы? Білсек дәстүрмен дін бір-біріне қарсы емес керісінше дәстүрдің көбі діннен алынған, мысалы мына мақалдарды алып қараңызшы " әкең өлсе де әкеңнің көзін көрген өлмесін" , " қызға қырық үйден тыю қала берді есіктегі күңнен тыю" т.б. көп айта берсек. Осының барі дерлік сол мұсылмандығымыз. Неңе жетісіп отырсың біз өркениеттіміз, дәстүріміз керемет, сол жетеді дегендей қып? Дәстүр жаман деген жерін есіттіңба сол исламның? Сол дәстүр жоғалып кетіп жатқан жоқпа енді. Егер біз өркениеттіміз дер болсақ жылына қанша аборт жасалады бізде? қанша отбасы ажырасып, қанша бала тірі жетім болады бізде, қанша азаматтар дұрыс өмір жолында жүрмегендіктен арақтың кесірінен авария т.б. оқиғалардан мыңдаған аазаматтар өмірмен мезгілсіз қоштасады бізде? Тек жол апатының құрбандарының өзі біздегеі Ауғанстандағы өлім санынан асады, статистика айтады солай деп. Бұл дегенім ауған секілді болайық деген емес әрине! Дүниелік ғылымымызбен дінімізді қайта жандандырсақ дұрыс бағытта ТІЛ, ДӘСТҮР, ДЕМОГРАФИЯ мәселесі дұрыс шешілер еді!

Кімнен: Ерік Қайдан: шымқаладан
09.05.2012 20:28
+1 / -0
Дін апиын, догма т.б. деп діннен бездірген кеңес үкіметі көрсетіп берді өмірде құдайсыз елдің не болатынын. Соның салдарынан өмірі шешіп болмайтын проблемаға тап болып отырмыз осы күні. Дінді, діндарларды құбыжық етіп көрсетуді қою керек бізге. Арада диалог орнату керек. Отырып алып баріміз демократшылмыз бірақ біреулердің діни көзқарасын жек көру басым. Олар ешкімді зорлап жатқан жоққой мен секілді бол деп, бізде оларды бізге ұқса деуіміз дұрыс емес. Ұстай берсін дінін! Тек отан-ел алдындағы азаматтық борышын орындаса, біреуге зорлық қылмаса болды емеспе? Діні үщін жұмысқа, әскерге алмай кою мүлде дұрыс емес. Керісінше араластыру керек олардыда, оларда ел қорғасын, антына берік болмайма қайта құдайдан қорыққан кісі. Иеговалар ұқсап әскерге бармаймын, қару ұстамаймын дегеннен сақтасын. Орамалын тарта берсін, кімнің бір жеріне батты сол. Шеттете берсек, шұқи берсек бір мамыражай заман орнап қалмайды елімізде. Біраз дінде адасқан жері болса жол көрсетіп шақыру керек оларды. ҚЫЗДАРЫМЫЗ ИМАНДЫ, ИБАЛЫ БОЛСЫН! ӘР АЗАМАТ ҚЫЗДАРЫМЫЗҒА ҚОРҒАН, АРҚА СҮЙЕР БОЛСЫН ҚАЗАҚСТАНДА! ЕШБІР АНА-ҚЫЗ ЖЫЛАМАСЫН БІЗДЕ!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.06.2012 01:25
+0 / -0
Ериктей жигиттер коп болсын! Динди устанушыларды догмага тенеп, оздерин оркенитти, мадениетти сезинетиндердики такаппарлык!

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?