Сәрсенбі, 19 маусым 2013, Алматы 12:03


БАСПАСӨЗ ШОЛУЫ

Мұнайшылардың ереуілі «жалғыздың үні» болып қала бермек

EurasiaNet апталығының 23 тамыз күні жарық көрген санында «Жұмысшылар толқуы Астананың экономикалық имиджіне нұқсан келтіреді» атты мақала шықты.

Ереуілшілер талып қалған әріптесіне көмек көрсетіп жатыр. Жаңаөзен, 18 наурыз 2010 жыл
Ереуілшілер талып қалған әріптесіне көмек көрсетіп жатыр. Жаңаөзен, 18 наурыз 2010 жыл
Мәтін көлемі - +

Мақалада мамырдан бері жалғасып жатқан Маңғыстау мұнайшыларының наразылығы мен оның Қазақстанның экономикасына тигізетін кері әсері жайлы сөз қозғалған.

Мамыр айында Жаңаөзендегі ірі мемлекеттік мұнай және газ компанияларының 15 мыңға тарта  жұмысшылары жалақы мен жәрдемақыларының төленуін талап етіп бас көтерді деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мұнайға бай Маңғыстау өңірі осы күнде әлеуметтік шиеленісушіліктің ошағына айналып отыр.

Апталықтың баяндауынша, көтерілістер бірнеше айға созылып, шиеленіс ортасында екі мемлекеттік компания қарбалас күй кешіп отыр: Ақтаудағы «ҚаржанбасМұнай» мен «ҚазМұнайГаздың» Жаңаөзендегі еншілес «ӨзенМұнайГаз» кәсіпорны.
Лондондық маман шетелдік ірі инвесторлардың Маңғыстаудағы ереуілден зардап шегеміз деп қауіптеніп отырғанын айтқан.

Компания менеджерлері жұмысшылардың жалақысы орташадан жоғары деп, оларға қарсы қатал шаралар қолданып жатыр. Мамырдан бері екі компаниядан 500-ге жуық адам жұмыстан шығарылған. Сондықтан наразылық танытушылардың көбісі амалсыздан жұмысқа қайта кіріскен. Әлі де ереуілдеп жатқандардың саны 1500 адам. Алайда, осы айдың басында белгісіз жағдайда бір көтерілісшінің қайтыс болуы шиеленісті күшейтіп жіберді дейді мақала авторы.

Басылымның жазуынша, үкімет мұнай компанияларын қолдайды. Бұл тамыздың 6-ы көтерілісшілердің адвокаты Наталья Соколова мен ұйымдастырушы Ақжанат Аминовты «әлеумет араздық қоздырғаны» үшін ұзақ мерзімге қамауға үкім шығарғанынан көрініп тұр. Бұған жауап ретінде «Нұр-Отан» партиясының жүздеген мүшесі мүшелігін тоқтатты. 

«Жанарту» кәсіподағы бейресми түрде ереуілшілердің өкіл ұйымы ретінде көрініп жүр. Кәсіподақ төрағасының орынбасары, Айдын Құрмановтың айтуынша, ереуілдің алдын-алуға болатын еді. «Ал қазір қарапайым жұмысшылардың талап-тілегі саяси дауға айналып отыр» дейді ол.
Қазақстандықтардың жартысынан көбі бұл ереуілге не қарсы, не енжар қарайды, тек 27 пайызы ғана оны қолдайды.

Ал «Ақтау»  тәуелсіз кәсіподақтар қауымдастығының төрағасы Мұхтар Үмбетовтың айтуынша, ірі компаниялардың бейресми кәсіпорындарды мойындамауы жұмысшылардың наразылықтарын жауапсыз  қалдырған. Ал Қазақстан республикасы кәсіподақтар федерациясы көбінесе үкіметтің мүддесін көздегендіктен, ереуілшілер оларға сене бермейді. Үмбетов үкімет еңбек жайындағы заңдарға өзгертулер енгізу керек деп санайды.

«Астана мен Алматы сияқты қалалардың гүлденуіне себепші мұнайдың 70 пайызын шығаратын Маңғыстау жұмысшыларының өздері қиын жағдайда өмір сүріп, жұмыс істейді. Отбасылардың көбісі, тіпті, ең қажетті деген қызмет түрлеріне де зәру. Көтеріліске реніш те себепші болды» деп мәлімдейді Айжангүл Әміржанова EurasiaNet-ке.

Шиеленіс шет елдердің назарын аударуда. EurasiaNet мысал ретінде шілденің басында ағылшын әншісі Стинг осы себепті Астанадағы концертінен бас тартқанын және сол айдың аяғында Еуропа парламентінің жеті мүшесі Қазақстан үкіметін жұмысшылардың талаптарын орындауға шақырғанын келтірді.
«ҚазМұнайГаздың» мәлімдеуінше, ереуілдің кесірінен өндірілген мұнайдың мөлшері алты пайызға азайған.

EurasiaNet сөйлескен лондондық маман шетелдік ірі инвесторлардың Маңғыстаудағы ереуілден зардап шегеміз деп қауіптеніп отырғанын айтқан.

Экономикалық залалдар Астананы да уайымдата бастаған секілді. Осы айдың басында «ҚазМұнайГаздың» мәлімдеуінше, ереуілдің кесірінен өндірілген мұнайдың мөлшері алты пайызға азайған.

EurasiaNet-тің жазуынша, Қазақстанның басқа аймақтарының тұрғындары Маңғыстау жұмысшыларының ереуілге шығу себептерін түсіне алмады. Себебі үкімет шынайы баяндамалардың баспасөзде жариялануына тосқауыл жасап отырды. Сол себепті Астанадағы саяси шешімдер институты ұйымдастырған сауалнаманың нәтижесінде, қазақстандықтардың жартысынан көбі бұл ереуілге не қарсы, не енжар қарайды, тек 27 пайызы ғана оны қолдайтыны белгілі болды деп мәлімдейді басылым.

“EurasiaNet” Торонто университетінің  Қазақстан бойынша сарапшысы, зерттеуші-ғалым Эдвард Шацтың сөзін келтіріп, бұндай жағдайлар үкіметке жағымсыз болғанымен, оған асқан бір нұқсан келтіре алмайды дейді. Шац: «Бұған дейінгі көптеген оқиғалардан түйгеніміз – [қазақстандық саяси] режим негізгі қарсыластарын пара беріп сатып алады, ымыраға көнбегендерді жаныштайды, «кінәлі жігіттерді» де таба қояды» депті.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Сейткулов Бауыржан
25.08.2011 05:23
+0 / -0
Казактын намысын коргайтын ел баскарып журген агаларымыз унсiз отырмай мунайшыларымыздын талабына конiл болiп колдаса екен. Теледидардагы Казакыстан киялымыздагы армандар.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.08.2011 10:11
+0 / -0
Мемлекет өз халқының мүддесін инвесторлар табанының астына жығып беріп отырған елде өзгерістерге жетудің жалғыз жолы жалпы ұлттық наразылық шеруіне апаратын сияқты.
Мұнайшылар алып отырған ең төменгі айлық жалақы бір отбасын асырамақ түгіл мұнайшының өзінің еңбекке жарамдылығын қамтамасыз ете ала ма? Бұл мәселеде екі жақ (мұнайшылар мен үкімет) келіссөзге отырып, түбегейлі шешімге келмейінше нақты шешімін таппайды. Келіссөзде белгіленген ең төменгі жалақының мөлшері бүгінгі 16600 тенге емес, оның үш есесінен кем болмауымен қатар түрлі ауыртпалықтардың коэффиценттері үстеме ретінде қанымдалған болуы керек! Бұл өмір шындығына жақын көрсеткіштер. Мұнай саласындағы арамтамақтарды қысқартатын болса, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын недәуір көтерумен қатар бюджетке де қомақты қаржы құюға толығымен жетеді. Жетпей тұрғаны өз елінің азаматтарына деген өкіметтің пейілі ғана.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.08.2011 22:45
+0 / -0
Жас Алаш сайты неге ашылмай тұр, кім біледі?

Кімнен: Ауыл қазағы Қайдан: Қазақстан
30.08.2011 01:17
+0 / -0
Елге ірткі салатын "Жас алаш" секілді сайттар мәңгіге жабылып қалғаны жақсы. "Көрмес - түйні де көрмес" деген сөз жасалаштықтарға арналған сөз екенін енді түсініп жүрмін. Халықты ауызбірлікке шақырудың орнына тек "қара күйе" жаққыш жасалаштың бағытын түсінбей-ақ қойдым. Елдегі жаңадан ашылып жатқан кәсіпорындар туралы жақ ашпайды. Ол газетті оқысаң, бұл дүниені тәрік еткің келеді. БАҚ-тың міндеті - елді арандату емес, бірлікке шақыру. Кім не десе о десін, менің ойым солай...
Өзбектер мен тәжіктер және қырғыздар сияқты қазақтар бір үзім нан іздеп басқа елге безіп кетіп жатқан жоқ. Неге? Демек, күнкөріс дұрысталып келеді. Осыған шүкір деу керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
30.08.2011 16:25
+0 / -0
Ондай шүкірлігіңнің атасының ауызын ұрайын да! Қайыршының қайыратын кәлимасы "шүкір" демекші, шүкір десе жан қалады дей ме екен биліктің туфлиін жалап отырып?..

Кімнен: даланың қазағы
31.08.2011 09:13
+0 / -0
Ойбүй, "Егеменнің" өтірігіне есектей семірген бейшара-ай, осы сен
сықылды шалғынға айдаса тақырға қашатын әңгілердің қырсығы ғой,
20 жыл бойы бір орында айналшықтап жүргеніміз.

Кімнен: ishki bulhinis Қайдан: astana
01.09.2011 02:34
+0 / -0
сайқал саясаттан сақтанайық сырластар!!

Кімнен: Сұлтан Қайдан: Астна
02.09.2011 11:24
+0 / -0
Маңғыстау мұнайшыларының әрекеті тойғаннан секіргендік. Басқа ештеңе емес. Болған үстіне бола берсе екен. тойған үстіне тоя берсем екен., алған үстіне ала берсем екен деген жабайылықтан туындаған бассыздықтар, Сауатсыздықтың соңы осыған әкеліп отыр. автордың өзі 70 пайызды Маңғыстау беріп отыр дейді. Ұят қой қарағам Іңкәр. айтақтағандардың айтқанын жаза салмай ойлансаңшы. Әйтпесе Қазақстандағы өндірілген мұнайды тек 70 пайызы Теңізшевройл кенішінде өндірілетінін белмедің бе. Бұл сенің сауатсыздығың, немесе айтаққа еріп үргенің.

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?