Бейсенбі, 31 шілде 2014, Алматы 21:30


ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Кеден одағы кімге пайда, кімге зиян?

1 шілдеде Кеден одағы жұмысын бастады. Одан келер пайда мен шығындарға қатысты Азаттық радиосы дөңгелек үстелі қонақтарының пікірлері әрқалай.

Шеруге шыққандар көлік салығына енгізілген кедендік өзгеріске байланысты Путин мен Медведевті келемеждеп салған суретті ұстап келеді. Ресей, Владивосток.
Шеруге шыққандар көлік салығына енгізілген кедендік өзгеріске байланысты Путин мен Медведевті келемеждеп салған суретті ұстап келеді. Ресей, Владивосток.

Мультимедиа

Дыбыс

Ресейлік «Ведомости»  газеті беймәлім дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Ресейдің Кеден одағынан көрген шығындары жайлы жазады. «Ресей бюджеті 2011 жылдың алғашқы жартысында 18,5 миллиардқа жуық рубльге толықпады, себебі Кеден одағы шеңберіндегі сырттан келетін баж салықтары импорт бойынша нақты мәліметтердің негізінде емес, алдын-ала жасалған тұжырымға сәйкес Ресей, Беларусь және Қазақстан бюджеттері бойынша үлестіріледі» деп жазады басылым.

Кеден одағына қатысушы басқа елдердегі жағдай қалай? Азаттық радиосының дөңгелек үстелінде осы одақ қызметінің пайдасы мен шығыны талқыланды.

Пікірталасқа қатысатындар: Ярослав Романчук – Беларусьтің «Мизеса» ғылыми-зерттеу орталығының президенті; Владимир Жарихин – Мәскеудегі ТМД елдері институты директорының орынбасары; Мағбат Спанов – Қазақстан даму институтының директоры; Меруерт Махмұтова – Қазақстанның қоғамдық проблемаларды сараптау орталығының директоры.

Қазақстан кеден брокерлері ассоциациясы кеңесінің төрағасы Геннадий Шестаков сұрақтарға жеке жауап берді.

ШЫҒЫН БА, ӘЛДЕ ДИВИДЕНД ПЕ?

Жүргізуші:

– Кеден одағы қызметінен Қазақстан мен Беларусь не табады – шығынға ұшырай ма, әлде дивиденд ала ма?

Ярослав Романчук:


– Ресей бірыңғай кеден аумағын "Кеден одағы тартымдылығының негізгі элементі" десе, біз ресейлік нарыққа жеткізілген қазақстандық, беларустық тауарлардың көлемдерін салыстырып алып, өсім не құлдырау болса - белгілеп, капиталдандыру компанияның табысына қаншалықты әсер еткенін анықтап біле аламыз. Алайда, менің білуімше, ешкім мұндай есеп жүргізбеген, себебі аталмыш құрылымның пайдасы не зияны жайлы айта қоярдай көп уақыт өткен жоқ.

Аса қарапайым мәселе мынада жатыр: мәселен, ресейлік тарап бекітілген 
Ярослав Романчук – Беларусьтің «Мизеса» ғылыми-зерттеу орталығының президенті.

жоспарға сәйкес алуға тиісті кеден баж салығының көлемін бекітіп алып,  «Біз осыншама миллиард рубльден құр қалдық, Қазақстан не Беларусь бізге бұдан да көп қарыз» деп шығуы мүмкін: Мен мұны әлдебір ведомстволық мақсатта жасалса да, шындықты білуге еш бағытталмаған жарым-жартылай есеп деп санаймын.

Осы іспеттес блоктарды қалыптастыру барысында белгілі бір аксиомалар негізге алынады. Осы аксиомалардың бірі "еркін сауда - протекционизмге қарағанда жақсы" дегенге сайып келеді. Екінші біреуі "ашық бәсекелестік - белгілі бір тауар өндірушілердің дискриминациясынан гөрі жақсы" дейді. Әлбетте, тауар, ақша, қызмет көрсету, еңбек күшінің еркін айналымы –  аталмыш жобаға қатысушы барлық елдерде әл-ауқаттың жақсаруына жетелемек ең қолайлы серіктестік. Сондықтан да бағаға, әсіресе санға қатысты естіп отыратынымыз ешқандай да әділ экономикалық есеп емес, қоғамдық сананы айлаға асыру тәсілі, саяси қысым екені даусыз.

Ең бастысы – сауда кедергілерін алып тастағанда, бизнестің жұмыс шарттары, нарыққа ену шарттары өзгереді. Беларусьте Кеден одағын құру қазақстандық және ресейлік тауарлардың отандық нарыққа енуіне арналған тарифсіз реттеу амалдарын тоқтатуға душар етпегенін білемін. Беларусьте "даналап сатылатын азық-түлік тауарларының 90 пайызы мен өнеркәсіп тауарларының 80 пайызы осы елде өндірілген болуы тиіс" деген феодалдық ереже сақталып келеді. Қазақстандық және ресейлік тауарлардың Беларусьтегі айналымын шектейтіндей қағаз жүзінде қағида жоқ, бірақ Кеден одағы бойынша серіктестерін жазалау тәсілі деуге келетін заң қолдану тәжірибесі бар. Өйткені Беларусьтің ішкі тұтыну экспортына тоғыспалы көмек қаржы бөлудің түр-түрі бар.

Беларустың қайғысы –  әрине, мұнай мен газ мәселесі. Бұл ретте біз Ресейден  2,5–3 миллиард доллар түріндегі көмек қаржыға тең келетіндей 6,3 миллион тонна мұнайды баж салығынсыз алып отырамыз. Газға деген нарықтық емес, шартты әрі саяси бағаның бары шүбәсіз. Жуырда Путин мырза Кеден одағы шеңберінде газға төмендетуші коэффициенттің қолданылатынын айтты.

Теміржол және басқа көлік түрлерінің тарифтеріне қатысты проблемалар да бар. Жалпы, менің пайымдауымша, Кеден одағы толықтай іске қосылған жоқ, яғни осы сатыда ол "біреуді шығынға ұшыратты, біреуге үлкен дивенд берді" деу - асығыстық.

Жүргізуші:

– Қазақстан кеден брокерлері ассоциациясы кеңесінің төрағасы Геннадий Шестаковтың сөзіне қарағанда, Қазақстан тек өз халқының өте жақсы төлем қабілетінің арқасында ғана Кеден одағы есебінен шығындалып жатқан жоқ. Оның пікіріне құлақ асайық:

Геннадий Шестаков:

– Шығын жоқ, Қазақстанның жеткілікті дәрежеде дамыған 
Геннадий Шестаков - Қазақстан кеден брокерлері ассоциациясы кеңесінің төрағасы.

экономикасы болғандықтан кіріс бар деп ойлаймын. Яғни кеденнен түсетін табыстарды Қазақстанға қайта бөлу айтарлықтай дұрыс жүзеге асып жатыр, ал Қазақстанда анағұрлым көбейген кеден баж салығының артуына байланысты республика бюджеті өсіп барады. Халықтың төлем қабілетінің есебінен осылай болып жатыр: біз басқа үшінші елдерден әкелінген тауарларға анағұрлым жоғары баж салығын төлейміз. Беларусь пен Ресей арасындағы баж салығының айырмашылығы мейлінше аз болатын, сондықтан Беларусьтегі бюджеттің толығуы қомақтырақ, бірақ сол баяғы Ресейдің арқасында.

Мағбат Спанов:

– Келісемін. Беларусьтен келген біздің әріптесіміз Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің арасындағы өзара есеп айырысу жайлы сөз қозғағанда біршама дұрыс айтады. Ресей қазір бұл мәселені парламенттік және президенттік сайлау келе жатқандықтан көтеріп отыр. Сыртқы жауды, осыған кінәліні іздеу – оларға қалыпты қағида.

Қазір небір экономикалық көрсеткіштерді бағалау аса жөн бола қоймас. Кімнің қанша ақша жоғалтып отырғанын нақты бағалау үшін одақ жарты жыл, не ең дұрысы бір жыл жұмыс жасауы керек. Кеден одағы ең алдымен экономикалық қауымдастықтан гөрі саяси қауымдастық ретінде қалыптасқан. Егер Ресей өзінің экономикасы дамыған, мықты держава екенін алға тартса, көптеген нәрселерге ақша төлеуі керек, себебі біз белгілі бір мүдделерімізден бас тартып отырмыз.

Қазақстан Кеден одағына енген 1 шілдеден бастап халық әлеуметтік жағдай тұрғысынан қатты ұтылды, себебі дәл осы одақтың кесірінен тауар бағасы бірнеше мәрте қымбаттады. Іс жүзінде халықтың сатып алу қабілеті күрт нашарлады.

Владимир Жарихин:

– Біріншіден, Беларусь пен Қазақстаннан келген әріптестерімнің есіне салсам деймін: «Ведомости» мүлде ресейлік газет емес, яғни ресейлік үкіметтің ресми органы емес, тіпті керісінше – оппозициялық, еркін газет. Сондықтан бұл газетте басылғанды, онда жасалған қорытындыларды 
Владимир Жарихин – Мәскеудегі ТМД елдері институты директорының орынбасары.

ресейлік үкіметтің ұстанымдарымен байланыста қарау советтік әдет болар еді.

Екіншіден, Кеден одағы енді ғана жұмыс істей бастады. Кеден одағы аумағынан тыс әкелінген тауарларды әрбір елдің тұтыну деңгейі әлі де жөнге келтіреді, оның үстіне, белгілі бір елдің ағымдағы тұтыну мөлшері бастапқыда қалыптасқанға сәйкес келмеуі мүмкін.

Дұрысталатын жерлері болады. Біреу қазір жоғалтып жатса, басқасы келесі жолы жоғалтпақ – мен бұдан ерекше ештеңе байқап отырған жоқпын. Артықшылықтар араға уақыт салып көрінеді, себебі бұл – бір мезеттік емес, ұзақ мерзімді жоба. Меніңше, Кеден одағы жұмысының бастапқы кезеңінде мүлде мемлекеттік емес ресейлік газеттегі конъюнктуралық мақалаға сүйеніп, маңызды қорытынды шығаруға негіз жоқ сияқты.

Меруерт Махмұтова:

– Бюджет бойынша статистистикалық мәліметтерге қарап, жалпы қазақстандық мәліметтермен өзара байланысы бар екенін байқадым. 2011 жылдың алғашқы жартысында Қазақстан Ресей үлестірген 118 миллиард теңге мөлшеріндегі кеден баж салығын алды. Бұл шамамен 23 миллиард рубль болады. Бұл жағдайда тек қана кеден баж салығы туралы сөз болып отыр, бұл арада Ресейдің шығындары мен Қазақстанның алар пайдасы жайлы бірден қорытынды шығаруға болмайды. Менің ойымша, бұл сұрақ ретсіз қойылып отыр, себебі аталмыш жағдайда бір мәселе қарастырылып жатыр. Шын мәнісінде пайда мен шығындар мәселесі әр ел үшін анағұрлым ауқымдырақ.

Қазақстан, Ресей мен Беларусь үшеуінің одағы Еуроодаққа түбегейлі ұқсамайды: экономикалардың үлес салмағы затымен әр алуан. Өйткені Еуроодақтың негізінде бір-бірімен салыстыруға келетін Франция мен Германия экономикалары жатыр, ал біздің жағдайымызда ресейлік экономика беларустық, тіпті қазақстандық экономикадан анық басым түседі.
 
Мен одақты о бастан тең құқылы емес дер едім. Үшінші елдерден келетін импорттың көмегімен, Ресей бөліп берген кеден баж салығынан түсетін бюджеттік түсімдердің негізінде Қазақстан қазіргі уақытта Кеден одағына қосылудан пайда көріп жатыр деп қорытынды жасамас едім. Бұл бір бұрыс әдіснамалық көзқарас болды.

Кеден одағында кім ұтылып, немесе ұтып отыр? Қазір Қазақстанда баға қымбаттап жатыр. Кеден одағына қосылудан бұрын Қазақстан экономикасы, сауда саясаты әлемдегі ең либералды елдің бірі болған. Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне сай Қазақстан сауда саясатының либералдығы бойынша 125 елдің ішінен әлемдегі жетінші орынды иемденді. Яғни Кеден одағына қосылудан соң біздің тарифтік мөлшерлеме орташа есеппен екі еседен көп өсті. Қазіргі сәтте Қазақстан кеден баж салығын көбейтіп жатыр, өзіміздің Қазақстандыкін емес, ресейлік өндірушіні қорғап жатыр, себебі қазақстандықтар негізінен импорттық тауарларды тұтынады.

Сауда статистикасына сәйкес, бірінші жарты жылдықтың нәтижелері бойынша Ресейге әкетілген біздің экспорттың жалпы үлесі 9,1 пайызды құрады, ал біздің импорттағы Ресейдің үлесі 43 пайыз шамасына дейін күрт өсті, ал ол соңғы жылдары 35–36 пайыз деңгейінде тұрақтанып жүрген. Бұл Ресейден Қазақстанға әкелетін импорттың өсіп жатқанын білдіреді, себебі өзге елдердің барлығының импорты кеден баж салығының көбейгені себепті біз үшін шынымен қымбаттады. Сөйте отырып, валюта бағамдарының айырмашылығының кесірінен (мысалы, Ресейдің рубльге қатысты бір валюталық саясаты бар: теңгемен салыстырғанда, олар рубльді анағұрлым шұғыл күшейтіп отыр) біздің экспортерлер үшін қазіргі сәтте Ресейге экспорттау тиімді. Біздегі экспортерлер –  ең алдымен шикізат өндірушілер ғана, ол минералды саламен байланысты.

Кеден тарифтерінің кесірінен пайда болған қымбатшылықты біз - Қазақстан азаматтары - төлеп отырмыз. Менің пайымым, Қазақстан орташа мерзімді кезеңде, 2015 жылға дейін Кеден одағына қосылудан ұтыла береді. Ұзақ мерзімді мүмкіндіктер қазіргі сәтте бұлыңғыр көрінеді, себебі о бастан бұл одақтың экономикалық сипатынан гөрі саяси сипаты басым.

ЕГЕМЕНДІКТЕН АЙЫРЫЛУ

Жүргізуші:

– Еуроаймақты құтқару үшін Еуропалық одақ басшылығы мемлекеттен үстем тұратын құрылым құруға мәжбүр, ал бұл егемендіктің бір бөлігінен айырылу дегенді білдіреді. Кеден одағына қатысушы елдер осылай етуге дайын ба?

Ярослав Романчук:


– Менің нақты білетінім, бюджеттік-салықтық саясатты айтпағанда, беларустық басшылық қаржы саясатын координациялау тұсындағы егемендігінің бір бөлігінен де айырылуға анық дайын емес. Сауда заңнамасын бірыңғайлауға байланысты жағдайды реттеу қиын соғып жатыр: осы жылдың маусымында Ресейдің экономикалық даму министрлігі Беларусьтің сауда кедергілері ең көп ел екенін атап өтті.

Біздің жағдай біртүрлі: Ресеймен бірге одақтық мемлекет сияқтымыз, бірақ одақтық мемлекет шеңберінде ақша мен қызмет көрсетулерді айтпағанда, тауарларды еркін айналымға жіберу мүмкін емес. Сол себепті осы комбинацияға Қазақстан келіп қосылғанда, сауда кедергілері алынып тасталады деп пайымдауға болар еді. Бұл арада Ресейдің халқы 140 миллион адамды, оның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) бір жарым триллион долларды құрайтыны, ал Беларусьтегі ЖІӨ 53 миллиард доллар болатыны маңызды емес. Ойын ережелері бәріне бірдей болуы керек.

Мысалы, "АҚШ-пен салыстырғанда кішігірім Мексика осындай еркін одақтың мүшесі болғандықтан ұтып отыр" дейді NAFTA. Ал бізде, өкінішке қарай, экономика, сауда мен бизнестен гөрі саясат туралы көп айтылған ТМД-ның сәтсіз тәжірибесі болған. Қазір бізде Кеден одағы бар, бірақ мұнда да саясат көп, экономика тым аз деп айтуға мәжбүрміз.

Беларусь экономикасы көптеген институционалдық белгілері бойынша не ресейлік экономикамен, не нарықтық экономиканы құру тұрғысынан анағұрлым ілгері жылжыған  қазақстандық экономикамен сыйыспайды. Беларусьте өзгеріссіз орнығып қалған мемлекеттік жоспар бар, тіпті елдің ішінде ойынның бірыңғай ережелеріне жол бермейтін орталық бәрін де басқарып отырады. Сондықтан аталмыш одақ үш елдің үкіметі бас иетін ұлттық орган құруға бет алып, бағытынан ауытқып жататындай алғышарт көріп отырған жоқпын.

Еуро аймағын Еуропалық одақтың макроэкономикалық саясаттың ақша жағын келісіп алып, фискальды, бюджет жағын келіспегендігі тұсап жатыр. Беларусь, Қазақстан және Ресейде бұл элементтер мүлдем сөз болмаған. Сол себепті Кеден одағы жетістікке жетеді деп, әрі бүгін-ертең бұл елдер шынымен пайдаға кенелді деп жуырмаңда айта алмаспыз.

Меруерт Махмұтова:

– Кеден одағының 2020 жылғы перспективаларын қазір ешкім де болжап
Меруерт Махмұтова – Қазақстанның қоғамдық проблемаларын сараптау орталығының директоры.

 жатпайтын шығар. Қазіргі уақытта аталмыш одақ –  біздің президенттеріміздің саяси альянсы. Бәрі де Қазақстанды Назарбаев мырза, Ресейді Медведев–Путин тандемі, Беларусьті Лукашенко қаншалықты ұзақ басқаратындығына байланысты. Бәлкім, лидерлердің келесі буыны Кеден одағы шын мәнінде осы елдерге тиімсіз деп шешетін болар. Меніңше, Беларусьтің келесі лидері өзара шығынды теңгеріп тұрудан гөрі еуропалық бағытқа басымдық беруді жөн санайды.

Мағбат Спанов:

– Аймақтық деңгейде қазір аса қатаң бәсеке жүріп жатқанын ұмытпау керек. Біз қазірдің өзінде әлдебір ортақ банк құру барысында пайда болып жатқан құзыреттерді бөліп беруді бастап кеттік. Менің ойымша, 2020 жылға таман Кеден одағы мәселесінің басы ашылады, себебі осы уақыт аралығында оның жұмыс істеп жатқанына тоғыз жыл толып қояды. Сол кезге дейін біз келешектегі бірыңғай экономикалық кеңістікке қарай жылжимыз, яғни таза кеден жүйесінен бөлек, салық жүйесі де бір қалыпқа түседі, басқа тәртіптер де қолға алынады.

Менің ойымша, Қазақстан, негізінде, өзінің егемендігінің бір бөлігінен айырылуға дайын, бірақ бұл да өз алдына қарастырылады. Кеден одағы сол шақта белгілі бір адамдарға – ресейлік тандемге, Назарбаевқа немесе Лукашенкоға тәуелді болмайды. Бұлар – келісім жасасқан мүдделі жеке тұлғалардың бір тобы емес, мемлекеттер. Кеден одағынан шығуға арналған белгілі бір ережелер бар, ал олар - аса қатаң. Кеден одағының қаншалықты жетістікке жететіні – бір бөлек мәселе. Ал мұның қаншалықты ұзақ мерзімді процесс екені, әрі біз ортақ валютаға жетеміз бе, жоқ па – оның бәрі бес жылдан соң бір-ақ белгілі болады.

Қазақстан өз егемендігінің бір бөлігінен айырылуға дайын деп тағы бір мәрте айтқым келеді, бірақ "мұның қандай шарттары бар" деген сұрақ туады.

Жүргізуші:

– Қадірлі қонақтар, Азаттық радиосы дөңгелек үстелге қатысқандарыңыз үшін алғысын білдіреді.
Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Мергенбай Қайдан: ОҚО
06.09.2011 09:50
+0 / -0
Меруерт Махмутованың пікіріне толығымен қосыламын, ашығын айтқан. Әйелде болса ойы ұшқыр екен. Қалғандарыныкі бос далбаса.

Кімнен: Syrlybek Қайдан: Tomsk
06.09.2011 10:31
+0 / -0
Kazakhstan oz egemendigining bir boliginen ayrladi degen ne? Kim kazakhstan jerin bireuge bereyin dep jatir? Bulay kop ottamandar? Osi takiripti kozgaularindi otinem!

Кімнен: ара Қайдан: уя
06.09.2011 12:35
+0 / -0
бугин кедендик одак, ертен кенестик одак(КСРО) курылып егемендигимизден биржола айырылар ма екенбиз...

Кімнен: DDoS-шабуыл Қайдан: Тау
06.09.2011 14:12
+0 / -0
Арыға бармай берісін айталық. Жалақымның өспегеніне 4 жыл болды, ал инфляция содан бері 4 есе өсті. Бүгін 92-93-ші маркалы жанармай алу үшін бүкіл Алматына шарлап шықтым. Ешқай жерде жоқ! 96-шы марка бар, бірақ оның литрі 135 теңге! Жұмысқа келсем, жігіттер айтады: Ресейде бензин қымбат, кедендік салық жоқ болғасын жанармай өңдеушілер сол жаққа апарып сатып қарық болуда. (!) Осы кезде тел-ым шыр етті. Әйелім екен. Арзан деген жәрмеңкеден ет алайын десем келісі 1500 еңге дейт. (!) Қарызға алған ақшаны ұстай бер дедім. қарызға ақша алған себебіміз, жалақым несиені жабудан аспайды. Ал баламды сабаққа апарғанда оқулық пен киім-кешегіне ақшам жетпей қалды. 2-ші сыныптағы балама ағылшын тілі кітабын 2800 теңгеге, қытай тілі кітабын 2000 теңгеге алдық. Ойланып қалдым, осы қытай тілі бізге не керек? Білім министрлігі неге бекіткен? Қытайда қазақ тілі 2-ші сыныптан бастап оықтылатын шығар деген ойға қалдым. Қысқасы, өз қазағын жиырма жыл жүндеген биліктен әбден көңілім қалды. Мұндай биліктің, мұндай Кеден Одағының әкесінің аузын ұрдым!

Кімнен: жад Қайдан: Атырау
06.09.2011 16:54
+0 / -0
Дос дұрыс айттың, бұндай кеден одағының аузын...

Кімнен: Айнұр
06.09.2011 17:34
+0 / -0
Бір жыл болды "болары болып, бояуы сіңген" тақырыпты неге қажай бересіңдер, оданда Президенттің атына, Мәсімовке, Парламенттің қос палатасына жазылған "Конституциядағы қазақ тілі мен орыс тілінің орны туралы" хатты неге жазбайсыңдар. Ол хат бір күн емес бірнеше жыл (өзгеріс енгізілгенше) күн тақырыбынан түспейтін тақырып болуы тиіс
Пікір алмасу

Кімнен: Анық
06.09.2011 20:31
+0 / -0
Дұрыс ау! Қазақ тіліне қарсы Есірген Ертісбаев туралы неге жазбайсыңдар! Әлде қорқасыңдар ма? Онда басқаны жазып басты ауыртпаңдар! Доп теуіп жүрген Ертісбаев қазақша сөйлемеймін деп шіренді. не деген сұұмдық!

Кімнен: Өскемен Қайдан: Өскемен
06.09.2011 18:48
+0 / -0
Кедендік одаққа қаным қарсы! Биліктің арнайы қызметі мықты Мәскеуге арқа тіреп тақтан тайып кетпейік деп жансауғалағаны бар болғаны, елге орасан зиян шектіріп бұл қиын болды

Кімнен: кайғылы қара
06.09.2011 22:41
+0 / -0
Кеден одағына мен мүлдем қарсымын
Халықпен ойласпаған іс болды

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.09.2011 08:52
+0 / -0
Қарсы болсаңдар кімді күтіп отысыңдар,"Халық Майданы" на бірігіп
қарсы әрекет етуге жүректерің дауалайма, әлде "тұлыбына қарай
мөңірей" береміз ба, тағы 10-20 жыл.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.09.2011 11:32
+0 / -0
Оян Қазақ ХАЛЫҚ жауларына қарсы!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.09.2011 18:09
+0 / -0
"Кеден одағы" емес "Қазақты құрту одағы". Масқара, СССР-ден зорға құтылып едік. "Қазакты құрту" одағына өзіміз барып кірдік. Оян қазақ!!!

Кімнен: Меней Қайдан: Қазақиа
08.09.2011 05:11
+0 / -0
Қазырден бастап қарсылығымызды білдірмесек бәріде кеш болады, зат бағасын, көлік бағасын өрлеткен одақ бізге керек емес

Кімнен: ishki bulhinis Қайдан: astana
10.09.2011 02:05
+0 / -0
Осылардың көбі қазақтың күшін әлсіретуге арналған келісулермен одақтар.құр атаққа құл болған басшыдық ,біздің арыт жағымызда оте үлкен бір мудде жатқан сяқты, ол(қазақтан басқа) бір ұлыт болулы да мүмкін,ол бір жеке адамдар болуы да мүмкін, ол бір не бірнеше мемілекет болуыда мүмкін........қазақ саны аз ,күші кішкентай ғана халық жері өте кең болғанына көзі қызарғандар,бөліп алғысы келетін шығар....ішқып не талқыласаңдарда кең талқылаңдаршы ағайын....қазақилыққа салып қолды сермей салмаңдаршы....өтінем.

Кімнен: Меней Қайдан: Қазақиа
15.09.2011 23:55
+0 / -0
Кеден одағы Қазаққа зиян, Ресейдың Завоттарында өтпей қалған өнімдеріне пайда

Кімнен: Айбар Қайдан: Шетпе
22.09.2011 14:11
+0 / -0
Нурга елдин казахтын болашагы 1 тиын жалпактап барин сатып берип жок болады корде тур.Нокерлеринде ози кусатып жалпыкеш кылып койган.Зарлаумен отер казактын куни.Оян дейсиндер азир оянар казах жок.Мунайшылар 4 ай болды турганына оларды камап олтирип жатыр лам деместен билик отыр туяк серпер калкын жок.Кеденге кирем алде баска жерине кирем деседе ерик озинде тек корге кирем деп айтпас ол шабазын. Осы пикиримди жариялар деп ойлаймын

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Редактор таңдауы

«Аңыз адам» журналының Адольф Гитлерге арналған саны сатылып тұрған дүңгіршек. Алматы, 18 сәуір 2014 жыл.

Видео «Аңыз адам» үшінші рет жазаға тартылды

Бұл жолғы сот Гитлер туралы жазған журналдың бас редакторы мен құрылтайшысын айыппұл төлеуге кесіп, даулы мақалалар жарияланған нөмірді тәркілеуге үкім етті. Толығырақ