Сейсенбі, 21 мамыр 2013, Алматы 04:32


БАСПАСӨЗ ШОЛУЫ

Атамбаев «Манас» әуежайына қатысты АҚШ-қа ескерту жасады

Қырғызстанның жаңа сайланған президенті Алмазбек Атамбаев өзін Мәскеудің одақтасы ретінде көрсетті деп жазады Financial Times басылымы қазанның 31-і күнгі санында.

Қырғызстанның жаңа сайланған президенті Алмазбек Атамбаев. 1 қараша 2011 жыл.
Қырғызстанның жаңа сайланған президенті Алмазбек Атамбаев. 1 қараша 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Қазанның 31-күні Алмазбек Атамбаев BBC телеарнасына «АҚШ-тың «Манас» әскери базасын 2014 жылдан кейін пайдалана алмайтынын» айтты.

– «Манастағы» АҚШ-тың әскери базасы жабылуы керек. Егер Иран мен АҚШ арасында соғыс тұтана қалса, сосын Иран АҚШ-қа жауап ретінде Манасты бомбаласа не болмақ? – деді ол телеарнаға.

МАНАС ӘУЕЖАЙЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

«Манас» әскери базасынан айырылу Ауғанстанға жүк тасымалдап, әскерін аялдататын АҚШ үшін ең басты сәтсіздік болмақ» деп жазады Financial Times. Себебі Пәкістаннан Ауғанстанға өтіп жатқан бүлікшіл топтардың НАТО-ның Ауғанстандағы әскерилеріне жиі шабуылдай бастауы Қырғызстанның маңызын арттырып отыр. 

Ал Ресей Орталық Азиядағы  мемлекеттерді өзінің ерекше ықпал аймағы ретінде көреді және АҚШ әскери базасының Қырғызстанда 
"Манас" әуежайындағы АҚШ сарбаздары. 15 сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
"Манас" әуежайындағы АҚШ сарбаздары. 15 сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
орналасқанына қарсы. Өзбекстан болса АҚШ-ты 2006 жылы елден шығарып жіберген. Сарапшылар «Ташкент мұны Мәскеудің айтуымен істеп отыр» деп бағалаған болатын.

АҚШ «Манас» әуежайын алғаш 2001 жылы Нью-Йоркке террористік шабуыл жасалғаннан кейін пайдалана бастаған.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев 2009 жылы АҚШ-тан Манас әуежайын босатуды сұраған, бірақ Вашингтон жалдау құнын үш есеге арттырғанда ол райынан қайтқан. Құрманбек Бакиев өткен жылы биліктен қуылған соң қырғыз құқық қорғау орындары оның туыстарын «Манас» әуежайындағы жанар-жағармайға қатысты күмәнді келісім-шарттардан пайда көрді» деп айыптады.

Бішкек пен  Вашингтонның байланысы «Ақ үй Құрманбек Бакиевтің президенттігі кезіндегі коррупцияға көз жұма қарады» деген айыптаулардан кейін шиеленісіп кеткенін айтады басылым.

ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ АЛДАҒЫ САЯСИ БАҒЫТЫ

Лондонда орналасқан GPW бизнеске талдау жасау консалтингінің аға сарапшысы Кейт Маллинсон Атамбаевтың Манас әуежайын жабу туралы талабын «әдеттегі және орынды сөз» деп атады. «Әскери базаның жабылмағаны жөн. Оның жабылуы Ресей мен Қырғызстан арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа байланысты болады» дейді сарапшы.

Алмазбек Атамбаев премьер-министр болып сайланғалы бері Қырғызстанды Ресейдің ыңғайына бұрып келді.

Ресей парламентінің спикері және биліктегі «Единая Россия» 
Қырғызстан премьер-министрі Алмазбек Атамбаев (сол жақта) және Ресей премьер-министрі Владимир Путин. 27 желтоқсан 2010 жыл.
Қырғызстан премьер-министрі Алмазбек Атамбаев (сол жақта) және Ресей премьер-министрі Владимир Путин. 27 желтоқсан 2010 жыл.
партиясының басшысы Борис Грызлов Алмазбек Атамбаевтың сайлаудағы жеңісін жылы қабылдап, «Оның (Ресеймен) интеграцияны қолдайтыны шүбәсіз маңызды» деді.

Алмазбек Атамбаев өткен айда Владимир Путинмен болған әңгімеде Қырғызстанның Ресей, Қазақстан  және Беларусь арасындағы кедендік одаққа кіруге мүдделі екендігін айтқан. Алайда Атамбаев қазанның 31-і күні «Қырғызстан кеден одағына қатысты  келісімдерінің әрбір тармағына ерекше назар аударатын болады» деп, шиеленістің ұшығын шығарды дейді Financial Times.

Қырғызстандық саяси сарапшы Марс Сариевтің ойынша, Қырғызстан саудагерлері Қытайдың контрабандалық тауарларына тәуелді, бұл Кеден одағына кіруге кедергі болады. Оның айтуынша, Бішкек Кеден одағына қосылса, Ресей Қырғызстанның шекарасын бақылауда ұстайды, содан кейін  бұл елде де баға қымбаттайды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Өмірбек Қайдан: Астана
02.11.2011 15:04
+0 / -0
Алмазбек! Қырғыз елінің ең жоғарғы лауазымды қызметі ел Президенті болуыңызбен құттықтаймын! Сіз таза сайлау қортындысында жеңіске жеттіңіз. Ал енді барлық қырғыз халқының бар үміті сізде! Сіз қолыңызды (Коррупцияға сұқпай) таза ұстасаңыз, екі-үш жылда халықтың жағдайы көтеріліп, өзі ақ басына көтереді ,алтыннан бюсттіңді орнатады, бүкіл бала шағаң, немерелерің бақытты да тамаша өмір сүреді. Сіз Қазақстанға үлгі көрсетіңізші! Неге Патшалар дүниеге тоймайды? Дүние қолдың кірі емеспе? Барлық халықпен бірге жақсылық көрген, қандай тамаша екенін көресіз.

Кімнен: Өмірбек Қайдан: Астана
02.11.2011 15:05
+0 / -0
Алмазбек! Қырғыз елінің ең жоғарғы лауазымды қызметі ел Президенті болуыңызбен құттықтаймын! Сіз таза сайлау қортындысында жеңіске жеттіңіз. Ал енді барлық қырғыз халқының бар үміті сізде! Сіз қолыңызды (Коррупцияға сұқпай) таза ұстасаңыз, екі-үш жылда халықтың жағдайы көтеріліп, өзі ақ басына көтереді ,алтыннан бюсттіңді орнатады, бүкіл бала шағаң, немерелерің бақытты да тамаша өмір сүреді. Сіз Қазақстанға үлгі көрсетіңізші! Неге Патшалар дүниеге тоймайды? Дүние қолдың кірі емеспе? Барлық халықпен бірге жақсылық көрген, қандай тамаша екенін көресіз.

Кімнен: Астана қазағы Қайдан: Астана
02.11.2011 19:42
+0 / -0
Қалай десек те, Отынбаева апамыз өте парасатты жан екенін көрсетті!!! Жарайсыңдар, Қырғыз бауырлар! Жас және іскер жаңа Президенттеріңіз құтты болсын!!! Бауырлас Қырғыз жерінде тыныштық орнап, Қырғыз елі өркендей беруіне шын жүректен тілектеспіз!!!

Кімнен: Kan Alihan
02.11.2011 20:31
+0 / -0
Билікке келіп үлгермей жатып, Алмазбек мырза өзінің американдық әскери базаға қатысты позициясын тым асығыс жасап қойған сияқты. Кейін өкініп жүрмесе болды.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.11.2011 23:12
+0 / -0
Бәкиев тақтан түскенде Мәскеуге қарай жүгірген жүгермектердің бірі осы емеспе еді, ендеше қуануға ерте, путіншіл кадырлардың көктеткені шамалы.

Кімнен: МҰРАТ Қайдан: Астана
04.11.2011 06:42
+0 / -0
Таққа келмей жатып АҚШ базасын шығару дегені тым асығыс емес пе, арты жақсы болғай!

Кімнен: баласы
04.11.2011 20:25
+0 / -0
Роза мама, супер!

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?