Бейсенбі, 23 мамыр 2013, Алматы 09:07


БАСПАСӨЗ ШОЛУЫ

АҚШ Ислам Каримовтың диктатурасын қашанғы көрмегенсиді?

«Каримовтың бетінен сүю» атты мақала авторы «Өзбекстанның диктаторы – кезегін күтіп отырған келесі Каддафи. Реализм деген бөлек нәрсе, бірақ АҚШ сайтанды өз атымен атаудан қорықпайды» деп жазады Foreign Policy журналында.

Ислам Каримов, Өзбекстан президенті (сол жақта) және Хилари Клинтон, АҚШ мемлекеттік хатшысы. Ташкент, 23 қазан 2011 жыл
Ислам Каримов, Өзбекстан президенті (сол жақта) және Хилари Клинтон, АҚШ мемлекеттік хатшысы. Ташкент, 23 қазан 2011 жыл
Мәтін көлемі - +

Foreign Policy («Форин полиси») журналы қарашының 17-і Human Rights Watch («Хьюман Райтс Вотч») ұйымының сараптама материалын жариялады. 

«КҮЛШЕЛІ БАЛА СҮЙМЕККЕ ЖАҚСЫ»

«Егер сен күшті болсаң, елдің бәрі сенімен жақсы болуға тырысады. Қайратың қайтса, қош бол!» Ливияның тақтан тайған автократы Муаммар Каддафидің баласы Саиф әл-Исламнан сенің әкеңе Батыс не себепті шүйлікті   деп сұрағанда ол дәл осылай деп жауап берген деп жазады Foreign Policy. 

Басылымның қисыны бойынша Саиф әл-Исламды бұлай деді екен деп кінәлау артық. Бірталай жылдан бері АҚШ пен Еуропа Каддафдің мұнайы мен байлығын қорғау үшін оның қатігездігін көрмегенсіп келді.    Шотландиядағы террорлық актіні Батыс кешіруі үшін Каддафи оларға 2.7 миллиард АҚШ долларын төледі дейді мақала авторы. «Әл-Қаидаға» қарсы  жәрдем бергені үшін Батыс Ливияның дүниежүзі бойына ұсталған терроршыларын қайтарып берді. 

Тирандардың абыройы аспандап тұрғанда оларға жағымпаздану дұрыс па сонда? Ақ үй үшін бұл сұрақ Каддафиге қатысты қойылғанда даулы мәселеге айналды. 

Алайда АҚШ-тың басшылары тек Араб әлемінде ғана емес,  бірақ сонымен қатар басқа да қатігез, әрі автократ «одақтастарына» қатысты мұндай   мәселемен құдайдың құтты күні кезігіп отыр, мысалы, Орталық Азияда, дейді автор.

ӨЗБЕКТІҢ КАДДАФИІ

«Араб көктемі» шарпып өткен кешегі аймақтарға және Орталық Азиядағы Өзбекстанға қараңызшы дейді ұйымның сарапшыcы. Республикашыл президенттік кандидат Герман Каин бұл елді «У-беки-беки-беки-стан-стан» деп жаңылтпаш құсатып айтам деп АҚШ-тағы жалпақ жұртқа танытқанға дейін бұл мемлекет диктатор билеушісі өзімен ұстасқан дұшпандарын  қайнатып жейтін ел ретінде ғана белгілі болған. Оның қазіргі басшысы, бұрынғы коммунист Ислам Каримов демократиялық жол үшін күрескісі келетін кез келген қарсыласын қинап, қорлап, түрмеге тыға салатын іріп-шіріген қатігез  мемлекетті басқарып отыр. Бұған дейін де айтылғандай ол билік тізгінін  қызына ұстатып кетем деген дәмеде жүр. (Бірақ оның қызын АҚШ-тағы БАҚ өз еліндегі ең жеккөрінішті адам деп атайды). Оның қол астындағы кейбір қызметкерлер  2005 жылы бір рет бас көтермекке әрекеттеніп көрген, бірақ олардың бәрін жаншып  тастады. Өзбек билігі Батысқа реформалар жасаймыз деп уәде бергенімен дым да жасамайды. 
Әндіжандық босқын Зухра Каримова екі қызымен алты жылдан соң табысып тұр. Прага, 22 тамыз 2011 жыл
Әндіжандық босқын Зухра Каримова екі қызымен алты жылдан соң табысып тұр. Прага, 22 тамыз 2011 жыл

Осы жағынан алып қарағанда  ұйым сарапшысы Өзбекстанды Каддафидің Ливиясына ұқсатады. Бірақ, Өзбекстанның Каддафиде болмаған бір артықшылығы бар. Бұл ел Ауғанстанмен шектесіп жатыр. Ал Пентагонға  Ауғанстандағы армиясына керек-жарақ жеткізуге және кейінірек әскерін ол жақтан шығарып алуға транзитты жол керек.  Бұл жол Өзбекстанның үстімен өтсе тіптен тамаша. Осы мүмкіндікті сатып алу үшін АҚШ-тың президент әкімшілігі Конгрестен Өзбекстанға әскери көмек көрсету үшін адам құқықтары мәселесін көтермеуді сұрады. Мемлекеттік хатшы Хилари Клинтон екі апта бұрын Вашингтон мен Ташкенттің арасын жақындата түсу мақсатымен осы елге барып қайтты.

Бұған дейін бұл әкімшілік өзбек үкіметіне және оның айналасындағы қарсыластарына адам құқықтары дамымайынша ешқандай да жәрдем көрсетілмейді деген еді. Қазір енді өзбек билігі Каддафидің қатесінен сабақ алып қауіптеніп отыр. Каддафилер «АҚШ саған мұқтаж болса, шалқая түс. Принциптерін соңыра бұза салады» деп ойлап келген еді. Бірақ, соңында олай болмай шықты. Сарапшының пайымдауынша, Ислам Каримов АҚШ-қа Өзбекстанды демократия жолына бұрып, билікті балаларыма табыстап кетем деп алдарқатуы мүмкін. Сосын бәрібір жағдай ушығып Өзбекстандағы режимнің ақыры Таяу Шығыс елдерінің кейпіне үшырауы ғажап емес. Бірақ, АҚШ үкіметі қанша прагматикалық қарым-қатынас жасаса да, адам құқықтарына қатысты талаптарын жұмсартпай, үнемі сайтанды өз атымен атап отыруы тиіс деп қорытындылайды автор.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ара
19.11.2011 16:06
+0 / -0
Озбекстаннан баска диктаторлар баскаратын елдер жетеди.
АКШтын олармен шаруасы жок, себеби АКШты мунайлы араб елдери гана кызыктырады, далирек айтканда олардын мунайы кызыктырады.
ал АКШ пен онын одактастары ол елдерге демократия орнатамыз деген сылтаумен басып кирип, халкын кырын, байлыгын тартып алып отырады. демократия дегенимиз осы агайын!
Пікір алмасу

Кімнен: bolat Қайдан: mongolia
22.11.2011 07:48
+0 / -0
ia duris aitasin men sagan kosilamin. AHSH pen europaga eshkandai zaual jok boldi goi, birak keshkpei sazaiin tartar degenge senemin

Кімнен: Kan Alihan
20.11.2011 05:58
+0 / -0
Озбекстан Президенти уакытша болса да Курама Штаттарга транзиттик жол ушин колдау билдиргени дурыс. Каддафи барлык демократияга мойын сунгысы келмеген катыгез басшылардын сонгы кунинин калай аякталатынын корсетип берди.

Кімнен: коп корген Қайдан: сол жерден
20.11.2011 23:59
+0 / -0
каримовты неге кормейди?карга карганын козин шукымайды.диктаторды алыстан издеп кайтесиндер.отырган жок па,торинде торе болып.демократия ашейин "ПОЛИТИЧЕСКИЙ ЛОХтарга"арналган развод.сендер демократия ансап айдалага карап турганда батыстын капрлери "дермократ диктаторларынмен" биригип сендердин байлыктарынды сорып,оздеринди "политический мангурт" кылып жатыр.ойланындар.абден кеш болмай турганда!оянындар казактар!капирдин саясатын алдындар,капирдин отиригине сендиндер,капирди асырап бар байлыкты улестирип биттиндер!енди капирдин динине киру калды!ал кайдагы бир адаскан кан аликан казактар(егер арине казак болса)батыстын сойылын согам десе ози билсин!(типти артын жаласын.мумкин жениске жетер)бул сияктылар ертен ел басына кун туса биринши болып сатады сендерди!

Кімнен: Қазақ Қайдан: ОҚО
22.11.2011 16:40
+0 / -0
Ия, Каримав өз елін автократиялық тіптен диктаторлық тұрғыдан басқарып отыр. Мен Өзбекстанда жасағанмын онда халықтың санасы біздікінен тым төмен деңгейде. Жақын ортада Өзбекстанда Араб елдеріндегідей көтерілістер бола қояды дегенге мен сене қоймаймын. Әуелі оларды тойдыру, содан кейін шынайы ақпарат пен бостандық қажет. Бір жағынан олар отарсыздандыру саясатымен өтірік болсын, шын болсын, өзбек халқының ұлылығын жас ұрпаққа дәріптер жатыр. Мына кетісте түбін бір үлкен сілкініс болатыны ақиқат. Өзбек басшыларының ойында қандайда бір залым мақсаттар бар мен содан күдіктенемін. Әзірге қарапайым халық қайда айдаса сонда езіліп жүр.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?