Сәрсенбі, 22 мамыр 2013, Алматы 23:21


БАСПАСӨЗ ШОЛУЫ

Айткеннің Назарбаев туралы "сувенир кітабы"

Ұлыбританияның Times газетінде Джонатан Айткеннің Нұрсұлтан Назарбаев туралы екінші шығармасына қатысты рецензия жарияланды. Автор бұл кітапты Батыста кім сатып алуы мүмкін деген сұрақ қояды.

Джонатан Айткен, ұлыбританиялық бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік, публицист. Лондон, 20 наурыз 2006 жыл
Джонатан Айткен, ұлыбританиялық бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік, публицист. Лондон, 20 наурыз 2006 жыл
Мәтін көлемі - +
"Қазақстан: тәуелсіз 20 жылдан кейінгі таңғажайыптар мен стереотиптер" - банкротқа ұшыраған және қысқа уақыт қамауда отырған бұрынғы ұлыбританиялық жоғары лауазымды шенеунік, қазір публицистке айналған Джонатан Айткеннің Қазақстан президенті туралы жазған екінші кітабы. Times ("Таймз") басылымының әдеби қосымшасының назарына ілінген бұл кітап туралы рецензияны Лондон университеті Шығыстану және африкатану мектебінің профессоры Бавна Даве жазған. Кітап 216 парақтан тұрады, бағасы - 20 фунт стерлинг.
Назарбаев бойынан "алапат қуат сезілетін", саяси ландшафта жалғыз өзі сорайып тұрған алып емен сияқты суреттелген.
 
"Джонатан Айткеннің Қазақстан туралы екінші кітабы совет кезеңінен қалған азапты стереотиптер мен өзін Борат ретінде мазақ еткен Саша Барон Коэннің кекесінді кемсітуіне төтеп берген Золушка бейнелі ел туралы. Мұның бәрі коммунистен ұлт жетекшісіне айналған Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасы дегенге саяды. Назарбаев бойынан "алапат қуат сезілетін", саяси ландшафта жалғыз өзі сорайып тұрған алып емен сияқты суреттелген. Ол "шағын емен жаңғақтары мен шыбықтардың да өсуіне кедергі келтірмегенімен", соңғылары жаңағы алыптың көлеңкесінде табиғи түрде көрінбей қалған" деп бастайды автор рецензиясын.

Ары қарай маман Айткеннің не қазақша, не орысша білмейтіндігіне және зерттеуші ретінде тәжірибесіздігіне қарамастан Назарбаев пен оның төңірегіндегі жоғары лауазымды жұртпен емін-еркін араласқанына "тәнті" болған. Әсіресе кітап авторының президентпен жалпы ұзақтығы 35 сағаттық сұхбат алғанына назар аударған.

Рецензент: "Ол (Айткен - ред.) Назарбаевтың совет дәуірінен қалған ядролық қару-жарақтан құлшына арылғанын (шындығында оның басқа амалы да жоқ еді ғой - Бавна Даве) сипаттайды және оны халықаралық деңгейде мойындауға үндейді. Оның мадақтап отырған адамы конституция бойынша "Елбасы" деп жарияланып, соңғы сайлауда 95.5 пайыз дауыс алған" деп жазады.
Бавна Даве, Лондон университеті Шығыстану және африкатану мектебінің профессоры. Астана, шілде, 2010 жылБавна Даве, Лондон университеті Шығыстану және африкатану мектебінің профессоры. Астана, шілде, 2010 жыл
x
Бавна Даве, Лондон университеті Шығыстану және африкатану мектебінің профессоры. Астана, шілде, 2010 жыл
Бавна Даве, Лондон университеті Шығыстану және африкатану мектебінің профессоры. Астана, шілде, 2010 жыл

Ары қарай сарапшы Айткеннің кітабына кірмей қалған Жаңаөзендегі қанды оқиға туралы да ескертіп өтеді. Рецензияда "Мұнай байлығы қоғамның жоғарғы деңгейіндегі кейбір топтарды бақуатты ете түсті, бірақ шынайы саяси өмірге араласудан тыйды. Төменге тамшылап қана аққан байлықтың аз бөлігі кейбір адамдардың "ұлттық мақтанышын" оятқанмен көпшілікті тынышсыз күйде қалдырды" деген жолдар бар.

Рецензент Қазақстан президентінің көзі тірісінде мадақтаудың астында қалғанын, Батыс үкіметтерінің, сарапшыларының, адам құқығы мен сөз бостандығын қорғаушылардың сынына қарсы уәж айтудан танбай келе жатқанын жазады.
Елге келе қалған дипломаттар мен бизнесмендер Қазақстан үкіметінің арқасында бұл кітаптың бір данасын тегін сувенир ретінде көтеріп қайтатаын шығар.
 
Сыншының жазуынша, Айткен Қазақстан түрмелеріндегі азаптау мәселесіне "Потемкиннің көзілдірігін" киіп қарайды. Кітап авторы қазақ түрмелерінде отырғандар туыстарымен емін-еркін кездесе алады, тіпті Ұлыбритания бұдан сабақ алса болады деген тұрғыда ой айтады. Ол унитаздардың тазалығын да ерекше атап өтеді. Тек туберкулез ауруының бар екенін ғана мойындайды.

Бавна Даве рецензиясының соңында бұл кітапты кім оқып, сенуі мүмкін деген сауал қояды. Сарапшы ойын: "Билеушілерінің пиар тәсілдерінен жиіркенетін жас қазақстандықтар емес, әрине. Елге келе қалған дипломаттар мен бизнесмендер Қазақстан үкіметінің арқасында бұл кітаптың бір данасын тегін сувенир ретінде көтеріп қайтатын шығар" деп түйіндейді. 

Рецензия Times-тың әдеби қосымшасында сәуірдің 20-сы жарық көрді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: кухня қобыландысы
02.05.2012 18:19
+0 / -0
Осы бір Айткен деген ақ жылтыңдап шықпайды екен Қазақстанннан, өзімізде де әбіштер ырғын емес пе, бұл да ақшаға құныққан адам екен сол әбіштердің несібесіне жағаласып. Тағдырын бір күнде бір аласапыран митинг шешіп кететін қалт құлт еткен диктаторларды дәріптеп кітап жазып шапқыламай тып тыныш қана ағылшын каминінің қасында ыстық кофесін ішіп, кітабын оқып отырмай ма.
Пікір алмасу

Кімнен: Жақып Қайдан: Алматы
06.05.2012 00:46
+0 / -0
Ары назарбаевтардың ақшасының астында қалған байғұстар не жазбай жүр? Өзіміздің сондай бір қазағымыз өмірі етік тігумен өткен Назарбайды белгілі би болған деп кітап шығарды емес пе? "Кемеңгер, әулиенің" ақшасын емгендер оның бала шағы, жігіт кезі, басшыға айналғаны туралы спектакльді жарыса жазып, кино түсіріп жанталасып жүр. Ертең күресінде қалатынын ойламайды оларының. Бүгін алақандарын ақшаға толтырса, соған "бақытты" жалдамалы жалбақайлар!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.05.2012 18:24
+0 / -0
назарбаевти жамандауга жалыгып кеттим.негизи зор адам гой.тек астана атын шыгару дегендей бир жакпен кетти.жан жакты бола алмады халыкты байта алмады.сол ушин конилим толмайды елагама

Кімнен: көптіңбірі Қайдан: далада
02.05.2012 23:23
+0 / -0
ел басыны міндеті не? қалыққа тамақ тауып беруме әлде қалқының терезесін басқалармен теңестріп дұрыс жолға бастаума?
Пікір алмасу

Кімнен: Жақып Қайдан: Алматы
06.05.2012 00:33
+0 / -0
"Елбасы" деп атағанды қою керек.Бүкіл әулетімен жабылып қазақтың байлығын жалмап жүрген қуды " Елбасы" деу күнә болады. Інісі Болатты ғана мысалға алыңдаршы, АҚШ-та бұрынғы қатынымен соттасып жатыр. Ол 20 миллион долларға сонда үй сатып алған екен, қатыны соны иеленіп кетіп, сотқа шапқылап барыпты Назарбайдың Әбішінің Болаты - Нұрсұлтанның інісі. Алматының төрттен біріндей қала салуға жететін ақшаны ол қайдан алды, қай еңбегімен тапты? Тоймайтын кәпірлер өңшең!

Кімнен: kara Қайдан: atyrau
04.05.2012 12:02
+0 / -0
Мунайдын барын тегин берсе мен роман жазатын едим 1000000 беттен тураты
бир гана CHEVRON казакстаннан 52 миллион доллар табады емес па
Пікір алмасу

Кімнен: Жәнібек Қайдан: Алтайдан
06.05.2012 01:00
+0 / -0
Мына Айткен деген әйдік қу да шебер психолог екен. Жалпы ағылшындар ақша табуға шебер ғой, ойламаған жерден табыс таба береді. Бұл Айтекең түрмеден шыққаннан кейін ойланған ғой : қалай көп мәни тапсам екен деп. Сосын Үлкен Британ кітапханасына барып, әлемдегі бұрынғы және қазіргі диктаторлардың өмірбаяндарын лупамен қарап зерттеген. Әсіресе, оларға қандай қасиеттер тән болады екен, қандай "слабостері" болады екен, соған баса назар аударған. Бәріне тән ортақ қасиет--олардың өздерін мақтауды, марапаттауды өте жақсы көреді екен және қиуын келтіріп мақтаған адамнан ештеңе аямай алтынға көмеді екен. Айтекең не керек, біздің бақытымызға қарай, Нұрекеңді таңдапты Неге? Қазақстанда ақша көп екен.және Айтекеңді қызықтырғаны, сол көп ақшаны Нұрекеңнің өзі жұмсайды екен. Міне, сөйтіп, Қазақстанды әлем картасынан таба алмайтын, не қазақша, не орысша бір сөз білмейтін алаяқ біздің Ұлт көшбасшымыздың библиогрфы (шежірешісі )болып шыға келді. Айттым ғой, ағылшындар ақша табуға шебер деп. Меніңше, Айткен журналист қазір миллардерлердің қатарында болмағанмен ,миллионерлердің көш басында болуы әбден мүмкін.
Айткеннің бас геройы тақтан кеткеннен кейін бар шындық бұлттан шыққан ашық күндей жарқырап шығады. Бірақ ол кезде Айткеннің ізін де таба алиаймыз.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?