Сәрсенбі, 22 мамыр 2013, Алматы 10:54


БАСПАСӨЗ ШОЛУЫ

«Еуропада исламофобия саяси дертке айналды»

«Әл-Жазира» веб-сайтындағы мақала авторының ойынша, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстағы нәсілшілдіктің зардабынан ащы сабақ алған, «адам құқықтары мен теңдігін сақтаушы» Еуропада мұсылмандарға қарсы жаулық көзқарас қалыптасып отыр.

Лондонның орталық мешіттерінің бірінде жұма намазын оқып жатқандар. 28 желтоқсан 2007 жыл
Лондонның орталық мешіттерінің бірінде жұма намазын оқып жатқандар. 28 желтоқсан 2007 жыл
Мәтін көлемі - +

«Әл-Жазира» телеарнасының веб-сайты мамырдың 5-сінде Еуропадағы исламофобия туралы мақала басты.

Мақаланың авторы – Ұлыбританиядағы мұсылман қауымдастығының бұрынғы бас хатшысы Мұхаммед Абдул Бари. Ол иммигранттар мен мұсылмандарға қарсы оңшыл партиялар Еуропадағы қаржы дағдарысы мен экономикалық қиындықты Исламға деген төзімсіздік пен теріс көзқарас қалыптастыру үшін пайдаланып отыр деп санайды. Автор «біз» және олар» деп бөлінетін ортада ендігі жерде Еуропа мұсылмандарын «өзгелер» деп бөле бастады» дейді.

ЕУРОПА ТАҒЫ БІР ДАҒДАРЫСҚА ТАП БОЛДЫ

Автор Еуропа кеңесінің адам құқықтары жөніндегі комиссары Томас Хаммарбергтің Еуропа қаржы дағдарысынан бөлек, мұсылмандарға деген жаулық көзқарастан туындайтын моральдық құлдырауға тап болды деген пікірін келтіреді.

Абдул Баридың ойынша, Ұлыбританияда орналасқан Amnesty International  ұйымы да бұл алаңдаушылыққа қосылады. Өткен сәуір айында жариялаған «Еуропадағы мұсылмандарды кемсіту: таңдау мен жаңсақ пікір» деп аталған зерттеуінде ұйым Франция, Бельгия мен Голландияны мұсылмандарды жұмысқа алу кезінде кемсітушілікке тыйым салатын заң қабылдай алмай отыр деп айыптаған еді.
Ниқаб қиіп газет оқып отырған франциялық мұсылман әйел. 11 сәуір 2012 жылНиқаб қиіп газет оқып отырған франциялық мұсылман әйел. 11 сәуір 2012 жыл
x
Ниқаб қиіп газет оқып отырған франциялық мұсылман әйел. 11 сәуір 2012 жыл
Ниқаб қиіп газет оқып отырған франциялық мұсылман әйел. 11 сәуір 2012 жыл

Мақала авторы ұйымның дискриминация жөніндегі сарапшысы Марко Перолинидің де сөздерін уәж ретінде келтіреді. Перолини: «Мұсылман әйелдер мұсылманша орамал тағып жүргені үшін жұмысқа қабылданбай, қыздары дәстүрлі киім кигеніне байланысты сабақтарына кіре алмай жүр. Ер адамдарды мұсылмандық шарты бойынша сақал жібергені үшін жұмыстан шығара салады. Еуропалық елдердің партиялары мен қоғамдық өкілдері осындай мәселелерді шешудің орнына, мұсылмандардың сайлаудағы дауысын ғана пайдаланып келеді» деген еді.

«МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ЕУРОПАНЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ҚАТЫСЫ БАР»

Мұсылмандарды дискриминациялауға қарсы уәж айтқан Мұхаммед Абдул Бари 1950 жылдары Еуропаға келген мұсылмандардың соғыстан күйреген құрлықтың экономикасын қалпына келтіруге үлес қосқанын алға тартады. «Қазір Еуропа – мұсылмандардың өз отаны. Құрлықтың болашағына да тікелей қатысы бар» дейді ол.

Автордың пікірінше, әсіре оңшылдардың ұстанымы мен еуропалық саясаткерлердің проблеманы саяси тұрғыда шешу тәсілдері исламофобия тудырды.
Бельгиялық мұсылман әйелдер жұмысқа тұру кезіндегі дискриминацияға қарсы наразылық акциясында. Генк, 12 наурыз 2011 жылБельгиялық мұсылман әйелдер жұмысқа тұру кезіндегі дискриминацияға қарсы наразылық акциясында. Генк, 12 наурыз 2011 жыл
x
Бельгиялық мұсылман әйелдер жұмысқа тұру кезіндегі дискриминацияға қарсы наразылық акциясында. Генк, 12 наурыз 2011 жыл
Бельгиялық мұсылман әйелдер жұмысқа тұру кезіндегі дискриминацияға қарсы наразылық акциясында. Генк, 12 наурыз 2011 жыл

Өткен жылы жазда норвегиялық әсіре оңшыл «христиан» экстремисі Андерс Брейвиктің 77 норвегиялықты өлтіріп тастауы «Еуропалық саяси таптың санасын сілкіндірді» дейді автор. Оның ойынша, бұл оқиға жалған ғалымдар мен медиа сарапшыларды, мұсылмандардың сайлауда дауысын ғана керек қылатын саясаткерлерді, Ұлыбританиядағы Ағылшын қорғаныс лигасы (EDL) сияқты ұйымдарды қоздырған. Мысалы, сотталып жатқан Брейвик Еуропа елдерінің басшыларын «мұсылмандардың Еуропаны басып алуына қарсы тұра алмайды» деп мысқылдаған.

Ал Франциядағы президент сайлауында екінші кезеңге шыққан Николя Саркози мен социалист Франсуа Олланд алғашқы кезеңде үшінші орын алған оңшылдар жетекшісі Жан-Марин Ле Пеннің жақтастарына үміт артты дейді автор.  

ҰЛЫБРИТАНИЯДАҒЫ ӘСІРЕ ҰЛТШЫЛДЫҚ

Мұхаммед Абдул Бари Ұлыбританияның саяси сахнасында болып жатқан өзгерістер де Исламға қатысты алаңдаушылық туғызады деп жазады. Ол: «Таяуда Ағылшын қорғаныс лигасы Бостандық партиясымен (British Freedom Party) бірікті. Оның саяси маңызы зор. 2010 жылы құрылған партия негізінен мұсылмандардың құқықтарын шектеуді көздейді. Мысалы, партия ниқабқа тыйым салып, мешіт пен медреселер салғызбауды, мұсылмандық қаржы жүйесін алып тастағысы келеді» деп санайды. Автордың айтуынша, екі ұйымның бірігуі кейбір нәсілшілдікке қарсы топтарды алаңдатып отыр.

Абдул Бари Еуропа құрлығын өзгелердің құқықтарын сыйламайтын қараңғы заманға қайта оралмауға, исламофобия дертімен күресіп,  мұсылмандармен және мұсылман еместермен бірге Еуропаны көркейтуге шақырады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.05.2012 22:31
+0 / -1
Осы проблеманы қанша оқысам да Еуропа жұртын жек көре алмаймын. Исламның адамды іштен өзгертіп, адам санасы мен жанының тылсым қатпарларында құпия жатқан өнертапқыштық, жасампаздық, тірі жанды сүю деген сияқты асыл қасиеттерін тірілте алатын жаухар ілімнен мақұрым қалған соң тас бүркеніп, сақал өсіріп жүерітн мұсылмандар ешгкімге де қызық болмай қалады. Норвегияның азаматтары тұрмақ ондай мұсылмандардан Алматыда намаз оқып жүрген мен өзім шошынып, тіксініп тұрам. Сөйте тұра Еуропа жұртына не деп өкпе артасың? Кез келген ситуацияда адамды қайғысыз етіп ұстап тұратын Ислам ілімі көзден ғайып болған сияқты. Батыс жұрты өздеріндегі мұсылмандардың тұмшаланып киініп алған соң іштерінен "Біз сендер сияқты ашық-шашық жүретін арсыз емеспіз" деп іштей тәкәппарланып тұратынын сезбейді емес сезеді.Сондықтан да олардан іргесін аулақ салуға тырысады. Болмаса жанынан шуақ төгіліп, жақсы мен көркемге құмар боп, үйлесімге ұмтылып тұратын адамды кім жек көрсін? Ислам мен Құранның осыншама қорғаушысы бола тұра суреттегі діндес бауырларыма еш жүрегім жылымай ақ қойды. Бар кілтипан біздің бауырларда сияқты боп көрінеді де тұрады. Алып қосарларың болса жазыңдар жігіттер!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.05.2012 23:41
+1 / -0
Ислам сенің ойыңнан тұрмайды немесе сенің нәпсіңнің қалауындағы нәрсе барлығымыздың қалауымыз емес!
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: уядан
08.05.2012 10:11
+1 / -0
cебебi 70 жыл атеизмнен журегiн катып калган.
Пікір алмасу

Кімнен: Қабақай Адай Қайдан: Атырау
08.05.2012 11:40
+0 / -0
Әр жердің салты басқа демекші нағыз мұсылман болсаң сол мұсылман еліңде қал да мұсылманшылдығыңда жаса. Осыншама сені шеттетсе, Неге Европоға барып бас сауғалайсыңдар. Өйткені ол жерде сенің мұсылман еліңдегідей емес қанша дегенмен тәртіп бар, адам құқықы бар. Европада жүрсің бе, сол жерде наныңда тауып жүрсің сол елдің тәртібіне, заңына бағынуға тиістісің. Өкінішке орай, мұсылмандар жайында теріс ұғым қалыптасуы сол мұсылмандардың өздерінен. Люди воют охотно за религию чем жить по религии. Сенің бетаузыңды тұмшалап жабуың, кеудеңе дейін сақал өсіруің сені таза мұсылман етіп көрсетпейді, қайта үркітеді. Сол өркениетті елде тұрғың келе ме солардың тәртібіне мойынұсын, келмей ме станыңа қайта орал

Кімнен: Мақсат Қайдан: Алматы
08.05.2012 09:33
+0 / -0
Ассалам уағалайкум, мұсылман бауырдар!
Мен осы бір нәрсені тұсінбеймін - неге мұсылман бауырларымыз Еуропаға жаны құмар? Неге Шариат бойынша өмір сүргісі келсе кәпір Еуропаға емес Саудияға бармайды? Онда саған ешікм сөйлемейді ғой. Жоқ олар Шариат, Шариат дейді, еуропаға бас сауғалайды.
Мысалы, Қазақстанға араб елдерінен милииондап мигранттар келіп алып, бізге анауың дұрыс емес, мынауың дұрыс емес, сендер кәпірсіндер десе біз не етер едік?

Кімнен: маубас Қайдан: парламенттен
08.05.2012 13:53
+0 / -0
еуропаның жағдайын білмеймін ... өз елімізге келсек бізде тек исламның сыртқы түрін , сипатын , киімін ғана қабылдап жатыр ... көпке топырақ шашпайын дегенімен көбі дерлік солай ... мысалы қыздарымыз адам шошырлық қап қара киімді тұмшаланып ,,, ұлдарымыз сақалын азғанша, сарғайғанша күтімсіз жіберіп жүргені не имандылық па ... қазақ айтады әр нәрсе мөлшерінен асса боғы шығады деп ...

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?