Сенбі, 25 мамыр 2013, Алматы 15:00


ӘЛЕМ / Ресей

Жексенбіде Мәскеудегі оппозиция белсенділігі арта түсті

13 мамыр Мәскеудегі Абай ескерткіші маңына шоғырланған мыңдаған наразы жұртқа ресейлік жазушылар мен музыканттар қосылды. Путинге қарсы "халық серуеніне" отбасымен, бала-шағасымен келгендер де бар. Адамдардың көбі мойындарына ақ мата байлап алған.

Мәскеудегі "халық серуені". 13 мамыр 2012 жыл.
Мәскеудегі "халық серуені". 13 мамыр 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Ресей жазушысы Борис Акуниннің айтуынша, "Шараның басты мақсаты - мәскеуліктердің өз қаласында еркін серуендеуге мүмкіндігі бар ма, жоқ па немесе бұл үшін арнайы рұқсат керек пе - осыны тексеру" болған. Мамырдың 13 түскі сағат 12-лерден кете Азаттық радиосының орыс қызметінің тілшісі "наразылық "серуеніне" шыққан халық көп болып, Рождественский бульварының тротуарына сыймай, көшенің көлік жүретін бөлігіне шығып кетті" деп хабарлады. 

БЕЙБІТ ШАРА

"Серуендеген" жұрттың қарасы - 10 мыңға жуық адам. Олар Путиннің сайлаудан әділ өткеніне күмән келтіріп, үшінші мерзімге президент болуына қарсылықтарын білдірді. "Халық серуенінің" идеясы мамырдың 6-сы өткен "Миллиондар маршында" оппозициялық белсенділердің жаппай тұтқындалуынан кейін туды. Шеруді полиция бақылады.  
Мәскеудегі "халық серуені". 13 мамыр 2012 жыл.Мәскеудегі "халық серуені". 13 мамыр 2012 жыл.
x
Мәскеудегі "халық серуені". 13 мамыр 2012 жыл.
Мәскеудегі "халық серуені". 13 мамыр 2012 жыл.

Сағат 12-де қозғалған "серуеншілер" Пушкин алаңындағы ақын ескерткішінен Чистые пруды аймағындағы Абай ескерткішіне дейін жүріп өтті. Азаттықтың орыс қызметінің тілшісі түскі сағат екі кездерінде жұрттың алды Грибоедов ескерткішіне жеткенін хабарлады. 

Тілшіге сұқбат берген мәскеулік оппозиция белсендісі Виктор Шендерович "Билік кезекті бассыздыққа бармайтын шығар" деді.  

Ол "Шара бейбіт өтуі керек. Өйткені, тиісті адамдар өздерінің билігінің заңсыздығын түсініп, қорқып отыр. Олар билікте қала алмайды. Шеруге шыққандар Горбачевке идеологиялық тұрғыда қарсы шыққан Лигачев немесе Варенников емес" дейді.

"АБАЙҒА БАРАМЫЗ"

Мәскеудегі Абай ескерткішінің маңындағы "ОккупайАбай" қозғалысының жақтастары. 11 мамыр 2012 жыл.Мәскеудегі Абай ескерткішінің маңындағы "ОккупайАбай" қозғалысының жақтастары. 11 мамыр 2012 жыл.
x
Мәскеудегі Абай ескерткішінің маңындағы "ОккупайАбай" қозғалысының жақтастары. 11 мамыр 2012 жыл.
Мәскеудегі Абай ескерткішінің маңындағы "ОккупайАбай" қозғалысының жақтастары. 11 мамыр 2012 жыл.
Азаттық радиосының орыс қызметінің тілшісі "серуенге" шыққандардың бұл шараның ОккупайАбай деп аталып кеткен Чистые пруды аймағында аяқталатынын айтып, "Қарсылық серуеніне" отбасымен, бала-шағасымен келгендердің де бар екенін хабарлады. Адамдардың көбі мойындарына ақ орамал байлап келген.

Ақ лента Ресейдегі "Әділ сайлау үшін" қозғалысының белгісі.

Азаттық тілшісінің айтуынша, серуенге келген жұрт бір-бірінен қайда баратындарын сұрастырғанда көбінше "Абайға барамыз" деген сөздер айтылған.

Ресейлік ақын Вадим Жуков Азаттық радиосының орыс қызметі тілшісіне "Мен ОккупайАбайға" жиналған адамдардың жүзіне сүйсіндім, жылы жүзді адамдар Ресейді өзгертеді" деп сұқбат берді.

BBC ақпарат құралы "халық серуенінің" ішінде болған тілшісі Рафаэль Сааковтың сөзіне сүйеніп, шараға келген азаматтар саны 10 мыңдай деп хабарлайды. BBC "Мәскеу қалалық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің "серуен" деп аталған шараға Пушкин алаңында бір мыңға жуық адам келді" дегенін де айтып өткен.

"ЕРКІН ҚАЛА"

Азаттық радиосының орыс қызметінің тілшісінің айтуынша, "халық серуені" Мәскеу уақыты бойынша түскі сағат үштен кете аяқталды. Адамдар Абай ескерткішіне жеткен соң, тарай бастаған. Оппозицияның Оccupy Abay деп аталып кеткен лагерінде қалып жатқандар да бар. Жазушылар, музыканттар жиылған жұртқа автограф жазумен, Ресейдегі қазіргі саяси жағдай туралы пікірлерін айтумен айналысқан. Саясаттанушы Дмитрий Орешкин бүгінгі шараға "Біз елдегі әлеуметтік-мәдени жағдайды өзгертіп жатырмыз" деп баға берген. 
Мәскедегі "серуен". 13 мамыр 2012 жыл.Мәскедегі "серуен". 13 мамыр 2012 жыл.
x
Мәскедегі "серуен". 13 мамыр 2012 жыл.
Мәскедегі "серуен". 13 мамыр 2012 жыл.

Оccupy Abay ауданына жиылғандар шараны өлең айтып, көңілді жиынға айналдырған. Жазушы Борис Акунин шара соңында Мәскеуді еркін қалаға айналдыру идеясы тұрғындардың 95 пайызын жинай алатынына көзі жеткенін айтқан.

Ресейдің мемлекеттік думасының депутаты Геннадий Гудков "серуендеушілердің" Пушкин мен Абай ескерткіштерінің арасындағы бульвар адамдарға толып кеткенін көріп, "Бүгін 60 мың адам келді" деп мәлімдеген.

Шерудің алдында Мәскеу қалалық думасының спикері Владимир Платонов мәскеуліктерді бұл "серуенге" қатыспауға шақырған. Ол "Сырттан келетін арандатушылар сырттай бейбіт көрінетін шараны салдары белгісіз жаппай тәртіпсіздіктерге ұластырып жіберуі мүмкін" деген еді. Ал Мәскеу полициясы "серуенге" ешқандай қоғамдық тәртіп ережелері бұзылмаса, бөгет жасамайтындарын мәлімдеген болатын.

Мәскеудегі Азаттықтың орыс қызметі тілшісінің хабарлауынша, "серуен" бейбіт жағдайда, тыныш өткен.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ленин
13.05.2012 16:39
+1 / -0
ресейде тыныштык кетсе казакстаннын тауелсиздигине кауип азаяды
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
13.05.2012 21:57
+0 / -0
БҰЛ нағыз құлдық сезімнен арылмаған бейшараның сөзі!!
орыссыз да күніміз батып, таңымыз атқан. орыстың осылай ауызбірлігінен айырылып, әлсірегені біз үшін тиімді

Кімнен: Кене
13.05.2012 16:40
+0 / -1
Сабыр Путин сабыр Сабырлы жетер муратка
Сабырсыз калар уятка


Кімнен: Кокбори Қайдан: Алматы
13.05.2012 17:06
+1 / -0
Биликкумарлык жаман ауру. Ресей халкын колдаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: kazak Қайдан: karaganda
13.05.2012 17:59
+0 / -0
б1з орыстай бола алмаймыз,нагыз ерк1н халык,б1з сол коркактап калдык кой,Жанаозенд1 еске алсаныздар да болады,ол уш1н бук1л ел б1рл1кте болу керек

Кімнен: Азамат Нұрмұқан Қайдан: Астана
13.05.2012 17:58
+0 / -0
Шіркін орыс халкы сиякты біздін де халык осылай билікке карсы шыкса гой,отірікті копірген біздін билікте халыкты абден шаршатты ау.

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
13.05.2012 18:03
+0 / -0
Ал осы уақытта қазақтар пыр-пырлап ұйықтап жатса керек...
Әсіресе ауылдарда. Назарбаев коммунизмге жеткізеді, 2030 жылдан кейін бақытты өмір сүреміз дейді қазақтар. Ал ол кезге дейін тәуелсіз түгілі жалпы мемлекет болып қаламыз ба қалмаймыз ба ешкімнің еш жұмысы жоқ, бәрі-бәрі попик болып тұр біздерге...

Кімнен: Хат Қайдан: Билікті нұрға балаған ел
13.05.2012 18:11
+0 / -0
Дұрыс аитасыздар билік құмарлық ол ауру , ол ауруды үлкен күрес ғана жаза алады басқалаи емі жоқ . Жыламаған балаға емшек бермеиді дегендеи әрбір жақсылықты үлкен күрес жолыменғана ала алады , кешегі нұр көсем болған Ленинді қанша жерден жамандасақта түсінген адамға паидалы жақтары өте көп , бір жаманы күресте қаиғылы оқиғалар орын алуы мүмкүн , бір жақсысы жақсылықтың шуағын ала келетіні , билікте отырған адам бірінші баи болсам деиді баиыған соң Құдаи болсамдеп жетесіз оиға беріледі екен , ондаи адамдар алдаудың қас шебері , үлкен мінбеден сөилегенде маиын тамызады керек болса көзіңнен жаста шығарып аита алады . дүниедегі бар жақсыны менікідеп өзі баиып шаттанады халқы аштан қырылып жатсада оған бәрібір , ондаи адамдар басын ауыртып ештеңе оиламасада өзім дегенде жолындағыны тапап қиналмаи жүре береді , себебі оның қолында билік бар .

Кімнен: маубас Қайдан: парламенттен
13.05.2012 18:46
+0 / -0
осындай бейбіт шеруді бізде қашан ұйымдастырар екен ... ай бірақ біздің билік ""шуды жаратпайды "" екен ғо ... қарайған жұрт бір жерге жиналса ""тәртіп орнатқыш "" қызметкерлер сұраққа алып қысым көрсетсе ,,, ал, қарсылық білдірсең қамап тастап не атып тастауы абден мүмкін !!! !!! !!!

Кімнен: Момын қазақ
13.05.2012 20:11
+0 / -0
Біз де Абай атамызға барайық

Кімнен: Шер
13.05.2012 20:42
+0 / -0
Мәскеудегі Бейбіт шеру биліктің алдағанына сеніп, айдағанына көніп жүре беретін уақыттың өткендігінің жаршысы! Неғұрлым наразылар қатары көбейген сайын, жеңіске жететін күнді жақындата түспек! Жарайсыңдар Мәскеуліктер!

Кімнен: Шындыұ
13.05.2012 21:03
+0 / -0
Ресеи құсап таудаи талабымызды қоиа білсек асқаралы биіктерден көрінеміз . Өз талабымды аита алмасам , оиымды жеткізе алмасам , бүгінгі тоиғаныма мақтанып , тыныштықдеп , шүкірміндеп мал болып жүре берсем ұлт болып самғап қалықтаи алмасам кім болғаным . Жүрек бар пендеде арман бар , арман бар пендеде азат елдің шынаиы келбеті бар , тек жүрегіміз таза жүрсін сондағана шындықты шыңғыртып аита аламыз . Кешеғана оибаи 2012 жылдың желтоқсаны ақырзаман , мая календары желтоқсанға деиін жазылған , әрі қараи өмір жоқдеп шулаған Ресеи сондада болашақтан бір үміт күткендеи . Енді міні мая календарының жалғасы табылып ақырзаман ауылымыздан алыстап бара жатыр . Тек ұлы ғасырдың екінші беті ашылып өзгеру процестері жүреді , бұл тазарудан , жаңарудан авторитарлық елдердің билік құмарлары аман қалмаиды , олар тағдырдың табиғаттың қатал заңымен жазаланады . Алтын ғасырдың жаңару процестері жер жарына ене бастады , ол Қазақстанды аиналып өтеді дегенге өз басым сенбеимін .

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.05.2012 22:26
+0 / -0
Меніңше орыстан дәл осы үлгіні үйренгеннің ұяты жоқ! Айғайламай, бақырмай, патшаның басына жуынды төкпей, (Оның басы онсыз да жуынды) өзімді өртеймін деп дүрліктірмей, менттермен жұлқысапй-ақ Абайдың айналасында ақ лента байлап жүре берсе әсері ырду-дырдудан әлдеқайда күшті болатын сяқты. Қасым сияқты жігіттерге орыстың осы мақтамн бауыздайтын әдісін үйренге дұрыс. Сол кезде екі жақ та қауіпсіз болып, халық та молынан жинала бастайды. Режимнің де тынысы тарыла түседі. Солай ұйымдастырса 5 баламды етіп Абайға барып, "сеурендеп" қайтуға барар едім. Жігіттер осы ойды құпатп, іштей пісіре беріңдер. Алдағы уақытта осы ізге түсерміз!
Пікір алмасу

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
14.05.2012 09:30
+0 / -0
Біздің оппозиция да тек бейбіт шеру өткізумен айналысып жүр емес пе?! Сөзіңізге қарағанда, бір рет те "серуендеп" көрмеген сияқтысыз. Алда-жалда алдағы шеруге келе қалсаңыз, бес балаңызды ертетпей өзіңіз келгеніңіз дұрыс, өйткені өткен жолы бір ақсақалды ұрып кеткен ОПОН жендеттерінің жұдырығы балаларыңызға да тиіп кетуі мүмкін екенін ескеріңіз!

Кімнен: Қазақ Қайдан: Астана
14.05.2012 09:51
+0 / -0
Билікке қарсы шыққаннан ештеңе таппаймыз ағайн, Жаңаөзен сяқты трагедядан басқа, Халықты билікке қарсы қоюшыларды кім біледі қандай мақсаты бар екенін. Қырғыздарға неге қарамайсыздар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.05.2012 17:37
+0 / -0
Енді бір он жылда қырғыздар озады өзбектен де, қазақтан да. Демократия бәрібір жемісін береді. Осы қырғызды жамандауды қойыңдаршы. Мен соларға қызығамын. Қыздары қандай ер өздерінің...

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
15.05.2012 00:02
+0 / -0
Орыстар өз ойларын ашық айтып, шығатын шерулеріне шығып жатыр. Ешкім оларға оқ атып қорлап жатқан жоқ. Демократия деген осылай болуы керек қой, менімше. Мен оларға қызығам. Шіркін; бізде қашан осындай тәртіп болар екен. Арманда өтетін болдым -ау.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?