Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:25

САЯСАТ

«Назарбаев сол кездегі саяси олимптегі ең беделді саясаткерлердің бірі еді» дейді Ақаев

Қырғызстанның бұрынғы президенті, қазір Мәскеу мемлекеттік университеті Күрделі жүйелерге арналған математикалық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Асқар Ақаевтың айтуынша, 1991 жылғы «тамыз бүлігі» болмаса, «Назарбаев Совет мемлекетіндегі екінші дәрежелі лауазымды қызметке ие болар еді».

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев. Мәскеу, 23 наурыз 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

«БАЙЛАНЫС КГБ-НЫҢ ҚОЛЫНДА БОЛАТЫН»

– Ақаев мырза, Ресей президенті Борис Ельцинді айтпағанда, одақтас республика президенттерінің арасында ГКЧП-ға қарсы ашық мәлімдеме жасаған сіз болдыңыз. Кейбір президентттер әдепкіде сасқалақтап, әліптің артын бақты, кейбірі тіпті ГКЧП-ға қолдау көрсетті немесе екі жақтың да тілін табуға тырысты.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы 19-21 тамыз кезіндегі іс-әрекетіне байланысты әртүрлі пікірлер айтылады. Сол кездегі әріптесіңіздің «тамыз бүлігі» тұсындағы іс-қимылы қандай болды?


– Әрине «тамыз бүлігі» шешуші рөл ойнады, соның салдарынан Одақтық шартқа қол қойылмай қалды ғой. Одақтық шарт жап-жақсы дүние еді. Ол шартта республикалар мен орталық арасында ымыралы баланс жасалып, республикаларға экономика, кадр мәселесінде, бір сөзбен айтқанда барлық салаларда айтарлықтай еркіндік берілген еді. Бұл шарт республикалардың конфедерациялық одағына негізделген болатын.

Бұл ретте мына нәрсені айта кетуім керек: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сол кездегі советтік саяси олимптегі ең беделді саясаткерлердің бірі еді. Шілде айында, Одақтық шартқа байланысты жұмыстар аяқталған кезде санаулы адамдардың кеңесі өтті. Сол кеңесте "20 тамызда Одақтық шартқа қол қойылады" деген шешім қабылданды. Сонан кейін басқару органдарының барлығы реформаланатын болды. Бірінші
Асқар Ақаев қырғыз президенті ретінде ант беріп тұр. 27 қазан 1990 жыл.
 кезекте Совет үкіметін реформалау көзделді, үкімет төрағалығына республика президенттері Нұрсұлтан Назарбаевты ұсынды. Яғни «тамыз бүлігі» болмай, Одақтық шартқа қол қойылғанда, онда Қазақстанның өкілі бірінші рет Совет мемлекетіндегі екінші дәрежелі лауазымды қызметке ие болатын еді.

Мен басқа республикалардың президенттері не істегені туралы ештеңе айта алмаймын. Өйткені бүлік кезінде біздің арамызда ешқандай байланыс болған жоқ – байланыстың барлығы КГБ-ның қолында болатын. Сондықтан 19-21 тамыз аралығында Горбачевпен де, Ельцинмен де, Назарбаевпен де, басқалармен де сөйлесе алғаным жоқ. Сол себепті "мынадай болды" деп нақты айта алмаймын. Тек Ельциннің қарсылық жасауға бел буып шыққанын ғана көрдік қой.

– СССР-дің бірінші және соңғы президенті Михаил Горбачев жаңа одақтық шартқа қол қоюға бірер күн қалғанда не себепті демалыс алып, Форосқа кетіп қалды. Ол бүлік әзірленіп жатқанын шынымен білмеді ме? Әлде оның аяқ астынан кетіп қалуы мен ГКЧП әрекеті – алдын-ала ойластырылған сценарий ме?

– Мен Ельцинмен де, Горбачевпен де жақсы қарым-қатынаста болған санаулы адамдардың бірі болдым ғой деп ойлаймын. Тамыз бүлігінен бір ай бұрын өткен Ресей президентінің сайлауынан соң Борис Ельцин ресми сапарын бізден бастады, яғни Бішкекке келді. Сол сияқты Михаил Горбачевтің де СССР президенті ретіндегі соңғы сапары Қырғызстаннан аяқталды. Екеуін де жақсы білемін.

Сондықтан мұны "Горбачев ГКЧП мүшелерімен бірге алдын-ала ойластырды" дейтін пікірлерге түбегейлі қарсымын. Неге? Өйткені, шынында да, 1991 жыл Михаил Сергеевич үшін өте ауыр жыл болды. Оның қатты шаршағанын көріп жүрдік. Сондықтан басқа нәрсе ойлады деп айта алмаймын. Бізге келгенінде энтузиазмы күшті болатын: «Міне, енді Одақтық шартқа қол қоямыз, сөйтіп үкімет төрағалығына Назарбаевты бекітеміз» деп жүрген еді.

«ӨЗДЕРІ СЛАВЯН ОДАҒЫН ҚҰРЫП АЛДЫ»

- Украинаның экс-президенті Леонид Кравчук пен Белоруссия жоғарғы кеңесінің экс-спикері Станислав Шушкевич екеуінің айтуына жүгінсек, өзге республикалардың жетекшілері совет империясының тезірек құлауына, өз елдерінің тәуелсіздік алуына мүдделі болса, Назарбаев керісінше СССР-ді сақтап қалып, оның ең жоғары лауазымды қызметтерінің бірін иеленбек болған. Расында солай ма, Ақаев мырза? Назарбаевтың Қазақстан тәуелсіздігін жариялауды кешеуілдетуіне не себеп болды? Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезде СССР-дің өзінің жойылғанына екі апта болып еді ғой.

– Бұл тұста, бастапқы кезде Орталық Азия елдері жетекшілерінің барлығы да жаңадан әзірленген Одақтық шарт жобасымен келіскенін айта кету керек. Барлығымыз, оның ішінде мына мен де бармын, Ислам Каримов те, «Ұлы Түркіменбашы» да бар, жаңа Одақтық шартты қолдадық. «Біз қарсы болып едік, өйтіп едік, бүйтіп едік» деген пікірлер кейін айтыла бастады
Ресей президенті Борис Ельцин 1991 жылғы "тамыз бүлігі" кезінде.
 ғой, ол кезде бәрі де сол Одақтық шартқа қолдау көрсетті. Жаңа шарт бойынша барлығымыздың да өкілеттігіміз анағұрлым ұлғайды, сондықтан бәрі де қол қоюға ынталы болды. Оның ішінде Назарбаев та бар. Бұл анық.

Ия, олар Назарбаевты Беловежьеге шақырған болар, өйткені сол кезде Назарбаевтың беделі Орталық Азия республикаларының басқа жетекшілерінен әлдеқайда жоғары болатын. Бастапқыда «Беловежьедегі келісім аяқ астынан жасалды» деп ойладық. Кейіннен білдік қой, оның алдын ала ойластырылған шара екенін. Ұйымдастырушылар өздеріне не керек екенін жақсы білген.

Ал Назарбаевтың Мәскеуде Горбачевпен кездескені рас. Бірақ Горбачевке Беловежьеде не болып жатқанын жеткізген Назарбаев емес, басқа адамдар. Бірақ олар дәл осылай Совет одағын таратып жібереді деп ойламаған шығар. Оның үстіне Ельциндер Беловежье келісімі жөнінде әуелі өзіне емес, Бушқа хабарлағанына да Горбачевтің реніші болды. Әрине, бұл оған оңай тиген жоқ, бірақ түсіністікпен қарады да, өз еркімен қызметінен кетті. Горбачев, мүмкін, Назарбаевты үгіттеп көргісі келді ме екен – бұл жағын білмедім.

– Орталық Азия республикаларынің бірі тамызда, енді бірі қыркүйекте тәуелсіздігін жариялап қойғанда Қазақстанның тәуелсіздік жариялауды кешеуілдеткеніне не себеп болды?

– Оны айта алмаймын. Бірақ тәуелсіздік туралы декларация қабылдау – бірден егеменді ел болып кету деген сөз емес болатын ол кезде.

– Славян республикалары Беловежье келісіміне Орталық Азия республикаларының өзге жетекшілері мен Кавказ републикаларының басшыларын не себепті шақырмады? Мәселен, сізді неге шақырмады? Өзіңіз Совет одағының құлағанын қалай қабылдадыңыз?

– Басқа әріптестерім үшін жауап бергім келмейді, бірақ өзімде «мені неге шақырмады» деген реніш болған жоқ. Олар бір жағынан СССР конституциясына жүгінгісі келген болар. Өйткені СССР-дің құрылтайшылары да сол мемлекеттер болатын.

Әрине, біз бұл хабарды тіксіне қабылдадық – Назарбаев та, Каримов те, «Ұлы Түркіменбашы да», мен де. «Славян мемлекеттері жиналып алып, бізді ескерместен шешім қабылдай салғаны қалай? Өздері славян одағын құрып алды» деген ойлар келді. Тіпті, «онда біз Орта Азия елдерінің одағын құрайық» деген әзіл-қалжыңдар айтылғаны да есімде. Бірақ біз дәл сол уақытта өзге республикалар болмаса аяқтан тұрып кете алмайтынымызды білетін едік. Сөйтіп біз өз ұсыныстарымызды жүйеледік те, Назарбаевқа біздің атымыздан сөйлеуге мандат бердік. Ол бұл бастаманы қолдан шығармай, 21 желтоқсанда Алматыда басымызды қосты. Мұны тарихи оқиға деп санаймын. Ол кездесудің атмосферасы сондай тамаша, жылы, достық рәуіште болды.

– 1991 жылдың желтоқсанында үш славян республикасы жетекшілерінің «Беловежье келісіміне» қол қоюы славян және түрік республикалары арасында қарулы қақтығыс туғызуы мүмкін деген қауіптер айтылды. Шынында да сондай қауіп болды ма?

– Жоқ, жоқ! Бұл – ойдан шығарылған сөз. Ондай жағдай мүлде болған жоқ. Орталық Азия республикаларының жетекшілері де сол кезде жоғары парасаттылық көрсетті деуге болады. Мүмкін, оның ішінен мені сызып тастаған дұрыс шығар – ол кезде саясатта жас едім, тәжірибем де шамалы болатын. Дәл осындай кезде славян республикаларынан қол үзіп кетуге болмайтынын жақсы білдік. Осындай шақта қандай қарсылық болуы мүмкін?! Осы ретпен келгенде Назарбаевтың сол кездегі беделіне дұрыс баға беруіміз керек, ол 11 одақтас республикалардың басшыларын Алматыға шақырды. Бұл шынында да тарихи оқиға деп санаймын. Қазақстан осындай тарихи оқиғаны өзінде өткізгеніне мақтануына болады. Ал егер Орта Азия елдерінің одағы құрылған болса, сонда қақтығыс болатыны анық еді. Бірақ ондай одақ туралы мүлде сөз болған жоқ.

БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӨКІНІШІ

– Британдық Guardian газетінің жазуына қарағанда, Қазақстан мен Өзбекстанды «бұрынғы советтік елдер» деуге болмайды: өйткені олар әлі сол баяғы Совет одағының шекпенін киген авторитарлы жетекшілердің басқаруында келеді. Түркіменстанда да 2006 жылы Сапармұрад Ниязов өлгенмен, жүйе сол қалпы қалды. Ал Тәжікстанды Эмомали Рахмонов 1992 жылдан бері басқарып отыр. Тек Қырғызстанда ғана халық авторитарлы билікке қарсы шықты: алғашқы президенті Асқар Ақаевты (яғни сізді) 2005 жылы төңкеріп тастады, арада бес жыл өтпей Құрманбек Бакиев те соның кебін киді. Сонымен, бұрынғы СССР республикалары нендей жетістікке жетті?

– Бұл, біріншіден, Орталық Азия республикалары әрқайсысы өз жолымен тәуелсіз мемлекет құруға талыпынып отырғанын көрсететін факт. Қазіргі уақытта Қазақстанның экономикалық тұрғыдан қалай гүлденіп келе жатқанын қараңыз. Қазақстан халықаралық деңгейде де бедел жинады. Әлемдік форумдар өткізіп жүр. ЕҚЫҰ форумын алып қараңыз.

Тарихта 20 жыл деген көп уақыт емес. Мұның ішінде өркендеу де, құлдилау да болады. Мұны менің Қырғызстанымнан анығырақ көруге болады. Біз әуел бастан демократиялық жолмен жүруге де ұмтылдық. Онымыз халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланды, сөйтіп бізді «Орталық Азиядағы демократия аралы», «Орталық Азияның Швейцариясы» деп те атады.

Бәлкім, 2005 жылы өтетін президент сайлауына қатыспаймын деп 2004 жылы айтуым – менің қатем болған шығар. Мүмкін, Борис Николаевич Ельцин сияқты аяқ астынан жасауымыз керек пе еді... Маған жарты жыл уақыт бермеді ғой. Конституциялық жолмен келесі президентке билікті тапсырып кетпегеніме ғана өкінемін. Басқа өкінішім жоқ. Алты ай жетпеді.

Бірақ «не ексең, соны орасың» деген – ел сол төңкерістің салдарын әлі көріп отыр. Қырғызстан алты жыл ішінде барша беделінен айырылды. Таяуда Еуропада болдым, сонда «Қырғызстан – демократия аралы» дегенді емес, «Қырғызстан – қылмыстың аралы» дегенді естідім. Бүгінгі жағдай осындай. Экономика тұйыққа тірелді. Тіпті Грекиядағыдай дефолт болуы да мүмкін. Бірақ халық бәрін алып шығады. Құласа, қайта тұрады.

– Ақаев мырза, Қырғызстанның келешегі қандай болмақ?

– Қырғыз – екі мың жылдық тарихы бар халық. «Тұрақтылық және эволюция. Революциядан эволюция дұрыс» деген сөзді қашаннан бері ұстанып келе жатқан адаммын. Бұл ұстанымның дұрыс екеніне қырғыз халқы өз басынан өткізген тәжірибе арқылы көз жеткізді. Халықтың революцияшыл топтарды орнынан тайдыруға әлі де мүмкіндігі бар.

– Алғашқы жылдары Қырғызстанды «демократия аралына» айналдырған демократ бола тұра, авторитарлық билікке жол беріп қойғаныңызға, ол ақыр соңында өзіңізді халықтың билікті төңкеріп тастауына ұласқанына өкінбейсіз бе?

– Біріншіден, «2005 жылы халық көтеріліске шықты» деген пікіріңізбен түбегейлі келісе алмаймын. 2005 жылы Қырғызстанда «түрлі-түсті революциялар» технологиясы бойынша мемлекеттік төңкеріс болғанын халықаралық қауымдастық та мойындап отыр. Ақыр аяғы есірткі тасымалдаушылардың ақшасына дейін пайдаланды, қылмыстық әлемнің ондаған мың мүшесін тартты. Мұның бәрін халықаралық сарапшылар дәлелдеді.

Ал өз басымда өкінетін ешнәрсе жоқ. Мүмкін, кейбір қателіктер кеткен шығар. Бірақ қателік кімде болмайды?

 АШ-ЖАЛАҢАШ ХАЛЫҚ ПЕН ДЕМОКРАТИЯ

– Ал Қазақстан осы 20 жыл ішінде өз конституциясында жазылғандай демократиялы ел бола алды ма?

– Оған менің баға беруім қиын. Мен бауырлас қазақ халқына әрдайым ризашылықпен қарап келе жатырмын. Қырғыз бен қазақ – ең жақын бауырлас халықтар. Қазақ халқы өзіне қандай билік керек екенін жақсы білетініне бек сенемін. Мәселен, Горбачевті алыңыз. Ол бәрін бірден жасағысы келді. Қытайды қараңыз – мәселені асықпай шешеді. Қытайдың компартиясына арқа сүйей отырып, елдің экономикалық қуатын арттырып, халқының тұрмысын түзетіп келе жатыр. Аш-жалаңаш халық демократияның жемістерін пайдалана алмайды.

– Бір кездері Нұрсұлтан Назарбаевпен әріптес, тіпті құда болдыңыз. Қазір араласып тұрасыздар ма?

– Біз қазір екі түрлі әлемде өмір сүріп жатырмыз. Президенттік өкілеттігімді өз еркіммен тапсырғаннан кейін баяғы жаныма жақын салаға қайта келдім. Қазір саясаткерлермен еш араласым жоқ десе де болады, саясатқа да бұрынғыдай зер салмаймын. Өткеннен тек естеліктер ғана қалды.

– Сұқбатыңызға рахмет!



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: taza kazak Қайдан: asem kulja
20.08.2011 03:02
+0 / -1
akayev jaksi adam, ariyne nurekeng jaman adam emes . nege agayin ...
akayev ozine karsi tuwestarina kol jumsamay kandastatining kanimen
kolin boyamawde duriskordi emespe . elimez aman bolsinxi agayin...
Пікір алмасу

Кімнен: Қараторғай Қайдан: ШЫҒЫС
20.08.2011 04:53
+1 / -0
ДЕМАЛШЫ!
Пікір алмасу

Кімнен: Жай қазақ Қайдан: Алматыдан гой сол
20.08.2011 12:46
+0 / -0
Вахаха...жақсы жаздың қараторғай
Пікір алмасу

Кімнен: taza kazak
21.08.2011 02:42
+0 / -0
kexiringiz sizding xirkengizdi buzip alganim uxin . akayevti jaksi adam
degenim tek oz kozkatasim edi ... nurekengning kazak kawimi uxin singirgen engbekterine koz jumsam kozim aksin!!! birak adam bolgan
eken katelikten kutila almaymizgoy, nur agamez jalgez ozi kazak kalken
onan ari onan eren jetistikke jetkizemin dep jurek kanin sarka jumsap otir.birak keybir atkariwxi agalarimiz aganing jaksi niyet ,adal kongilin jarti joldan oz muddesine uyirlestirip aketip jur emespe...
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ баласы Қайдан: Астана
20.08.2011 12:14
+0 / -0
Ақаев шындығын айтып отыр. Көптеген елдермен салыстырғанда Қазақстанның бейбіт түрде, тиімді даму жолымен келе жатқанын мойындауымыз қажет. Өткен жиырма жыл ішінде болған саяси-экономикалық процестерді еске алсақ еліміз небір қиын-қыстау мезеттерді басынан өткерді. Кейбіреулерге ұнасын-ұнамасын Назарбаевтің жемісті еңбегін жоққа шығара алмаймыз.
Кез-келген саясаткердің сүттен ақ, судан таза еңбек етуі мүмкін емес. Сондықтан кейбір кемшіліктерге байланысты ол кісіні де айыптап жатамыз. Сынауды бәрі де қатыра алады. Бірақ ешқайсымыз да 100 пайыз жемісті еңбек ете алмайтынымызды мойындауға тиіспіз. Менің ендігі үмітім Президенттің елдегі жағдайды жақсы түсінетін, қазақшыл, білімді бір азаматты дайындап шығарса дегенге келіп саяды.
Пікір алмасу

Кімнен: Назарбаев, кет!!!
21.08.2011 05:26
+0 / -0
Назарбаев, кет!!! Назарбаев, кет!!! Назарбаев, кет!!!

Кімнен: Медетбек Абдуллаев Қайдан: Мангыстау
20.08.2011 10:54
+0 / -0
Кыргызстаннын болашагы алда, билік басына аділ азамат келіп , адал кызмет етсе Кыргыз Республикасынын жулдызы жаркырайды.

Кімнен: Дау Қайдан: Шымкент
20.08.2011 11:28
+0 / -0
Мына касқа бас бұрынғы құдасына неткен адал еді

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
20.08.2011 15:29
+0 / -0
Шынынды ССРО тағы бір жыл тұрғанда да болар ма еді... Сонда біз Назарбаевтан мәңгіге құтылып та қалар едік қой? Себебі мына тойымсыздығымен ол орында 3 айдан кейін-ақ Колымаға кетер еді де!!!
Қазір ол уақытша болса да тайраңдап жүр!

Кімнен: Қайсар Қайдан: Алтай
20.08.2011 23:38
+0 / -0
Білімі жоқ, пту бітірген адам СССР-ді қалай басқаратын еді. Оның үстіне орысша да сауатты сөйлей алмайды. Қазақ халқын ұятқа қалдыратын еді.Білім-ілімі жоқ, құр кеуде ғой.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.08.2011 10:40
+0 / -0
Акаев қандастарына қару қолданбады...Біздің топас ПТУ-шник ойланбастан қырып салады, оны қазірде көріп жатырсыңдар. Сондықтан Асеке қасыңнан орын дайындай бер ескі құдаңа...

Кімнен: Айбалта
21.08.2011 10:49
+0 / -0
Қырғыз- екі мың жылдық тарихы бар халық!!!!!-осы үшін де құрметтеуге болады Акаевті. Ал біздің сорлы- Қазақта бұрын ел, жер болмаған... деп шатуда. Каддафидің кебін кигір!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.08.2011 15:19
+0 / -0
Үйткені Ақаев - академик (институт бітіргені шын), Назарбаев - птушник. Екеуінің білімі салыстыруға да келмейді.

Кімнен: мен
22.08.2011 16:39
+0 / -0
Қырғыздың 2 мың жылдық тарихы бар. Ақаев ерледі. Бәрін өзінен бастағысы келетін көрсоқыр басшысы бар қазақтың соры әлі де бес елі. Қырғыздар материалдық тұрғыда аш болғанымен, рухани демократияның дәмін әлі -ақ тататын болады. олардың санасы еркін

Кімнен: Еркін Қайдан: Атырау
22.08.2011 23:08
+0 / -0
"Мен", дұрыс айтасың, рухани жағынан,еркін ойлау деңгейі жөнінен қырғыздар бізден көш ілгері алда келеді. Ал әл-ауқат жөнінен біздің озып кеткеніміз шамалы. Бүкіл адамзат қырғыздарға ризашылықпен, сүйсіне қарайды. Орта Азияның бір елінде бір емес екі диктаторды қуып шығу .азаттықты жанындай сүйетін халықтың көзсіз ерлігі емес пе.Ал біз болсақ, мұрнымыздан кішкене қан көрінсе,, Құдай-ау, сақтай гөр, деп , үрейіміз ұшып, әйелдеріміздің етегіне тығыламыз.Қырғыздар мн арабтардың алдында бас июге болады.

Кімнен: Өмірбек Қайдан: Астана
23.08.2011 14:02
+0 / -0
Аскар Акаевті, түрік тілді елдердің және бүкіл дүние жүзі мойындаған ғұлама жазушы ағамыз Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов та өзі бұл өмірден өткенше мақтап кетті емеспе! Асқар соған тұрарлық тұлға. Өз халқына қол көтермей, адамгершіліктің үлкен үлгісін көрсетті. Сол үшін Асқарды өте силаймын.Ақша мен алтынның, дүниенің б.... екенін білетін академикке бас иуіміз керек.Ал Қырғыз халқының болашағы алда, әлі ақ тамаша мемлекет құрып, бақытты бола алатынына сенемін.

Кімнен: Азаттықты Ансарұлы Қайдан: Қазақстан
23.08.2011 18:53
+0 / -0
Бәсе, неге Назарбаев орыстардың алдында ылғи қазағын жығып бергенді жақсы көреді десек, оның сыры осында екен ғой. Тәуелсіздікті де Қазақстан басқа республикаларға қарағанда кеш алуының себебі Нұрсұлтанның одақтық үкімет басшысы болудан дәмеленгені екен ғой. Ондай болса Кеден Одағының президенті деген пост тағайындап соған басшылыққа Назарбаевты жіберейік. Ал Тасмағамбетовты 16 желтоқсанда Қазақстан президентінің міндетін уақытша атқарушы ретінде бекітейік. Келесі жылы тұңғыш рет елімізде әділ сайлау өткізейік. Сөйтіп жаңа өмір бастайық. Қазақстанды шынайы тәуелсіз ел ретінде қазақ ұлтының мүддесін қорғайтын мемлекет жасауды жаңадан қолға алайық. Алланың ықыласы түсіп Құран аяттарын арнайы жіберген арабтардан үлгі алып жаңа билік, жаңа саяси режим құрайық!!! Қазақтар құлдықтан әбден шаршап біттік. Шынайы тәуелсіздікті алатын күн туды...

Кімнен: патриот Қайдан: алматы
01.09.2011 01:43
+0 / -0
Бірі жоңғар, бірі ұйғыр - үкімет,
Қарғыс атсын, айтарымыз лағынет!
Қараң батсын, желкелерің қиылып,
Қайтпастай боп, жер бетінен құрып кет!