Жексенбі, 26 мамыр 2013, Алматы 08:07


ӘЛЕМ

Түрмеден шыққан Беларусь саясаткерін жақындары танымай қалды

Сәуірдің 14-і Беларусь президенті Александр Лукашенконың жарлығына орай Витебскінің түбіндегі "Витьба-3" түрмесінде отырған оппозицияшыл саясаткер Андрей Санников бостандыққа шықты. Жергілікті сарапшылар бұл шешімге Еуропа Одағының экономикалық санкциялары әсер етті деп санайды.

Belarus -- Former presidential candidate Andrei Sannikau after he has been realized from prison. Minsk 15apr2012
Belarus -- Former presidential candidate Andrei Sannikau after he has been realized from prison. Minsk 15apr2012
Мәтін көлемі - +
Саясаткердің айтуынша, оған президенттің рақымшылық жасауына байланысты қамаудан шығасың деп хабарлаған. Санниковқа құжаттары мен киім-кешегін беріп, Витебскінің темір жол вокзалына жеткізіп салған. Сол жердегі таксофоннан саясаткер отбасына телефон соққан.

Сәуірдің 15-іне қараған түні жүздеген адам Минскінің Привокзальный алаңына жиналып, Андрей Санниковты қарсы алды. Жақындары оны көрген сәтте әрең танығандарын айтады. Бір жарым жыл түрмеде отырған кезде Санников жүдеген, еңкіш тартқан, сақалын қырып жүруге мәжбүр болған. Көппен кездесіп тұрып саясаткер өзін қолдаған халыққа алғыс білдірді. Бұлайша күтпеген жерден босатылуы Беларусь халқы мен халықаралық қауымдастықтың қолдауының арқасында жүзеге асты деп мәлімдеді.
Андрей Санников (ортада) әйелі Ирина Халип (сол жақта) екеуі сайлау кампаниясы кезінде.Андрей Санников (ортада) әйелі Ирина Халип (сол жақта) екеуі сайлау кампаниясы кезінде.
x
Андрей Санников (ортада) әйелі Ирина Халип (сол жақта) екеуі сайлау кампаниясы кезінде.
Андрей Санников (ортада) әйелі Ирина Халип (сол жақта) екеуі сайлау кампаниясы кезінде.

Жуыр арадағы жоспары туралы Санников ештеңе демеді. Ол отбасының әлі кепіл ретінде еркі шектеліп отырғанын айтты. Саясаткердің әйелі, журналист Ирина Халип күйеуін қарсы алуға келе де алмады. Өйткені өзі де екі жыл шартты мерзімге кесілген. Жазаға сәйкес түнгі уақытта үйінен шыға алмайды.

Андрей Санников басқа да саяси тұтқындардың бостандығы үшін күресе беретінін жеткізді.

Биылғы қаңтар айында Санниковтың әйелі күйеуінің азаптауға шыдамай президент Александр Лукашенконың атына рақымшылық жасау туралы өтініш жазуға мәжбүр болғанын хабарлаған. Беларусь ішкі істер министрлігі азаптау туралы мәлімдемені жоққа шығарып, Санниковтың былтырғы желтқсан айында расында да өтініш жазғанын, ол құжаттың биылғы қаңтарда қарауға жіберілгенін мәлімдеген. Сәуірдің 15-і күні саясаткер ол өтінішті былтырғы қараша айында жазғанын айтты.
Еуропа Одағының экономикалық санкциялары мен елшілерін қайтарып алуы Беларусь билігін осындай қадам жасауға мәжбүрлеген.
 
– Ең бастысы тірімін, екі аяғымды тең басып тұра алам, ақыл-есім орнында. Тек айтайын дегенім - менің түрмеде жай отыруым былтырғы қыркүйек айында-ақ бітті. Ары қарай жаппай қинау-азаптау басталды. Бұл операцияға президент әкімшілігі мен арнайы қызметтен қатысқандар болды деп ойлаймын. Тіпті "зэктерді" қатыстырып отырды. Қатты қысым жасады, – деді Андрей Санников.

Жергілікті саясаттанушы Валерий Карбалевич Андрей Санниковты босату арқылы Александр Лукашенко Еуропа Одағымен татуласқысы келетінін көрсетті деп санайды. Оның айтуынша, Еуропа Одағының экономикалық санкциялары мен елшілерін қайтарып алуы Беларусь билігін осындай қадам жасауға мәжбүрлеген.

"Европейская Беларусь" атты азаматтық кампанияның жетекшісі Андрей Санников 2010 жылғы желтоқсанның 19-ы күні Минскіде болған сайлау нәтижесіне наразылық таныту митингісі кезінде тұтқындалған еді. 2011 жылғы мамыр айында жергілікті сот экс-кандидатты "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айып бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Митинг кезінде қамалған 700-ге тарта адамның 150-ден астамы сотталған еді.

Сәуірдің 15-і күні тағы бір оппозицияшыл беларусь саясаткері Дмитрий Бондаренконың қамаудан босатылғаны белгілі болды. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігіне сәуірдің 15-і күні оның әйелі хабарлады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Мырқымбай
15.04.2012 16:47
+0 / -0
Біздікі мақтанатын болды ғой "менен үлгі алды" деп

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.04.2012 19:06
+0 / -0
Лукашенко деген нағыз Сволош екен!

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
16.04.2012 08:40
+1 / -0
Дегенде Белоруссияда сәл де болса адамгершілік бар екен. Біздегі саясаткерлерді нәйеті 15 күнде танымай калады емессің бе түрмеге түссе? Ал бір жылға таяу түрмеде отырғызар болса онда жанұясы ауласына киіз үй тіге берсе де болады бізде.

Түрмеге түспей-ақ алаңда шындық іздеп 7 ай тұрғанына бола талай бозымды жер жастандырып, қайтпас сапарға аттандырды автомат оғын сеуіп.

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
16.04.2012 08:54
+0 / -0
Андрей Санников АҚШтың пен батыстың құлы болса, Лукошенко орыстың құлы!
екі сатқынды да елден қуып, ел басына есі дұрыс адамды әкелу қажет!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.04.2012 17:14
+0 / -0
Кімнен: ара Қайдан: ұядан
Әй, ара! Осы сайттағы ең жаман қуатын сен екенсің. Атыңды өзгерт, тым надан екенсің. Балаларың оқыса ұят болар. Мұндайды пеш түбіндегі кемпір де айтпайды.

Кімнен: Tolganay Қайдан: palodar
19.04.2012 09:26
+0 / -0
мен бул кисини танымайм,бирак осы Жакиянов кайда сол киси есиме тусип кетти олда турмеден шыкканда каншама халык карсы алган еди гой

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Борышкерлер, Eurovision дауы және Pussy Riot

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Иранда президент сайлауынан шеттілген қазіргі президент Махмуд Ахмединежадтың жақтасы кім?