Дүйсенбі, 20 мамыр 2013, Алматы 18:09


БЛОГСТАН

«Күлсем, қуана алмаймын...»

Бүгінгі қазақ қоғамында сезімі бар адам үшін ренжитін дүние соншалықты көп. Көптігі сондай... ренжігің келмейді.

Илья Репин. "Түрік сұлтанына хат жазып жатқан запорожьеліктер". Сурет Википедиядан алынған.Илья Репин. "Түрік сұлтанына хат жазып жатқан запорожьеліктер". Сурет Википедиядан алынған.
x
Илья Репин. "Түрік сұлтанына хат жазып жатқан запорожьеліктер". Сурет Википедиядан алынған.
Илья Репин. "Түрік сұлтанына хат жазып жатқан запорожьеліктер". Сурет Википедиядан алынған.
Мәтін көлемі - +


Кеше ғаламтордан Өскемендегі орыс-казак ұйымдары басшыларының үшбу хатын оқыдым. Медведев пен Назарбаевқа арнап жазыпты.

Мағынасы – облыс әкімі Б.Сапарбаев шығысты «қазақыландырып» жатыр екен-мыс. Орыстарды ит қосып қуып тастапты. Шығыс Қазақстанның шырайын кіргізіп, асырап-сақтап, ел қылып отырған, басы алтын, арты күміс абзал жұрт – орыстар құрып кетудің аз ғана алдында тұр екен. Оларды дереу «Қызыл кітапқа» кіргізіп, жаппай лауазымды қызметке отырғызбаса, трайбализм мен жемқорлықтың былығына батқан қазақтар облысты құртатын көрінеді. Ұлттар достығын ұран еткен күн шұғылалы көшбасшымыздың нұрлы бейнесіне көлеңке түседі... екееен.

Қысқасы бұл шағым хатта тағы да талай дүниелер бар. Дәлелдер, мысалдар... Шынымды айтсам, солардың бәрін сипаттап теруге ерініп отырмын. Айтқым келгені: ат жалын тартып мінгелі осындай хаттың миллионын оқыдым. Егер (шағымшыл орыс-казак атамандарының аузына май!) осылар аттандап жүрген «қазақтандыру саясатының» (ең болмаса) оннан бірі рас болып, шенеуніктер жүйелі түрде ұлттық саясат жүргізген болса – сіз бен біз бұлай күңіреніп отырмас едік.

Сонымен «Сен не істедің?» дерсіз. Барлық қасиетті дүниеңе былш еткізіп түкіріп қойып, бөтен елдің президентіне арызданған «отандастарын» көргенде намысы бар адам үйіне сыймаса керек еді. Жер тепкілеп, ең болмағанда, ойбайлап, б...ын пышақтаса керек еді.

Мен өзімді намыссыз, сорлы адаммын деп есептемеймін... Мен... ашуландым... дұрысы, ашуланған сияқты болдым. Бірақ ызалана алмадым.

Неге?

ospanraqymbek@gmail.com



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.07.2010 12:12
+0 / -0
Ия өкінішті жағдай, Бұлардын істеген істері де "Ұлт достастығы" дегенді ұрнға алып, сылтау қылып жүргендер.Қазақтан ешкім жамандық көрген емес.

Кімнен: Жебе
23.07.2010 15:14
+0 / -0
Ибай-ау, өз елінде, өз туған жерінде кім көрінген басына т..ып отырған халықтың аты-жөні қазақ емей кім екен?!

Кімнен: Шығыстық Қайдан: ШҚО
23.07.2010 15:54
+0 / -0
Шығыстың қазағы жылағалы қай заман?
Керісінше Өскемен аға ұлт өкілдерінің өктемдігі аса анық байқалатын аймақ.
Оны мынадай мысалдардан көруге болады:
1. Семейден магистратураға түсу үшін облыс орталығына барған студенттердің ішінде қазақтары (бірен-сараны болмаса) құлап қайтады да орекеңдер үшін ғылыммен лауазымға жол даңғыл болады.
2. Өзге облыстар қазақшаланып жатқанда Өскемен мен Семейдің көпшілік мекемелерінде, тіпті әкімдіктерінде ресми тілдің сеңі бұзылмай тұр.
3. Соңғы жылдары "Ертіс бойының казактарының әйелдерінің күні" деген думанды мейрамсымақ пайда болды.
4. Мереке күндері, мәдени шараларда т.б қияқ мұрт казактар сарт-сұрт әскери формаларымен жүреді.
5. Көше атаулары қазақшаланбайды. Ал, қазақшаланғандарының өзі аударылып жазылады. Мысалы, Өскемендегі "Тәуелсіздік" даңғылы "проспект Независимости" деп бадырайып тұр. Семейдегі "Қабанбай батыр" көшесі "К. батыра" деп жазылып кеткен-ді.
6. Кімнің ескерткіші екенін ұмытып отырмын, кіл аға ұлт өкілдері тұратын кварталдағы бір қазақ танымалының ескерткішін бұзақылар сындырып, қиратып кеткен болатын.
7. Екі қаладағы қазақ тілді басылымдар тиражы мүлде төмен немесе оларды ешкім білмейді. Керісінше пошта байланысы мен жеке саудадағы баспасөздердің 90 пайызы орыс тілінде. Мұндағы қазақтардың өзі екі газет қатар тұрса орысшасын алады.
8. Қоғамдық орындарда орысша сөйлеседі. Бұл тілді білмесеңіз екінші сортты адамсыз.
9. Өскеменнің маңайындағы ауылдар Ресейдің поселкелерін еске түсіреді. Қазақша мектебі, молласы жоқ ірілі-кішілі елді-мекендер жетіп артылады.

Осының барлығы Шығыстағы қазақ тілінің мүшкіл, бейшара халін көрсетпей ме?
Мұндағы қазақтың ұлтшылдығы езілгендіктен, тілі мен құндылықтары тапталынғандықтан, қорлықтан туындаған әлжуаз ұлтшылдық. Ол ақтап алуға тұрмайма?

Кімнен: Әлім төре Қайдан: Ақтөбе
23.07.2010 16:13
+0 / -0
Мен күні ертең Назарбаев мынау өтірік улаған-шулаған орыстардан қорқып, Сапарбаевты әртүрлі сылтаумен орынан ығыстырып жіберсе еш таңданбас едім. Өйткені біздің билік қазаққа қарсы ниеттегі өзге ұлттардан өлердей қорқады. Оларға қазақтың мүддесінен гөрі астындағы майлы шелпекке айналған орынтағы әлде қайда қымбат.Өзгелердің басынып жүргені де содан ғой.

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
23.07.2010 19:32
+0 / -0
Шағым жазғыштардың шағымдары кімдерге бағытталғанын қараңызшы...
Медведев пен Назарбаевқа!
Ал қазақ тілі олардың біреуі үшін: "Қазақ тілі өлмесе өмірем қапсын, менің шаруам не?", біреуі үшін: "Қосылам сізге, ұлы орыс халқы аман болсын!!"

...ммм, "ол" тірі тұрғанда қазақ тілінің жағдайы жақсармайды.

Несі бар күтеміз. Мәңгілік ештеме жоқ. Сәт сағаты келер.

Сол кезде халықтың оған айтқан қарғысынан әруағы азап көріп, көрінде тыныштық көрмейді. Көрінде өкіріп жата алмайды.
"Мынау баяғы бізді билеген өз туған ұлты - қазақ тілін сорлатқан, жойылып кете жаздауына себеп болған жемқор ұрының баласы, немересі" деген атақпен ұрпағы көзге түрткі болып азап шегеді.
Кезінде "Біздің елбасы" деп том том кітап шығарып, сала құлаш өлең жазғандар оны жамандаудан жарыс өткізеді.
"Нұреке, қазақ елі болғандықтан бәріміз қазақша сөйлеуіміз керек, іс қағаздарды қазақша жүргізіп, телеарналардағы қазақ тілінің үлес салмағын арттырайық" дегенде Ұрыекең ұсынысымызды қабылдамай қойған, тіпті қазақ тіліне басымдық беретін Тіл туралы Заңды да Парламентке өткізбей қойып еді" деушілер де табылады әлі.
"Назарбаев дәуіріндегі жағымпаздық пен жеке басқа табынушылықтың сталиндік элементтері", "Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қазақ тілінің формальді мемлекеттік тіл функциясында қалып, қорлық көруінің себептері мен аспектілері" деген ғылыми жұмыстар пайда болып, диссертациялар қорғалады, т.б.....

Обшым көп қызықтар болады әлі. Көрінген таудың алыстығы жоқ. Жақындап қалды ол күнде. Сәл шыдаңыздар...
Пікір алмасу

Кімнен: J.B Қайдан: xamalgan
24.07.2010 01:35
+0 / -0
Қуат, ozingizdey erazamattardeng azayep bara jathane okinixti. Aythanengez allaneng hulagena xaldegare xubaciz, xaytanda bir kuni oleri hah. omirding kobi ketip aze,haldau... men sizge 100% hoselamen .

Кімнен: проф.Совет-Хан Ғаббасұлы
24.07.2010 19:43
+0 / -0
проф. Совет-Хан Габбас
Орыстардың арсыздығы мен астамшылығы осы - Назарбаев пен Медведевке жазған хаттарынан көрініп тұр. Осыларды тым әспенсітіп отырған НӘН болса, Д. М. көзін қысып құптаудан жасқанбайды. Ел мен Жер иесі Қазақ екенін естеріне алмай, ойына келгенін сөйлеу деген осы !.. Сапарбаев Бердібек-мырзаның садағасы кетсін, бұрынғы – орыс –неміс – шалақазақ әкімсымақтар ! Қашқаны – қашып, пысқаны – тышып жайына кетті емес пе ? Елдің есінде де қалған жоқ. Іс білетін адам келіп еді, орыстарға ұнамай жатыр. Өйткені орыстарға керегі ЛАЙ су, одан ойына келгенін істеу оңай ғой...

Автордың басқа мақалалары

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?