Сәрсенбі, 19 маусым 2013, Алматы 22:40


БЛОГСТАН

Ақтауға жете алмай, Атырауға қайтып келдім

Ынтымақ алаңына жиналған қарапайым халық пен полиция. Ақтау, 18 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
Ынтымақ алаңына жиналған қарапайым халық пен полиция. Ақтау, 18 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
Мәтін көлемі - +
«Ақ жайық» газетінің редакциялық тапсырмасын алып жолға шыққанмын. Бағытым – Ақтау жақ. Алдымен әуежайға қоңырау шалып едім, сол күні болған үш рейстің үшеуіне де билет жоқ екен.

Содан соң пойыз билетін сататын агенттіктерге қоңырау соға бастағанмын. Тұтқаның ар жағындағы қыз «бар, купелерге орын жетеді» деді. Бұл сағат таңертеңгі 11 шамасы еді.

Жиналып шыққанша 12 болып кеткен соң бірден вокзалға тарттым. Мен келгенде пойыз есігін жабуға 5 минут қалған. Жолсерік те келісе кетті. Мініп кеттім. Жолымның бола қойғанына қуанып, төсегімді реттеп, көз шырымын ала бергенім сол еді, әлгі «мейірімді екен» деп отырған жолсерігім алқынып келді. Түрі қашып кетіпті.

– Ойбай, түсуің керек, – деді.

– Неге? – деймін түкке түсінбей.

– Доссордан тексерушілер мінеді екен. Артық адам алуға болмайды.

– Тағы ақша қосайын.

– Болмайды, жұмыссыз қалам.

– Мақат үлкен станса ғой, тым құрымаса соған дейін жетейін.

– Оны мен де айттым, көнбей жатыр, «түсір» деді.

Амалсыз Доссордан түсіп қалдым. Пойызым тиісті 3 минут орнына 20 минут шамасында кідірді. Доссор темір жол станциясындағы кассирден «Мақат-Ақтау» деп билет сатасыз ба деп сұраған едім. Шамасы дегбірсізденіп, қатты мазасын алып жіберген болуым керек – ұрса жөнелді, тіпті ашуланып, мені «қоғамдық тәртіпті бұзып, жұмыс істеткізбей тұр» деп кезекші полицияны шақырды. Полицияға жауап беріп отыратыным көз алдыма елестеп, жым бола қойдым.

Кассир апайдың ашуы басылған соң кешірім сұрап жалына бастадым:

– Апа, бір билет сатасыз ба? Маңызды болып тұр, журналист едім, – деп, редакциялық тапсырмамды көрсеттім.

Кассир апай көзәйнегін киіп, қағазымды оқи бастады, тіпті, не үшін екенін білмеймін, көшірмесін де түсіріп алды. Содан соң «билет жоқ» деді.

Таң қалдым. Мен мінген купелік вагон жартылай бос еді. «Шешінген судан тайынбас» дедім іштей. Таксиге отырып, келесі станцияға – Мақатқа қарай тартым. Мақат пен Доссордың ортасы 40 шақырым. Мінген таксисім де біртүрлі адам екен. Өз-өзінен қобалжып, бір түсініксіз қоңыраулардан соң Доссордан 15 шақырым ұзай бере тоқтады да, «көлігім сынып қалды» деді.

Мәссаған! Далада боран ұйытқып соғып тұр. Қасымдағы екі жас жолаушы жігітпен бірігіп, трассаға тұрып қол көтере бастадық. Жарты сағат өте бір «УАЗ» тоқтап, алып кетті. Әрине, «Атырау-Маңғышлақ» пойызы бұл кезде ізін суытып та үлгерген еді.

Мақаттағы жас кассир қызға келіп, тағы жалына бастадым. «Билет бағасын үш есе төлеймін» дедім. Ол қарсылық білдірген жоқ. «Күтіңіз, әзірге билет жоқ. Егер болса, бірден сізге жазып берем» деді.

«Алматы-Маңғышлақ» пойызын күтіп отырмын. Кешкі сағат 18-де пойыз да келді-ау. Кассир қызым «жоқ» деді шарасыз кейіппен. Жолсеріктерді «сындырып» көрмек болдым. Бір әйел келісе кеткені. Пойызға міне бергенім сол еді, құлағына келіп сыбырлап жатқан бір жас жігітпен сөйлесіп алған ол «ойбай, түс» деді айқайлап.

– Апа не болды, жақсы төлеймін, – дедім.

– Болмайды! – деді.

– 30 мың теңге! – деймін.

Ол ойланып қалды, сосын жабырқаңқы дауыспен:

– Ала алмаймын, тапсырма солай, – деді.

Кейін касса маңында тұрған, осы пойыздан түскен әйелдер өздері мінген №15 вагонның мүлде бос екенін айтты.

Не істесем екен деп қоямын іштей. Мен үшін мазасызданған редактор орынбасары Виктория Ли қайта-қайта қоңырау шалып жатыр. Маған қолдау білдіріп, «ары қарай кетуің керек не болса да» деп қояды. «Машиналарды біл,– деді. – Бірақ олар сені байқап апаратын болсын, ол жақтың жолы өте жаман әрі қыстыгүні қауіпті».

Ендігі ойым – Құлсары стансасына дейін барып ары қарай Бейнеу не бірден Шетпеге дейін такси жалдау болатын. Алайда таныс таксистер жолға тосқауыл қойылғанын айтты.

– Атыраудан шығармайды бәрібір. Босқа шығын боласыз. Ал жалпы барам деп қоймасаңыз, 100 мың теңгеге апаруға болады, бірақ полицейлермен өзіңіз разводить етесіз, – деді.

Телефон тұтқасын тастай салдым. Кешкі сағат 10-да такси ұстап Атырауға жеттім. Жаңағы таксистің сөзінің жаны бар секілді. Доссорға кіре бере, қайтар жолда полиция мен бетперде киіп, автомат арқалағандар көлігімізді тоқатты. Бетімізге фонарьларын түсіріп зерттей қарап алған соң, қоя берді, «күдік тудырмағанбыз ендеше» деп қоямын іштей.

Алайда Ақтау сапарынан бас тарта қоймадым. Ертесінде жиылып әуежайға келдім. Әдетте билет жоқ болса да, қосымша ақшасын төлесең, отырып кетуге болатын еді ұшаққа да...

Бірақ бұл күнгі екі рейске тағы билет жоқ екен. Оның үстіне мен сияқты «отырып кеткісі» келіп тұрғандар саны да көп көрінеді. «Скат» компаниясы өкілдігінің алды кісіден көрінбейді. Ары-бері сөйлесуден нәтиже шықпаған соң кетіп қалдым. Бірақ келесі күнге билет алдым – бар екен!



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2011 19:59
+0 / -0
Саган не жок "Ақ жайық" газетінен шыққан батырсымағым. Сіз не, сол жерге барып, барин кондирип, ақшасы жоғына ақша беріп, ақылы жоғына ақыл бермексіз бе сонда. Ия, ендігі жетпегені или қалғаны Сіз едіңіз. Бірдемеден құр қалғандай сонша ышқыныпсыз. Жол болсын бірдеме қатыруыңызға. Өздері 8 айдан бері о баста миы ашып арандаған қасқаларға ақыл кіре қояды деп желпініп келмекшісіз бе? Сонша сенсация тапкандай "бес тиын" болып
Пікір алмасу

Кімнен: АДАЙ БАЛАСЫ Қайдан: ОЙПАТТАН
19.12.2011 22:46
+0 / -0
САНИЯҒА ТІЛ ТИГІЗБЕГІЗ.ОЛ ҚАЙ МӘСЕЛЕНІ БОЛМАСЫН ӘДІЛ ДЕ АНЫҚ ЖАЗАДЫ.ӨЗ ЕЛІМІЗДЕ ЕМІН ЕРКІН ЖҮРІП ТҰРА АЛМАУ МАСҚАРАҒОЙ.БІЗ АУҒАНЫСТАНДА НЕ ИРАКТА ӨМІР СҮРІП ЖАТЫРМЫЗ БА
Пікір алмасу

Кімнен: журналист емес Қайдан: Атырау емес
20.12.2011 12:03
+0 / -0
Осыны жазып отырған дәу де болса атыраулық журналистсымақтардың бірі. Осы кісіні тауып алып, сұрар ма еді? Сәния ең болмаса айран-топаны шығып жатқан жерге бармақшы болып, әрекет етті. Сен не бітірдің? Форумда батырсынғаннан басқа? Мен атыраулық емеспін. Және Сәниямен таныстығым да жоқ. Бірақ, мынадай күңкіл сөзге төзе алмай кеттім.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.12.2011 12:07
+0 / -0
өте дұрыс айтасыз, бұл батырсымақ емес, пара беруші болды ғой)))) арандатушыларға еретін нағыз осылар ғой

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2011 20:02
+0 / -0
алде мунда тун катып, үй бетін көрмей акымактармен жаудай жағаласып жүргендердің жасап жатқанын жайдан жай деп ойладынық ба? Елдин шыркын бузып, ел ішін іріткі салып жүргендерді бұл дүние мен ана дүниеде коринде окиртер али.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2011 20:43
+0 / -0
мунайшылардын муншалыкты арандауына жане дүрлігуіне және ослай ушығуына осы сияқты журналистер қауымы да кінәлі. берекесі мен бірлігі кеткен ортаға көмектесідің орнына жерден жеті қоян тапқандай пықсып жанған оты одан сайын үрлеп лаулауға әкелгені өтірік емес.

Кімнен: Арыстан Қайдан: Алматы
19.12.2011 20:54
+0 / -0
Мынадай хикая жазып онысыз да қоян жүрек халықты үрейлендірмекпісің?! Осының өзі КНБ тапсырмасы сияқты...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2011 22:48
+0 / -0
ол кiсiлер сенiн журналист екенiңдi бiле тұра солай iстеген шығар мумкiн солай болса еш таң қалмаймын! Актауға барып халық естiмеген шындықты бiлiп интернетке шығарады деп корыккан шыгар.алған бетiннен тайма.бәрiн жасап жаткан жазыксыз жумыстан шгарылган мунайшылар екенiн бiлсекте журналистердiң көбi ол туралы дурыс шындыкты жазбай жатыр сол туралы толыгырақ жазсаныздар екен

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2011 22:59
+0 / -0
білмей босқа айыптамаңыздар.Бұл Сания апай террористер жайында алғаш ақ-қарасын жазған облыстық "Ақ Жайық"газетінен.Бұл газет ресми "Прикаспийская газета" мен "Атырау"газетінен сұмдық өтімді жазатын екі тілді газет.Қала халқының да,облыс халқының да әкімқаралардан зардап шеккендеріне,жалпы қара халыққа араша түсетін бірден-бір шыншыо газет.Тіпті ел басқарғандар ұнатпаса да осы газетті алады,елдің бәрі оқиды.Егер апай барып келсе онда Атырау бәрін толық біледі.Айтпақшы,Абдолла атаймен Колымаға Мағжан ақынымыз жөнінде арнайы сапарлап барып егжей-тегжейлі жазған да осы кісі және осы газет.Содан соң осы газеттен алған Мағжан жөніндегі материалды басқа республикалық баспасөз құралдары жариялаған болатын.сапарыңыз оң болсын,Сәния апай!

Кімнен: Қоянсұлтан Қайдан: Астана
19.12.2011 23:09
+0 / -0
Ойбай-ай, бұл не деген бассыздық! Жабуды жаба тоқиық десек, күллі әлемге сыр шашқандары несі? Бұл оқиғаларды жабулы қазан жабулы күйінде қалдырмақ едік, амал жоқ шетелдіктер шулап кеткен соң ақпарат беруге мәжбүр болдық, Мәскеудегі қолдаушылармен ақылдасқан соң басқа бір тактика қолдананбасақ, бұл қызық құмар жорналшылдар жанды қоятын емес. Әзірге сүзгіден өткен ақпараттар ғана мемлекеттік телеарналардан көрсетілуі тиіс. Бұл жоспарды әуесқой блогерлер бүлдіріп тұрғаны. Жаңа жылда Батыс қазақстан бағытындағы қалай жолды жабуға болады, сол қиын болып тұр...
Пікір алмасу

Кімнен: Адайхан Қайдан: Атырау
20.12.2011 22:38
+0 / -0
Жалпы, Билік неғұрлым барша БАҚты жапқан сайын, ел-жұрт негізгі ақпаратты мемлекеттің сыртынан іздейтін болады. Бұны анау Алиеп пен Аблязоптар мықты пайдаланып кетуі мүмкін. Сол үшін елдің ішінде ашық саясат және айқын телебағдарламаларды жүргізу керек. Бәрібір білетін шетелдер бәрін біліп болды ғой. Ендігі халықтан жасырған - ақымақтық.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2011 23:39
+0 / -0
Халкым ау тынышталсандаршы, халык енди билди арандатушылардын ортада бар екенин! сондада бирак арада бауырлары ушин ош аламыз дейди! барин сабыр сактандар! Билик кинали емес деуге келмес! бирак сабыр етиндерш!
Пікір алмасу

Кімнен: Иілмеген атан Қайдан: Орал
20.12.2011 22:51
+0 / -0
Ау батыр-ау! Сен осы "тынышталсаңдаршы", "Сабыр сақтаңдар" деген сөздерді қарулы полицейлер мен ОМОНдарға айт әуелі!
Арамызда арандатушы жоқ, бәрі тегіс өзіңнің халқың, бірі жас, бірі егде, бірі жігіт, бірі әйел бала. Жеті ай бойы зарымызды естімеді бұл Билік, енді ашынған елге би билеп ән айтамыз деп жынға тигені тағы бар. Сонда кім арандатты?! Оларға (билік басындағыларға) керегі бір ғана нәрсе - 15 қаңтарда болатын партиялардың сайлауына дейін мұнайшыларды алаңнан қуып тығу еді! Мақсаттарына жетті алапестер!

Кімнен: аДАЙ
20.12.2011 02:53
+0 / -0
ХАЛЫК АШЫНЫП КЕТТИ 8 АЙДАН БЕРИ МУНАЙШЫЛАРДЫН ТАЛАБЫ ОРЫНДАЛМАЙ ЖАТЫР

Кімнен: Amantai
20.12.2011 11:25
+0 / -0
Елімізде бұндай жағдайлар болып жатқан кезде, ел бірлігі керек. Барлығымыз жұмылып сырттан келген, мемлекетімізді арандатып жатқан жауға қарсы шығумыз қажет.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.12.2011 13:27
+0 / -0
1-ші каментті жазған дәу де болса, 3 әріптің құйыршығы не терісінің өзі. Бұл иттер ертең НАНның орнына бір әділетті,ұрламайтын кісі келсе де, соған қызмет етеді.

Кімнен: Адай Қайдан: Адай
20.12.2011 15:31
+0 / -0
Бәріде аяқталсын, мына у шудан шарашадык! Бәрін тоқтатыңдар!

Кімнен: ермек Қайдан: Алматы
20.12.2011 16:34
+0 / -0
бұл мақаланы жазған адамның не айтпақшы болғанына менің жаман миым жетпеді...кешірерсіздер,сонда батыс жақ 13 район сияқты болып қалыпты демекші ма?әйттім,бүйттім.не алуға барғанын өзі де білмейді ау шамасы?бұнысын бірәз ұзартып,көркемдесе тәп тәуір жол сапар очеркі болғалы тұр екен...журналис өзі басынан көрген қиындықты оқиға болып жатқан кезде ешқанан айтпауы керек.ол тек оқиғаны халыққа жеткізуші ғана.

Кімнен: Аза Қайдан: Көкше
20.12.2011 16:40
+0 / -0
Атыңның кім екенін білмедім "Ақ жайық" газетінің редакторы, бірақ, барлық сөздерің шындыққа жанаспайды, кинода сен айтқандай жолы болмаушылық болады!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.12.2011 18:10
+0 / -0
озенге жеттіңізбе

Кімнен: kurban Қайдан: shymkent
21.12.2011 03:50
+0 / -0
Еліміздегі тыныштықты бұзуға кейбір "азаматтар" үлкен және қатерлі қадамдар жасап тұруда!!!!! шыныды айтсам, оларды азамат деп атауға ұят болар құрметті достар!!!
мен кінәлі кісілер өз жазасын табады деген үміттемін ДОСТАР
ал осы мәселеге келетін болсақ - мәлімет болмай тура сөйлейтіндердің ауызы қалай сондайға бұрылады, сол қызық(((
Пікір алмасу

Кімнен: адайдын тентек баласы Қайдан: мунайлы мекен
21.12.2011 15:30
+0 / -0
тауелсиз тилшилерге соз тигизуге болмайды олар щындыкты жеткизеди акикат айтадыю ал телеарна тилшилери типти уйалмайды мысалы казакстан теле арнасы ХАБАР вовше удалит ету керек +++++++++++++++++++++++JANA UZEN JASTARI JASASIN BASIN ALGA

Кімнен: САЯТ Қайдан: карағанды
21.12.2011 17:48
+0 / -0
қазір біздің елімізде қиын жағдай болып жатыр, бірақ қазакстандықтар ояңындар!!!біз бір жерде бір елімізде туып, бірге болу керекпіз!!!

Кімнен: Zheltoksan Қайдан: Kulsary
27.12.2011 14:28
+0 / -0
Сания немесе Сания сияктылар коп нарватца ете бермендер. ТЫНЫШТЫК керек. Онсызда аз емес, еликтеушилер мен ермелердин истегени.
Пікір алмасу

Кімнен: Серик Қайдан: Атырау
14.01.2012 20:36
+0 / -0
мунайшылардын мунын о бастан козгап келетин, ари бакылауынан тыс калдырмаган дал осы Ак Жайык газети, сонын ишинде дал осы Сания. Билмегесин бос былшылды койындар!

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?