Бейсенбі, 31 шілде 2014, Алматы 09:20


БЛОГСТАН

Тойдың да тойдан айырмашылығы бар

x
Талай тойда болдым. Той, той болудан қалып бара жатқан сияқты көрінеді маған. «Тойда болдым» десем, «қалай болды» деп сұрайды таныстар, не деп жауап берерімді білмей сәл кідіріп қаламын. «Жақсы болды» деп құтылған боламын.

Иә, той деген қуаныш қой, барлық той жақсы өтеді, қызық өтеді, қуанышқа толы өтеді, сөз жоқ. Бірақ сонда да, ішімде бір нәрсе жетпей тұрғандай.

Өткен апта соңы студенттік досымның тойына барып қайттым. Той Орал қаласында болды. Той болатын күн жақындағанда Орал қаласын су басып қалды деген жаңалықтар бірінен соң бірі келе бастады. Су қаланың сыртқы жағындағы ауыл аймақты, өзендердің ортасына жайлы жайғасқан “Рублевканы” басып қалған екен. Президенттің резиденциясы да, әкімнің үйі де кеткен екен суға.

Ауылдық жердегі адамдардың барлығы қаладағы қонақ үйлерге орналастырыпты.

Тойға оралайық. Орал қаласына тойға үш сағат қалғанда жеттім. Як-48 ұшағымен пыр-пырлап әрең жеттік. Әуеде қалықтап келе жатқанда ақ, қаланың жан жағындағы көлшіктерді, суда қалған үйлерді көруге болады.

Орал жақтың бір жақсы жері, халқы уақытқа сый құрметі бар екен. Айтқан уақытында жиналып, тойханаға кіріп кетті. Той болғаннан кейін, ән болады, ән болған жерде би болады. Менің ойым осы билерде қалып қойды.

Халықтың ассимилияцаға ұшырайтыны осы би ме екен деп қалдым. Мысалға Шымкент жақтын тойына барсаң өзбекше билеп қайтасыз.

Ал Орал халқы “пляска” билейді екен. Әндерінің бәрі сол “пляска” билеуге арналған екен. Қызық.

Енді жалпы той мәселесіне келер болсақ. Барлық той бірыңғайда өтеді. Ауылға барсаңда сол, басқа қалаға барсаң да сол. Ел жұрт жиналады, асаба шығады, халықты ортаға шақырады, тост айтқызады, сосын ән қояды, би билетеді. Келесі топ шығады, тағы да ән айтылады, тағы да би, осылай соңына дейін жалғасады. Сосын той деген міндетті түрде түнде болуы керек. Күндіз болса бір түрлі болады ғой деймін.

Кешегі тойда қиялдап кеттім. Қазақтың нағыз тойларын істеуге болмайды емес қой, болады. Бірақ бір қосымша машақат сияқты емес пе?

Алматы жақта киіз үй ауылдары көп. Жайлау. Қаладан алыста емес, сол жерлерде істеуге болады. 150-200 адам сиып-ақ кетеді. Сосын дәстүрлі әндер болса, қазандарда былқылдап ет пісіп жатса, самаурын қайнап жатса. Әр келген қонақ топтары бір- бір қазақ үйге орналасса. Тамақтанып алғаннан кейін сыртқа шығып, тиын ілу, күрес, айтыс сынды ойын қызықтарды тамашаласа. Және ең бастысы той күндіз болса, түске қарай басталып, кешке жақын бітсе.

Қиын ба, бұндай той істеуге болмайды ма екен? Көп адам “тойдың алдында ерекше болса екен деп талпындық, бәрібір бірдей болып кетеді” дейді. Себебі той индустриясы соған қарай бейімделген.

Ал сәл ойланып қарасаң, бұның бәрі бізді қазақтығымыздан ұзақтатып барады екен.

Білмеймін, әйтеуір бұл тенденция маған ұнамай жүр соңғы кездер.

http://bekjan.dosym.kz
Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Зейнеп
22.04.2011 11:25
+0 / -0
Ия, дұрыс мәселе көтеріпсің, қазіргі тойдың қарап тұрсаң жазылмаған заңы бар, заң болған соң оның баптары сияқты 1,2,3 тарау, ол тараулардың баптары сол реті-ретімен ақ сақалдар мен әжелер, жаңа құдадал, бұрынғы құдалар, туыстар (олардың түр-түрі бар), одан кейін заңға енгізілген өзгерістер сияқты КОЛЛЕКТИВ деген тармақша бар, коллектив салмағына қарай өлшенеді, кейбір тойлар кейде осы коллективте бедел жинау үшін жасалуы мүмкін. Айта берсе той туралы сөз көп, қазір дінге қатты берілген арасында арақсыз өтетін тойлар да бар. Ол тойлар туралы соз болек, яғни ол басқа Заң. Бірақ, сол қазақтың нағыз тойына не жетсін ! ат шаптырып, теңге алатын тойлар қазір тарихқа айналды ғой ...

Кімнен: Сәния
22.04.2011 12:32
+0 / -0
Өз басым тойға әрең зорланып барамын. Ол жердегі ең сұрқиясы билер, би болғанда қандай, лезгин халқының лезгинкасы, үнді,орыстың,татардың, өзбектің ұлттық билері, сығанда кездеседі.Бұндай тек қазақ деген өзгеше байғұс халықта болады. Асаба дегенді тіптен алып тастау керек. Оның орнына жаныашыр бір туыс не танысты қойған дұрыс. Асабаның есебі бойынша тойда қауымды секіртіп көп билетсе, той иесінің көңлінен шыққаны, сосын әрпіл-тәрпіл жабайы әзілдер айтады, кіндіктің астына да түсіп жатады. Және қай тойға барсаң да еститінің асаба әртүрлі болса да, әзілдері жаттанды болып қалған, бір-бірінен ұрлайды, ұялмайды.Және тойларды арақ-шарапсыз өткізу керек. Мақала иесімен келісемін, тек ол тойлар тек жазд айында сәні болмақ.

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақ Елі
22.04.2011 16:47
+0 / -0
Е әлі Қара жорға жете алмай жүр екенғой.

Кімнен: Сания "я не я"-га
23.04.2011 02:37
+0 / -0
Курметти, бирбетти Сания, сиз оз тойынызга туысынызды сайлап откизиниз, асабасыз!Акшаны да унемдейсиз!Бирак, ол туысыныз "саскан уйрек куйрыгымен сунгидинин" керин корсетип,ауыза келгенин айтып,сол сиз айткан асабалардан етсигенин курап айтады.Жане оны ким тындайды,агайынга бедели мыкты бир туысынызды сайламасаныз.ал дореки азилдейтин жане ишимдикти насихаттайтын асабаларга жолыксаныз, кина сол той иелеринен,арзан асабарал арине сондай болады.Ал шын таланттылары онерин одан кымбаттау багалайтындыктан оган акшаныз жетпейди, сиздин.Демек, сиздин асабаларга деген окпениз кытайдын наскиин арзанга сатып алып,неге тез жыртылады дегендей ангиме.

Кімнен: Мұхтар Қайдан: бұрынғы Қызылқұмдық
23.04.2011 12:14
+0 / -0
Мысалы, біздің жақта той күндізгі сағат 10 дардан басталып, балуандар күресіп, қошқар сүзістіріп жатады. Жағдайы келгендер бәйге, көкпар береді. Бұл той кешке дейін созылады. Кешке жастар үшін кәдімгі өзіміздің қазақтың "бешірі" болады. Сол "бешірде" көресіз бидің неше атасын. Баяғы біздің бала кезімізде "бешірмен" қатар ойын балалары үшін үйдің қабырғасына кино қойып беретін, ересектердің "бешіріне" жағаласпасын дейтін шығар да, сонда.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.04.2011 15:27
+0 / -0
Санияның айтуы дұрыс. Тамадалардың орнына театрдағы кез келген конференсияны қойып, не танысыңды қойып тек сөзге кезек беріп тұрса болады. Ешқандай тақпақтың, әзілдің қажеті жоқ. Ол поэзия кеші емес, тамаша-шоу емес. Жастарға қарттар жағынан нақыл сөздер айтылса. Арасында 3-4 рет тек қазақтың ұлттық билерін билетуге би топтарын шақыру керек. 3-4 рет даусы жақсы әншілерге қазақтың дәстүрлі әндерін, қазіргі эстрада әндерін орындату керек. Ал келген қонақтарды зорлап билетудің қажеті жоқ. Тіпті үйлеспейді, түр келбеттері жарасымды жастар билесе жақсы, кейбір біздің апайлар, әпкелер бөкселері табақтай қиралаңдағанда, жерге кіріп кете жаздайсың. Ішіп алған ағалар тапырақтағанда қазақ болып туылғаныңа өкінесің.

Кімнен: Zharkinai
25.04.2011 21:14
+0 / -0
Tamada kerek emes degenge kosilmaimin! Koterilgen masele duris, Birak oni jaksilap uimdastira, retin bile bilu kerek. Tamadaga duris azilinizdi, oiininizdi berip daiindaniz. Zhurttin aldinda ozin erkin ustap uirenip kalgan adamda kerek koi, Tugan-tuistin arasinda ondai adam tabilmauu mumkin.

Кімнен: серік Қайдан: алматы
25.04.2011 22:10
+0 / -0
әсіресе шал-шауқанның шығып алып сағаттап сөйлеп малтасын езетінін қайтерсің? Шыдап отар алмайсың. сонан да тойдан шаршап шығасың

Кімнен: керек қызы Қайдан: семей
01.05.2011 01:46
+0 / -0
Сақалдары сапсиып бата бер десе бет алды көкіп тұрған шалдардың түрі мынау болса, жастар қайда барады?!көргені сол болса...

Кімнен: Жұлдыз Әбділда Қайдан: Алматы
03.05.2011 18:24
+0 / -0
Бекжан, сен өзіңнің тойыңда осы айтқаныңның жартысын, тым болмағанда біреуін іске асырсаң, ары қарай дағдыға айналып кетер еді. Бізді шақырсаң, жарнамасын жасаймыз жақсылап)))))))))))))))

Кімнен: МҮСЛИМА Қайдан: Атырау облысы
06.05.2011 03:36
+0 / -0
Үйлену тойында қалыңдықтың киетін киімінің қандай болуы керек екендігі ешкімді ойландырмайтын сияқты. Жалпы келетін қалыңдықты /келінді\ әркім- сондай бір ерекше, өзгелерге ұқсамайтын, құпия сырлы, періштеге ұқсас бейнеде елестетіп, көруге ынтығып тұрады. Сол періште келініміз үйге жақындағанда - "неге шығып қарсы алмайсыңдар, шығыңдар үйден" дегендей, машинаның сигналын айқайлатып тұрып алады. Шашуды қолға алып,сүріне -қабына келінді қарсы алмаққа ұмтылғанда, машинадан өзгелерден еш айырмашылығы жоқ, жартылай жалаңаш келініміз түсіп келе жатады, солкезде манағы келін жөніндегі тәтті қиялымыздың күлі көкке ұшқандай болады. Тойханадағы үлкенді-кіщілі, ақсақал ата-аналарымыздың алдында да осы жалаңаш денесін насихаттағандай қасқая қарап қарсы отырады. Бұған ешкім де қарсылық білдірмейді, құдды бір қазақтың салт-дәстүрі сияқты қабылдайды. біреулер келіннің көйлегінің бағасын айтып тамса-нып отырады. Келініміздің тек күйеуі ғана коретін денесін жалпақ жұрт-қа көрсеткеніне қоса тойдағы басқа да болатын келеңсіз құбылыстар- ды көргенде тойға бармақ түгілі тойхананың сыртынан қарағанда жүре гіміз соғатындай қалге келдік. Біреулерге бұл көзқарасымыз "ескілік -тің қалдығындай" болып көрінсе де ой сарабына салып,бір шешімге ке лер деп үміттенемін. АЛЛАҺ тағала жүрегімізге жақсы мен жаманды айыратын ИМАН, екі дүниенің абыройын берсін.

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Редактор таңдауы

Жаңаөзен оқиғасы бойынша сотталған Жігер Аманжолов. Алматы, 29 шілде 2014 жыл.

Жаңаөзен оқиғасында зардап шеккендер әлі емделіп жүр

Жаңаөзен оқиғасына дейін бір көзінен айырылған Жігер соттың кесірінен жасанды көзді үш жыл кешігіп салдырғанын айтады. Ал Жанболат сол кезде оқ тиген аяғына 8 операция жасатса да оңала алмаған. Толығырақ