Жексенбі, 19 мамыр 2013, Алматы 04:02


ӘЛЕУМЕТ / Парақорлық

Eni компаниясы қазақ мұнайын игеруде пара берді деп айыпталды

Милан прокуратурасы италиялық Eni компаниясының Қазақстандағы жұмысын тоқтатуды талап етті. Компания өкілдері әзірге бұған түсінік бермеді.

Каспий шельфіндегі Қашаған кенішіндегі D аралы. 2009 жыл.
Каспий шельфіндегі Қашаған кенішіндегі D аралы. 2009 жыл.
Мәтін көлемі - +

Халықарапық коррупцияға барды деп айыпталған Eni компаниясының жұмысын тергеген Милан прокуратурасы Италия сотынан компанияның Қазақстандағы жұмысын тоқтату туралы шешім шығаруды талап етті. Сот бұл талапты мамырдың 29-ында талқылайды.

КОМПАНИЯ ҮНСІЗ

Бұл шешімге балама ретінде прокуратура Еni мемлекеттік мұнай компаниясының Қазақстандағы филиалы Eni SрA-ны арнайы бақылауға алуды немесе жаңа мәмілеге бармас үшін компанияның қызметін тоқтатуды ұсынды деп хабарлады Fox агенттігі. 

Италияның Corriere Della Serа басылымының жазуынша, прокуратураның талабы  компанияның кен орындарын игеруде бастапқы инвестиция ретінде 20 миллион долларды пара ретінде жұмсады деп айыпталып, тергелген кезінде қойылып отыр.

Пара Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, мұнай-газ саласындағы топ-менеджер Тимур Құлыбаевқа арналған деп жазады Corriere Della Sera газеті.

Eni компаниясы Қазақстанда 1992 жылдан бастап жұмыс істей бастаған еді. Компания Каспий шельфіндегі Қашағандағы мұнай және Батыс Қазақстандағы Қарашығанақ газ кенішін игеруге қатысып жүр.

Осы компанияның Agip KCO атымен танылған Agip Kazakhstan North Operating Co. NV филиалы Қашағандағы кен орнын игерудің бірінші кезеңімен айналысып жатыр. Eni компаниясы Қашағанды игеруде 16,8 пайыздық үлеске ие. 

Reuters агенттігінің хабарлауынша, тергеу Eni компаниясының бірнеше менеджеріне қатысты жүргізілген. Мәліметтерге қарағанда, сондай менеджерлердің бірі, компанияның Қазақстандағы жұмысына жауапты болған компанияның бұрынғы вице-президенті Гидо Микелоттиге де тергеу жүргізіліп жатыр. Оны баспасөз өкілдері таба алмады. Ал компанияның Италиядағы өкілдігі қандай да бір түсінік беруден бас тартты.

Компанияның Қазақстандағы өкілдері де әзірге осыған түсінік бермей отыр. Компанияның Атыраудағы Eni SрA филиалы Азаттық тілшісіне барлық сұрақтарды Ақтау филиалындағы менеджерге жіберуді кеңес қылды. Бірақ Ақтаудағы компания телефонына ешкім жауап бермеді.

Қашаған және Қарашығанақ кеніштері Қазақстан үкіметі шетелдік мұнай компанияларымен келісімдерді қайта қарауы кезінде назар аудартқан болатын. Ендігіде Қашағанды игеріп жатқан консорциумда "ҚазМұнайГаз" компаниясы 16,8 пайызға ие болып отыр.

"Самұрық-Қазына" ұлттық қорын басқарып жүрген кезінде, өткен жылы Тимур Құлыбаев баспасөзге "ҚазМұнайГаздың" Қарашығанақтағы консорциумның 9 пайыздық үлесін алғалы жүргенін айтқан еді.

МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ МИНИСТРЛІГІНІҢ АЙТҚАНЫ

Мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы Қанатбек Сафинов пара жөніндегі мәселенің Қашаған жобасын жүргізуде операторлық үшін ішкі таластан туындағанын айтты деп хабарлады "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

"Мен жобаны біреу тоқтатады деп ойламаймын... Мен сізге айтайын, Қашағанның өзі ішінде операторлық үшін күрес бұрыннан жүріп келеді. Сондықтан үнемі осыған тырысады" деген ол жұма күні агенттік тілшісіне. Ол сот үкімін күте тұру керектігін айтқан.

Сафиновтың айтуынша, концорциуммен күрделі келіссөздер жүріп жатыр. "Бұрын мердігерлер өздері қаржыны шығындап, бізді ыңғайсыз жағдайға қалдыратын. Содан негізгі және пайдаланатын шығын өсіп кетті. Республиканың үлесі азайды, бұл бізге қолайлы емес. Бәлкім, бұл да мердігерлердің кейбіреуіне жақпайтын шығар. Бірақ біз осыған бекіндік, одан қайтпаймыз" деді жауапты хатшы Қанатбек Сафинов.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
11.05.2012 18:08
+0 / -0
Тимур 20 миллион пара алса онда не тұр, оның қайынатасы одан да көп алып "Қазақгейт" эпопеясының басты кейіпкері болған еді Балғынбаев мырза екеуі КО-1, КО-2 болып...
Назарбаевтың жүйесі солай болып кетті ғой майламасаң жүрмейтін! Ең аяғы мектептердегі "техничкалық", яғни тақтай жуғыштық "қызмет" үшін пара төлеу керек болған соң басқасына не жорық!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.05.2012 18:54
+0 / -0
НӘН тың күиеу балдарының ылаң салмаған , ақша жемеген кәсіп орындары жоқ шығар , осыншама арандары ашылып тоимайтынына таң қалам , ақша табудың оңаи жолын тауып енді содан аиырылмаи отырғаны қаи сасқаны , жалғыз күиеу балдары емес жақын жуықтары , ағаиын тумалары жемқорлыққа белшесінен батқан , қандаи ашқарақтық еді қанша жұтсада тамақтарына тұрмаи қылғытып жатыр , ашкөздіктен елімді жұтып қоиыуға аиналды . Зиалылар аиға қараса , парламент ұиқыда жатса , оппозицйя әлсіздік танытса жетіскен екенбіз бұл биліктің үндемеи жүріп осылаи қинап құрта салатыны жаман , өздерінде жүректе жоқ , жүректері жоқ болсада ақшаға келгенде өліп бара жатыр , Құлбаев басқа мініп Жаңаөзенді тонап , қырғызып алсада әліде тәубасына келіп қоиар емес , атасының күиеу баласы бір жерден 20 милйон алса атасы одан көп алып жүргені белгілі , осындаи жалмаңдаған Құдаи жалмауыздардан сақтасын .

Кімнен: Әзілқои
11.05.2012 20:02
+0 / -0
Тимур 20 милйон алды екендеп тиіспеңдер ашқои ертең қарны тоиғасын қоиар , әлде шетелдегі көңілдесіне срочно ақша керек болған болар , жетпеи жатса тағыда бір жетелдік компаниядан 40 милйон аласалса жақсы болар еді алған 20 милйоны азғои . Тимеңдер , тиіспеңдер алсын жесін оның атасы Нұрғои ато нұрын сөндіріп тастап жүрер , қараңқылықта қалып қоиармыз .

Кімнен: самат Қайдан: ақтау
11.05.2012 22:45
+0 / -0
түрі қазақ, ісі ойы орыста емес қазақта емес шірік итке жем болдық-ау!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.05.2012 23:54
+0 / -0
Пара проблемасына етім өліп кеткені соншалық мына мақаланы "Азаттық" көлдей қып несіне жариялапты деп еріксіз ойланып отырмын. Маған бейне бір Италияндық жігіттердің пара бергені заңды да, керісінше оған тиіскендерді өзгенің тірлігіне араласқан сияқты оғаш қылып ретінде қабылдап отырмын. Елдің бәрі мен сияқты "соған да шу көтеріп, енді не сонда пара бермей жұмыс жасау керек пе еді?" деген көңіл күйде отыр деп ойлаймын. Тіпті елде жаңадан "жақсы жігіт пара береді, ақымақ жігіт қайта, қайта бара береді" деген де мақал пайда болды.,

Кімнен: Жаныс Қайдан: Техастан
12.05.2012 08:06
+0 / -0
Ауылдың қазағы сен қателеспе! Бізде пара деген уборшица емес роддомнан басталады. Қазақстанда туылдың ақша беру керек!

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Samsung, Өзбекстан халқы және "Болашақ-Серхетяка"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Samsung компаниясы байланыс саласында соңғы үлгідегі қандай жоғары технологияның сынақтан сәтті өткенін хабарлады?