Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:34

ЭКОНОМИКА

Назарбаев төрт миллиард доллардың келісім-шартына қол қойды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Германияда осы елдің канцлері Ангела Меркельмен келіссөздер жүргізді. Қазақстан мен Германия құны 4 миллиард долларлық келісім-шарт жасасты.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз мәслихатында. Берлин, 8 ақпан 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
Германияның экономика және технология министрінің айтуынша, Назарбаев пен Меркель қол қойған 3 миллиард еуроға (4 миллиард АҚШ доллары) тең шарттар аясында 50 шақты келісім жасалған. 

- Біз жер қойнауы, сирек металдар, химия, фармацевтика, металлургия, мұнай, газ саласында жұмыс істеуді ұсынамыз. Немістердің Қазақстанға өз технологиясы мен құралдарын ала келуін өтінеміз, - деді Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «постсоветтік кеңістіктегі интеграцияға жақын адам» екенін, әріптестеріне «үнемі Еуропа одағын мысал ететінін» айта келе:

- Мені жерге қаратпассыздар деп сенемін, - деді.

«ГЕРМАНИЯ НЕ ІСТЕР ЕДІ?»

Deutsche Press («Дойче пресс») агенттігінің хабарлауынша, бұл кездесуде 17 адам (ресми есеп бойынша) көз жұмған Жаңаөзен оқиғасы да сөз болды.

Қазақстан президенті Жаңаөзен оқиғасы кезінде «полицияның ісі дұрыс болды, өкінішке қарай, адамдар қаза тапты» дей келе:
Германияда тәуелсіздік күні ондаған мас жігіт адамдарды сабап, балаларды ұрып, микрофонды сындырып, азғантай ғана полицейлерді жараласа, не істер едіңіздер?

- Германияда тәуелсіздік күні ондаған мас жігіт адамдарды сабап, балаларды ұрып, микрофонды сындырып, азғантай ғана полицейлерді жараласа, не істер едіңіздер? - деп сұрады.

Германия канцлері Ангела Меркель бұл оқиғаны тексеруді қолдайтынын айтты.

- Жаңаөзендегі жұмысшылар мерт болған оқиға туралы сөйлестік. Президенттің ол оқиғаны тексеретін тергеу комиссиясын құрғанын толық қолдаймын, - деді Ангела Меркель.

БЕРЛИНДЕГІ ЕКІ ТОП

Қазақстан президенті Назарбаев Германияға ақпанның 7-сінде, екі күндік ресми сапармен барған еді. Бұл - Қазақстан президентінің 17 адам қаза тапқан Жаңаөзен оқиғасынан кейінгі Еуропаға алғашқы сапары.

Кеше Берлин қаласында Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алу салтанатында германиялық азаматтық белсенділер наразылық акциясын ұйымдастырды.

Осы 
Азаматтық белсенді Раушан Толғанбаева Қазақстандағы саяси қуғындарға наразылық акциясында. Берлин, 7 ақпан. 2012 жыл.
x
Азаматтық белсенді Раушан Толғанбаева Қазақстандағы саяси қуғындарға наразылық акциясында. Берлин, 7 ақпан. 2012 жыл.
​​шараға қатысқан Раушан Толғанбаеваның айтуынша, акцияны ұйымдастырушылар Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларға әділ тергеу жүргізуді, оппозицияны қудалауды тоқтатуды талап еткен. 

Наразылық танытушылардың акциясымен қатар Назарбаевты қолдайтын адамдар тобы да Қазақстан президентін сол жерде қарсы алған.

МЕРКЕЛЬГЕ ХАТ

Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға сапарына бір күн қалғанда, яғни ақпанның 6-сында Human Rights Watch (HRW) ұйымы Германия канцлері Меркельге хат жазып, Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде Қазақстандағы адам құқықтары мәселелерін көтеруді және Жаңаөзен оқиғасында полиция оғынан қаза тапқан әр адамның өліміне қатысты тергеулердің жеке әрі ашық жүргізілуін талап еткен. 

Бұған қоса HRW ұйымы «Қазақстан билігі белсенділерге «әлеуметтік араздықты 
Германия канцлері Ангела Меркель мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Берлин, 8 ақпан, 2012 жыл.
x
Германия канцлері Ангела Меркель мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Берлин, 8 ақпан, 2012 жыл.
​​қоздыру» туралы екіұшты айып тағудан бас тартуы керек» деп мәлімдеген еді.

Қазақстан президентінің Германияға сапарынан бір апта бұрын, қаңтардың 31-і күні Еуропарламент комиссиясының Жаңаөзенге қатысты тыңдауы өткен еді. Онда қазақстандық және ресейлік журналистер, әлеуметтік белсенділер Жаңаөзен абақтыларындағы азаптау оқиғаларын баяндаған.  

Қазақстанның азаматтық белсенділері  Нұрсұлтан Назарбаевтың Берлинге сапары қарсаңында Германия канцлері Ангела Меркельге Жаңаөзен оқиғасы жөнінде хат жазып, Қазақстан президентін қабылдамауын сұраған еді.

«АЛ БЕЛАРУСЬ МҰНАЙ МЕН ГАЗҒА КЕДЕЙ»

​Полиция атқан оқтан 17 адам қаза тапқан Жаңаөзен оқиғасынан кейін де Қазақстан президенті Назарбаевты Германия канцлері Меркельдің ресми қабылдауының астарын Азаттық тілшісі саясаткерлерден сұрады. 

Германия канцлері Меркельге жазылған хатқа қол қойғандардың бірі, оппозиция 
Қазақстан коммунистік партиясының жетекшісі Ғазиз Алдамжаров. Алматы, 13 қазан 2011 жыл.
x
Қазақстан коммунистік партиясының жетекшісі Ғазиз Алдамжаров. Алматы, 13 қазан 2011 жыл.
​​белсендісі Ғазиз Алдамжаров:

- 150 кісідей қол қойып, Меркельдің атына жібердік. «Халыққа қарсы қару қолданды, көп нәрсенің бағасы әлі берілген жоқ - тұра тұрыңыз» деп сұрадық. Жауап ала алмадық. Батыс билігінің көзқарасы басқа. Оларға өз елінің мүддесі, мұнай, газ керек. Қазақстанда не болып жатқанына мән бермейді. Өз елінің мәселесі шешілсе болғаны, - дейді.

Ғазиз Алдамжаров Еуропаның Беларусь президенті Лукашенкоға 2011 жылы қаңтардағы президент сайлауын «әділетсіз өткізді» деп бойкот жариялағанын да айтып өтті.

Еуропаның Беларусь президентіне Шенген аймағына кіруге тыйым салу себебін «Батыс елдеріне керегі - мұнай мен газ. Ал Беларусь мемлекеті бұл байлықтарға кедей» деп түсіндірді саясаткер.  

МҰНАЙ, ГАЗ, УРАН ЖӘНЕ АУҒАНСТАН

Саясаткер Төлеген Жүкеевтің ойынша, «Меркельдің Жаңаөзен оқиғасын білмей отыруы мүмкін емес. Назарбаевтың ресми сапарына дайындалған кезде Қазақстандағы Германия 
Саясаткер Төлеген Жүкеев. Алматы, 9 қаңтар 2012 жыл.
x
Саясаткер Төлеген Жүкеев. Алматы, 9 қаңтар 2012 жыл.
​​елшілігінен олар Қазақстанның ішкі жағдайы туралы мәлімет алады».

- Мұнай, газ, уран және Ауғанстан - осы төрт мәселе олардың көзін жауып, ештеңені көргісі келмей отыр. Назарбаевты қабылдап жатыр. Осы төрт нәрсе үшін Еуропа Қазақстанда бостандық жоғына, демократия мәселелеріне көз жұма қарайды, - дейді Төлеген Жүкеев.  

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОКРАТИЯСЫ, ГЕРМАНИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ

Еуропа елдері бұған дейін Орталық Азия мемлекеттерінің бірі - Өзбекстанның басшысы Ислам Каримовты 2005 жылғы 13 мамырдағы Әндіжан оқиғасынан кейін (ресми есеп бойынша, 187 адам қайтыс болған) бірнеше жыл бойы қабылдамай қойған еді. 

​Саясаткер Петр Своик «Каримов Назарбаев сияқты «Еуропаға жол» тәрізді бағдарламаларын ешқашан жариялаған емес, ешқашан 
Саясаткер Петр Своик. Алматы, 26 тамыз 2010 жыл.
x
Саясаткер Петр Своик. Алматы, 26 тамыз 2010 жыл.
​​​​«түпкі мақсатым - демократиялық мемлекет құру» деп мәлімдемеген» дейді.

- Ал Назарбаев мұндай мақсаттарды жариялап келеді. Еуропа оны осы ісі үшін қолдады. Қазақстанға ЕҚЫҰ төрағасы болу мүмкіндігін берді. Әзірше Қазақстан да, Еуропа да осы ойындарын жалғастырып отыр. Сондықтан Меркель де Қазақстанмен арадағы көп жылдар бойы қалыптасқан қарым-қатынастарды бұзбайды. Өйткені Меркельге Қазақстан демократиясының дамуынан гөрі Германия экономикасының дамуы, сирек металдар мәселесі көбірек керек, - дейді Петр Своик.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 17:38
+0 / -0
Жасарал Қуанышәлінің төмендегі кликтегі мақаласын оқыңыздар!
http://ninjaproxy1.com/browse.php?u=aHR0cDovL3Jlc3B1Ymxpa2Eta3ouaW5mby9uZXdzL3BvbGl0aWNzLzIwNTA2Lw%3D%3D&b=61
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 00:38
+0 / -0
мына линк істемейді. дұрыстап жазыңыз.
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: уядан
09.02.2012 12:36
+0 / -0
мынау тикелей ссылка емес, бир прокси гой?
неге тикелей ссылкасын коймайсын??

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 17:44
+0 / -0
Меркель айтуы айтады-ау, қабылдауы Өзендегідей болатын шығар тағы да...
Пікір алмасу

Кімнен: Жәкөн
08.02.2012 18:59
+0 / -0
Әй, қазақтарым-ай! Қалай ғана түсінбейсіңдер!
Меркель ме, Берікел ме, кім болса ол болсын, оларға керегі қазіргі финанстық құлдырау, тоқырау кезінде қайдан болса да тал қармап қалу керек!
Біз сияқты аборигендерді олар халық деп қарамайды, бұтына жапырақ жапсырып алып Жүнглиде шауып жүрген жартылай жабайы папуастармен тең көреді. Ол ақиқат.
Сенің жеріңде не байлық бар, соны шыңғыртып тұрып сорып алса болды. Оларға басқа түк те керек емес.
Сені ойласа өз тайпаңнан шыққан ғана ойлайды.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 19:27
+0 / -0
"Біреудің жоғын біреу ысқырып жүріп қарайтынын" жаңа түсіндіңдерме, әркім өз қотырын өзі қасиды, сенің мәселеңді итқияндағы неміс бұтынада қыстырмайды. Шешетін нәрсені өзіміз шешпесек, қошқардың беліндегіден бізге не қайыр.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 20:13
+0 / -0
Дұрыс-ау...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 21:06
+0 / -0
Дурыс айтасыңыз бір жакдагы атасы баска діні баска немис бізді нагылсын оларга бізің мунай, газ, уран тб,,, байлыктарымызды алса болды.баска жакка кол жәймай өзіміз талпынуымыз керек.

Кімнен: астана Қайдан: елорда
08.02.2012 20:53
+0 / -0
Жаңаөзен мен Шетпедегі азаматтарға көмек беру қоры ақпан айының басында SMS қызметін де іске қосты. Оған сәйкес, қазақстандық ұялы байланыс операторларының кез-келген түрін пайданалатын адам 9685 нөміріне Help сөзін жазып, SMS жіберу арқылы көмек көрсете алады. Бір SMS-тің құны – 449 теңге.

Кімнен: Бостандық
08.02.2012 21:23
+0 / -0
Әрине, евро одақ мүше мемлекеттерінің басшылары сын айтпай жатқаны біздің Назарбаевты Муаммар Каддафидің жорығына алып келе жатқан сияқты
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: актау
08.02.2012 22:04
+0 / -0
әй кайдан білеін оларга нән куйрук май асатып отырса бізді жакдап нагылсын сірә тегін дайын куйрык май бар емеспа.

Кімнен: Жәй адам
08.02.2012 21:49
+0 / -0
Ал Қазақстан президенті Жаңаөзен оқиғасы кезінде «полицияның ісі дұрыс болды, өкінішке қарай, адамдар қаза тапты» дей келе:

- Германияда тәуелсіздік күні ондаған мас жігіт адамдарды сабап, балаларды ұрып, микрофонды сындырып, азғантай ғана полицейлерді жараласа, не істер едіңіздер? - деп сұрады.
-----------------------------------------------------------------------------------
Біздің елбасы ма, албасты ма әйтеуір таққа бір жері мықтап жабысқан адам ба, шайтан ба, аузына не келсе, соны айтатын болып бара жатыр. Ақырын берсін.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 22:32
+0 / -0
тап осылай дегені шын болса ол алжыды централнии провот пен минус провот замикат етіп бастаганы, кашангы болсын ден саулык провоттар ескередігой
Пікір алмасу

Кімнен: лиза Қайдан: актау
08.02.2012 23:49
+0 / -0
алжыган екенин мен 16 желтоксаннда сойлеген созинен байкадым арпил тарпил сойлейд
Пікір алмасу

Кімнен: микрофон
08.02.2012 23:12
+0 / -0
Мынау күмәнді екен, суреттегі түрі де біртүрлі, Меркельден қорыққаннан не ішіп барған, не үлкейу жолы балалыққа қарай - не көрсе соны айтатын, микрофон ! Қасындағыларға қауіп бар екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Сәкен Қайдан: Алматы
09.02.2012 00:20
+0 / -0
Н. Н. па? Өтірік айту үшін туғандар өтірікпен өмір сүріп, өтірікпен өледі. Таңданатын түк те жоқ. Меркельдің өзіне: "Мұнайшыларды бір немістер айдап салыпты, соларды сендердің барлау орындарың жұмсаған жоқ па екен, соны айтып бере аласың ба?" деп қиғылық салмағанына рахмет деңдер.
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
09.02.2012 00:41
+0 / -0
тәуелсіздік декларациясына қол қоюға қорыққанын ұмытып тәуелсізшілін өзінің! Қазіргі немістер фашистер емес қой қарусыз халықты, оның үстіне жеті ай бойы айқайын тыңдата алмай әбден ашуға мінген қарусыз халықты қырып салатын. Газбен ататын қару бар, резина оқ бар, су шашатын қару бар.

Кімнен: Өскемен Қайдан: Өскемен
08.02.2012 22:42
+0 / -0
"Германияда тәуелсіздік күні ондаған мас жігіт адамдарды сабап, балаларды ұрып, микрофонды сындырып, азғантай ғана полицейлерді жараласа, не істер едіңіздер?"
Германияның ірі қаласы Лейпцигта неофашизм ағымындағы мыңдаған тақырбас жастар жүздеген автокөлікті өртеп, көптеген мекемелерді шағып қиратып, бірнеше бейбіт адамды ұрып өлтіріп, қала ортасында ойран салғанда неміс тәртіп сақшылары бар болғаны су шашқыштар мен көзден жас ағызатын газды қолданған тіптен резеңке оқтарды да атпаған құтырған жастарға бағыттап.
Пікір алмасу

Кімнен: Акихат Қайдан: тубинде женеди
09.02.2012 01:30
+0 / -0
Мейли атсын. мейли колынан келгеннин барин истесин.Мейли дуниенин торт бурышына тугел берсин.Барибир казах ели адилдигимен барлыгында женип шыгады.Сол кезде казах елинин алдында адил жауабын Меркель жане баскалары беретин болады.

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
08.02.2012 23:10
+0 / -0
ел қанғып барып келген гой аман келсе болар осы Н,Ә,Н бір жерге кетсе катты уайымдап отыратын болдым алакан жайып акша сурайтта журеді елімізді жерімізді сатып ол жауыз бір жерге барганда оны елбасы емес бір акша сурауга келе жаткан адамга уксататын болар баска елдегі басшылар

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 23:49
+0 / -0
О Н Д А Ғ А Н МАС ЖІГІТ?!
Өлтірдің ғой, ойбай, енді не десем болады!
Осы сөзің өзіңді орға жығады. Қара да тұр! Қайдағы мас??????????

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
09.02.2012 00:09
+0 / -0
ОЙ ҚАРАБЕТ ОЙ, ҚАРАБЕТ! ҚАЛАЙ ҒАНА АЙТА АЛДЫ ЕКЕН-АЙ АНА СОЗДІ, ҚАРАБЕТ-ОЙ ҚАРАБЕТ!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 01:31
+0 / -0
Осының сөзі қалай?
Масқара!
Өз халқын өзі маскүнем дегенше өліп қалмай ма!
Әлде қарапайым жұмысшыларды анау ютубтағы өзінің айналасында арақ ішіп, ойнас жасап жүрген шенуніктер деп шатасып қалды ма екен?

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
09.02.2012 00:55
+0 / -0
Меркель сирек кездесетін металлды алса болды ғой, Қытай бермегесін, біздің нақұрысқа да керегі сол, Жаңаөзенді Меркель қайтсін сосын. Бұл суайт малғұн Меркельдің көкейін не тесіп тұрғанын біліп тұр ғой, сосын ол не естігісі келіп тұр соны айта салды. Тіпті Меркель сұрамаса да, дайындап барған сөзін айтқан, Меркель жауап бермеген. Ал, жауап бергенде не деп айтар еді, ойбай қырып салам ғой, қырып салам дер ме еді. Әрине жоқ. Сондықтан жауап бермеді, оған сирек кездесетін металл керек болды. Әңгіменің тоқ етері осы. Европа кризис алдында тұр, жағдайлары өте қиын, сондықтан оларға өздеріндегі экономика маңыздырақ.

Кімнен: Руза Қайдан: кереку
09.02.2012 09:11
+0 / -0
"Мұнай, газ, уран және Ауғанстан - осы төрт мәселе олардың көзін жауып, ештеңені көргісі келмей отыр. " Т.Жукеевтің ос сөзімен барлығы айтылып тұр емеспе! Бізге, халыққа тек өзімізге сенуіміз керек, өзіміз ғана өз тағдырымызды шеше аламыз
Пікір алмасу

Кімнен: ҰЛЫЛАРҒА ТАҒЗЫМ Қайдан: алматы
09.02.2012 10:09
+0 / -0
Жарайсың Руза! Павлодардан сіз бар , Серік Елікбай бар азаматтар шығып жатыр.қазағы сізден он есе көп кей облыстар да сіздер сияқты. Не дегенмен кереку Қ.СӘТБАЕВ, ӘҮ МАРҒҰЛАН, І. ЕСЕНБЕРЛИН сияқты қазақтың ұллылары көп шыққан жер ғой. АЛҒА КЕРЕКУ, АЛҒА ҚАЗАҚСТАН!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 13:59
+0 / -0
Айналайын, Рузажан!
Ормандай орыстың ортасында отырып сендей қазақтар қайдан шығады осы?
Абай болыңдаршы әйтеуір!

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
09.02.2012 10:02
+0 / -0
Ертісбаев пен Мусин, сендер бар ғой сендер, оңбайсыңдар! Ау, алды дүниеге мастанған, соңы жасы келіп миы ашып қалған адамға осындай сөзді айт деп нелерің бар-ей, нелерің? Өзі ұрлықы дүниемнен айрылып қалмайын деп жүрген қорқақ адамның аузына осындай сөз салып жіберуге бола ма екен?

Мына сөздеріңе барлық елдің Президенттері күлетін болды-ау, күлетін. Оншақты мас адамға бақандай бір мемлекеттің әлі келмей автоматпен қырып тастау деген масқара емес пе? "Ау, басқасының жазығы не деп" ойламай ма сырттағылар? Осындай, не айтып не қоярын білмейтін адам басқарып отырған елде де адам өмір сүре береді екен-ау бірақ а? Мусин мен Ертісбавтардың несі кетті, миы ашығанды алдарына салып қойып білгендерін жасап отыр да сылқ-сылқ күліп басшысына...

Құдайым-ай, тағы да осындай адамға "жеке басы мен жанұясына тіл тигізуге болмайды" деген заңды да шығарып қойғандарын қараңдар?!

Оу қандықол-ау, СЕН бүкіл бір мемлекеттің намысына тиер сөз айттың емес пе?

Енді жүр сол өзіңнің бала-шағаларыңмен жасты басқа елдің басшыларының алдында сайқымазақ (клоун) болып. Ай-ай, ай...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 14:02
+0 / -0
Арыс!
Рас айтасың, осы шалдан құтылу үшін айналасындағы сұрқиялар бұның аузына есі кем адамның сөзін салып беріп отыр.

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
09.02.2012 10:26
+0 / -0
Біздің көксоққанның көзі өлген балықтың көзіндей тұзданып кеткен екен, е алла, тезірек жытырсаң екен алатын жеріңе...
Әйтпесе жалғыз Меркель емес барлық дүние жүзіне сатып кетейін деп отыр ғой елімізді...

Кімнен: AR Қайдан: Almaty
09.02.2012 11:18
+0 / -0
Халкым меним неге сонша даурыктындар! Отириктын куйрыгы бир тутам. Барлыгы алда белгили болмак Сабыр сактандар! Президентти жактап турганым жок. Бирак мен али онын орнына лайыкты кандидатты корип тургам жок. Ким бар айтындаршы ?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 14:07
+0 / -0
Берлинде журналистермен болған сұқбатта:
-"Денсаулығым мықты. Дәрігерлер армияға шақырылатын жас жігіттің денсаулығындай екен, күш-қайратың тасып тұр"- деді деп өзі жайлы айтты.
Так что енді 20-25 жыл ел басқаруға толық мүмкіндігі бар.
Пікір алмасу

Кімнен: Ардақ Қайдан: Қазақстан
09.02.2012 14:14
+0 / -0
Онда осылай кандидат жоқ деп отыра берейік пе, аузымызды қу шөппен сүртіп. Ұл туғанда қалжа жеген қазақтың қатындары бар шығар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 14:44
+0 / -0
Біздің қазақ елі азаматтары , Ресей халқындай көшеге қорықпай, менің жұмысым бар демей, ұрпақ болашағы үшін( мейлі қандай жолмен , құралмен болса да) оңбаған ұрысұлтанның орнынан кетуі туралы талап етіп алаңға жаппай шыға алғанда ғана, елімізде әділеттілік орнап, теңқұқылыққа қол жеткізе аламыз
Пікір алмасу

Кімнен: AR-ға! Қайдан: Алматы
09.02.2012 14:57
+0 / -0
10 миллион қазақтан бір ұл шықпайды деп пе едің, бар ғой талай асыл ер-азаматтар!
Ауыспалы уақыт кезіне Серікболсын Әбділдин ағаны бір жылға қоя тұрып, Ел Басылыққа ұлтым, жерім, елім деген бір Ерді арамыздан шығарармыз ақ! Ол үшін шатаының көзін жылтыратып, істеп келген қылмыстары үшін қалтыратып жауап алу керек болып тұр ғой...
Ауылдың қазағы
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 17:01
+0 / -0
Әй, AR!
Шатып-бұтып есі кем адамның сөзін сөйлеп тұрған адамның орнын ауыстыратын адам жоқ дегенің қай сасқаның!
Оны ақылымен он орап алатын адамдар тіпті ауылда да өріп жүр. Кешегі Жаңаөзенде, Берлинде айтқан сөздеріне ауылда ошақ бұтында от көсеп отырған күйелеш қатындар да артын ашып күліп жатыр. "Қарақасқаның есі дұрыс па өзі" деп.
Қайта сен өзіңді осынша жыл қандай адам басқарып келгеніне таңдан.

Кімнен: Нұрәділ Мәткәрім
09.02.2012 22:51
+0 / -0
Құрметті Азаттық радиосы сіздерге жіберген пікірімді неге жарияламадыңыздар? 4 рет жібердім, бірақ шықпады. Оның ішінде арандатушылық сөз жоқ болатын. Жауап күтем.
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
10.02.2012 01:54
+0 / -0
Құрметті Нұрәділ Мәткәрім!

Сіздің 4 рет жіберген пікіріңіз адамды ұлтына байланысты кемсіткен жалғыз ауыз сөзіңізге бола жарияланбады. Біреуді діни, нәсілдік, этникалық ерекшелігіне бола тілдеу форум ережесіне қайшы екенін ескеріңіз.

Құрметпен,
Азаттық радиосы

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.02.2012 09:54
+0 / -0
Қазақтың өз байлығы өзіне сор болған заман-ай!!

Кімнен: Иман Қайдан: Иманды мұсылман елінен
12.02.2012 12:31
+0 / -0
Жексұрын басқа қарызымыз аздай, енді, қазақтарды тағы да тықтың ба? Одан да өзің артыңа тыққан ақшадан бір азғана бермедің бе? Ертең өлгенде күнәң шамалы жеңілдейтін еді ғой. Еуропаға барып қайыр сұрағандай болғанша күйеу балаңды (Тимур), қайынағаң Кәрімді т.б. шенеуніктерді қыспадың ба? Бұдан көп ақша табар едің ғой. Ертең өлген күні сенің көріңнен азапталып жатқан дауысың осы дүниеге жетіп тұратын болады.

Кімнен: Жаңа идея іздеуші Қайдан: Қазақстан
13.02.2012 13:41
+0 / -0
Демократиялық құндылықтар адамзаттың ойлап тапқан ең дұрыс идеяларының бірі деп ойлаушы едім. Сөйтсек, ақшаның алдында ол әлсіз болып шықты. Батыс елдері - демократияның сенімді тірегі, қорғанышы деген иллюзиядан айырылдық. Ақшаға сатылмайтын жалғыз идея қалды. Ол -ұлтшылдық. Адамның өз ұлтын сүю қасиетін түбегейлі жоя алмайсын. Қазақстанды таза ұлтшылыдқ қана құтқаратын сияқты ғой. Атамекеніңде келімсектерге қор болмаудың жалғыз жолы - ұлттық құндылықтарды көтеру. Оның жолында басын өлімге тігу үлгісін алаш қайраткерлері көрсетіп кетті ғой. Национализм идеясымен кеңірек танысқым келіп жүр. Білетіндер ой бөлісулеріңізді өтінемін...Мен ізденістемін, көмектесіңдер...

Кімнен: тоны көк Қайдан: көк бөрінің апаны
14.02.2012 13:53
+0 / -0
Осы бір адамның кесірінен ,бүкіл әлем Қазақстанды ,Африкалық елдердің қатарына қояды "банановая республика "деп,ал ТМД елдері БАРАНОВАЯ дейді.Банандық республика дегендері, халқы күні кешеге дейін бір бірінің етін жеп жүрген мемлекеттер.Ал қазағым енді маңдайдағы сор, мүйіз болып өсіп жатыр.Апырай...Сонда осыны,жоғарыда жүрген ығай мен сығайлар білмейді ма ,көрмейді ма,жоқ әлде,барлығы жеті атасына дейін жарымай өскен құлдың ұрпақтары ма.