Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:35

ӘЛЕМ

«Қазақгейтке» қатысты Джеймс Гиффеннің сот ісі аяқталды

Қазақстанның мұнай өндіру саласындағы келісім-шартқа қол жеткізу үшін жоғары лауазымды кейбір тұлғаларға миллиондаған доллар пара берді деп айыпталып келген АҚШ бизнесмені Джеймс Гиффеннің сот ісі аяқталды. Гиффен өзінің шетелдердегі есеп-шоттары туралы ақпаратты жасырып келгенін мойындады.

Мәтін көлемі - +

АТЫШУЛЫ ІСТІҢ АҚЫРЫ 


Ассошэйтед пресс агенттігінің жазуынша, тамыздың 6-ы күнгі Нью-Йорктің федералды сотының отырысында Джеймс Гиффен салық қызметінен өзінің шетелдердегі банктік есеп-шоты туралы ақпаратты жасырып келгенін мойындаған. Гиффенге бір жылдық түрме жазасы кесіліп, 25 мың доллар айыппұл салынуы мүмкін деп хабарлайды Ассошэйтед Пресс агенттігі. Сонымен қоса, Гиффеннің “Mercator Corporation” компаниясы 1999 жылы жаңа жылға сыйлық ретінде Қазақстанға құны 16 мың доллар тұратын қарда жүргіш екі шана сыйлап, АҚШ-тың коррупцияға қарсы заңын бұзған деп айыпталды.

Алғашында АҚШ прокурорлары Джеймс Гиффен мен оның компаниясы Қазақстанда мұнай саласындағы келісімдер жасау кезінде миллиондаған доллар қаржыны жымқырды деген айып таққан. Ол қаржының бір бөлігі Джеймс Гиффен мен Қазақстанның жоғары лауазымды кейбір тұлғаларының швейцариялық банктегі есеп-шотына түсіп отырған делінген еді. Кейін ол айыптаулар түсіп қалған еді деп жазады Ассошэйтед Пресс агенттігі.

2003 жылдың наурыз айында Джеймс Гиффен ұсталғанда, оған мұнай өндіру келісім-шарттарына қол қоюға рұқсат алу үшін Қазақстан басшылығындағы кейбір тұлғаларға миллиондаған доллар көлемінде пара берді деген айып тағылған. Джеймс Гиффен 1990 жылдары бірқатар америкалық компаниялардың Қазақстандағы делдалы болып қызмет атқарған.

«ҚАЗАҚГЕЙТ» ҚАРЖЫСЫНЫҢ АЗ ҒАНА БӨЛІГІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ЖҰМСАЛЫП ЖАТЫР

Ал саясаттанушы Айдос Сарымның пікірінше, АҚШ азаматы Джеймс Гиффенге қатысты сот ісінің жоғарыда айтылғандай аяқталуы АҚШ пен Қазақстан арасындағы жаңа келісімдердің басы болуы ықтимал.

- Соттың мұндай шешімі – Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасындағы үлкен келісім-шарттардың бастауы деп есептеймін. Жалпы, Джеймс Гиффен мырза жеңіл құтылды деп есептеуге болады. Яғни оның АҚШ үкіметімен, АҚШ-тың басқа да мемлекеттік қызметімен жұмыс істегенінің дәлелі болып тұр, - дей келе,

- АҚШ үкіметі бұл істің тым қатты өрбуіне мүдделі емес. Әрине Джеймс Гиффен мемлекеттің шаруасымен жұмыс істедім дейтін адам болса, ол да белгілі бір ойын ережесін сақтауға мәжбүр болды. Бірақ оның есебі түгел екеніне ешкімнің күмәні жоқ шығар, - деді Айдос Сарым.

Ал, заңгер Сергей Уткиннің ойынша, Джеймс Гиффеннің арнайы қызметтің тапсырмасымен Қазақстанның жоғары лауазымды кейбір тұлғаларына мұнай өндіру келісім-шартына қол жеткізу үшін ірі көлемде пара бергені рас болуы мүмкін:

«Ақшаға сатып алу мәселесі тапсырма бойынша болуы ықтимал және оның солай болу керек екенін арнайы қызмет білген болуы мүмкін. Сондықтан оны ол үшін айыпты деп емес, салықтан жалтарған үшін айыпты деп тапқаны содан болса керек. Әрине, ешкімді ақшаға сатып алмаған деп жүз пайыз айтуға болмайды. Мен істің материалымен толық таныс емеспін», - деді Сергей Уткин.

«Қазақгейт» ісіне байланысты Швейцария банктерінде тұтқындалған 84 миллион АҚШ долларын игеру мақсатында 2008 жылы «Бота» қоғамдық қоры құрылған. Қордың мақсаты - Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардағы балалар мен жастардың әл-ауқатын, яғни денсаулығын, білім алу мен әлеуметтік жағдайын жақсарту. Аталған қор үш бағдарлама бойынша жұмыс жасап жатыр.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
07.08.2010 20:31
+0 / -0
"Бабуин" тірі тұрғанда бұл іс ашылмайды!!!
Оның өлгенін күту керек!

Бір жағынан АҚШ билігінің бұл істе өз мүддесі бар екені білініп қалды. Оларды Орта Азиядағы "демократия" қызықтырмайды. АҚШ билігі сотты жеңіл бітіру арқылы Қазақстан билігіне әжептеуір ықпал ету тетігін қолына алуы мүмкін. Немесе "Бабуин" ірі кеніштердің біреуін тегін беруге келісті. Обшым ақша жүрген жерде бәрі мүмкін...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.08.2010 00:56
+0 / -0
ТШО-га боска наезд жасалган жок шыгар...Енди бари тынышталады

Кімнен: Аты жоқ
08.08.2010 07:59
+0 / -0
АҚШ бұл қылмысты істі тергеуді сағыздай созып келді. Осы кезге дейін ол тактикасы дұрыс болып, Қазақстан АҚШ компанияларына қатысты тырп ете алмай келді. Енді Қазақстан Ресеймен кедендік Одақ құрған соң, АҚШ-қа бұл істі сағыздай соза беру тиімсіз болатын болды. Сөйтіп, "жауырды жаба тоқып", жаба салды. Ендеше, әуелбаста бір "қылмыс" болғаны рас.
Швейцарияда төбесі көрінген 84 млн. доллар көктен түскен жоқ... Ол ақшаға ҚР тарапынант таласқан ешкімді көрмедік. Оны қалай жарату керектігін де АҚШ-тың өзі шешті. Оны "игеру" сол үшін Қазақстанда арнайы ашылған "Бота" Қорына тапсырылған болатын. Негізгі бақылаушысы - Е.Жовтис еді...
"Гиффеннің ісімен" Қазақстандағы "Жовтистің ісі" арасында осы жағынан байланыс болуы да мүмкін...

Кімнен: Қазақ
08.08.2010 11:02
+0 / -0
АҚШ-тыда қорқытатын ел бар екенғой. Жасасын Қазақтар!!!
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ..
08.08.2010 19:31
+0 / -0
қосыламын

Кімнен: zheltocsan
08.08.2010 11:51
+0 / -0
демек, ТШО-ның келісімді бұзып, заңсыз мұнай өндіргені туралы айыптау негізсіз болмай отыр. Ал енді осыдан кейін, қара да тұрыңыңздар, біздің жерімізде "ТШО келісімді сақтап, заңды бұзбаған екен" болып шығады... Міне, жауыз АҚШ елінің басқа елдерді тонау саясаты. Олар жауыздық саясатын жүргізіп жатқан кездері, олардағы билікке бағынбайды дейтін сот жүйесінің өзі әділдік пен заңды қорғауды емес, АҚШ-тың тонаушылық саясатын қорғауды жүзеге асырып жатады.

Кімнен: Қайран қазақ
08.08.2010 16:30
+0 / -0
Қайран қазақ жемқор басшылардың арқасында әлі көрерің алда екен. Шетел өз азаматын істі етті. Біздің басшылар осы іске қатысқан басшыларды неге іске тартпайды екен. Әлде балық басынан шіріп жатыр ма?

Кімнен: Ауылдан
08.08.2010 19:05
+0 / -0
Қазақ-АҚШ-тыда қорқытатын ел бар екенғой. Жасасын Қазақтар!!!дейсің.
Керісінше ҚАЗАҚ ты мунай бермесең турмеге жабам деп олар қорқытып отыр емес пе ?Мунай компанияларына корсетілген жеңілдіктер де соның арқасы.Кезінде Саддам Хусеинді устап асып жіберді.Куштінікі диірмен тартады деген сол.аитпесе сондай тоталитарлы ел аз ба?Біздегі байлықтың да ел аузына туспей отырганы до сол .

Кімнен: Sanbek Қайдан: атырау ауылы
09.08.2010 19:29
+0 / -0
- Қазіргі уақытта басты роль атқаратын экономикалық топтар мен саяси күштер екені белгілі.. Мемлекет солардың қолындағы құралға айналды.. Мәселелерді шешуде күш ақылдан басым болатыны, моральдық шешімдер ақылмен емес, күшпен шешілетінінің куәсі - "қазақгейт" сотының шешімі болды.. Бұл сот - саудаға айналған саясаттың бір көрінісі.

Кімнен: Қазақ
10.08.2010 09:31
+0 / -0
Әркім өзінше түсінеді. Мен АҚШ-ты қорқытты қазақтар дегенде жемқорларды қолдағаннан айтып отырған жоқпын. Мұнай керек болса олар тыңдайды соны тек халық игілігіне жарата біліп талап етсек деймін. Қазақ тілін білмесен мұнай жоқ деші. Ертеңіне қазақша сөйлейді. Мүмкін бұл дұрыс емес шығар бірақ бізді басқа жағдайда мойындату қыйындау ьолып тұр. Қырғыз ағайындар бізді қалай қорқытты. Оларды ешкім кнәлаған жоққой.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.08.2010 18:05
+0 / -0
Мына тағы бір рет біздің призидентіміз мықты саясаткер екенін дәлелдеді. Ол кісінің сөзін АҚШта жерде қалдырмайды.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.08.2010 16:15
+0 / -0
Бұл мықты қазақ енді АҚШ-тың өзін сан соқтырды. Не деген Құдай оңдаған адам бұл. Қайран жыртығын жамап жатқан қазақтың байлықтары-ай. Қара халқыңның құлқына кетпесе де, басшының құлқына кетіп жатқан түбі жоқ дүниелер - ай. Ертең сендер үшін жеті ата ұрпақтарың ұялып өтеді ғой, осыны білесіңдер ме?