Жұма, 24 мамыр 2013, Алматы 22:04


ӘЛЕМ

Голливуд сахнасындағы «Ислам Каримов»

Голливуд актерлері осы аптада АҚШ-тың Санта-Моника қаласындағы Broad Stage Theatre сахнасында Ислам Каримов режимі мен адам құқықтары үшін күреске қатысты қойылым көрсетті.

Өзбекстан президенті Ислам Каирмов. Ташкент, 22 наурыз 2012 жыл.
Өзбекстан президенті Ислам Каирмов. Ташкент, 22 наурыз 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

«Жан айқайы: азаттық дауысқа мұқтаж» деп аталатын спектакльді танымал Голливуд сценарисі Джонатан Фельдман қойған. Онда Өзбекстанда адам құқықтары мен бостандықтарының аяусыз тапталатыны көрсетіледі.

Өзбекстандық адам құқығын қорғаушы белсенді, қазір психиатриялық ауруханада жатқан Елена Урлаеваның ролін Кэролайн Аарон, ал президент Ислам Каримовтың ролін Рено Вилсон ойнады. Аталмыш спектакль халықаралық Human Rights Watch ұйымының бастамасымен қойылған.

Азаттық радиосы Өзбек қызметі Human Rights Watch ұйымының өкілі Стив Свердловтан «Голливуд актерлерін бұл спектакльді қоюға қалай көндірдіңіздер?» деп сұрады.

– Негізінде бұл идея олардың өздерінен шықты. Олар – Өзбекстандағы адам құқықтарына алаңдайтын актерлер. Қойылымды мен де тамашаладым. Өте күшті әсер қалдыратын спектакль болды. Мен актерлерге Өзбекстандағы адам құқықтарын қорғаушылар қауымдастығы атынан гүл мен хат тапсырдым, – деді Свердлов.  

Театр сахнасында актерлер 2011 жылы Өзбекстаннан Human Rights Watch филиалының қуылғанын да көрсеткен.

6 мамырда Голливуд актерлары ойнаған спектакль – Өзбекстан туралы алғашқы қойылым.

Human Rights Watch ұйымы спектакльдің алдағы күндері DVD дискілерге жазылып, жарияланатыны туралы хабарлады.

Штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан Human Rights Watch бұдан бұрын да Америкадағы бірқатар үкіметтік емес ұйымдарымен ынтымақтасып, Өзбекстанда адам құқықтары бұзылатыны туралы, әсіресе мақта алқаптарында балалардың еңбегі қаналатыны жөнінде театрландырылған наразылық шараларын өткізген еді.        

Осындай наразылық акциясының нәтижесінде президент Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримованың 2011 жылғы Нью-Йорк сән апталығы аясында өтеді деп жоспарланған Guli бренді шоуы ресми бағдарламадан алынып тасталған.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Мырқымбай
08.05.2012 23:00
+0 / -0
Біздің қанішер сатқын Исламнан артық болмаса кем емес, бұған спектакль қашан шығар екен?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.05.2012 21:24
+0 / -0
Егер қазақтың басына өзбектің күні келсе үш айда қырылып қалар. Оны өзбекістанда тұрған адам ғана біледі.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.05.2012 23:59
+0 / -0
Голливудтың да, HRW-тың та жігіттеріне ренжіп отырмын. "Таланттары шектеулі ма?" деген ойға қалдырды американдық бауырлардың мына іс әрекеті. Сахына кейіпкеріне біздің Нұрекеңдей нартұлға сұранып тұрғанда Каримовты сомдап, өз бағаларын төмен көрсетіпті. Өзінің ұлтын, тілін, дәстүрін таптап ұлттық байлығын шашып, елінің абыройын әлем алдында төгу жығынан келгенде Ислам ака Нұрекеңнің шаңына да ілесе ала ма? Қазір трагедия түсірсең де комедия түсірсең де Нұрекең әмбебап кейіпкер ғой. Әттең, Гайда марқұм жоқ та, болмаса ол тамаша комедия жасап шығар еді қазақ президентінен. Оның жоқтығын Борат пайдаланып, атақ шығарып, ат мініп, нанын тауып жеп жүр. Біздің Нұрекең тек халқына ғана емес ағылшын сайқымазақтарына да нан болған атпал "азамат" қой шіркін. Борат Каримов туралы "мә" түсіре ала ма!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.05.2012 00:51
+0 / -0
озбекстанда жасап жаткан сон ба мынадай жамандап тастаган макалалар унамайды екен.тым жаксы жасап жатырмыз.сырттагылар от тастар булдиргиси келип жамандай береди.пахтаны сылтауратып айтеуир.

Кімнен: маубас Қайдан: парламенттен
09.05.2012 01:26
+0 / -0
атасына мың налет Америкаңнан ... оларға күлкі болып елбасын жамандағанның несі абырой ... Назарбаевты келеке еткендері , қазақты мазақ еткендері емес пе ??? не олар бізді түзететіндей кім ??? ұлты жок , ұрпағы тәлім тәрбиеден жұрдай арсыз халықтың бұл қай мазағы ... ақшаға құнығып әлемді дүрбелеңге айналдырған бейбіт елді мұнайы үшін қырған оса американ емес пе еді ... түкіргенім бар ол елге ... өз ағам өзбектің Азаттығының бұл тірлігі мақтанарлық іс емес ағайын

Кімнен: Шындық Қайдан: Басты ролге лаиық ел
09.05.2012 02:19
+0 / -0
Америка Каримовты нашар жағынан көрсетуі баилығы жоқ ел болғасындеп түсінем , әрі ешкімге қосылмаи битарап жатқан ел қалаи десекте ұлттық мүдеге көп мән беретін , өндірістері өнім шығарып ешкімнен қаиыр сұрамаған елдеп білемін . Америка бұл жолы басты ролді дұрыс таңдаи алмаған сиқты Өз ана тілін берік ұстанған , қадыр қасиетін жоғалытпаған елдеп түсінгеніміз шындыққа келетін сияқты . Ешкіммен араласбаи отырған , өз құпиясын ашпаи отырған елді Америка жамандамағанда қаиітсін . Жоғарыда пікір қалдырушымен толықтаи келісемін біздің Ворсұлтаннан басқа осы ролге лаиық жан жоқ , ақты ақдеп , қараны қарадеп бағалаи білуде өнер . Америка біз жөнінде жақсы білседе Шеврон құсаған алап компаниясы баилықты сорып жатқандықтан біз жөнінде әңгіме қозғағысы келмеитіні белгілі Осы Ворсултан өзі жөнінде шындық аитылмас үшүн Америкаға , Ұлттар ұиымына милйондаған қаржы аударып отырдеп білем , кешегі саилауды бақылаушыларғада үндемес үшүн ақша төленгенін оқып едім . Көзбен көрмегесін Өзбек елінде не болып жатқанында шаруам жоқ , Бір білетінім Исламмен , Назарбаевтың арасы жермен көктеи , біздікіне осы Каримовтың басымен , жүрегін берседе жетіп жатыр .

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
09.05.2012 14:44
+0 / -0
азаттық, менің пікірім қайда?!?!
әлде сіздер үшін Қазақстан мен Өзбекстанды жамандаған адам батыр да, АҚШ пен батыстың сайқал саясатын әшкерелеген адам жау ма..?
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
09.05.2012 17:48
+0 / -0
Құрметті ара, біздің форумымызда сөз еркіндігі мен пікір алуандығына шек қойылмайды. Батыстың да, Шығыстың да "сайқал саясатын" қалай сынасаңыз - өз еркіңіз. Тек айтқан сыныңызда сан, я дерек көрсететін болсаңыз, оны нақтылап алуыңызды өтінеміз. Өйткені кейін сол пікірден қандай да бір заңдық тұрғыда дау туа қалса, веб-сайт жауапкер болатынын ескеріңіз. Ілтипатпен, Азаттығыңыз
Пікір алмасу

Кімнен: адам Қайдан: қазақстан
09.05.2012 19:34
+0 / -0
менің де пікірім шықпады
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
09.05.2012 20:10
+0 / -0
Құрметті адам, форум ережесіне сай адамның нәсілі мен шыққан тегіне қарай алалауға болмайтынын есіңізге саламыз. Жазылған ой-пікірлер мақалада көтерілген мәселені аша түсетіндей мазмұнды болса деп тілейміз. Орынды комменттеріңізді асыға күтуші Азаттығыңыз
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
10.05.2012 12:10
+0 / -0
ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ, НЕМЕСЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТУРАЛЫ ЖАЗҒАН ЕЛ НЕ ДЕСЕ ДЕ СОНЫ ШЫҒАРА БЕРІП, АҚШТЫҢ ҚЫЛМЫСЫ ТУРАЛЫ ЖАЗҒАНДА бірден дерекке "жүгіне" қалғандарының қызық екен..
мысалы осы сайтта пікір қалдырушы бір адам НӘНді үнемі қалмақ деп жазады. Одан неге дәлел сұрамайсыздар?! қандай ДНКның қорытындысы НӘНнің ұлтының қалмақ екенін дәлелдепті?!?! немесе неге адамды ұлтына байланысты кемсітуіне жол бересіздер?!

Жаңаөзен оқиғасы болған күні бір адам пікір жазғанда 80дей адам қаза болды деді, оның пікірін неге дерегіне толық көз жеткізіп алмай шығара салдыңыздар??? бірақ ешқашан Жаңаөзенде 80 адам өлгені туралы дәлел болған жоқ қой?!

менің жазғанымның ішіндегі сіздерге АҚШтың бір ғана Иракта 1 400 000 адамды қырып жіберді дегенім дәлелсіз деп отырсыздар ма сонда?

бұл бір жылдары ООНның шығарған дерегі. бірақ АҚШтың өзінде нақты дерек жоқ Иракта қанша адамды қырғаны жөнінде.

соңғы жылдары шығып жатқан деректер бойынша Иракт соғыстан 162 000 адам өлген (http://lenta.ru/news/2012/01/02/iraq/)

ал АҚШтың тағы бір генералының дерегі бойынша;

Доклад генерального прокурора США (!) Ramsey Clark о военных преступлениях американской армии в Ираке (На английском языке) Как следует из документа, во время «Войны в заливе» Американская армия уничтожила от 150 до 300 тысяч человек. При этом, по мнению авторов доклада, командование даже не пыталось отделить мирных жителей от иракских солдат. (There are, in addition, strong indications that many of those killed were Palestinian and Kuwaiti civilians trying to escape the impending seige of Kuwait City and the return of Kuwaiti armed forces. No attempt was made by U.S. military command to distinguish between military personnel and civilians on the «highway of death.»)

БАСҚА БІР ДЕРЕК КӨЗДЕРІ БОЙЫНША ТЕК 2003-2006 жылдары (ал соғыс болса тек 2011 жылы біткен) ғана 654 000 ирактық соғыстан көз жұмған;

http://top.rbc.ru/society/12/10/2006/95097.shtml


Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.05.2012 00:00
+0 / -0
Байлығы болмаса да өзбектер біз сияқты колготки мен носкиін сырттан алып кимейді ғой

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
12.05.2012 14:48
+0 / -0
Өзбектердің өз байлығы өздеріне жетеді. Тек олар өте ұқыпты және үнемді халық. Еш ысыпа жоқ оларда. Ислам Каримов басқарыған жылдарда олар ешкімге де ешқандай қарыздар емес мына біз сияқты. Инвестиция, инвестиция деп айқайлап біздікілер шеттен келген бос ақшанға қалталарын толытырып мәз болуда. Мұнайдың ақшасын халықтың өз ақшасын халықтың өзіне сатып (кредит деп) одан да түскен пайданы сорып ө әлі тоймай келеді. Қашан тоятыны тіпті белгісіз. Басқа ел қарыздар болса бір жөн, ал біз соншама байлықтың үстінде отырып, 124 млрд. доллар қарызбен отырмыз. Тәуелсіз ел болдық деп жар саламыз. Қарызға белшеден батып отырып, Қытайға қарыз болып отырып, тәуелсізбіз деген абсурд емес пе? Ол қарыздарды қашан және қалай төлейміз? Кім төлейді? Ол қаржы қайда кетті? Оны кім біледі? Шындық ешқашан айтылмай қала бере ме? Осымен кім айналысады? Кім бар арамызда айтып шығатын? Осыған кім жауап бере алады? Ол қарыз ертең балаларымыз бен немерелеріміздің мойнына ілігіп қалып қоятын түрі бар? Сонда олар не үшін (біреулердің ұрлаған ақшасы үшін бе) жауапты? Біз кейінгі ұрпаққа не қалдырып барамыз осы? Қарызымызды ма? Ей, қазақтар, базалдағы қатындардың әңгімесін сөйлемей, арөнамыстарың болса, неге осы мәселелерді парламенттегі дармоедтар неге көрмейді екн? Әлде олар бейхабар ма? Сұрақ көп! Жауап - жоқ. Каримовке күлмей, өзіңе қарап алсаңшы, әуелі; сорлы қазағым-ау!

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?