Келесі бағдарлама





Аптаның сурет баяны

VIP сұхбат

Қазақтар - әлемде

Мәссағанның мақсаты тамсандырып, таңдандыру арқылы қазақша ақпарат көкжиегін кеңейту

Оңтүстік Кореяда қызмет етіп жүрген Жанарбек Матай.

Оңтүстік Кореяда қызмет етіп жүрген Жанарбек Матай.

26.01.2009
Есенгүл КӘПҚЫЗЫ

Қазақ ұлтының дамуы – бүгінде күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе. Ұлттың ішкі интеллектуальдық қуаты артпай, ол өзге ұлттармен бәсекелестікке қабілетті де бола алмайды. Осы тұрғыдан шетте жүрген қазақ азаматтары да қарап қалмаған екен.

Мәселен Қазақстандағы интернет ресурстарының дамуына өзге емес, сол шетте жүрген азаматтар ат салысуда. Қазақ оқырмандарына кеңінен танымал интернет порталдарының бірі - «Massagan.com» веб-сайты болатын. «Мәссаған» сайты 2005 жылдан қалың оқырманның көзайымы болып келеді. Ал, осы сайттың авторлары шетелде тұрады.
Олар – Кореяда оқып білім алған, қазір сонда электроника және телекоммуникация бағытында қызмет атқарып жүрген Жанарбек Матай, Бақытнұр Байтел және Жапонияда тұратын Талғат.

Ұланбатырда жоғары оқу орнына түсiп, бакалавр дәрежесiнде тәмамдағаннан кейiн, оқуын ары қарай жалғастыру мақсатында Жанарбек Оңтүстiк Кореяға, Бақытнұр Үндiстанға, Талғат Жапонияға жол тартады. Үш елде оқып жүрсе де, бiр-бiрiмен тығыз байланыста болған олар, интернеттегi қазақ тiлiндегi газеттердiң, ақпараттың, тiптi жастардың веб-сайтының жоқтығына налиды. Сол себептi де бүкiл халықтың көңiлiнен шығатын интернет парағын ашуды жоспарлайды. Жан-жақта жүрсе де, бiр-бiрiмен интернет арқылы, тiкелей байланысқа шыға жүрiп, интернет парағының жобасын жасап шығарады. Біз Жанарбекпен телефон арқылы хабарласудың мүмкіндігіне ие болған едік.

Жанарбек Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген. Сондағы қазақ-түрік лицейін тәмамдағаннан кейін, Моңғолияның астанасы Ұланбатырда Моңғолия мемлекеттік Ғылым және технология университетін тәмамдап, Кореяға аттанған. Ондағы Даежон қаласында орналасқан «Samsung» электрондық және ақпараттық байланыс университетiнде оқыған. Бұл 1997 жылы ашылған Оңтүстiк Кореяда ағылшын тiлiнде оқытатын бiрден-бiр университет. 2007 жылдан Кореяның Электронды және Телекоммуникация Зерттеу Институтында робот саласында ғылыми зерттеушi болып жұмыс жасайды.

– Бұл сайтты неге "Мәссаған" деп атадыңыздар? – деген менiң сауалыма, Жанарбек Матай былай жауап бердi:

– Біз бұл сайтты 2005 жылдың жазына қарай аштық. Қазір қазақ тілді сайттар 100-ге жеткенімен, ол кезде он шақты ғана болатын. Ал, әлемде қазақ тiлiндегi ақпаратқа сусап отырған қазақтар жеткiлiктi. Студенттер болсын, тағдырдың тәлкегiмен әр қиырда қалып қойған қазақтар болсын, бiз олардың рухани сұранысын өтеу мақсатында осындай бiр веб-сайт ашуды жөн деп таптық. Және олар бiздiң сайтты ашқан кезде "мәссаған" деген таңданысы болатындығын да ескердiк. Сөйтiп, "мәссаған, қазақша сайт ашылыпты" деп таңдансын деген оймен, осы атауды таңдадық.

Оңтүстік Кореяда интернет кеңістігінен хостинг иеленудің құны жылына 3-5 мың доллар керек екен. Бақытнұр мен Жанарбек бұл қаражатты өз қалталарынан шығарып келеді. Жанарбек ары қарай «Мәссағанның» аясын кеңейтіп, дизайнын өзгертуді көздеп отырғандығын айтады:

- Ол үшін бізге бірнеше компьютер керек болады. 2009 жылдың соңына дейін «Мәссағанға» өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз. Оған дайындық жұмыстары басталып та кетті.

«Мәссаған» жобасы қазақ интернетіндегі сәтті жобалардың бірі болды. «AWARD.kz» ұлттық интернет байқауының 2007-2008 жылдары «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт» номинациясы бойынша 2-орынды иеленсе, 2008 жылы Қазақстан халқы тілдерінің Х фестивалі аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» республикалық конкурсында «Ең үздік сайт» номинациясының жеңімпазы атанған. Бүгінде «Мәссағанның» оқырмандары күн өткен сайын көбейіп келеді.

Жанарбек былтырғы жылғы қолға алған ісіміз – «қазақ блогын дамыту» болды дейді:

- Қазақша блогты дамытатын болсақ, интернеттегі қазақша ресурстар көбейетін болады. Қазақ тіліндегі интернет ресурстарының көбеюіне орай, оны қолданушылар да көбейетін болады. Қазақ тілді оқырман «өрмекші» деген сөзге қатысты ақпаратты іздеген екен. Оған қатысты ағылшынша және орысша ақпараттардың көптігі сонша оқушы қайсысын таңдарын білмеген, керісінше, қазақ тіліндегі ақпараттар өте сараң болған. Бұның себебі қазақ тілді қолданушылармен қатар, қазақша ресурстарды жасаушылар да жоқ. Егер, блогты жазушылар көбейсе, қазақ интернеті де сәл де болса дами түсер еді.

Былтыр біз тегін блог жүргізуге болатын «wordpress.com» платформасын қазақшалауды қолға алдық. Оған дүниенің түкпір-түкпіріндегі ағылшын тілін білетін блогшылардың бәрі ат салысты. Бұл жоба өте сәтті жобалардың бірі болды деп ойлаймын. Енді тек қазақ тілін ғана білетін адамдар осы біздің аудармамызды пайдаланып өз блогын ашып алуға болатын шығар.

Жанарбектің айтуынша, интернетті қолданушы қазақ оқырмандары жыл сайын өсіп келеді екен.

- Мәселен, 2005 жылы «Мәссаған.ком» ашылғанда, оған күніне кіретін адамның саны бүгінде 5-6 есеге асты, - дейді ол. - Бірақ, бұл өзге тілді оқырмандармен салыстырғанда әлі де өте төмен көрсеткіш. Сондай-ақ, интернетті пайдаланушы қазақтар оны тек ақпарат көзі ғана ретінде есептейді. Интернеттің басқа да толып жатқан пайдалы жағын пайдалануды білмейді. Мысалы, интернет арқылы сатып алу, білім алу, жұмыс жасау, пайда көзін ашу сияқты мәселелерді әлі де біле бермейді, - деген ол болашақтағы мақсаты Қазақстанға барып өзінің шет мемлекетте жиған-терген білімін, тәжірибесін жүзеге асыру екендігін де айтты.
Әрі Жанарбек біз хабарласқан сәтте «әке» деген асқаралы атқа ие болып жатқандығын да қуанышпен жеткізді.

- Ендігі мақсатым баламды Қазақстан азаматы етіп, өзім де Қазақстанға барып қызмет ету, - дейді ол.
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікір
Кімнен: Erkanat Қайдан: Korea
26.01.2009 17:35
Janarbek aga sizdi kop estushi edim. Olgeiden shikkan bilimdi azamat dep. Oneriniz ustem bolip aman boliniz.

Кімнен: Tahan
26.01.2009 20:03
..Ake bolup jathan Janarbekti huttihtap, bopanin jasi uzah Eke sheshesinin mihti azamati bolsin (ins).

Кімнен: slm Қайдан: Canada
27.01.2009 07:22
Jaraidi aman jur Alla isine jane bopana uzah gumir silasin. Mangurt Kazakhtar Kazakhshalansin Massagandi ohip

Кімнен: Janibek Қайдан: Azerbaijan
27.01.2009 16:20
Jagii dosim aldagi isterinnen tabis tileymin.

Кімнен: Jakei Danalik Қайдан: BayanOlgey
27.01.2009 16:58
Selamunalaykum.
Bul kabardı okıp, kuanıp kaldık. Olgeyden çıkkan jas-ospirim Ozimizdin jigitter, bizdin BUMTS bitirushilerinin osinday ulken tabıska jeteberulerine tilektespiz. (5.6. sınıftarda 1 klasta Janarbek dosimizben birge okigan edik. Joldarin ashık bolsin demekpin.

Кімнен: urimtal Қайдан: Almaty
27.01.2009 20:46
Елің сені күтеді, Отаның сені күтеді. Біз сені күтеміз. Тезірек келіңіз, аға!

Кімнен: erke
28.01.2009 10:19
alga agalar...

Кімнен: Altik Қайдан: Bayan-Ulgey
28.01.2009 10:35
Ohip huanip haldih.Alla ozderine jane kishkentai sinlime uzah gumir bersin. Arhashan osilai bizdin kozimizdin nuri konilimizdin huanishi bolip jure berinder.

Кімнен: Janbolat Қайдан: Japonyadan
28.01.2009 14:54
Janarbek,Bahitnur jane Talgat agailardi huttyhtaimiz,Ote huanishti habar!Alde tabistarga jete berinizder,Olgeydi damitatin azamattar sizder goy.Kazakstan azamattigin alip sonda jumistau jahsi birah Bayan-Olgeydi umitpanizdar..

Кімнен: dinisla.kz Қайдан: Kentau
28.01.2009 22:37
Осындай қазақтың жігіттері жғарыдан жұлдыздай жарқырап көріне берсін.!!

Кімнен: erentaw Қайдан: hitay
29.01.2009 15:38
ote jahsi,huttihtaymin.sizderding monggolialik ekenderingizdi bugin bilip,hatti mahtanish etip otirmin.sizder kazakhstandagi manggurt,majin kazakhtarining ulttih ruhin oyatingizdar.janarbek bawer "balangning bawi berik bolsin,ozingdey mehti azamat bolsin"

Кімнен: Нұржол Қайдан: Астана
29.01.2009 21:15
Қандай тамаша жазылған мақала десеңіздерші... Қазақ елінің интернет және компьютер Әлеміндегі орнын ерекше етуге өз үлестерін қосып жүрген бұндай тамаша ағаларым бар екеніне Құдайға мың қайтара алғас... Шүкір, Өлгейлік жерлес ағаларымның бұндай еңбектерні қашанда өрге домалай берсе екен деп тілеймін...
Айтпақшы, Жанарбек аға, сәбиіңіздің бауы берік болсын!!! Отбасыңызға бақыт тілеймін және Әлемдегі барлық жақсылықтарды тілеймін!!!

Кімнен: Амангелді Қайдан: Жапония
30.01.2009 07:41
Жанарбек, Бақытнұр және Талғат ағайларға үлкен алғысымды білдірмекпін.
Аллаһ разы болсын осындай азаматтардан. Бауырларыңызға жақсы үлгі екендеріңізді біліңіздер. Жанарбек ағай сәбиіңіздін бауы берік болсын!

Кімнен: Фарида Қайдан: Bayan -Ulgii
30.01.2009 19:49
Jaka onerin ustem bolsin .Kozdegen maksatina armanina jet kaida jursen de aman jur .Jogardagi sukhbatindi okip katti kuanip otrmz.

Кімнен: Нұрғұлан Қайдан: Өлгей
31.01.2009 13:49
Жака сұқбатыңды оқыдық. Тамаша. Сендерге алла қуаныш сыйласын. Қайда жүрсеңдерде аман есен жүре берулеріне тілектеспіз.Амина өздеріне тартқан мықты азамат болып өссін. Деп сәлеммен жездең Нұрғұлан

Кімнен: Eska Қайдан: Türkiye
31.01.2009 15:59
slm birlik bolsa bari boladi algaaaa

Кімнен: jbek Қайдан: mongolia
01.02.2009 01:14
Жәке қазақинтернеті ушін өз улесіңді қостың бул интернет әлі әлем қазағының басын қосатын мықты шаңырақ болатынына мен сенемін және қазақ жастары өзінше пікір алмасу қатынас түрі қалыптасып келеді.Әліде Массағаннан улкен улкен төңкеріс жаңалықтар кутемін және қолымнан келгенше өзімде бір муше боп ат салысымын!!! іске сәт бауырым.

Кімнен: margulan Қайдан: bayan-ulgii
17.02.2009 17:16
salem agaylar alla razi bolsin tabis kutem

Кімнен: Кенже Қайдан: БАЯН-ӨЛГИЙ Алматы
19.12.2009 20:24
сіздерге Аллаһ разы болсын! Қазағымыз үшін осындай игі істер жасай беріңіздер, іске сәт! Оян, қазақ!,- деп жар салыңыздар!
     
Мәтін көлемі - +

Өзекті тақырыптар