Келесі бағдарлама





Аптаның сурет баяны

VIP сұхбат

Әлем

Анасы айнып кеткен астаналық қыз Америкадан отбасын тапты

Aстана Бостонда 6 жасқа толғанын тойлады.

Aстана Бостонда 6 жасқа толғанын тойлады.

06.01.2009

Бостон қаласында америкалықтар үшін тосын естілетін Астана есімді қыз бақытты өмір сүруде. 2002 жылы Астана қаласында өмірге келгенде Эльвира деп ат бергенімен, шешесі туған қызын бір көргеннен-ақ бас тартқан екен.

Сөйтіп Эльвира қаршадайынан Астанадағы арнаулы балалар үйіне тап болған. Тәрбиешілер бірауыздан баланы біреудің асырап алу мүмкіндігі жоқ екендігін жарыса айтқан: бала іштен кеміс болып туған - жоғары ерні тігінен екіге бөлінген, таңдайы мүлдем жоқ, кәдімгі ел арасында айтылатын қоян жырық.


Бала асырап алуға келуші ерлі-зайыптылар оны асырап алуға ниет білдірмек түгілі, ол жатқан жаққа назар да аудармайтын. Бұл күндері баршаға сүйкімді осы қызды кезінде өз отандастары сыртқа тепті дегенге ешкім де сене қоймас.


«Сұлу болып туғанша, бақытты болып туыл» дегендей, оған тағдыр мейірімі бұйырды. Америкалық Гаффни отбасы осы біржарым жасар қызға бірден мейірленіп, оны асырап алады. Содан бері өткен бес жылдың ішінде қызға үш мәрте пластикалық операция жасалып, бәрі де сәтті аяқталады. Енді Астана деген атқа ие ( екпін бірінші дыбысқа түсіп айтылады) Эльвираның жүзінде күлкі үйіріліп тұрады, тамағын да өзі ішіп, ағылшынша анық сөйлеп, тіпті қазақша ән де сала алады.
Астана американдық әпкесімен бірге


Оның жаңа отбасы Бостон қаласындағы қазақ диаспорасы өткізіп тұратын шаралардың бірінен де қалдырмайды, мұнда оған қазақша ән айтып, би билеуді үйретеді. Ол картадан өзінің кіндік қаны тамған жері мен оның жаңа астанасы – Астана қаласын қиналмай тез табады.

Жаңа отбасында оны бәрі өте жақсы көреді. Гаффнилерде Астанадан басқа және екі бала бар. Оның бірі - 20, екіншісі -18 жаста. Олар Астанананы жақсы көретіндерін, оның мінез-құлқының тамаша қалыптасып келе жатқандығын сүйсіне әңгімелейді. Олардың кішкене қарындасы қазақ, испан тілдерін меңгерумен бірге, би билеуді қатты ұнатады, үй жануарларымен ойнауды жақсы көреді. Ол өмірге құштар, танып-білуге ұмтылады, сонымен бірге ерік-жігері мол.

«Ол өзінің не істейтінін жақсы біледі. Егер бірнәрсені ойына алса, одан қайтпайды, соны орындау үшін бар күшін салады»,- деп жазады оның жаңа ата-анасы әлі күнге дейін өзара байланыстарын үзбей келе жатқан балалар үйінің директорына электронды почта арқылы жазған хаттарында.
Астана Бостондағы мерекелік шаралардың бірінде



Келесі жасалатын пластикалық операциядан соң ол нағыз сұлу болмақ. Дәрігерлер ондай операцияны екі-үш жыл өткен соң жасау керек деп отыр. Одан бұрын болмайды екен. Бірақ, соған қарамастан Қазақстан астанасының аттасы-  Астана өзін әлемдегі әдемілердің әдемісімін деп есептейді - оған өзін барынша бақытты сезінуіне жаңа отбасының шексіз таза махаббаты жол салып отыр.



Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікір
Кімнен: Түзету айтушы Қайдан: Павлодар
06.01.2009 21:52
Рахмет айтайын деп едім америкалық отағасының есімін анықтай алмадым. Мына мақаланың төртінші абзацында "Гаффни", алтыншы абзацында "Граффни" деп жазған екенсіздер. Ең бастысы бұл емес, маңыздысы Астана қыздың бақыты ұзағынан болсын.

Кімнен: Omiruzaq Қайдан: Austria
07.01.2009 01:58
Qazaqstanda qudaidan bezgender kop aq eken, osyny oilasam Qazaqstanga bargym da kelmei qalady, qazaqtar kezinde orystardan madeniyet emes, qaita zhawyzdyqty arsyzdyqty uirengen eken, Byltyr Qytaiga bardym, qazaqtardy kordim,turmystary zhaqsylary da zhaqsy emesteri de bar eken, tangqalarlygy onda Qazaqta qayrshy bolmaidy eken, jetimder uyinde qazaq balalar da bolmaidy eken, kobinde tuwystary asyrap alatyn sekildi,Qudai sondai qazaqtardy baqytty qyla kor! balany shyryldatyp tastap ketken qudaisyzdarga allah tagala qargys akelsin! jetimderdi shetelge satyp jatypsyngdar, olardyng barlygy astana syaqty bolsa zhaqsy-aq bolar edi, olardy asyrap alyp qatarga qosqan sheteldik agayndarga qudai aq jol bersin! biraq barlygy da zhaqsy omir keshirip zhatyr dep aitw qyin goi, nege ozdering solardy asyrap almaisyngdar?

Кімнен: altay Қайдан: hetaydan
07.01.2009 12:29
mening tusinigimxe,men keziktirgen kazakstandek kazaktardeng ultek ruwke tomen, eymansez,hallal-haram degendi bilmeydi.al okewga kelgen jastare okep jurgen jok. istegen areketterinen jureging ayneyde,ote maskara.osenday halektan kanday umit kutemiz.

Кімнен: adil Қайдан: ketai
07.01.2009 13:24
oilasam kazakctandage kazaktardeng oris meniz boip ketken omiruzaq ahai siz austriada turasiz ba sizben kalai habarlasuha bolade email ? men bul jahta doctor bolip jumis esteimen austia barude armandaimin

Кімнен: Erkebulan Қайдан: Kizilorda/ Kazakstan
07.01.2009 18:44
Iya, siderge ol jerden Kazakhstannin artinan soileu onai... Al bizde munda halik siz aitkanda kudaidan bezip barad... Al olai bolsa nege at salispaisizdar, nege KELIP!!! Kazakstanda oku-orin aship, adep, madeniet jane dinine uiretpeisizder!!!? Al mundagi halykti, sol sovet odaginin kezinde KUDAIDAN bezdirdi, Kurandi ortep, namaz okigandardi attyp tastadi,.... Asharshilik pen zorlaushiliktan ottik... Oristardin aldinda ensemiz tomen boldi!!! NEGE KELIP JARDEMDESPEISIZDER!!! AUTRIA, KITAI Kazakstanga karaganda alde kaida damigan, onda omir onai! Al otaninizdagi omir, korgeinizdei... Al endi biraz oilaninizdar!

Кімнен: Oilan Қайдан: Europe
09.01.2009 05:41
Erkebulan, bawrym, sening eljiregen konglingdi tusinip otyrmyn, biz qazaq taryhtan beri kengpeyil bolganbyz,uyimizge qonaq kelse qwanatyn,kelmese jubanatyn halyqpyz, osy sebepti taryhta bizde kop qayrshy bolmagan, jetim jesirlerdi sol ruw taypa ozi bagyp qagatyn edi, jetimderdi tuwystary asyrap alatyn, jesirdi oz awylynan shygarmai basyn qurap qoyatyn edi, kezinde biz talai zhoqshylyqty kordik, talai qyryldyq, sonda da biz oz dasturimizden attap otpegen edik, Men de shetelde turamyn, sheteldegi qazaqshyl qazaqtar qazaqstanga bargysy kelmeidi emes barady, alaida barganda ozimizding byraz qabilettimizdi istetetin azgantai bolsa da orta, oryn bolmasa qur shapqylap qur aigailaganmen ne onedi, ondai ortany Qazaqstan ukimeti zhasap beredi degen ge onsha senbeimin, alaida zhagdai zharatyp bersin dep tosyp otyrsaq qysaip bara zhatqan kogildir tuwymyzga kim suyenish bolady. oz basym Qazaqstanga baryp shamamnyng kelisinshe ultym ushin engbek etsem degen oidamyn,zhaqnda barmaqshymyn, Qazaqstan bukil Qazaqtyng shangyragy,sheteldegi qazaqtardyng engsesin koterip otyrgan sol Qazaqstan, buryn shetelde Qazaq deseng eshkim bilmeidi, qazyr Europa, Amerikadagylarga "Qazaq' deseng bilmeitini zhoqtyng qasy, engsemiydi tipti koteremiy desek,Qazaqtyng bilimdi, onerli adamdaryn Qazaqstanga zhynaw kerek, bul bukil ulttyng boryshy bolmaq.

Кімнен: белгісіз Қайдан: алматы
01.04.2009 17:20
өкінішті қазақтай жер бетіне тарыдай шашылған ел жоқ, ау тас бауырлардың арқасында

Кімнен: Meiramgul
07.10.2009 19:11
Белгисиз жан казактын барине бирдей топырак шашпа, жалпы биле билсен казактай мейиримди ел жок.

Кімнен: Meiramgul
07.10.2009 19:16
Астана есимди туган анасынын тастап кеткени, Астана ушин жаксы болган да шыгар? Ол оз анасынын колында калганда мундай бакытты омир сурер ме еди?
     
Мәтін көлемі - +

Өзекті тақырыптар