Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:40

БАЛАМА ТАРИХНАМА / Саяси портреттер

Әбіш Кекілбаевтың саяси мансабы Назарбаевтың қолын сүюмен аяқталды

15 жыл бұрын қазанның 30-ында Әбіш Кекілбаев Қазақстанның мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. Жазушы-интеллигенция өкілдерінің арасынан алғаш болып биік лауазымға жеткенімен оның бүгінгі саяси жүйемен бірге құбыла отырып, мансап жолын қол сүюмен тәмамдауы жұртшылыққа түсініксіз күйде қалды.

Астанадағы «Бәйтерек» монументіндегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алақанының таңбасы.
Мәтін көлемі - +

1960 жылдардың бас кезінде әдеби шығармашылығымен таныла бастаған Әбіш Кекілбаев туралы естеліктердің барлығында да оның жас кезінен-ақ аса білімді және өрелі жан ретінде көрінгені айтылады.

«ӘБІШ – ФЕНОМЕН»

«Кейбір өрекпіме тұрғыластарымыз өзгені тыңдаудан гөрі өзінің ішіне сыймай жүрген ойларын жариялауға асығып жар салып жатса,  ол ерекше байсалды мінезбен бұрын біз естіп-білмеген кейбір кітаптар мен авторларды алдымызға көлденең тарта бастаушы еді, сонда біздің арамыздағы небір даукес-білгіштеріміз де бәсеңсіп қалатын» деп жазады Герольд Бельгер Әбіш Кекілбаев шығармалары туралы әдеби-сын мақаласында.

3-курста оқып жүргенде жазушы Мұхтар Әуезовтен сұқбат алып, «Лениншіл жас» газетінде жариялаған Әбіш Кекілбаевтың кейінгі «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры» романдары, «Шыңырау», «Күй», «Ханша-дария хикаясы», «Бәсеке», «Бір шоқ жиде» «Шеткері үй», «Құс қанаты» повестері мен басқа да әдеби шығармаларына советтік кезеңде де, кейін де әдебиет сыншылары тарапынан жоғары баға берілді. 

Қазіргі уақытта жиі қолданылатын «мәңгүрт» ұғымы да алғаш рет Әбіш Кекілбаев шығармасында пайда болды.      

Сыншы, ақын Темірхан Медетбек 2009 жылы «Әбіш Кекілбайұлы - еліміздің рухани тіршілігінде болсын, саяси-әлеуметтік өмірінде болсын  қайталанбас құбылыс. Ол – феномен. Ол – тұтас әлем. Ол айтқан сайын, қадалған сайын тереңдей түсетін шыңырау әлем. Ол шыңыраудан әлі талай ұрпақ сусындап, талай ұрпақ қуаттанары сөзсіз.Ол – рухани ұлы тұлға» деп жазды.

«ӘДЕБИЕТШІ БОЛМАСАМ, САЯСАТҚА КЕЛМЕС ЕМ»

Әбіш Кекілбаев өзінің қоғамдық қызмет пен саясатқа қалай келгені туралы 1995 жылы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұқбатында: «...Мен әдебиетші болмасам, саясатқа келмес ем. Суреткер болмасам, күрескер де болмас ем. Бұрын суреткер ретінде толғандырған мәселелер – мені азамат ретінде де толғандырып жүрген мәселелер еді. Қиял арқылы шешіп келген мәселелерге нақты өмірде тікелей атсалысуға мүмкіндік туып тұрса, одан қалайша бой тартамын?» деген еді.

1975 жылы Қазақстан компартиясы орталық комитетіне қызметке келген ол
Қазақ мәдениеті  интернационалистік те, ұлттық та құбылыс ретінде тек совет заманында ғана қалыптаса алды.

публицистика жанрын да өрістетіп, уақыт талабына сай коммунистік рухтағы бірқатар толғауларын жариялады.

1977 жылы СССР-дің жаңа конституциясын талқылаған кезде оны «Адам бақытының хартиясы» деп атап, АҚШ-ты сынға алды. Бұл публицистикалық толғауын «совет адамдары СССР-дің жаңа конституциясының жобасын әділет жолында табандылықпен күресіп келе жатқан адамзат-ақыл ойының  жаңа табысы, адам бақыты туралы бірден бір дәйекті ілім – марксизм-ленинизмге қосылған келелі үлесі деп біледі» деп аяқтады «Социалистік Қазақстандағы» мақаласын.

1985 жылы Лениннің «Партиялық ұйым және партиялық әдебиет» атты еңбегінің шыққанына 80 жыл толуына орай «Айқын да сара жол» деп аталатын көлемді мақала жазып, «соғысқұмар» Батыс әдебиетін айыптады.

«Социалистік қоғамды бұдан да жедел, бұдан да қарқынды дамытуды көздеген жаңа программалық документтер лениндік, халықтық, таптық, партиялық принциптер тұрғысынан көркем творчество алдына асқаралы міндеттер қойып отыр. Бүкіл қоғамдық тіршілігімізге жаңа революциялық қарқын беріп отырған соны өрелі өзгерістер мен өзекті мәселелер совет әдебиетшілерінің творчестволық еңбегіне де соны серпін берері сөзсіз» деп жазған кезде ол Қазақ ССР мәдениет министрінің орынбасары болатын.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан соң көптеген адамдар ресми түрде ұлтшыл деп танылған кезде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы Әбіш Кекілбаев «Ірі мұрат-мүдделерді көздейік» дейтін ой тастады.

«...Қазақ мәдениеті  интернационалистік те, ұлттық та құбылыс ретінде тек совет заманында ғана қалыптаса алды. Егер біз мемлекеттік, ұлттық, территориялық бірыңғайлылыққа тек сонау жиырмасыншы жылдары бұрын әр қиыры әр тарапқа шашырап кеткен ұлан-байтақ қазақ жерінің әуелі автономиялық, ізінше одақтық республиканың құрамына қайта бірігуінің арқасында ғана қолымыз жеткен болса, оған дейін біртұтас ұлттық мәдениетіміз болды деп қалай айта аламыз?!» деген пікірлерді осы сөзінде айтты.

Айтып қана қоймай «...біздің бүгінгі мызғымас достығымыздың тарихи төркінін терең ашып беретін Қазақстанның Россияға өз еркімен қосылуын, Ұлы Октябрьді, жаңа тарихи дәуірлерімізді, халықтарымыздың бірге күресіп, білек сыбанып бірге еңбек еткен тұстарын бейнелейтін тақырыптарға айрықша маңыз берілгені жөн» деп қазақ әдебиетінің келешек бағыт-бағдарына да жол сілтеді.

Жазушы еңбегіне шолу жасаған Қуаныш Сұлтанов 2009 жылы жазған «Кекілбаев кеңістігі» деген мақаласында бұл кезең туралы өзгешелеу, пост-советтік жаңа заман лебіне сәйкес лебіз білдіреді. «Кекілбаев өткен заманда да партия қызметіне шақырылды. Бірақ, партияның солақай қолшоқпарына ешқашан айналған емес. Керісінше, әсіресе әдебиет, мәдениетке партия саясатының әділ қалыптасуына оң ықпалын тигізді» деп жазады Сұлтанов.

ТҰЯҚ СЕРІППЕГЕН ЖОҒАРЫ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ

Қазақстан тәуелсіздігі қарсаңында Әбіш Кекілбаевтың қоғамдық-саяси белсенділігі өзгеше қырынан көрінді. Қазақ тілі мен жер-су аттарының мәселелері, ұлттық тарих, мәдениет-әлеумет жайы, ұлтаралық, халықаралық қатынас істеріне араласты.

Нұрсұлтан Назарбаев алғаш президенттік қызметке кіріскен салтанатта: «Сізге тарихтың артып отырған жүгі орасан ауыр. Сіз жаңа мемлекеттің тек іргесін ғана қалап қоймайсыз, оның күллі сәулет-бітімінің дұрыс пішімделіп, дұрыс қалыптасуына келешек алдында Сіз жауап бересіз. Барлық алғашқылардың тағдыр-талайы солай болған. Сізге де солай етуге тура келеді» деген де Әбіш Кекілбаев болатын.

Ол 1994 жылы сәуірдің 20-сында Қазақстанның тұңғыш рет көппартиялық кәсіби парламенті – Жоғары кеңестің төрағасы болып сайланды.

176 депутат қатысқан дауыс берудің алғашқы турында Әбіш Кекілбаев – 65, Ғазиз Алдамжаров – 62, Қуаныш Сұлтанов – 39, Сұлтан Сартаев – 5 дауыс алды. Неғұрлым көп дауыс жинаған екі кандидат келесі турға өтіп, Әбіш
...бар гәптің сайлауды өткізгендегі ағаттықтардан кеткендігін басы ашық мәселе деп қарастырғанымыз жөн.

Кекілбаевқа - 92 депутат, Ғазиз Алдамжаровқа 69 депутат дауыс берді.

Бұл парламент арада 2 ай өткенде, 1994 жылы 6 шілдеде Ақмола қаласын Қазақстанның астанасына айналдыру жөнінде қаулы қабылдап, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне сый жасады.

Алайда бір жыл толмай-ақ, 1995 жылы наурыздың 6-сында Конституциялық сот Татьяна Квятковскаяның арыз-шағымына орай «Жоғары Кеңес заңсыз сайланды» деген шешім шығарды. Жоғары кеңес төрағасы Әбіш Кекілбаев конституциялық соттың қаулысына қарсылық енгізумен ғана шектелді. Республика заңының 131-бабына сәйкес Конституциялық соттың бұл қаулысы тоқтатылуы тиіс еді. 

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев алдымен «Соттың шешімі, бәріміз үшін күтпеген оқиға, «төбеден жай түскендей» болды», «өзіме Конституция берген құқықты пайдаланып, наурыздың 8-інде Конституциялық соттың қаулысына қарсылық білдірдім» деп мәлімдеме жасап, ізінше «Конституциялық сот шешімін құрметтеп», Жоғары кеңесті таратып жіберді.

Бір жарым айдан кейін, яғни 1995 жылы сәуірдің 29-ына бүкілхалықтық референдум өткізіп, президент өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.  Осыдан кейін бір топ депутат Нұрсұлтан Назарбаевтың «билікті басып алуына» қарсы аштық жариялап, «Халықтық парламент» құруға әрекеттенді.

Ал «...Депутаттық қауымның басына тап болған тоқырауға ойсырай қиналғаным рас. Оны адамнан да, құдайдан да жасыра алмаймын, - деген Әбіш Кекілбаев, - Бар гәптің сайлауды өткізгендегі ағаттықтардан кеткендігін басы ашық мәселе деп қарастырғанымыз жөн» деді «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұқбатында.

Сонымен қатар, өкілеттігін референдум арқылы ұзартқалы отырған Нұрсұлтан Назарбаевты «Келешек қамын кемеңгерлікпен ойлай алатын кемел шағындағы саясатшы» деп бағалады. 

Қазақстанның саяси-оппозициялық өкілдері президент Нұрсұлтан Назарбаевты «Жоғары кеңесті таратып жіберіп, заң шығару билігінің өкілеттіктерін «уақытша өзіне алып», конституциялық төңкеріс жасады» деп санаған еді. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан президентінің өкілеттігін күшейткен жаңа конституция қабылданған болатын. 

«АСАРДАҒЫ» МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ

Жоғары кеңес таратылған соң жұмыссыз қалған депутаттар Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы тапсырмасымен «жұмысқа орналастырылды». Сол жылы, яғни 1995 жылы 19 қазанда Әбіш Кекілбаев Қазақстан президентінің «Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығымен» марапатталып, 1996 жылы 30 қазанда Қазақстан республикасының мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды.

«Өзіме тапсырылған қай істе де, шамам жеткенше іріткі болуға емес, ұйытқы болуға тырысып келемін», «елге не айтсам, билікке де соны айтып келемін» деген мемлекеттік хатшы 2001 жылы республикада болған саяси дүмпулер кезінде үнсіз қалды.

2002 жылы мемлекеттік хатшылықтан босап, парламент сенатының депутаттығына сайланған соң да президент саясатына адалдығын сақтап
Данышпан халқымыз өз тағдырын кімге сеніп тапсыруды білді. Тұңғыш президент – ерекше президент.

қалды. 2004 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева құрған «Асар» партиясының парламенттегі фракциясына мүше болды.

Ол бұл әрекетін: «Мен «Асар» партиясына емес, оның фракциясына мүше болдым. Ондағы мақсатым – заң шығару қызметі арқылы өмірге, қоғамға қандай нақты пайда тигізу мақсатын ойласам, соған «Асар» жүргізіп отырған бағыт көбіне ыңғайласады деп білемін» деп түсіндірді.

2006 жылы премьер-министр Даниал Ахметовке мемлекеттік тіл мәселесі жөнінде депутаттық сұрау салғанда Қазақстан президентінен «Бұлай мәселе қоюға болмайды. Құрып бара жатқан тіл жоқ. Ұлттар арасына жік салмау керек» деген сөз естіді.

2009 жылы қазан айында Астана төріндегі Тәуелсіздік сарайының алдында «Қазақ елі» атты монументі ашылғанда депутат Әбіш Кекілбаев: «...Данышпан халқымыз өз тағдырын кімге сеніп тапсыруды білді. Тұңғыш президент – ерекше президент. ...Қаһармандыққа толы өткенімізді, жасампаздыққа толы бүгінімізді, батыл бастамашылыққа толы ертеңімізді белгілейтін ақ мәрмәр монументтің ортақ тұлғасы тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың болуы әбден орынды» деген еді.

АЛТЫН ЖҰЛДЫЗДЫҢ БУЫ

Әбіш Кекілбаев 2004 жылы 15 желтоқсанда бірінші нөмірлі «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

2009 жылы желтоқсанның 5-інде Астана қаласындағы Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театрында Әбіш Кекілбаевтың 70 жасқа толған мерейтойы аталып өтті.

Құттықтау сөзінде «Мен осынау жылдарда талай азаматтарды жаныма тарттым, жақсы қызмет беріп, мәртебелерін өсірдім. Олардың елге танылуына жағдай жасадым. ...Бізде қызметтен кеткенде ғана «білгір де іскер» болып көрінетіндер де бар. Әбекең ондай осалдық көрсеткен жоқ. Әрқашан азаматтық биіктен көрінді» деген президент Нұрсұлтан Назарбаев Әбіш Кекілбаевқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беріп, «Алтын жұлдыз» белгісін тақты. 

Осынау құрметке қатты толқыған Әбіш Кекілбаев: «Жер бетінде қаламгер еңбегінің қадірі азайып, қасиеті кеміп жатқанда біздің елімізде ол бұрынғысынша ардақталып, бұрынғысынша ұлықталуда» деп жауап қайтарып, еңкейіп президенттің қолынан сүйді.

Парламент депутатының президент қолынан сүюі - қоғамда әртүрлі пікір туғызды. Мәселен, Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы
Жер бетінде қаламгер еңбегінің қадірі азайып, қасиеті кеміп жатқанда біздің елімізде ол бұрынғысынша ардақталып, бұрынғысынша ұлықталуда.

Нұрлан Оразалин «Өз басым еңбек ерінің Алтын жұлдызын тағып тұрған сәтін теледидар арқылы көргенде толқу мен тебіреніске толы сәтті бастан кештім» дейді.

Әбіш Кекілбаевты бірінші болып құттықтаған Мырзатай Жолдасбеков: «Қай елдің президенті жазушысын ұлықтап, ағасын ардақтап, тойымен құттықтап, дәл бүгінгідей ағынан жарылып жатыр дейсің. Осының да қадірін біле білгеніміз жөн» деді.

Республика көлемінде аталып өткен мерейтойынан кейін көп өтпей өкілеттік мерзімі аяқталмаса да, Әбіш Кекілбаев күтпеген жерден сенат депутаты мәртебесінен айрылып, қоғамдық-саяси қызметтен шеттетіліп қалды.

«Республика» газеті «президенттің қолынан сүйгеннен кейін Әбіш Кекілбаев өзін мемлекет басшысының сенімді адамы және кіші жүздің беделді адамы деп санаса керек. Иманғали Тасмағамбетов пен Аслан Мусиннің басын қосып, батыстың саяси кланын күшейтуді ойластырғанын президент біліп қойып, депутаттық өкілеттігін дереу тоқтату жөнінде бұйрық беріпті» деген ұзынқұлақ әңгімелерді таратты.

Қалай болғанда да, билікке келу мен «қол сүйіп» кетудің арасы - соңғы жиырма жылда өзінің терең шығармашылық әлеуетін саяси карьера үшін құрбандыққа шалған Әбіш Кекілбаевтың өзі ғана жаза алатын трагедиялық драманың дайын сценариіне айналды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Абай
31.10.2011 08:19
+0 / -0
Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң
Кімді көрсем, мен сонан
Бетті бастым,
Ќатты састым,
Тұра ќаштым жалма-жан...

Кімнен: Жұмағаң
31.10.2011 08:47
+0 / -0
Жалған ойлап, жауыз күлме,
Жаның таза болса егер.
Уәде берген жеріңде қал,
Арың таза болса егер...

Жұмағали Саин
Пікір алмасу

Кімнен: Қабыш
31.10.2011 09:18
+0 / -0
біз оқығанда Жұмағали Саинның бұл өлеңі сәл өзгешелеу еді:

Жалған ойлап, жауыз күлме,
Жаның таза болса егер.
Жәдігөй боп өмір сүрме,
Арың таза болса егер.

Кімнен: Қуандық
31.10.2011 09:10
+0 / -0
...Бір айтқанын қайтадан тәптіштеп мылжыңдамаса жаны жай таппайтын Жайрат Жемірбаевич екі сағатқа созылған ұзын сонар әңгімесін былай түйіндеді:

- Біз ата-бабамыздың кейбір көне дәстүрін жаңғыртып, жағымпаздықты содан үйренуіміз керек. Кейбір білгіштер қазақта жарамсақтық болмаған деп ділмарсып жүр. Ондай пікірмен келіспейміз. Мен өзім оқу бітіргеннен бері Жантық атамның өнегелі өмірін зерттеп келемін. Жағымпаздықтың негізін қазақ даласында қалаушы, ұлағатты ұстазымыз, ұлы ойшылымыз осы атам деп білемін. Сондықтан, ол кісінің рухына арнап академияға «Жантық ата атындағы» деген мәртебелі атауды ұсынамын.

Тең төрағаның сөзіне тұсаукесер жиынына қатысушылар орындарын атып тұрып, ұзақ қол соқты және ұсыныс бірден қабылданды. Енді солай болмағанда ше. Расында, оған Қарабайдың, Қодардың немесе Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың атын беретін емес. Жайрат Жемірбаевичтің бір мықтылығы осында. Әйтеуір қалай десек те орындалатын, дереу шешім табатын ұтымды ұсыныстарды ғана көтере біледі...

Қуандық Шамақай, "ЖАҒЫМПАЗДАР АКАДЕМИЯСЫ" (сықақ әңгіме)
Пікір алмасу

Кімнен: Шамахайұлы Қ. Қайдан: Астана
31.10.2011 10:56
+0 / -0
Әбіш Кекілбаев туралы мақаланың комментінде менің сықақ әңгімемнен үзінді келтіріпті. Келтірсін-ақ, бірақ, оның жөні бар ғой. Дерек көзі көрсетілсін, сосын, мен ешқашан өз аты-жөнімді сайттарда, газеттерде "Қуандық Шамақай" деп көрсеткен емеспін. Сондықтан, қорқақ пікір айтушы алдымен өз атын және жасалған сілтемені дұрыс көрсетсе игі еді. Сіздер коммент жолдаушының атын "Қуандық" деп емес, жазған почтасындағы логині кім екен, сонымен көрсеткендеріңіз абзал. Жұрт мені өз сықақ әңгімесін өзі жолдап отыр екен деп ойлап жатыр. Ал, оның Әбекеңді жағымпаздар қатарына қосқаны дұрыс шығар, ол әркімнің өз жеке көзқарасы ғой. Мен де Әбекеңнің қайраткерлігін аса жоғары бағаламаймын. Жазушылығында Шыңғыс хан Тэмүжинді тым анайы көрсеткен тұстарымен келіспеймін. Бір романында Әбекең Шыңғыс ханды әлде бір қатын жыныс мүшесін кесіп тастаған етіп бейнелегені бар. Көркем дүниеде тұрмақ Батыстың сары баспасөзінде де мұндай көріністі жазу тым анайы, эстетикалық норманы бұзу болып табылады. Әбекең жайында мен өз басым аса жағымды пікірде емеспін. Бірақ, әркім өз сөзін өз аты-жөнімен айтқаны жақсы ғой. Жасырын тұрып, менің аты-жөнімді пайдаланған белгісіз біреуге айтарым: мен өз пікірімді өзім ғана айтамын және ол үшін адам баласынан қорықпаймын. Ал, өз атынан ол айтудан қорықса, менің тасамда жасырынбай үнсіз қала берсін! деген дұғай сәлемімді жеткізулеріңізді және пікір жолдаушының шын есімін сайт комментіне қоюларыңызды сұраймын.
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
31.10.2011 11:19
+0 / -0
Құрметті Шамахайұлы Қ!

Коммент жолдаушы өз атын қалай жіберді, сол күйінде жарияланып отыр. Азаттық радиосы пікірталасқа қатысушылардың аты-жөнін өзі жіберген нұсқадан басқаға өзгерте алмайтынын ескертеді.

Рахмет.

Кімнен: маржан Қайдан: алматыдан
31.10.2011 10:11
+0 / -0
Жалпы алғанда мақала өте жақсы жазылған. Үлкен жазушылардың үлкен мемлекеттік істерге араласуы бір жағы қалыпты жағдай болып көрінгенмен, екінші бір жағынан оларды творчествадан алыстатады. мысалы Әбіш ағамыздың соңғы кезде қандай шығармашылық жаңалықтары бар, ол кісі не істеп жүр оны ешкімде білмейді. неге? әттең қаламының құдіретін пайдаланып, әлі де болса тамаша дүниелержазса екен.... сонда бәлкім өзі туралы қалыптастырып үлгерген жағымсыз имиджден құтылар ма еді?! кім білсін. бұл да бір сынақ қой......Ағамыз ойланса, ағамыздың інілері де ойланса, көршілері мен ізбасарлары да ойланса, тіпті бізде ойлансақ...........
Пікір алмасу

Кімнен: Иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
31.10.2011 11:31
+0 / -0
Әбіш аға енді кітап жаза алмайды. Мен бұл жерде жасын айтып отырғаным жоқ, бұдан 20 жыл бұрын да жаза алмас еді, себебі заман өзгерді. Оны түсіну үшін Әбіш ағаның өмірбаянын қараңыз, коммунистік партия номенклатурасымен біте қайнасып, сол советтік империяның қолжаулығы болып, соның нанының жұмсағын,тәттісін жеп, ақысына сол дәуірді насихаттап кітап жазып, тіршілік кешкен пенде екен. Бұдан 20 жыл бұрын ССРО күйреп, коммунистік идеяға крест қойылғанда, Әбіш ағаның да творчествосына нүкте қойылған еді. Бағдардан айырылған адам не жазады. Жазған мен қарадүрсін көптің бірі болып шығар еді. Жағымпаздық пен жәдігөйлік деген сол коммунистік,номенклатуралық аппарат мүшелерінің таптырмас қасиеті, онсыз ілгері дами алмайсың. Жағымсыз имиджге тап қылған да сол қасиет, оны ешкім зорлаған жоқ, өзі сүйді. Басқа жағымпаздардан солай озу керек болған шығар. Сондықтан Әбіш ағаның болмысы сол, ол кісінің бұрынғы жазған кітаптары коммунистік системаның идеологиясымен қабысып жатты, сондықтан да дәріптелді.Сондықтан , інілеріне ойланатын ештеңе жоқ, ол кісі ойлансын.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.11.2011 10:11
+0 / -0
Бұл мақала Әбіштің шын бейнесін ашып тұрғаны соншалық жазушылығынан да жерініп кеттім. Бұдан кейін мен үшін Әбіш Кекілбаев деген жазушы жоқ!

Кімнен: Қ.Шамахайұлы Қайдан: Астана
31.10.2011 10:27
+0 / -0
Құрметті модератор!
Жоғарыда біреу (менімен аттас па, кім білсін) менің сықақ әңгімемнен үзінді келтіріпті. Келтірсін-ақ, бірақ, оның жөні бар ғой. Дерек көзі көрсетілсін, сосын, мен ешқашан өз аты-жөнімді сайттарда, газеттерде "Қуандық Шамақай" деп көрсеткен емеспін. Қорқақ пікір айтушы алдымен өз атын және жасалған сілтемені дұрыс көрсетсін. Ал, оның Әбекеңді жағымпаздар қатарына қосқаны дұрыс шығар, ол әркімнің өз жеке көзқарасы ғой. Мен де Әбекеңнің қайраткерлігін аса жоғары бағаламаймын. Жазушылығында Шыңғыс хан Тэмүжинді тым анайы көрсеткен тұстарымен келіспеймін. Бір романында Әбекең Шыңғыс ханды әлде бір қатын жыныс мүшесін кесіп тастаған етіп бейнелегені бар. Көркем дүниеде тұрмақ Батыстың сары баспасөзінде де мұндай көріністі жазу тым анайы, эстетикалық норманы бұзу болып табылады. Әбекең жайында мен өз басым аса жағымды пікірде емеспін. Бірақ, әркім өз сөзін өз аты-жөнімен айтқаны жақсы ғой. Жасырын тұрып, менің аты-жөнімді пайдаланған белгісіз біреуге айтарым: мен өз пікірімді өзім ғана айтамын және ол үшін адам баласынан қорықпаймын. Ал, өз атыңмен айта алмасаң менің тасамда жасырынбай үнсіз қала бергін!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.11.2011 10:15
+0 / -0
Мынау Шамақайұлы деген ешкімнен қорықпайтын керемет батыр екен, ә?

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
31.10.2011 10:45
+0 / -0
Қазір "Алтын Жұлдыздың" қадірі қалмады да емес пе? Оны кім болса соған бере салу да, онысын қайтарып ала салу да (М. Әлиев) Назарбаев үшін түкке де тұрмай қалды.

Билікке көзіңнің "астымен" қарар болсаң еңбегіңнің бәрі еш болып, түрмеге тоғытылуың "беш мөнутте" шешіле салатын заман болды емес пе?


Кімнен: Қуаныш МҰҚТАЙ Қайдан: Алматы
31.10.2011 11:19
+0 / -0

БАСҚА ЕДІҢ, «ҚАСҚА» БОЛДЫҢ...

Қор болған қазағым-ай, кездерің-ай!
Мазақ боп, әркімдерге төзгенің-ай!
Бұл «қасқа» сұм билікті біле тұра,
Бірін де, өп-өтірік, білмеуін-ай!

Қалайша түсінбейді мынау «қасқа»,
Қазақтан тексіз билік мүлдем басқа!
Ордалы жыландармен бірге жүріп,
Ғұмыры жетпісінде өткен босқа...

Артында бұл «қасқаның» не қалады –
Төгілген абыройдан не алады:
Бұл «қасқа» біле тұра қор боларын –
Нұрсұлтанның,
Қолын неге жалады?!..

Кімнен: Айсұлтан Қайдан: Қарағанды
31.10.2011 11:21
+0 / -0
Нұртас Оңдасынов болмаса Әбіш қазіргі Әбіш болар ма еді?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.10.2011 11:48
+0 / -0
Бұл кісінің қазақтың жайын күйттегенін естімеппін де, көрмеппін. Жазуышы болатындар Мұхтар,Ә, Жүсіпбек Аймауытов, Оралхан Бөкеев, Қабдеш Жұмаділовтер секілді болсын, қазағының болмысын таза көрсеткендер және қазағының мұң-мұқтажына үңіле берген. Ақындар болса Абай, Шәкәрім, Мағжан, Мұқағали, Ілияс Жансүгіров, Қадыр.М ...дай болсын.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.10.2011 12:59
+0 / -0
Меніңше лауазым үшін,президентке айдап салып отырған Асылан Мусин өте қауіпті,екіжүзді адам ғой деп ойлаймын. Әбіш Кекілбаев қартайды енді одан не күтіп отырсындар.
Пікір алмасу

Кімнен: Bota Қайдан: Almaty
02.11.2011 16:31
+0 / -0
Abish agamyzdyng qylygy jagymsyz bolgany ras!
Musinning jogarylagany osy oqigadan keyin emes pe? Aebekengdi jamandap Elbasyna... Uyatsyzdar koooooooop...

Кімнен: мен ғои Қайдан: астана
31.10.2011 13:24
+0 / -0
осынша пікірді оқып отырып мен мынандаи оиға келдім: ЕЛБАСЫ да біліп отырғои кімнің неге жарарын!!!

Кімнен: Куанбаган Қайдан: Куандыкка
31.10.2011 13:27
+0 / -0
Куаке! Куандык Шамахайга! Профессор Серик Негимовтын ректорды сынап турганында созин соткага билдирмей жазып алып, кейин ректорга арызданып оны жумыстан тусиргениниз уят болды! Сизге уят болмаса да, биз студенттериниз уяламыз!
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
31.10.2011 14:11
+0 / -0
Құрметті Куанбаган!

Сізге және Сіз сияқты көптеген оқырмандарға тақырыпқа назар аударғаны үшін алғыс айтамыз. Алайда өтініш: тақырып ауанын басқаға бұрмасаңыздар екен.

Рахмет.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.10.2011 14:22
+0 / -0
Серік Негимовтің ректорлерге жағымпазданғанда алдына жан салмайтынын білуші едік. Ал, сынағанын көрсек көзіміз шықсын! Әпенді шалдың көп өтірігінің бірі ғой.

Кімнен: Ызалы, шарасыз қазақ
31.10.2011 14:51
+0 / -0
"Құлан құдыққа құласа - құлағында құрбақа ойнайды".
Әбекең туралы пікір білдірмес бұрын алдымен өздеріңіз кімсіздер - соны пайымдап алғандарыңыз дұрыс. Әбіш - менің жерлесім, рулық жағынан туысым, бірақ мәселе онда емес. Құдайшылығын айтайық - ол кісі Назарбаев сияқты байлық жинаған жоқ, бір де бір баласын лауазымын пайдаланып жақсы жұмысқа орналастырған жоқ, ал соның барлығы ол кісінің қолында болды, жасаймын десе ешкім де қолынан қақпаған болар еді. Бірақ оған Әбекеңнің ішкі ары бәрібір жібермеген болар еді. Әбекеңнен басқа ары таза адамды Назарбаевтың айналасынан күндіз прожектормен іздесеңіз де таппайсыз. Бұл - бір.
Екіншіден, Совет заманында кім не демеді? Назарбаевтың өзі "інім сантехник, өз күнін өзі зорға көріп жүр" деген жоқ па еді? Егер әр кезеңде айтылған осындай сөздерді теретін болсақ, онда туғаннан бастап өлген уақытына дейін бір пікірмен қатып қалған ешбір пендені таппайтындығыңызға мен кепіл! Елдің бетке ұстар азаматтарын осылайша жерлей беру - "...өшер елдің баласы бірін-бірі қатын дер" дегенге келеді
Үшіншіден, ....(жалғасы бар)
Пікір алмасу

Кімнен: Қалмаққырған
31.10.2011 16:31
+0 / -0
Ызалы, шарасыз қазаққа.

Бұл жерде негізгі бір нәрсені ескеру керек: қазақ ақын-жазушылары өздерін "зиялы" атағанды өте жақсы көреді, совет өкіметі тұсында осынау ұғымды негізінен тек ақын-жазушыларға теліп қойғандықтан әлі солай инерциямен аталып келе жатыр.

Ал бірақ осы "зиялы" атануға лайық адам қандай болуы керек? Және, тағы бір ерекше атап өтер жайт, Әбіш Кекілбаев - мемлекеттік жоғары лауазымды қызметте, нақтырақ айтқанда, саяси қызметте болды. Ендеше, оның қандай саясаткер болғанын біз неге оның романдарымен бағалауымыз керек?

Меніңше (әрине, жеке өз пікірім), Әбіш Кекілбаев осы "зиялы" ретінде де, саясаткер ретінде де суырылып көзге түскен жоқ. Назарбаевтың шашбауын көтеріп, көпшік қойған көп дүрмектің ішіндегі біреуі болып қалды.

Әділін айту керек, билік қатарына енген соң жақсы жазушымызды жоғалттық, ал оның Ақорданың төңірегіндегі халықты "обалванить ету" үшін жинақталған көптің бірі ретінде өзіне жайлы орынға қонжиған боркемік шенеунік, орысша айтқанда "свадебный генерал" болғанынан халыққа көк тиын пайда келмеді.

Кімнен: Қазақтың қаны
31.10.2011 15:16
+0 / -0
Айналайындар!!! Сендердің ешқайсыларын Әбіш ағаның жазған шығармаларының 1 қатарында жаза алмайтын түкке тұрғысыз пенде екендіктеріңді ауыздарыңа келгендіріңді жазып оттап дәлелдеп жатырсыңдар. Әбіш аға қартайғанда мәшке күшікше шәуілдегенше қоолдарынан келсе мем хатшы боп тұрғанда айтпадыңдар ма кабинетіне кіріп. Жасарын жасаған, асарын асаған енді зейнетін көріп демалсын. Ал сендер нақты пікірлеріңді қазіргі қоғамға қажетті мәселелермен айналысуға жұмсаңдар. Айтпақшы мына Қ Шататайұлы барып тұрған жәдігөй ғой. Өзі туып өскен моңғолиядағы қандастарын сатқан оңбаған. Еуразия университетіндегі журфактың ұжымын абыройсыз еткен, Қазақтың біртуар азамматы Ақселеу Сейдімбекке күйе жаққан оралманның Әбіш аға туралы пікір айтуға еш қақысы жоқ. Жүрген жерін шулатып ақырында өзі қашып кететін суайттың пікірін жарияламауды өтінемін модератордан.Ал енді ел боламын десек алдыңғы ағаларымызды құрметтеп інілерімізді ізеттеп өзгеге үлгі болайық ағайындар!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.10.2011 20:42
+0 / -0
"Қазақтың қаны" деген атпен "данышпансыған" көке! жағымпаздық жасасын деп турасын айтпай неменеге қайдағы жоқ қатын өсек айтып, мәймөңкелеп отырсыз? Тіліңіз жабысқанша туфли жалаған біреусіз-ау, шамасы!

Кімнен: далабай Қайдан: дала
31.10.2011 15:47
+0 / -0
әбіш кекілбайыпты не жазғанын білмейм білгім де келмейт
қол жалады ма - жалады, знашит дүрдараз и тошка

Кімнен: айганым Қайдан: ақтөбе
31.10.2011 16:05
+0 / -0
абиш елбасынан колынан суйсе,онда турган не бар. Оган бола онын азаматтыгынын баси киширеиип калмайды,Осы казактар оздерин табалауга гана жаксы, Мейли, Улкейген адам, эмоцияга ерик берген болар. Колын суйсе де, озинин азаматтык парызына адал. Онын Абилкайыр хан туралы жазган Уркеринин ози неге турады.Астананын как торине Кенесарынын ескерткишин ортнатуга бастама котерди. Не десе де, ол азаматтык тулгасын тусирмеген казактын билимди азаматынын бири.

Кімнен: Иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
31.10.2011 17:05
+0 / -0
Мына форумды оқып отырғанда, түйгенім, пікір көп, бірақ негізгі сала екі қарама-қайшы пікір. Біріншісі , президенттің қолын сүю, айып, теріс деген, екіншісі дұрыс, несі бар деген. Менің, азаттық ұжымынан тілегім осы мәселе жөнінде , қазақтың көрнекті қайраткерлерімен сұхбат өткізсеңіз қалай болар еді, Әбіш ағамыздың өзінде шақырып дегендей, не айтар екен. Менің пікірімше, бұл дұрыс емес, арды,ұятты аяққа таптау деп түсінемін. Әбіш билік айналасында жүрген Маңғыстау аймағының тумасы болғаннан кейін, біздің намысымызға тиіп кеткені өтірік емес. Теледидарды бүкіл еліміз көріп отырғаннан кейін, ұрпақтарымызға да осындай қылықтар жұғысты болып кете ме деп қорқамыз. " Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы " деп тәрбие алған қазақпыз.

Кімнен: Берден Қайдан: Актобе
31.10.2011 17:25
+0 / -0
Әбіш Нұрсұлтанның қолын сүйсе, баласының қолы ғой. Сүйе берсін
Пікір алмасу

Кімнен: Ерден Қайдан: Жерден
31.10.2011 18:26
+0 / -0
Берден-ау, сен Әбекеңнің туысы емессің бе? Әбекең Нұрсұлтанмен құрдас бола тұра қалай оның әкесі болады, ал Нұрекесі оның баласы болады? Жантық бол дегенде де мен саған осылай бол деп пе едім?

Кімнен: айганым Қайдан: актобе
31.10.2011 18:22
+0 / -0
бул жерде маселе кол суйгенде емес,Ол казактын тарихын,али де болса тарихтан он багасын ала алмай келе жаткан Абилкайыр хан туралы жазган енбеги ушин де улкен ел курметине лайык адам.Онын казак адебиети мен тарихына жана тын дуниелер акелгенин мойындау керек. Кателеспейтин ,суринбейтин туяк бар ма?Абиш Кекилбаев-нагыз патриот
Пікір алмасу

Кімнен: Айғанымға патриоттан
31.10.2011 18:42
+0 / -0
Айғаным дұрыс айтады, Нұрсұлтанның қолына жармасып ұзақ-ұзақ сүю де нағыз патриоттық болып есепке алынуы керек!
Пікір алмасу

Кімнен: Иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
31.10.2011 18:57
+0 / -0
Сүрінбейтін тұяқ бар ма дейсіз, Әбекең жасы жетпіске келіп ата сақалы аузына жеткенде сүрініп кеткен екен ғой,сіздіңше. Ал,меніңше олай емес. Өмірбаянын дұрыстап оқыңыз. Коммунистік партияның номенклатурасымен біте қайнасып, сол аппараттан тәлім алып, соларға қызмет жасаған адам. Ал, оларға тән қасиеттерді мен сізге айтайын: шеншілдік, жағымпаздық, бірін-бірін басқаларға мадақтау , тағы сондай. Әбіштің кітаптарында да сол коммунисік идеологияның иісі сасып тұрады. Әбіш сол коммунистік тәрбиенің сарқыншағынан әлі арыла алмай жүрген адам. Қазіргі ел басқарып отырғандар да сондай адамдар.Әбіштің патриоттығы өз шаңырағымен сосын сол аппараттың шеңберімен шектеледі.

Кімнен: m Қайдан: almaty
31.10.2011 18:47
+0 / -0
tek qolyn syigenine shykir
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі