Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:43

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Жаңаөзен мен Шетпе халқына көмек беру қоры құрылды

Қорды құрған азаматтардың айтуынша, билік әуелі бүлінген әкімшілік ғимараттарын қалпына келтіруден қолы босамағандықтан оқиға кезінде зардап шеккен отбасылардың жағдайы қазіргі кезде мүлде назардан тыс қалып отыр.

Жазушы Софы Сматаев (оң жақта) және саясаткер Төлеген Жүкеев баспасөз мәслихатында. Алматы, 28 желтоқсан 2011 ж.
Мәтін көлемі - +

Олар ең әуелі көмектен қағылған отбасыларға материалдық тұрғыда қолдау жасайтындарын айтып өтті. 
 
- Қазір 17 азамат қайтыс болды деген ресми ақпарат бар. Ең бірінші біз сол азаматтармен байланысқа шығамыз. Бірінші кезекте сол отбасыларға көмектесуге тырысамыз. Одан кейін із-түзсіз жоғалғандар бар. Сосын әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар бар. Әсіресе, 7 айдан бері ереуілдеген мұнайшы отбасылар, - деді құрылтайшылардың бірі, қоғамдық белсенді Жанболат Мамай.

Қор өкілдері Жаңаөзен халқына кез-келген тұрғыда (зат, киім, ақша т.б) көмектерді қабылдай беретінін мәлімдеп, елдегі барлық азаматтарды соған үлес қосуға шақырды. Олардың айтуынша, қорға түскен қаржы-қаражат, заттардың барлығы әлеуметтік желілер арқылы көпке ашық түрде қабылданып, Жаңаөзен халқына жеткізіледі.  
Қор өкілдері Жаңаөзен халқына кез-келген тұрғыда (зат, киім, ақша т.б) көмектерді қабылдай беретінін мәлімдеп, елдегі барлық азаматтарды соған үлес қосуға шақырды.

Жаз айында «Халық майданы» қозғалысы «Мұнайшыларды қолдау қорын» құрып, арнайы есеп-шот ашылған еді. Ақпарат бойынша, қазіргі кезде бұл есепшот құлыпталып, тексеріліп жатыр. Сәрсенбі күні өткен баспасөз жиынында бірқатар мамандар «жаңадан құрылған қордың да тағдыры осылай болмай ма» деп қауіп айтысып, «қай банктен есеп-шот ашу керектігі» жөнінде қор өкілдеріне кеңестерін беріп жатты.


АҚЫННЫҢ СЫНЫ МЕН РЕЖИССЕРДІҢ ҮНДЕУІ

Сәрсенбілік жиынға бірқатар қоғам қайраткерлері де қатысып, халықты ашындырып, Жаңаөзендегі оқиғаға түрткі болған билікті айыптап жатты.
Жазушы Софы Сматаев Жаңаөзен оқиғасына орай жазып жатқан поэмасынан үзінді оқып беріп, зиялы қауымды, ақпарат құралдарын оқиғаны еш бүкпесіз халыққа жеткізуге шақырды.

Жазушы Софы Сматаевтың Жаңаөзен туралы сөзі



Ол «өз қазағын өзі атқызған жоғарыдағы билік, жоғарыдағы төрелер, әкімдердің әкімі халық алдында қарғыс таңбасын маңдайына басқызып жауап беруі керек» деді.

- Сонда ғана ана билікті тұқыртып әкеп, алдымызға иілтіп әкеліп, өзі жасаған қанды
Режиссер Болат Атабаев. Алматы, 28 желтоқсан 2011 ж.
x
Режиссер Болат Атабаев. Алматы, 28 желтоқсан 2011 ж.
​​қолды жуғызып отырып, солардан кек қайтарамыз, солардан жауап аламыз. Солардың мойнына анау боздақтардың қанын жүктеп саламыз. Сонда ғана олар біздің алдымызда өздерінің жауабын береді, өздерінің құнсыздығын біздің қыршындардың қиылғанына себеп болғанын білдіреді, - деді Софы Сматаев.

Жиында сөйлеген режиссер Болат Атабаев Жаңаөзендегі толқуды 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасымен салыстырды.

- Жалпы өзі біртүрлі жағдай: 1986 жылғы Желтоқсан мен 2011 жылғы Жаңаөзендегі оқиға. Бұл не деген алжығандық? Біз сол күйі тарихтан ешқандай сабақ алмаған екенбіз. Сол трагедияны қайта қайталадық, - деді Болат Атабаев.

Ол үш жылдан бері жаңа жылын Назарбаевсыз қарсы алып келе жатқанын, яғни оның құттықтауын қабылдамайтынын айтып, барлық азаматтарды осылай жасауға шақырды.

«ОЛИГАРХИЯЛЫҚ ФАШИЗМ»

Саясаткер Төлеген Жүкеев Жаңаөзендегі оқиға - биліктен әлі күнге дейін үміт күтіп келген азаматтардың сеніміне балта шапқанын, енді олардың жоғарыға деген сенімінің мүлде жоғалғанын айтып өтті.
Cаясаткер Төлеген Жүкеев (оң жақта) және Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті Мұхтар Тайжан баспасөз мәслихатында. Алматы, 28 желтоқсан 2011 ж.
x
Cаясаткер Төлеген Жүкеев (оң жақта) және Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті Мұхтар Тайжан баспасөз мәслихатында. Алматы, 28 желтоқсан 2011 ж.
​​
Елде «олигархиялық фашизм» жүйесінің жылдар бойы қалай орнығып келгенін ұзақ баяндаған  саясаткер режимнің ерекшеліктерін талдап шығуға тырысты.

- Кейбіреулер бұл көркем образ, философиялық-саяси зорайтып көрсету деп ойлаған еді. Бұл олигархиялық фашизмнің белгілері қандай? Мен тіпті қайсыбірінен 1920-1930 жылдардағы билікке Муссолини келген кездегі Италия тарихына оралуды өтінген едім: жаппай сөз бостандығын, ақпаратты, газеттерді тұншықтыру, депутаттарды, қоғам қайраткерлерін арандату, өлтіру, үнемі басып отыру..., - деді Төлеген Жүкеев.

Саясаткердің айтуынша, «іріп-шіріген мұндай режимнің бітетін күні жақын».

Саясаткер Төлеген Жүкеев Жаңаөзендегі оқиға туралы



Жаңадан ашылған қорды қолдайтынын айтқан экономист Мұхтар Тайжан «Қазмұнайгаздың» сыртқы қарызы 16 миллиард АҚШ долларынан асып кеткенін, осы қаржының қайда жұмсалып жатқаны қазіргі кезде тасада қалып қойғанын сынады. Оның пікірінше, егер мұнай табысы дұрыс бөлінсе, Маңғыстаудағы әрбір мұнайшының әлдеқайда жоғары жалақы алуға мүмкіндігі бар.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.12.2011 19:22
+0 / -0
жаңа ғана 31 арнадан укімет те халықтан ақша ақша жинап оын Жаңаөзендіктерге беретінін айтты.
Түсінбегенім мына Жүкеевтердің жинап жүрген ақшасы сол укіметтің жинап жүрген ақшасымен бір ме, әлде бөлек пе?

неге билік халықты ашындырып талабын орындамай, артынан алаңға шыққан халықты қырып салады да, соңында қаланы қалпына келтіруге қайтадан халықтан ақша жинайды??!!

бәрін бүлдірген өздері, неге өз қалтасынан шығармайды?! мысалы НӘН 100 млн $ қалтасынан шығарса кедейленіп қала ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Ерлан
28.12.2011 19:32
+0 / -0
Қ?рметті Азаттық! Осы есеп шоттың адресчін жазыңызшы. қайда және қалай аударамыз?
Пікір алмасу

Кімнен: Б.Атабаев Қайдан: Алматы
28.12.2011 19:50
+0 / -0

Реквизиты счета, предназначенного для сбора средств для пострадавших в Жанаозене:

Город Алматы,
АГФ АО БанкЦентрКредит
БИК KCJBKZKX
PHH 600300022316
Расчетный счет банка KZ368560000003862370
КБЕ 19
Назначение платежа:
Лицевой счет KZ 978560000004943695
Иманбаева Инга Ергайыповна
РНН 091220874737

Кімнен: БауыржанМ Қайдан: Алматы
28.12.2011 19:51
+0 / -0
Ақшаны көргенде періштеде аяғынан таяды дейді ғой...

Кім білсін, бұл қордыңда тағдыры баяғы "Семей-невада" (О.Сулейменов), "Арал" (М.Шақанов) көмек қорларының кебінін киіб, бір сәтте жым-зия жоғалып кетпесіне...

Бұл қордың сондай жағдайлардан тыс болуына қандай шаралар механикасы бекітілгенін ұйымдаструшылар ашық жеткізсе, жақсы болар еді деп айтар едім...

Алдын ала алғысымды айтамын...

Пікір алмасу

Кімнен: Жапон тыңшысы Қайдан: Мәскеу
28.12.2011 21:35
+0 / -0
Репрессия тоқтатылсын!
Пікір алмасу

Кімнен: Сенім Қайдан: Елім
28.12.2011 22:55
+0 / -0
Бұл жерде жемқорлық бола қоймас! Сіз әбден адамнан түңілген жан боларсыз, шамасы... Алтын көріп жолдан тайса, ол шын періште болмағаны ғой, келтірген мақалыңыз да, Абай атам сынайтын "қисық мақалдың" бірі. Сенейік азаматтарға!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.12.2011 21:24
+0 / -0
Кімнен: Сұңқар Қайдан: Оқжетпес
28.12.2011 17:33 +0 /
-0Сіздің бұған қосарыңызҚазақстандықтардың құны 1 мин. теңге. қаржы бар бас көтерсең қырамызда тастаймыз дегенге саяды. әзір өкіметтік арналар Шүкевтің берейін деген 1 мин. теңгесін күнде айтумен әлек. бұл несұмдық! айтыңыздаршы? құлдыққа қарсы шыққан мұнайшыларға және оның баларына тиген оқ ертең саған тиеді ағайын. олар қара қолдарға қарсы төңкеріс бастады, ал басқа оппозициялық ұйымдар мен қазақ ұлытшылдары айға бата жасап отыра бермек пе!? намыссыз құлдар!! намысты қайрайық!!!
едігі жерде 1 мин. теңгеге дене мүшеңді сұрайтын болады. Нән. да, мықты жігіттерді өлтіріп ішкі азасын жаңалаған болар

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
28.12.2011 21:45
+0 / -0
айтпақшы осы сайтта үнемі ащы пікір қалдырып жүрген Ауылдың қазағы деген атпен жазып жүрген ағамыз қайда жүр...?

соңғы кезде ол ағамыз "көрінбей" кетті ғой?
оны да ұстап әкетпеді ме екен?
тірі ме әйтеуір?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.12.2011 21:58
+0 / -0
Тірі. Тек оқтың даусынан тамағы қаңсып, дауыс шығаруға жібермей тұр. дәрі ішті. Енді сөйлейді, сөйлегенде бұй дейді.
Пікір алмасу

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
28.12.2011 23:58
+0 / -0
Тірімін ара, тірімін, бірақ мұндай тірліктің атасының ауызын ұрайын! Қаншама жазықсыз жандар нысанаға алынып атылып кетті әнекей! Көзімнің қанды жасына тұншығып, еңіреп отырмын! Қазақ қазаққа оқ атып, қазақ қазақты қырып тастады деген не сұмдық?! Адам деген малды да сояр кезінде аяйды ғой, мына қанішерлер тал түсте қазақты атып қырып жатыр! Атып қырып тасғанымен қоймай, қазаққа 86 жылдағыдай бәле жауып, өзін кінәлі етіп жатыр! Неткен аяр, сұрқия, қанішер билік еді! Құдай-ау, сен осыны көрмей тұрсың ба?! Қазақтар қырылып жатса Бас Жендет орыстардың ёлкасының шырағын жағып жатыр, о дүние не болып кеттің?!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Қызылорда
28.12.2011 22:46
+0 / -0
Кім бұйрық берді атуға,кім әзірледі,оның барлығы белгілі болады-деді Жүкеев мырза.
Инш Аллаһ!Біз сол күнді күтіп жүрміз.Олар өздері бірін бірі сатып,ұстап береді-деп ойлаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.12.2011 01:36
+0 / -0
Сол күн тез болса екен!
Бұл азаматтарды жақсы білгендіктен өз басым сенемін. Гәп елдегі банк біткенінің артында Назарбаев тұрғанда арты қалай болар екен?!!
Пікір алмасу

Кімнен: Мәкең Қайдан: Ақтаудан
29.12.2011 01:48
+0 / -0
Бірін бірі сатып өздерін ұстап беретін сенің ойыңша кім? нені күтіп жүрсің? кімге тіл тигізгің келіп отыр? жазықсыз қыршыннан кеткен боздақтарға ма?

Кімнен: Alash_azamaty Қайдан: Almaty
29.12.2011 01:11
+0 / -0
Мен бугин осы прессконференцияда басынан аягына деин катыстым. Бул азаматтардың бастамасы шынай жанашырлыкпен колга алынган шаруа. Сондыктан бирлигимизди, агайын-туыстыгымызды осындайда алга тартып мангыстаудагы казак бауырларымызга колымыздан келген комегимизди аямайык! Ак деп кара деп алаламайтын кен пеил казак халкым, осындайда бауырмалдыгынды корсет!

Кімнен: Алматылық Қайдан: Алматыдан
29.12.2011 10:08
+0 / -0
Ашықтық әрі әділдік үшін интернетте барша қауымға тексеруге мүмкүндік болатындай етіліп мыналар ашылды:

facebook-тегі группа:

http://www.facebook.com/groups/140677399378097/
twitter: JanaOzenFond

Мұнда күн сайын есепшотқа түсіп отырған қаржы көлемі жайында ақпарат беріліп отырады.
Тағы да басқа сұрақтарыңыз болса, оларды жаңағы беттер арқылы қойғыңыз келмесе email - jo-fond@hotmail.com


Кімнен: Джамшид Қайдан: Эта страна
29.12.2011 10:37
+0 / -0
Почему-то русская версия не открывается? Админ, подскажите пож-ста зеркало.
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
29.12.2011 10:57
+0 / -0
Құрметті Джамшид,

егер қандай да бір себептермен www.azattyq.org сайтына тікелей кіре алмасаңыз, онда Азаттық радиосы сайтын интернетте мына жерден ашуға болатынын ескеріңіз: azatkaz.info


Уважаемый Джамшид,

В случае если по определенным причинам веб-сайт радио Азаттык по адресу azattyq.org недоступен, вы можете открыть его через прокси-сервер azatkaz.info
Пікір алмасу

Кімнен: Джамшид Қайдан: Эта страна
29.12.2011 11:25
+0 / -0
Рахмет

Кімнен: Алдаберген
29.12.2011 11:25
+0 / -0
Қазақ қиындық көрген сайын шыңдалып келе жатқандай. Ел ағалары да қазір бүгежектемей, былжырап, міңгірлемей, ащы ақиқатты ашық айтатын болыпты. Алла бірлігімізді күшейтіп, қазақтың мерейі үстем болатын, әділдік салтанат құратын күн жақындап қалғандай

Кімнен: БауыржанМ Қайдан: Алматы
29.12.2011 13:52
+0 / -0
Кімнен: Сенім Қайдан: Елім
28.12.2011 22:55
+0
-0
Сіздің бұған қосарыңыз
Бұл жерде жемқорлық бола қоймас! Сіз әбден адамнан түңілген жан боларсыз, шамасы... Алтын көріп жолдан тайса, ол шын періште болмағаны ғой, келтірген мақалыңыз да, Абай атам сынайтын "қисық мақалдың" бірі. Сенейік азаматтарға!
***************
Абай бұл мақалда астартын мәнде, сол кездегі молла сымақтар жайлы айтқан болар...

Азаматтарға сену керекте шығар...
Бірақ, осындай сәтте жалғыз ақ ниетпен алысқа баралмаймыз ғой...

Соңғы 200-300 жылдарда қазақ тағдыры көрші империаларға тәуелді болғалы, тұркі халықтарының арасында ең көп санды қазақ халқы он есе азайып,
аз санды ұлттар қатарына кірдіде, дінінен, ділінен, тілінен, жерінен жұрдай болмақ, құлдық сана жалпағынан еніп, тобырға айналмақ болды...

Ал соңғы 20 жылда, "тәуелсіздік" желімен назарбаев бастаған мафиалық топ (бірнеше мемлекеттік төңкерістер арқылы) басшылық жүйені басып алып (20-шы ғасыр басындағы большевиктер сықылды), осы жоғарыда айтылған касыреттік жағдайлардың бәрін үдетіп, неше түрлі шайтанға лайықты қулық тәсілдерімен асыра түсті емеспе...

Сол тәсілдердің арасында неше түрлі осындай қорлардың, тағыда басқа да ел арасынан бастама алып, елдің қамына арналған қозғалыстардың, тіпті оппозиция арасынада өз агенттерін еңгізіп, жүмыстарын жұргізбей, одан әрі теріске айналдыруымен болмадыма...

Араларын бөлшекте де басқар деген қағиданы ұстанып...
Өйткені назарбаев жүйесіне қазақ бірлігі бірінші жауы...

Бұл салада назарбаевқа бүкіл дүние жүзілік барлау жүйелері қызмет істейді...
Өйткені қазақ халқы өзі-өзімен болып, өз ара қырылысып, тым тырыс отырғаны, осы арада назарбаев қоштауымен бүкіл жер байлығын сорып алып жатқан, сол дүние жүзілік мафия топтарына өте қажет...

Семейдің (О.Сүлейменов), Аралдың (М.Шақанов) қасыреттерінен қазақ халықының басынан өткен зардаптары аз болған емес, бірақ анау жақшада көрсетілген, сол хорларды басқарған, халықтың сеніміне молымен енген "азаматтар" не істеп, не тындырды...

Осыншама уақытта сол халық алдында есеп бердіме, кім нені тексеріп сол хорлардың атқарған істері жәйлі мәлімдеме жасадыма...

Қашанғы сол бір тырманың басына басып, соққы аламызда отырамыз...

Мен тұңілген адам емеспін, жәй-тек шынайылды саналы кісімін...

Сенсеңде тексер деген де қағида бар емеспе...

Кімнен: сакен
29.12.2011 16:12
+0 / -0
Жаңаөзендіктерді халық зиялылары болып басу айтып, оларға моральдық тұрғыдан көмектесу керек! Алдыңғы жылы болған Қырғыздардың көтерілісінде тв дан да, халық аралап та имамдар, молдалар басу айтып, уағыз айтып имандылық тұрғыда халықты жақсылыққа шақырған! Бізге де сол саясат жетпей тұр. Керісінше, бір біріне айдап салып жатыр зиялы сымақтар!

Кімнен: Сырым
29.12.2011 16:53
+0 / -0
Мемлекетіміз зардап шеккендерге барынша көмектесіп жатыр, биздер де, Қазақстан Республикасының азаматтары мен азаматшалары- Отандастарымызға, тумаларымызға әр уақытта көмектесуге дайынбыз!

Кімнен: zheltocsan
29.12.2011 23:53
+0 / -0
міністрдің айтуы бойынша "гонг" деген операция басталса полицайлардың өлтіргіш атыс қаруларды алып қарсы келген адамдарды жайрата беруге құқықтары бар екен. Ал бұл "гонг" деген операцияны бастауға кім бұйрық берді? Бұл бас жоқ көз жоқ қарусыз халыққа оқ атуға рұхсат ететін "гонг"-тың авторы кім? Кім оны ішкі істер министрлігіне бекітіп берген? Ізделсе осының бәрінің арты ашылмауы мүмкін емес қой қаншама сылтау айтқанмен..

Кімнен: БауыржанМ Қайдан: Алматы
30.12.2011 07:34
+0 / -0
Кімнен: Сырым
29.12.2011 16:53
+0
-0

Мемлекетіміз зардап шеккендерге барынша көмектесіп жатыр, биздер де, Қазақстан Республикасының азаматтары мен азаматшалары- Отандастарымызға, тумаларымызға әр уақытта көмектесуге дайынбыз!
*************************************
Өте дүрыс пікір жарияладыңыз!!!...
Сөз жоқ!!!
Анау хайуанаттар паркіндегі маймылдардың қылықтарына мәз болғандай...

Әуелі шатақ жоқ жерде шатақ шығарып, содан шет елден енген басқыншылыр тәрізді атқылап, өлтіріп-қырып, жаралыларды ұрып-соғып...
Тағыда не себептен десеңдерші...
Жергілікті халықтан, осы елдің азаматтарынан тыс елдерден келіп еніп, біздің басшылық сымақтардың қолдауымен (солардың тек қана жеке қалталарының пайдалары ғана арқылы) туған жеріміздің байлығын ашықтан-ашық тонап жатқан экономиялық басқыншылардың қызықтарын қорғап емес пе...
Бүл істің аты кем де кемінен сатқыншылық емеспе...
Ал зардап шеккен отбасыларына көмекке келсек, не деуге болады...
Бүл да пара беріп, біржерлеріңді қысып отырыңдар дегенге теңеуге болады деймін, анау президентің "полиция өзінің міндеттерін дүрыс атқарды, ал халық бір арандатушылардың қүрбаны болды" деп, саусағын шүкшейтіп экраннан қабағын түйіп, ерке бала қылығын көрсетіп, бүлтаңдағанына қарағанда...

Тағы да өткен сол 86 жылдардағы желтоқсандағы оқиға тәрізді, 89-да болып кеткен осы Жанаозендегі қақтығыс,
Шаңырақ көтерілісінің салаларының зардаптары (кінәсіз азаматтар шексіз көп мерзімге сотталып, бірде-бір заң қорғаушы немесе әкімшілік шинеуіктері жауапшылыққа тартылмағаны) сықылды, мемлекет басшылылығы, назарбайевтік жүйесінің, президенттің өзінің дым кінәсі жоқ теп көрсетуге тырысуы...

Бүл жағдайлар тап сол кеңес үкіметінің шекшіз терең тоқырауға апарып, халықты санасыздықпен желтоқсан қанды талқандауына ұшыратқан жағдай белгілеріне тең емес пе...

Басшылық, президент халыққа тағы бір өздері дым үқпаған тарихи қанды сабақ берді...

Келесі қан-топан қандай және қашан болады...
Бүлар қашанғы халық шыдамдылығының шегін іздейді, а...

Кімнен: БауыржанМ Қайдан: Алматы
30.12.2011 08:07
+0 / -0
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Қызылорда
28.12.2011 22:46
+0
-0
Сіздің бұған қосарыңыз
Кім бұйрық берді атуға,кім әзірледі,оның барлығы белгілі болады-деді Жүкеев мырза.
Инш Аллаһ!Біз сол күнді күтіп жүрміз.Олар өздері бірін бірі сатып,ұстап береді-деп ойлаймын.
****************************************
Сөзсіз, мәңгілік өмір ешкімде жоқ...
Анау тіреу-бөрене кетуіменен, барлығы шашылып-құлап деген дей...
Қазақстанда бірде бір қазақтың бір тал шашы Қ-басының нүсқауысыз жүлынбайды-ғой...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Қызылорда
30.12.2011 22:09
+0 / -0
Кімнен: Мәкең Қайдан: Ақтаудан
29.12.2011 01:48
+0 -0
Сіздің бұған қосарыңыз
Бірін бірі сатып өздерін ұстап беретін сенің ойыңша кім? нені күтіп жүрсің? кімге тіл тигізгің келіп отыр? жазықсыз қыршыннан кеткен боздақтарға ма?

Мәкен, сен менің жазғаныма дұрыстап,зейін қойып оқығаның дұрыс болар еді.Егер түсінбесен Аллаһтан атқан адамның да,бұйрықты бергеннің де белгілі болатын күнді тілеп тұрған жоқпын ба?

Кімнен: kazakh-tatar Қайдан: xinjiang aletlay
01.01.2012 23:11
+0 / -0
аиналаиындар назарбаидан не жамандық кордыңдер , осыны алдымен маған аитңдаршы , сонан маған хат жазыңдар , мен назарбаидан быр тиын еңбек ақы алып отырған жоқпын , жұңго коммунистык партясның мұшесымын .

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.01.2012 10:32
+0 / -0
Кімнен: kazakh-tatar Қайдан: xinjiang aletlay
01.01.2012 23:11
+0
-0
Сіздің бұған қосарыңыз
аиналаиындар назарбаидан не жамандық кордыңдер , осыны алдымен маған аитңдаршы , сонан маған хат жазыңдар , мен назарбаидан быр тиын еңбек ақы алып отырған жоқпын , жұңго коммунистык партясның мұшесымын .
***************
Айналайын, адам өмірі анау ойсыз хайуанаттар өмірінен тікпе-тік аспан бен жер арасындай айырмашылығы бар ғой...

Қысқасы, сіздің қойған сұрақтың жауабы біріншіден назарбаев кім деген сұрақта жатыр, неге оны біз әшкерілеп сынаймыз, тағыда керек жерде жамандаймыз, "кет!!!" тейміз...

Біріншіден, Аллах адамға дұниеде теңсіз ақыл-ой даму қабылетін беріп, барлық он сегіз мың ғаламның ұстінен бақташы қылып қойған...
Сондықтан адамның сол берілген ақыл-ой қабілетін дамытпай, ақымақ болуы, егер оған бір кемшіліктер себеп болмаса, күнәмен бірдей...

Ал ол қасиетті дамыту, анау күнделікті физикалық тәжірибе істеп өз қабілеттерін дамытатын спортсмендер сықылды, бүкіл уақыты мен ынтасын беріп, білім жинап (ең бірінші, тарихи, саяси және философиялық) оны осы өмірде алдынан шығатын неше түрлі мәселелерді және есептерді дүрыс шешуге қолдану...
Ал саясаттан қашқан адамды (далалықта кездескен аш көк бөрідей), саясат қуып жетіп қосқолдап үрады...
Сіз айтқандай - назарбай тек бір өзімен өзі жүрген адам емес, ол президент, ел басы, қоярда қоймай бүкіл мемлекет басшылығын өз астына басып алып, басқа ешкімге тырп етіп қозғалуға мұрша қалдырмаған...
Өйткені мемлекеттің, бізде тек қана президентің, ІШКІ САЯСАТЫНА сіздің (біздің, балаларымыздың, бәріміздің) бүкіл өмір салалары (жалақы мөлшері, медициналық, білім алу, қүқықғтарыңызды қорғау, әлеуметтік және де тағы басқа бүкіл жүйелерінің денгейі) тікелей байланысты...

Әрі де осы кісі өз еркімен, шет елдер (Россейлік диаспорасы, Қытай, АҚШ - Гиффен, және т.б.) неше түрлі барлау жүйелерінің қолдауымен (өйткені ол оларға осы жағдайда өте тыйымды да жағымды) , халықтың (сіз сықылды) саяси сауатсыздығының арқасында, конституцияны таптап, бүкіл адам қүқықтарын таптап елді кататастрофаға бастап келді...

Соған байланысты назарбай саналы түрде атқарған істері анау Гитлер Германияға, неміс халықына өзінің саяси қателіктерімен әкелген апатымен астам...


Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.01.2012 13:47
+0 / -0
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.01.2012 10:32
+0
-0
Сіздің бұған қосарыңыз
Кімнен: kazakh-tatar Қайдан: xinjiang aletlay
01.01.2012 23:11
+0
-0
Сіздің бұған қосарыңыз
аиналаиындар назарбаидан не жамандық кордыңдер , осыны алдымен маған аитңдаршы , сонан маған хат жазыңдар , мен назарбаидан быр тиын еңбек ақы алып отырған жоқпын , жұңго коммунистык партясның мұшесымын .
***************
Айналайын, адам өмірі анау ойсыз хайуанаттар өмірінен тікпе-тік аспан бен жер арасындай айырмашылығы бар ғой...
............. тағы ары қарай..............................................................
*********************************************************************

Кешіріңіз, жоғарыдағы менім жазған пікірім -- БауыржанМ