Жексенбі, 26 мамыр 2013, Алматы 03:26


ӘЛЕУМЕТ

Қазақстан халқының 40 пайызы – артық салмағы бар адамдар

Дәрігерлердің айтуынша, адамның салмағы ауырлауының ең басты себебі – дұрыс тамақтанбау. Қазақ тағамтану академиясы тұрғындардың тағам рационының мардымсыздығын, қант пен мал майының шамадан тыс көптігін анықтаған.

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Мәтін көлемі - +
Қазақ тағамтану академиясының профессоры Мұса Айтжановтың сөзіне қарағанда, елдегі бес жасқа дейінгі балалардың 12 пайызы – тым етжеңді.

Артық салмағы бар балалардың басым бөлігі Ақтөбе, Қызылорда облыстарында тұрады. Өйткені климаты жайсыз бұл өңірлерде көкөніс пен жеміс-жидек тапшы, әрі өзге аймақтармен салыстырғанда бағасы да қымбат дейді мамандар.

– Қазақстан халқының тамақтану үрдісін зерттеу барысында тағам өнімдері рационының мардымсыздығы, қант пен мал майының шамадан тыс көптігі анықталды. Дұрыс тамақтанбау жүректің ишемиялық сырқатын, онкологиялық ауруларды, семіздікті туғызады. Қазір Қазақстан – артық салмақ көрсеткіші жөнінен ТМД бойынша алғашқы бестікте, – дейді тағамтану академиясының профессоры Мұса Айтжанов.

«ТОМПИҒАН БАЛА – ДЕНІ САУ БАЛА» МА?

Ақтөбе қаласының тұрғыны Әлия есімді келіншектің тұңғышы Әмірді қазір педиатр-дәрігер бақылап жүр. Өйткені әлі үшке толмаған баланың салмағы – 21 килограмм. 
Көрнекі сурет.Көрнекі сурет.
x
Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Әлияның айтуынша, балабақшада орын болмағандықтан ол сәбиін шалғай ауылдардың бірінде тұратын ата-енесінің қолына жіберген екен.

– Үлкен кісілердің арасында «бала неғұрлым томпақ болса, соғұрлым дені сау» деген ұғым бар емес пе? Әмірдің әжесі де солай ойлайды. «Балаға шөп-шалам тамақ болмайды» деп, жеміс-жидекті шектеп, печеньені сүтке езіп, үнемі майлы ет пен макарон өнімдерін ғана береді, – дейді Әлия.

Үш жасар Әмір бір айдан бері Ақтөбедегі ата-анасының жанында, диетолог жасап берген ас мәзірі бойынша тамақтанып жүр.

ДИЕТА ҰСТАҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕР

Артық салмақ қазір ақтөбелік полицейлерді де ойландыра бастады. Өйткені маусым-шілде айларында ішкі істер қызметкерлерін аттестациядан өткізу жоспарланып отыр.

– Аттестация қарсаңында Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті жеке құрамына алдын ала ескерту жасалды. Облыстағы үш мың полицей қазір кадрлар бөлімі 
Жаңаөзен оқиғасынан кейін қала алаңына жиналған полицейлер. Ақтау, 18 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)Жаңаөзен оқиғасынан кейін қала алаңына жиналған полицейлер. Ақтау, 18 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
x
Жаңаөзен оқиғасынан кейін қала алаңына жиналған полицейлер. Ақтау, 18 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Жаңаөзен оқиғасынан кейін қала алаңына жиналған полицейлер. Ақтау, 18 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
бекіткен арнайы кесте бойынша аптасына екі рет жаттығу залына барып жүр. Оған қосымша әскери қызметтік дайындық та бар. Бірқатары диета ұстай бастады, – дейді осы департаменттегі баспасөз қызметінің бастығы Алмат Иманғалиев.

Ақтөбедегі салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Райхан Ыбыраеваның айтуынша, «артық салмақтан арылу кезінде науқаншылдыққа салынуға болмайды».

– Семіздікке душар болған пациенттердің дұрыс тамақтанбау әдеттері мен мінез-құлқы жылдар бойы қалыптасады. Демек артық салмақты да біртіндеп азайту керек. Денсаулық үшін зиянсыз арықтау деп айына 2-4 килограмм салмақ жоғалтуды айтады. Ал айына төрт килограмнан артық салмақ тастау – ағзаға үлкен стресс. Артық салмақпен бірге ағзаның қорғаныш қабілеті, яғни иммунитеті де азайып кетуі мүмкін, – дейді Райхан Ыбыраева.

Осы орталықтың денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап ұсынған мәліметіне қарағанда қазақстандықтардың 40 пайызының артық салмағы бар. Әрі бұл көрсеткіш жыл сайын бір-екі пайызға өсіп келеді.

2015 ЖЫЛЫ – 2,3 МИЛЛИАРД

Мамандардың айтуынша, етжеңділік – қазір Қазақстан ғана емес, күллі әлем бойынша ең өзекті мәселе.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне қарағанда, қазір әлемде екі 
Салмағы 138 килограмм Гуанг Ю (16 жаста) инемен емделіп жатыр. Қытай, 10 шілде 2007 жыл. (Көрнекі сурет)Салмағы 138 килограмм Гуанг Ю (16 жаста) инемен емделіп жатыр. Қытай, 10 шілде 2007 жыл. (Көрнекі сурет)
x
Салмағы 138 килограмм Гуанг Ю (16 жаста) инемен емделіп жатыр. Қытай, 10 шілде 2007 жыл. (Көрнекі сурет)
Салмағы 138 килограмм Гуанг Ю (16 жаста) инемен емделіп жатыр. Қытай, 10 шілде 2007 жыл. (Көрнекі сурет)
миллиардқа жуық адам артық салмақтан зардап шегеді.

Семіздік өлшемі бойынша алғашқы орында тұрған ел – АҚШ. Бұл елде семіздіктің басты себебі ретінде жылдам дайындалатын тағам – фастфуд аталады.

Артық салмақтан зардап шегуші елдердің екінші тобы – Еуропа мемлекеттері (Ұлыбритания, Венгрия, Румыния, Грекия мен Албания). Ал Кипр,  Мальта, Чехия, Финляндия, Германия мен Словакияда халықтың кем дегенде 40 пайызы артық салмаққа ие.

Соңғы жылдары Қытайда балалар арасында семіздік дертіне ұшырағандар қарқынмен көбейіп барады. Бұл елдегі балалардың 20 пайызының салмағы қалыпты мөлшерден артып кеткен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамынша, 2015 жылы әлемде 2,3 миллиард ересек адамның салмағы артық болады, 700 миллион тұрғын семіздіктің асқынған түріне шалдығады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: АРАЙ АСтана
12.05.2012 00:48
+0 / -0
Ойпырмай, артық салмақ мен де бар, қалай құтыларымды білмеймін! бірақ осыдан әрі семірмеуімді ғана қадағалай аламын. 105 келіден 88-ге түстім, қазір 92 болып алдым. Шіркін, 75 кг болсам деп армандаймын, тырысамын. Маған сәттілік тілеңіздершііііііііііііі!
Пікір алмасу

Кімнен: Айбақас АРАЛ
12.05.2012 17:02
+0 / -0
бола көкесі ...арықтағаның өзіңе жақсы...әдемленгенің бізге жақы ... жүгір , ұйқыны азайт ....саттілік !!! )))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
Пікір алмасу

Кімнен: Алима Қайдан: Караганды
12.05.2012 21:34
+0 / -0
ой айтуга онай гой,мен казыр 58 дем1н,салмагым 73,арыктагым келед1,тамакты да коп жемейм1н,б1рак талгап та жемейм1н,не 1стеуге болады
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.05.2012 22:25
+0 / -0
е, картайганда не керек

Кімнен: nazik
12.05.2012 22:34
+0 / -0
Артык салмактан арылумен менде келисемин, ойткени озимнин де артык салмагым бар. Канша курессем де натиже берер емес, онын бастапкыда кандай киын болганын билсениз. Когамдагы артык салмак та коптеген ынгайсыздыктар тугызады. Неге осы МАИ кызметкерлерине усынылган (артык салмактан арылу) тартипти биздин экран бетиндеги жулдыздарымызга да усынбаска, ойткени коптеген анши, актер, актрисаларымыз теледидарда толык болып экран бетине симай турады. Содан кейн олар биздин елимиздин айнасы емес пе?

Кімнен: Семірудің алдын алушы Қайдан: Маңғыстау
13.05.2012 14:56
+0 / -0
Семіру тамаққа байланысты емес ол іс-әрекетке қозғалысқа байланысты. Мен екі жыл бұрын 72кг жұмысқа жаяу барушы едім қазір машинамен барамын 83кг. Күніге кемінде 3 шақырым жүрсеңіздер семірмейсіздер! Тамақтан қалай бас тартасың. Аптасына кемінде бір той ет жемей қалай қайтасың!

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Борышкерлер, Eurovision дауы және Pussy Riot

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Иранда президент сайлауынан шеттілген қазіргі президент Махмуд Ахмединежадтың жақтасы кім?