Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:45

МӘДЕНИЕТ

Әсем мен Дидардың айтысы

Былтыры желтоқсан айында Астанада «Тәуелсіздік тағылымы» деген атпен өткен айтыстың екінші күні семейлік Әсем Ережеқызы мен қарағандылық Дидар Хамиев сөз сайысына түсті.

«Тәуелсіздік тағылымы» айтысына қатысқан ақындар. Астана, 13 желтоқсан 2010 жыл.
x
«Тәуелсіздік тағылымы» айтысына қатысқан ақындар. Астана, 13 желтоқсан 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

Бұған дейін айтысқан ақындар сияқты бұл жұп та президент Нұрсұлтан Назарбаевқа, 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитіне, Астана қаласына мадақтар айтты.

Әсем Ережеқызы діни мәселені жырға қосты.

– Ағайын, талабымды оң дестің бе,
Аты озсын демейміз бе жерлестің де.
Мен біраз қиғашты істі қырыма алдым,
Тоғышар бейқамдықпен белдестім де.
Санасын сектанттар жаулап алған,
Жастарың ақша берсе ермес кімге?!
Құдайды, Құран сөзін мүлде ұмытып,
Батыстың дәстүрімен елесті ме?
Әкесі евангелист, шеше – кришнаит,
Баласы баптист болды кер кескінде.
Осындай азғындаған кей қазақтың,
Шаңырағын бүтіндеу де келмес мүлде.
Осының бәрі заңның әлсіздігі,
Түрленткен жамандықты мол кескінде.
Ақ сүйек аштықты да көрген елім,
Ар сақтап жетпеп пе едің өлмес күнге.
Иіліп барып қайта бой түзедің,
Тағдырдың талайымен белдестің де.
«Оңалар орнында бар» дейді қазақ.
Өкпе артып неғыламыз келмес күнге.
Кешегі ер түріктен қалған ұрпақ,
Иманын сатпаса екен енді ешкімге, – деп жырлады Әсем Ережеқызы.

Әсемнің қарсыласы Дидар Хамиев те қоғамдағы түйткілді мәселелерді шетпұшпақтап жырлап өтті.

– ...Ақиқаттан алшақтап кет демеймін,
Шындықты да төбеңе шатыр ғып қайт.
Өзіміздің жерасты қазбамыздан,
Өзгелер пайда көрген пақырлықты айт.
Бүгінгі кей адамның тілдері де,
Кәлимаға келмейтін кәпірлікті айт.
Сенат пен мәжілісті дүрліктірген,
Мектептегі сапасыз оқулықты айт.
Қызылағашта боп өткен қан қырғынға,
Кінәлі кәсіпкер мен әкімдікті айт.
Бүгінде қылмыскерлер бостандықта,
Адвокатың ақтаса, сот құптайды.
Осыларды көрмеген алдын-ала,
Көзі ашық қоғамдағы соқырлықты айт, – деді Дидар Хамиев.

Әсем Ережеқызы мен Дидар Хамиевтің айтысын мына жерден тыңдай аласыздар:




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: жанибек Қайдан: атырау
14.01.2011 19:39
+0 / -0
курметти азаттык радиосынын ужымы сиздерге коп коп рахмет,жанеде бир отинишим калай жуктеуге болады ...
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
21.01.2011 17:47
+0 / -1
Құрметті Жәнібек! «Тәуелсіздік тағылымы» деген атпен үш күн бойы өткен ақындар айтысы сайтымызда толық жарияланып біткен соң ғана үнжазбаны жүктей аласыз.

Кімнен: Әбіл Мұса Қайдан: Жаңа Өзен
15.01.2011 20:25
+0 / -0
Жәнібек құлақты бері бұру керек
Жүктеу үшін Алматыда тұру керек
Фурмановта Азаттық бюросының
Есігін тықылдатып ұру керек
Пікір алмасу

Кімнен: Жанибек Қайдан: Кулсары каласы
16.01.2011 21:58
+0 / -0
Жуктеу ушин Алматыга бара едим,
Азаттыктын есигин кагар едим ...
Аттен болып турганы сабагымнын,
Айтыс ушин жанымды салар едим.

Кімнен: Әбіл Мұса Қайдан: Жаңа Өзен
20.01.2011 00:03
+0 / -0
Уа Алла азаттықтың жалауын бер
Қайратпенен Ләззаттың алауын бер
Ел байлығын сураусыз шетке сатқан
Жемқорларды абақтыға қамауын бер
Айналайын азаттықтағы модератор
Жәнібектің тезірек жауабын бер
Сол айтыс бәрімізге керек боп тұр
Жәнібек жүктеп жатсан хабарын бер