Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:48

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Балғынбек пен Жандарбектің мәуліт мейрамындағы айтысы

Мұсылман жамағат наурыздың 5-і күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Мұхаммед пайғамбардың туған күні – мәуліт мерекесін атап өтуге жиналды. Мәуліт соңында Балғынбек Имашов пен Жандарбек Бұлғақов айтысты. Оқырмандар өтініштеріне байланысты сол айтысты жариялап отырмыз.

Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
x
Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

Жандарбек пен Балғынбектің мәуліттегі айтысы


Мәуліт мейрамындағы айтыста Балғынбек Имашов ислам дінінің хақтығы мен жұма намазының сауабын жырлады.

– Ай! Бисмилла, оңғарсын деп ісімді Алла,
Дін үшін тер төгейін күшім барда.
Жаратқанды күндіз-түн зікір етем,
Бойымда тахарат пен зікір барда.
«Сиратул мустахим» деп аталатын,
Құлына тура жолды ұсынды Алла.
Тура жол табылмайды Түркістаннан,
Меккеден, Мединеден, Мысырдан да.
Тек Құраннан табамыз тура жолды,
Көңілден күпірлікті ысырғанда.
Сәлеммен бастайын сөздерімді,
Сүннетпен сәуле шашып бүкіл маңға, – дей келіп Жандарбекке қарата:

– Балиғатқа жетсең де жігіт болып,
Шариғаттан қашасың жулик болып.
Үйленуден қорқасың, үй болудан,
Сан түрлі көңіліңе күдік толып.
Бойдақтың оразасын ұстамайсың,
Нәпіл, ғибадаттарың ұмыт болып.
Жандарбек, саған жаным шын ашиды,
Өмірің бара жатыр бүлік болып.
Түсіңде неше түрлі қызды көріп,
Жұма сайын жүресің жүніп болып, – деп қағытты Балғынбек.

Ал Жандарбек исламға қас қоғамдық істерді сын садағына ілді. Мәулітке жиналған жамағатты дүниауи істерден арылып, дін жолына түсуге шақырды:

– Иманынан танисың өсер елді,
Құйғанынан танисың өшер елді.
Бұл күні жолдың бойын жағаласың,
Көгертпейтін тірлік көп көсегеңді.
Пәленше, түгеншенің зираты деп,
Келгенше көріп келдік неше белді.
Зираттарды биік қып салып жүрміз,
Дүнияуи дүрбелең еселенді.
Бұның бәрі ысырап, ағайындар,
Шайтанға жіберетін еселерді.
Ол ақшаға жол салып, көпір салып,
Көркейтсе болмай ма көшелерді.
Иә, болмаса, жарылқа жетім қалған
Бала мен жесір қалған шешелерді.
Алла бізді жаннатқа кіргізбейді,
«Керемет салды екен, – деп, – кесенеңді».



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қайрат Сатыпалды Қайдан: Астана
19.03.2011 02:10
+0 / -0
Ваххабисттердің спонсор еткен айтыс па бұл?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.03.2011 11:33
+0 / -0
"Вахабистердің" мәулітке спонсор болғанын көріппе едің!? Нәпсіңе ұнамайтынның бәріне күйе жаға бермесеңші, әр сөзіңе есеп бересің қияметте, жазған-ау!

Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иранбақ
19.03.2011 09:55
+0 / -0
Шикілеу екен Балғынбек ,
Қайырды жақсы Жандарбек.
Тура жолды табам деп ,
Алыпты ол даман бет .

Меккеде бар кебесі ,
Мәдинеде тұр төресі .
Түркістанда жатыр ғой ,
Ақ - тариқат бір есі.

Таба алмассың сен жолды ,
Жын - шайтанға боп қолды .
Құраннан бәрін білдім деп ,
Болып қалма тым жынды .
Пікір алмасу

Кімнен: 777
19.03.2011 22:41
+0 / -0
қажы мұқамбет қаракедей!
Мына жазған өлең шумағыңмен қалай қажы атанып жүрсің? Меккеге қажылыққа барып түк түсінбегенсің ғой деймін!
Таба алмассың сен жолды ,
Жын - шайтанға боп қолды .
Құраннан бәрін білдім деп ,
Болып қалма тым жынды
---------------------------------------------------
ҚҰраннан ілім алған адам жынды бола ма? Қайта бұл өлеңді өз-өзіңе арнаған сияқтысың! Жындының өлеңі!
Пікір алмасу

Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иранбақ
20.03.2011 11:47
+0 / -0
Жеті жүз жетпіс жеті деп ,
Жауаптың осы реті деп .
Айтып салдың бір деңе ,
Бірақ шала жері көп .

Бәрін білем деп айтқан ,
Құлар көпір сыраттан .
Күрделі сөз Құранның ,
Сұрама мәнін суайттан .

Кеңесті құл азбайды ,
Киім де кеңі тозбайды .
Құран - құран десе де ,
Елден шыққан оңбайды .

Кеңескен соң Пайғамбар ,
Көп болды оған жолдастар .
Пайғамбар ; имам , ғалымдар ,
Бәрінен құры қалмаңдар .

P.S.:Мына өлеңсымағымның бұрыңғы бір жолын төмендегідей түзеймін :
" Алыпты ол жаман бет ."
Пікір алмасу

Кімнен: Асау ТАРПАҢ
20.03.2011 17:13
+0 / -0
Меккеге біліммен бармайсың, ақшамен барасың. Әсіресе көп күнә өткізгендер меккеге барып, күнәларын жуып келеді. Еліміздің жемқор билігі де сансыз қылмыс өткізсе де, әр рет меккеге барып күнәларын жуып келіп жүр ғой! Қылмыстық жолмен, арсыз жолмен байыған, қытайдың тауарын әкеліп, қазақтардың ақшасын сүліктей сорып байығандар да өз күнәсін меккеге барып жуып келіп жүр. Тіпті 18 жастағы қажыны естігем. қайдан тапқан ақша екен деші, жасына жетпей меккеге баруға жеткен. Құдай да қалтаңа қарайды деген сол!
Алдамшы болмай ат қайда,
АРсыз болмай бақ қайда деп Абай қалай тауып айтқан!
Пікір алмасу

Кімнен: Елмира
22.03.2011 14:40
+0 / -0
Асау Тарпаң! Сен Меккеге ақшаңмен бармасаң неңмен барасын? Әлде сенің ол жерге баратын "льготный" билетің ретінде бір шиша арағың ба? Абай атамыздың айтқанын да қосып қоясың! Абайды түсінуің үшін, саған бірінші сыныптан бастап қайтадан оқу керек! Құр сілекейіңді шашыратқаннан басқа түк бітіріп жатқан жоқсын! Неткен жиіркеніштісің!

Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иранбақ
19.03.2011 19:40
+0 / -0
Жөн сөйлепті Жандарбек ,
Тура оның алған бет .
Қатты - қатты сөйлеген ,
Кәпірлікке болған сеп .

Сөйлесе егер сыпайы ,
Демер еді ау Құдайы .
Жаймен - жаймен сөйлесе
Өсер еді ау ұпайы .

Қырық кісі бір жақ деп ,
Қыңыр кісі бір жақ деп :
Айтпады ма Қазакең ,
Неге жұрдің аулақ кеп ?
Пікір алмасу

Кімнен: Асау Тарпаң
20.03.2011 17:02
+0 / -0
Демер еді
Алыпты ол даман бет
кебесі
Ақ - тариқат бір есі.
----- Қажыда нағашысы бардай (Өмәр Хаям) барып келгенін бұлдап, өлеңдерімен бұтып шатып жүрген бұл уаххабшы, хиджабшы, жиһадшы қара керей баласының сөздері өңкей өзі жаратқан тың сөздер. Керемет! Қара Керей Қабанбайдың аруағы ұялады деп ойламайды, өйткені бұл уаххаб иттің күшіктері Аруақ жоқ, ата-бабам адасқан деп арсыз жаңалық ашып жүр.
Пікір алмасу

Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иранбақ
20.03.2011 19:41
+0 / -0
Асау тарпаң ойланшы ,
Асаулықты қойсаңшы .
Тарпаңдамай жөніңмен ,
Тура жолға барсаңшы .
Хаямды да танымай ,
Омаекеме бармаңшы .
Қаракедей қажымын ,
Уаһапшылға саймаңшы .
Қажыға әлі барғам жоқ ,
Бұлданбадым нансаңшы .
Балғынбайға жақ болсаң ,
Мінеки болдың жалғаншы .
Ерегесті өзің қоймасаң ,
Өзіңе болдың алдамшы .
Пікір алмасу

Кімнен: а
20.03.2011 21:35
+0 / -0
Әйтсеші, бүйтсеңші! Бұл не сонда! Үгіт пе? бұйрық па?
мен де саған сол секілдіні жазып берейін:
қажы мұхамед қара керей,
сен ғажайып бір жаңалық ашсаңшы,
сосын нобелді алсаңшы!
Сен футболға барсаңшы,
Диого болып тепсеңші.
Сен бокске өтсеңші,
Тайсонды ұрып кетсеңші.
О дүниеге барсаңшы,
Жаннатты сұрап алсаңшы.
сен бес ит бақсаңшы,
Ауға салып, түлкілерді қақсаңшы .....

мағына-мәнер бар ма екен. Өзің жазғанда көрінбейтін шығар, өзіңе деген ғашықтығың жеңіп, ал мен жазғанда көрінер, жауыңның жазғанынан пәле іздейсің ғой, өйткені.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.03.2011 22:13
+0 / -0
Асау! Кішкене мас-ау!

Кімнен: 777
20.03.2011 22:16
+0 / -0
Асау Тарпаң! Меккеге барып кірлерін жуып келген адамдарда не шаруаң бар! Оданда сен өз күнәңді арағыңмен жуы-ы-ы-ы-ы-п рахаттанып жүрмейсің бе? Сол жақсы емес пе саған?

Кімнен: Курмет! Қайдан: Астана
21.03.2011 11:08
+0 / -0
Ассалаумагалейкум Азаттық радиосы!мәуліт мейрамында баскада айтыстар болдыма?Болса оларды кашан косасыздар?

Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иранбақ
23.03.2011 11:05
+0 / -0
" а - ға " жауап адайдан :
Ұрына берме , абайлан !
Құрықсаңшы , тәйірі ,
Бізден емес Құдайдан .

Ескі дейсің жаңамды ,
Сыйқын көрдік жаңаңды.
Керек емес Нобелің ,
Құрысын деймін бағаңды .

Мәз болмаймын футболға ,
Сен қақпаңды кел , қорға .
Тай тебісіп не керек ,
Мән бермеймін Тайсонға .

Дүнйе менен ақырет ,
Иесі бар ғой - Құдырет .
Ажал жетсе иншалда ,
Деймін : жұмақ несіп ет !

Бес иттердің бірі боп ,
Итаршының қосы боп .
Жете алмаған жемтікке ,
Армандары болған көп .

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.03.2011 13:20
+0 / -0
мен бұл айтысты спорт сарайына барып көргенмін. маған және менің достарыма өте қатты ұнады. Осындай айтыстар көп болсын.

Кімнен: Курмет Қайдан: Астана
10.04.2011 12:22
+0 / -0
Салем Азаттық радиосы!Наурызда Шымкент қаласында откен айтыстарды кашан косасыздар???