Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:49

МӘДЕНИЕТ

Айбек пен Бауыржанның айтысы

Ақпанның 12-сі күні Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрында өткен «Жүрсіннің жүйріктері» атты айтыстың екінші жұбына торғайлық Айбек Қалиев пен Батыс Қазақстаннан келген Бауыржан Халиолла шықты.

Ақындар Айбек Қалиев (сол жақта) пен Бауыржан Халиолла. Алматы, 12 ақпан 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +
Қос ақын кешегі саммиттен бастап бүгінгі сайлауға дейінгі аралықтағы түрлі саяси науқандарды тілге тиек етті.

Екі ақын да өткен жылғы «Тәуелсіздік тағылымы» атты айтысқа қатысатындардың тізімінен сызылып тасталған болатын. Әуелгі сөзді бастаған Айбек Қалиев бірден саяси науқандарды сынға алды.

– ...Аман-сау жүрмісіздер бұл айтысты,
Ырза боп екі жылда бір көрерге.
Айтыссызда ішіңді пыстырмайтын,
Сан-қилы болып жатыр дүрбең елде.
Желтоқсанда саммит деп желпіндіңдер,
Қайткенде әлемдік даңқ кірмегенге.
Одан соң референдум деп шуладыңдар,
Бес миллион қол жинап бір дегенде.
Елбасы әрең тоқтатты арқан керіп,
Ата заңға көзіңді жұм дегенде.
Бізден асқан Қожанасыр ел бар ма екен,
Заң шығартқан Ата заңды білмегенге, – деп, парламентті сын садағына алды.

Бауыржан да қарап қалмады. Бұл күнде Арқалықтағы Ыбырай Алтынсарин атындағы пединститутта декан болып қызмет істейтін қарсыласына «Студенттерден ақша алып жүрсің бе?» деп сауал тастай отырып, жоғарғы оқу орындарын жайлаған жемқорлықты сөзбен түйреп өтті.

– Қалақтай дипломын сатып алып,
Қаңғып жүр қанша қазақ балалары.
Сенделіп жұмыс таппай амалсыздан,
Теңселіп, базар маңын жағалап жүр.
Бұл қоғам кімді қалай бездірмейді.
Салқындық қабағымнан сезгін мейлі.
Әй, байғұс, студенттер-ай, қасқыр құсап,
Аштығын, арығанын сездірмейді.
Сайлаудың уақытында пайдаланып,
Сонан соң оларды ешкім көзге ілмейді, – деп жырлады Бауыржан Халиолла.

Тағы бірде Бауыржанның:

– Қазақша міңгірлеген Мәсімовтің,
Жағдайын жүрген жоқ қой көзің көрмей.
Айеке-ау, осы сенің ойың қалай?
Отырсың айтқанымды сезінгендей.
Тағдыры қазақ тілдің оңалмады-ау,
Басшы боп үкіметке өзің келмей, – деген сөзіне орай Айбек Қалиев «үш тұғырлы тіл» саясатының кесірінен кейбір шенеуніктердің мемлекеттік тілді қойып, ағылшынша шүлдірлеп жүргенін айта келіп:

– Бауыржан-ау, «тіл, тіл» деп қақсағанмен,
Біздермен осы кімдер санасып жүр.
Мемлекеттік тіліміз Мәсімовтің,
Мұртының арасында адасып жүр, – деді сөз орайында.

Айбек пен Бауыржанның айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Сүйкімді қыз Қайдан: Қарағанды
16.02.2011 13:26
+0 / -0
Айтыс өте қызықты өтті. Шынымен де, қозғалған тақырыптар қазіргі таңның ащы да болса ШЫНДЫҒЫ. шіркін, жоғарыға қашан жетер екен.

Кімнен: толганай Қайдан: Караганды
18.02.2011 11:09
+0 / -0
Айбектей акындарга Алла узак жас берсин, шындыкты шыркыратар аз акыннын тобели бул киси!

Кімнен: Нұрбек
19.02.2011 22:21
+0 / -0
Айбек пен Бауыржан шындықты тіке айтатын нағыз ақындар.

Кімнен: Уалихан Қайдан: Атырау
20.02.2011 23:24
+0 / -0
Бауыржан! Оралдағы Мұхтар Хамзинді жырға қосып, жақтағанын қалай? Мен сені шыншыл, адал ақын деп ойлап жүр едім. "Муха" сынды бандитты жақтағасын сенен жеріп кеттім.

Кімнен: Аман Қайдан: Орал
21.02.2011 00:17
+0 / -0
Бауыржан ваххабистердің телеарнасы "Асыл Арна" жайында айтқаның көңілге қонымсыз.

Кімнен: Берікбол Қайдан: Алматы
06.03.2011 19:44
+0 / -0
Айбек пен Бауыржан қазақтың шыншыл ақындарысыңдар. Әкем сіздерді қазақтың адал ақындары дейді. Сіздердей ақын көп болсын.