Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:50

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Дидар мен Әлібектің айтысы

Ақпанның 12-сі күні Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрында өткен «Жүрсіннің жүйріктері» атты айтыстағы Дидар Қамиев пен Әлібек Серғалиевтің өнер сайысы.

Айтыскер ақындар Дидар Қамиев (сол жақта) пен Әлібек Серғалиев. Алматы, 12 ақпан 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Бұл айтыста екі ақын да қоғамдағы келеңсіздіктерді айтып шықты.

Қарағандылық Дидар Қамиев биліктің бүгінгі саясатын солақай қарсыласының домбыра тартысымен шендестіре отырып жырға қосты:

– Тәуелсіздік таңы атқан кездерде де,
Шетелге шырылдатып бала саттың.
Араша тұрмақ болған азаматтың,
Талайын оқ жаудырып, оңаша аттың.
Бабасы мен баласын сата ма екен,
Жағдайын ойлаған ел болашақтың.
Әлібек, мұның бәрі кесірі ғой
Сенің қолың секілді саясаттың.
Біз қазақ талайларға арман елміз,
Біреуге рас, біреуге жалған елміз.
Мырзалықтың шыңына малдас құрып,
Жомарттығы аспаннан жауған елміз.
Орыстардың орманын қорғаймын деп,
Соғысқа да қатысқан ардагерміз.
Ақынынан ұят боп кетпесін деп,
Атасының басын да жарған елміз.
Өз алтынын Қытайға бере салып,
Қаңсығын сатып алған саудагерміз.
Байлығын басқаларға бәсіре ғып,
Шайлығына қараған шаруагерміз.
Мәуесі салбыраған ағаш егіп,
Жемісін жұртқа берген бағбан елміз.
Жыланға іс басында іркіт құйып,
Ішуге іркіт сұрап алған елміз.

Өткен жылғы желтоқсан айындағы айтыста көзге түскен Әлібек Серғалиев те қарап қалмады.

– Ей, бүгінгің бола алмайды бүгін батыр,
Сөздерім тектіліктің шыңында тұр.
Қолым менен саясатты салыстырдың,
Бұл теңеуің ел көңілінен шығып жатыр.
Саясаттың көкесін мен айтайын,
Салт-санам оны оймен біліп жатыр.
Біз, қазақ "қасқырмыз" деп мақтанамыз,
Бірақ та бізден мықты шығып жатыр.
Аюдай Ресейіңді айтар болсам,
Қасықтап мұнайыңды қырып жатыр.
Өзбектер өкшемізді қытықтаса,
Жеріме қытай-түлкі кіріп жатыр.
Арыстандай АҚШ-ың тағы да бар,
Рухыңды саясатпен жығып жатыр.
Қызғалдақ қыздарымыз қызармастан,
Түріктің қойынында күліп жатыр.
Шенеунік, инвесторың елді тонап,
Ел сенің жуастығыңды біліп жатыр.
Мінеки, қасқырлығың осы елім,
Қақпанын әлем саған құрып жатыр.
Атағың көкке қарап тұрғанымен,
Тұмсығың жерге қарап ұлып жатыр, – деп төкпелетті.

Дидар Қамиев пен Әлібек Серғалиевтің айтысы




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Айгуль Кохаева Қайдан: Алматы
18.02.2011 18:00
+0 / -0
Нұртай ЛАХАНҰЛЫ, рахмет! Тамаша, аудио файлын қосып бергендеріңіз өте жақысы болған. Сол айтыста отырғандай тамашалап отырмын!

Осындай материалдар көбее түссе, қазақтың мәртебесі өсе түседі деймін! Жұмыстарыңызға табыс, сәттілік тілеймін!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.02.2011 10:54
+0 / -0
Осы Әлібек деген баланы өте әсірелеп жіберген жоқпыз ба? Өткен жолғы Тәуелді айтыста да жұрт мақтағанға айтысын көрдім, ештеңе жоқ мақтайтындай! Бүгінгің бола алмайды бүгін батыр деген не сөз, Заманға заман ғана үйленеді дегеннен не түсіндіңіздер? Осы сөздер де "тектіліктің шыңы" ма? "Саясаттың көкесін салт-сана оймен" біле ме? Мұнайды қасықтап қыру деген не? Вагондап әкетіп жатқан жоқ па? Өзбектердің өкшемізді қытықтағаны несі? "Сен ғанасың таратып азаттықты кейін бүкіл қазақты шаттандырған" деген де елге айтатын сөз бе? Қонаев табанның астына тақ қалдырды ма? Алматының әр бұрышын мақтан қылудан не ұға аламыз? Өзі темір болса, темір қақпанының құрылуы қалай? Ұйқас деген қаңғып жүр. Осы екі шумақтың өзінен назар салып оқысаңыз батпақтап әрең шығасыз! Қысқасы Жандарбек, Дидарлармен салыстыруға да келмейді! Бұдан гөрі Төреғали, Тоба сияқты жас таланттар көп үміт күттіреді!
Пікір алмасу

Кімнен: Айдана
27.02.2011 20:58
+0 / -0
жок, Әлібекті әсерлеп жіберген жоқпыз, ол мақтауға тұрарлық мықты ақын болмасада, сөздері өткір ақын! Кейбір ақындар сияқты жаттанды өлең шумактарын сарылдатып дарылдатып отырмайтын, суырып салма ақын! ал оның сіз түсінбеген сөз тіркесіне келетін болсақ, "Бүгінгің бола алмайды бүгін батыр" деген не сөзі, менмін деп тұрған, билікке тікке өз ойын айтар қазыргі заманда ағаларымыздың жоқ дегені. "Заманға заман ғана үйленеді" дегені заманына қарай адамы деген сөз, Заман өзгермейді, адамдар өзгереді.Және сіз саясатты санаыңызбен болмаса калай біліп жатырсыз? Қасықтап қыру деген, қазанның түбіне түк қалдырмай бәрін алу деген сөз, казаннын түбіндегісін қасықпен кырмағанда немен кырады? .... айта берсең осындай..... Жалпы менің Әлібекке деген көз қарасым оң!!! осы қалпынан тайынбай, биікке самғай берсін деп тілеймін!!! жәнеде ол жас, сахнаға жаңадан шыққан ақын, көш жүре түзеледі деген! ешкімде туыла салып, сөйлеп кеткен жоқ! Қазақтың мұңын жырлайтын, халықтың сөзін сөйлейтін адуынды ақындардың қатарыннан әлі ақ талай көрерміз!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.03.2011 15:08
+0 / -0
дурыс

Кімнен: Айбала Қайдан: Айдала
03.03.2011 09:55
+0 / -0
Ақынға айтпағанын айтқызып, қолдан философ жасаудың қажеті жоқ қой осы. Заманға заман ғана үйленеді дегеннен заманына қарай адамы деген ой тумайды Айдана! Осы айтысты тыңдамай-ақ, жоғарыда мақалада келтірілген Дидар мен Әлібектің бір шумақ өлеңдерін салыстыра қарасаңыз ақ көрініп тұрған жоқ па кімнің мықты екені.Өтіңіз жарылып кетсе де айту керек, Әлібегіңіз Дидардың қасында жіп есе алмайды.

Кімнен: Досымжан Қайдан: Алматы
06.03.2011 05:20
+0 / -0
Айтыс- қазақтың ұлы өнері. Ал ұлы өнердің оғландарына тіл тигізу-қазақтығымызға сын ағайын! Біз ақынын ардақтаған қазақпыз, қазақы қасиетімізге берік болайық ағайын! Екі ақында жас, болашағы алда. Тұяқтарың сүрінбей, талаптарыңа алланың нұры жаусын ақындар!

Кімнен: омирзак Қайдан: алматы
08.03.2011 00:05
+0 / -0
Алибек жасы улкен болсада онердеги тажирибеси аз.Сондыктан кателикетери де коп.Создинжуйесин таба алмайды.Дегенмен кешириммен карау керек.Балгынбек Ринат Айбек сынды акындардын ен алгашкы айтыстарынын видео таспасын корсениздер типти маскара.Казир алаштын азулы акындарына айналды.Бирак Алибек олардай бола алмайды.Сауат керек.Окымаган.заманга заман келип уйленеди деген не соз шынымен.Заманына карай адамы деген созди кай казак олай жеткизеди????? сиздерде ойланып сойлениздер.Сосын макам сазды реттеу керек оган.

Кімнен: Ораз Қайдан: Жанаозен
09.03.2011 16:16
+0 / -0
Алибек Дидардын зам аким туралы созине откир жауап берди.Кушти акын