Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:53

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Қарауылдағы айтыс: Айбек пен Мейірбек

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлы мен Ақылбайдың туғанына 150 жыл, Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай республикалық айтыс өтті.

Мейірбек Солтанхан, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Бұл айтыста бас жүлдені Айбек Қалиев жеңіп алып, бәйгеге тігілген жеңіл көлікке ие болды. Бірінші орын алған Мейірбек Солтанхан - арнайы дипломмен қоса 350 мың теңге, екінші орын алған Мақсат Аханов - 250 мың теңге, үшінші орын алған Бекарыс Шойбеков 150 мың теңге сыйақымен марапатталды.

Өзге де ақындар тиісті марапатқа ие болды

Айтыстың ақтық жұбында торғайлық ақын Айбек Қалиев пен астаналық өнерпаз Мейірбек Солтанхан сөз қағыстырды.

Айбек Қалиев айтысты көруге келген облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа қарата былай деді:

– Біз өзі әкімдерді көп көрмейміз,
Сіз секілді айтыс көріп отыратын...
...сізге де бір-екі ауыз базынам бар,
Құдайым жолықтырып, оңғарғасын.
«Зам»-дарың айтып жатқан шығар сізге,
Айбек Қалиев, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.
​​Деп едім «Бердібек ағам жолды оңдасын!».
Қырық жыл уды жұтқан бұл Семейдің,
«Еңбегі еш, тұздары сор болмасын!»
Облыста әкім боп сіз тұрғанда,
Білеміз Қарауылдың қор болмасын.

Жас ақын Мейірбек Солтанхан қарсыласының әдеттегі әдебінен жаңылғанын тілге тиек етті.

– Бұрында ақиқатты айтушы едің,
Дегендей барлығынан азатпын ғой.
Бағана Айнұрменен әзілдесіп,
Даттауды да аз айттың ғой.
Әйтеуір, өміріңде бірінші рет,
Хабардан көрсететін сөз айттың ғой, - деді қыркүйектің 15-сі күні өткен айтыста.

Айтысты әр аптаның бейсенбісінде, Астана уақытымен сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.

Айбек пен Мейірбектің айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Көрермен
31.10.2011 14:03
+0 / -0
Неге адамның ындынын құртып шетінен беріп отырсыздар. Күте күте сарғайып өлетін болдық... Айтысты беретін болсаңыздар барлығын бірден жүктеңіздер. Болмаса бермей-ақ қойыңыздар. Екі көзді төрт қылып күткізгенше.
Пікір алмасу

Кімнен: Айтысқұмар
31.10.2011 16:12
+0 / -0
Сарғайғаннан құдай сақтасын, замандас. Қазақстанда БАҚ атаулы айтысты халыққа жеткізуді қойғалы қаша-а-ан!! Азаттық осы олқылықтың орнын толтыруға тырысып жүр, сонысына рахмет айтайық. Ал кезекті айтысты біраз күтіп қалсаңыз, онда мына жерден тамаша айтыстарды тағы бір тыңдап, рахаттанып отырыңыз:

http://www.azattyq.org/section/Traditional_Aytys/1171.html

Кімнен: Миялы Қайдан: Қызылқоға
31.10.2011 17:10
+0 / -0
құрметті азаттық радиосы! мен сіздердің айтыстарыңызды толық көріп шықтым, сіздерге 1000 рахмет. ал енді осы айтыстың бас жүлдесін кім алды соны білгім келеді? және де жүлдесі кандай? Сіздерден жауапты асыға күтемін.
Пікір алмасу

Кімнен: Айтыс кумар Қайдан: Орда
05.11.2011 16:04
+0 / -0
Айбек Калиев нагыз казак улы.Улы дара шыншыл акын.

Кімнен: Есім
05.11.2011 21:41
+0 / -0
Акындар жасасын

Кімнен: кана Қайдан: мангыстау
06.11.2011 17:23
+0 / -0
айбек казактын багына туган жигитко бас братан алга

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.11.2011 22:05
+0 / -0
Айбек жерлесим мыктылыгын тагы далелдеди гой. Омир киын гой . корип отырганга

Кімнен: Дулат Қайдан: атырау
21.11.2011 22:43
+0 / -0
Баааас