Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:54

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Қарауылдағы айтыс: Айнұр мен Айбек

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлының және Ақылбайдың туғанына 150 жыл Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай өткен республикалық айтыс өтті.

Айнұр Тұрсынбаева, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Айтыстың екінші айналымында Айнұр Тұрсынбаева мен Айбек Қалиев сөз қағыстырған болатын. Айтыстың өн бойында құрдастық әзілмен бір-бірін қағытқан қос ақын сөз арасында қоғамдық мәселелерді де тілге тиек етті.

Айбек өзіне сөз кезегі тиген бір сәтте қарсыласына қарата былай деген еді:

– Жағдайы жолдарыңның күрделі еді,
Деп Айбек езуінен жыр бөледі.
Данышпандар мекені – Қарауылым,
Жолдарыңның бітпей тұр-ау дүрбелеңі.
– Жол ақысы, – демей ме, – көр ақысы,
Айбек Қалиев, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.
​​Жеткенше жұлық-жолақ, күнде өледі.
Астана Қарауылды қажетсінбес,
Той тойласа, он жылда бір келеді.

Өлең сайысында Айнұр да өз қарсыласынан қалыспады.

– Түсіпхандай ағамыз,
Айтысқа келсе ақылды,
Бердібектей әкімге ,
Жеткізсе деймін датымды.
Өскелең елді таратпай,
Өскемен жаққа қаратпай,
Өкімет енді қайтарсын,
Өзгеге кеткен ақыңды, – деп Айнұр облыс мәртебесінен айрылып қалған Семей мәселесін сөз етті қыркүйектің 15-сі күні Қарауылда өткен айтыста.

Айнұр мен Айбектің айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Есім Көшкінбаев Қайдан: костанай
26.10.2011 21:06
+0 / -0
Жақсы айтыс ажеме унады Айбек ақын мың жасасын деді.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.10.2011 00:43
+0 / -0
Мынау әлгі ай сайын президентпен елдің проблемасын "ақылдасатын" келіншекпе?

Кімнен: 123
27.10.2011 02:43
+0 / -0
Көрермендердің Айбекті қолдап, қол шапалақтап отырулары оның өресі биік ақын екендігін тағы бір мәрте дәлелдегендей.

Кімнен: кана Қайдан: мангыстау
28.10.2011 15:44
+0 / -0
айбек жарайсын

Кімнен: Еспусинов Рауль Қайдан: Боранкул
29.10.2011 12:56
+0 / -0
Президенттин неси екенин кайдан билейик

Кімнен: Жұмағазы Болат Қайдан: Құлсары қаласы
11.11.2011 21:56
+0 / -0
Өте тамаша айтыс

Кімнен: Айдос Қайдан: Астана
13.11.2011 17:04
+0 / -0
Енді айтыс қашан болады екен?

Кімнен: Жұлдыз Қайдан: Жаңаөзен
16.11.2011 12:51
+0 / -0
Бұл айтыста кім бірінші, екінші, үшінші орын алды?

Кімнен: кана Қайдан: мангыстау
20.11.2011 02:46
+0 / -0
айтыстын арыстаны аманжол емес айбекко астанадагы айтыска катыстырмаганы окиништи ер жигитсинго мойыма алла отбасына амандык берсин ага 1орынын кутты болсын азаттык ужымы сиздерге алла разы болсын

Кімнен: кырсык Қайдан: одан кашкан будан кашкан
20.11.2011 04:06
+0 / -0
ақындр алған шығар