Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:57

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Қарауылдағы айтыс: Бекарыс пен Әсем

Қыркүйектің 15-і күні Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлы мен Ақылбайдың туғанына 150 жыл, Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай республикалық айтыс өтті.

Бекарыс Шойбеков, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Айтыстың екінші айналымында ақындардың алғашқы жұбы болып  сахнаға түркістандық Бекарыс Шойбеков пен астаналық Әсем Ережеқызы шықты.

Бекарыс Шойбеков Кеден одағын СССР-дің көлеңкесіне теңеді:

– Бәріміз үміттеніп жүрген едік,
Қазағым өз-өзімен күн көрер деп.
Қайтадан Ресейге ыңғайландық,
Не көрсе де бізбенен бір көрер деп.
«Орыстан білім үйрен» деген Абай
«Орыстың қолтығына кір» деген жоқ.
...Кедендік одақ деген кесір шықты,
Дау-дамайға толы боп төңірегі.
Ал одан қарық болған қазақ бар ма,
Қайтадан сол сары орыс семіреді.
«Шекара мен ақшамыз бір болсын» деп,
Халықтың қазынасын кеміреді.
Ертең кеп «патшамыз да бір болсын» деп,
Ескі жолға салады шегір елі.
Ел-жұртым, есіңді тез жинамасаң,
Қайтадан ескі арбаң жегіледі.
Кедендік одақ маған КСРО-ның,
Көлеңкесі сияқты көрінеді.

Ал Әсем Ережеқызы өзіне дейін айтысқан Бақытжан Байболовтың ізімен облыс әкімі Бердібекке жылы сөзін арнады:

– Екі-үш жыл болды, Шығыстың
Әсем Ережеқызы, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.
​​
Тасы өрге өрледі.
Бердібектей жақсы әкім,
Біздерге көптен келмеді.
Су тасып, апат болғанда,
Намысты қолдан бермеді.
Қызыл аяқ қар кешіп,
Жалаң аяқ жар кешіп,
Халықтың жүріп жанында,
Үйінің бетін көрмеді.

Айтысты әр аптаның бейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.

Бекарыс мен Әсемнің айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: кокжал Қайдан: нарын
30.10.2011 14:29
+0 / -0
екеуіде уакыт біткенше шыдап баксам деп отыргандай